Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-apta.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Ет саудасы

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәліметсіз бе?

  • Маған жылқының жаясы керек еді.

  • Жаяны жылқы еттерін сататын қатардан алуға болады.

  • Рақмет.

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Мынау жаңадан әкелінген еттер ме?

  • Иә, жаңа сойылған жылқы еті.

  • Маған малы жая өлшеңізші.

  • Жақсы. Салмағы бір жарым килограмм болды.

  • Жарайды. Қанша теңге төлейін?

  • 1456 теңге төлейсіз.

  • Мінекиіңіз.

  • Рақмет. Бізге келіп тұрыңыз.

  • Сізге де рақмет. Сау болыңыз!

  • Сау болыңыз!

6.Сұрақтарға жауап беріңіз.

А) Диалог не туралы?

Ә) Сатып алушыға жылқының жаясы ұнады ма?

Б) Сатып алушы неге бірден еттің бағасына келісті деп ойлайсыз?

7. Диалогті монологке айналдырыңыз.

8. Төмендегі микродиалогті толықтырыңыз.

- Сәлеметсіз бе, апа?

- Сәлеметсің бе, айналайын? Кел, қарағым... ал. ..... сиыр еті.

- ...... ?

- 690 теңгеден.

9. Диалогті рөлге бөліп оқыңыздар. Кілемді сипаттаушы сөздерге назар аударыңыздар.

- Сәлеметсіз бе?

- Сәлеметсіз бе?

- Мына кілемдер әдемі екен! Қай жақтан әкелдіңіз?

- Иә, бұл базарда ең әдемі кілемдер менде. Мен кілемдерді Бұқарадан әкелемін. Қараңызшы, суреттері қандай әдемі түскен. Сапасы да жақсы. Мынау жүннен тоқылған кілемдер, мынау жібек кілемдер. Сізге қайсысы ұнап тұр? Көрсетейін.

- Маған жібек кілем керек. Түсі ашық, суреттері ұсақтау болса деп едім.

- Ондай кілемдер бар. Мынаны қараңыз.

- Кілемнің түсі жақсы екен, суреттері де маған ұнап тұр. Бағасы қанша?

- Арзан. 34500 теңге.

- Ой! Қымбат қой. Саудаласайық.

- Меніңше, қымбат емес сияқты. Бұл қолдан тоқылған кілем ғой. Менің бағам – 33000 теңге.

- Мен кілемді 30000 теңгеге аламын.

- Тым арзан болып кетті ғой. Жарайды. Сізге ұнап тұрса берейін.

- Бәрекелді! Жақсы болды. Саудамыз сәтті болды. Рақмет!

- Сізге де көп рақмет. Келіп тұрыңыз.

- Келіп т ұрамын. Сау болыңыз!

- Сау болыңыз!

10. Сұрақтарға жауап беріңіз.

А) Кілем саудасы қалай өтті?

Ә) Саудаласуды ұсынған кім?

Б) Кілем сатушы үшін сауда сәтті болды деп ойлайсыз ба?

11. Диалогті монологке айналдырыңыз.

12. Микродиалогті толықтырыңыз. Мына сөздерді қолданыңыз: өрнектер, түс, әкелінген, елдікі, сатушы.

- Гүлнұр, мына кілем қай... деп ойлайсың?

- Бұл Түрікменсатаннан .... кілем.

- Қайдан білдің?

- ....., ...... білдім.

- Керемет. Шынымен де Түрікменстаннан әкелінген екен. ..... сұрадым.

«Әнші құм» – табиғат ескерткіші

«Әнші құм» (Айғайқұм) – табиғат ескерткіші Іле өзені жағасын бойлай орналасқан. Ол үлкен Қалқан мен кіші Қалқан таулары етегіндегі құмды төбе.Ұзындығы – 8 км, ені – 3 км, биіктігі – 50 метрдей. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі құбылып, өзгеріп отырады. «Әнші құмның» әуені бірнеше шақырымға дейін жетеді. Ауа райы тұманды, ылғалды кездері ол ән салмайды. Бұл табиғат құбылысы түнге қарай шығыстан салқын жел соққанда жиірек естіледі. «Әнші құмның» әуені бірде сыбызғы сазына, бірде кеме гудогінің гуіліне, енді бірде реактивті ұшақтың гүріліне ұқсайды. Ол Алматы қаласынан 182 км. Шығысты жатыр.

2 - тапсырма. Берілген сұрақтарды мәтінің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.

А. «Әнші құм» қай кезде ән салмайды?

Ә. «Әнші құмның» әуені неге ұқсайды?

В. «Әнші құм» қайда орналасқан?

3 - тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, сол бойынша мазмұнын әңгімелеңіз.

4 - тапсырма. Мәтін бойынша журналист пен тарихшы арасындағы сұхбатты құрастырыңыз. Өзіңіз білетін деректерді де қосуыңызға болады.

5 - тапсырма. Берілген сөздерді фразеологиялық тіркес түрінде беріңіз.

Сөздер мен сөз тіркестері

фразеологиялық тіркестер

Әнші

құбылып, өзгеріп отырады.

салқын жел соққанда

тұманды, ылғалды кездері

табиғат құбылысы

сыбызғы сазы

6- тапсырма. «Әнші құм» - табиғат ескерткіші мәтінінен негізгі ақпаратты беріп тұрған сөйлемді көшіріп жазып, лексикалық мағынасын талдаңыз және концепт құрылымындағы қатынастарды анықтаңыз.

7- тапсырма. Суретке қарап, сұрақтарға жауап беріңіз.

Бұл қай тау? Ол қайда орналасқан?

Дүние жүзіндегі қандай биік тауларды білесіз?

Қазақстандандағы биік тауларды атаңыз.

Дүние жүзіндегі қандай аласа тауларды білесіз?

Қазақстандағы аласа тауларды атаңыз.

Дүние жүзіндегі қандай табиғи есткерткіштерді білесіз?

Қазақстандағы қандай табиғи есткерткіштерді білесіз?

8- тапсырма. Әңгімелесуге арналған сұрақтармен танысыңыз.

Табиғат байлықтарын атаңыз.

Сіз тұратын аймақта қандай таулар бар?

Қазақстан облыстарындағы өзендер мен көлдерді атай аласыз ба?

4-тақырып Ғылым күмбезі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]