- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.
- •2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3.Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Көшеде жол жүру ережесін үйренеміз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2.Диалогтегі монологке айналдырыңыз.
- •3.Диалогтегі жол қозғалысына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оқыңыз.
- •Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болп табылатын ақпараттарды белгілеңіз. Бағдаршамның шығу тарихы
- •Несиені қалай алуға болады?
- •Таулар, таулар
- •Таулар, таулар
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Өзіңізге жаңа олып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. «көк базардың» тарихынан
- •Қуат көзін үнемдейік!
- •Ғарыштан естілген қазақ тілі
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Тоқтар ағамен сұхбат
- •6. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Суды үнемдеу
- •«Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз»
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалаеып, төменде берілген микродиалогті жалғастырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалог бойынша срақтарға жауап беріңіз.
- •Апта. Кеңестік саралану және аймаққа жіктеу
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке тақырып қойыңыз.
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Халқымыз бар кемеңгер
- •Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Айтыс өнері ізденуді талап етеді
- •Сүйікті ісіңіз қандай?
- •1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Етістіктерге көңіл бөліңіз.
- •3. Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монологический текст.
- •Тойыңыз тойға ұлассын
- •Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...
- •Наурыз тойы
- •Мәтінді оқып, озіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырып
- •2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап берініздер.
- •Суретші әлемінде
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Қазыбектің алғаш көзге түсуі
- •Әр үйге шаттық орнайды
- •Қазақтың тұңғыш операсы
- •Үй салу оңай ма?
- •2.Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Қазақстанда еқыұ саммиті өткізіледі
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке ат қойыңыз. Сыртқы саясат
- •2. Сөздердің дұрыс баламасын сәйкестендіріңіз.
- •Тілдік этикет
- •1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кибернетика –басқару өнері
- •Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Әңгімелесуге арналаған сұрақтармен танысыңыз.
- •Астана – елімнің алтын ордасы
- •Астана – егемендік перзенті
- •13. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
Адам өзінің барлық саналы өмірінде оқып өтеді.
Қалай? Мен, мысалы, оқып жүрген жоқпын ғой.
Оқу орнындағы білім алуды айтпаймын. Жалпы адам өміріндегі үйрену, білу, тануды айтамын.
Солай ма?
Өмір үйрену мен оқу арқылы ғана қызықты. Жақсылықты тану, оны жасап үйрену, білім алу, оны өмірде қолдану адамның балалық шағынан басталады.
Оны қалай түсіндіресіз?
Балалар жастайынан оқудың қиын екенін және оған үлкен күш жұмсау керектігін біледі. Мысалы, балабақшада балалар бір-бірімен ойнап үйренеді, спортпен, музыкамен, бимен шұғылдана бастайды.
Сонда сіз балабақша баланың мектепке дайындалуына үлкен көмек көрсетеді демексіз ғой?
Иә, иә . Көптеген балабақшаларда тәрбиешілер балаларды жазуға, оқуға, санауға, сабақта өздерін дұрыс ұсстай білуге үйретеді.
Меніңше, баланы анасы үйде тәрбиелеуі керек.
Мен сізбен келісемін. Бірақ отбасылары әртүрлі ғой: жақсы отбасылары, жаман отбасылары, тату және тату емес тұратын отбасылар бар. Кез келген ата-ана баланың балабақшада үйреніп,танитынын бере алмайды. Сондықтан баланы балабақшаға берген дұрыс деп ойлаймын.
Сіздің ойыңызша, балабақша баланы тәрбиелеудің, оны болашақ өмірге дайындаудың, балаға білім берудің бастау көзі демексіз бе?
Солай болу керек деп ойлаймын. Өйткені балабақшада балалар қарым-қатынасқа түсудің, сөйлесудің алғашқы тәжірибелерінен өтеді. Алғашқы білім қорын жинақтайды, басқалаларды түсініп, өмірде өзге туралы да ойлауы осы балабақша ұжымында үйренеді ғой.
Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Диалогтің кейіпкерлеріт кім?
Диалог не туралы болды?
Диалог бойынша өзіңізгше қандай мәлімет алдыңыз?
Диалогке ат қойыңыз. Сыртқы саясат
Сыртқы саясат – халықаралық арендағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты терреуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы қызметті атқарады.
Мемлекеттің сыртқы сясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әр түрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыс орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал – екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіпсөздер. (Саяси түсіндірмелі сөздік).
Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналыстырып, жауап беріңіз. Распределите вопросы в последовательности, которая соответствует содержанию текста и ответьте на них.
А. Мемлекеттің сыртөы саясаты қалай қалыптасады?
Ә. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құралды атаңыз.
В. Сыртқы саясат дегеніміз не?
Мәтінге жоспар құрыңыз.
ЖАЗЫЛЫМ
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып суретке әңгіме құрыңыз.
Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: 2010 жыл, 1-2 желтоқсан, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, мақтаныш, мерей, кездесу, үкімет басшылары, жемісті жұмыс істеу, мол мәлімет, жағдай жасау, қоғамдық пікір, өткізу туралы.
Берілген сөздерді септеңіз.
Сөздер |
Атау |
Ілік |
Барыс |
Табыс |
Жатыс |
Шығыс |
Көмектес |
Саммит |
|
|
|
|
|
|
|
Төраға |
|
|
|
|
|
|
|
Ұйым |
|
|
|
|
|
|
|
Көзқарас |
|
|
|
|
|
|
|
«Сыртқы саясат» мәтінінен негізгі ақпаратты беріп тұрған үш сөйлемді көшіріп жазыңыз.
Суреттер бойынша тапсырма.
Берілген суреттер бойынша ойыңызды әңгімелеңіз.
Суретке қарап, сұраққа жауап беріңіз: жоғарыда берілген суреттердің қатарына тағы қандай суреттер өояр едіңіз? Сипаттап жазыңыз.
СӨЙЛЕСІМ
Әңгімелемуге және бір-біріңізге қоюға арналған сұрақтармен танысыңыз.
ЕҚЫҰ туралы не білесіз?
Саммит дегеніміз не?
ЕҚЫҰ саммитінің Қазақстанда эту себебі қандай?
Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлерін атаңыз.
Тест тапсырмаларын орындаңыз
Көп нүктенің орнына қажетті сан есімдері қойыңыз.
Астана қаласында өткізілетін саммитке ЕҚЫҰ-ның ... қатысушы-ммлекеттері мен ... әріптес елдердің мемлекет және үкімет басшылары қатысады.
а) 45, 10
ә) 56, 12
б) 35, 8
Мына сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз.
В состав Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе входят 56 государств Европы, Центральной Азии и Северной Америки.
а) Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның құрамына Еуропа мен Орта Азияның 56 мемлекет кіреді.
ә) Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның құрамына Еуропа мен Орта Азияның, Солтүстік Американың 56 мемлекет кіреді.
б) Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның құрамына Солтүстік Американың 56 мемлекеті кіреді.
Сөйлемдерге керек сегментті қойыңыз.
а) Сыртқы саясат – халықаралық арендағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы...
ә) Сыртқы саясат мақсаттар...
б) Сыртқы саясат жүзеге асырудағы ең басты құрал - ...
1. ұлттық мүддеге негізделеді.
2. екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер.
3. өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат.
Сөйлемге керек сөздерді қойыңыз.
... – сыртқы саяси келісімдер жүргізіп, шешімдерге келу үшін мемлкеттердің жоғары басшыларының ...
а) Кездесу, келуі
ә) Саммит, кездесуі
б) Лездеме, жиналуы
в) Жиналыс, баруы
Өлең жолдарын оқып, онда сипатталған мазмұн бойынша сурет салыңыз
ӨЗ ЕЛІМ
Сүйіктіндей жүретін кіл есіңде,
Кір түсірме ел деген ұлы есімге.
Атамекен – бақыты бабалардың
Жеңіп алған сан ғасыр үлесінде.
Күндермен, түнімен, гүлдерімен
Өзіңдікі ол сенің, білесің бе?
Өзіңдікі ауасы, таң нұры да,
Өзіңдікі жазы да, жаңбыры да.
Өзіндікі даласы, тау, қыры да,
Өзіндікі мереке, ән-жыры да.
Өзіндікі барлығы болғаннын соң
Өзіндікі болғаны тағдыры да...
(К. Ахметова)
2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астана ұаласында өтетін саммит қонақтарына Қазақстанның қандай жетістіктерін әңгімелер едіңіз?
Берілген суреттерге ортақ тақырып қойыңыз, әігңмелеңіз.
Сонымен қатар мына сөздер мен сөз тіркестерін қолдануыңызға болады: Бейбітшілік пен келісім сарайы, әуежай, қонақтарды қарсы алу, қауіпсіздік, қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдары, дайындық.
Негізгі әдебиеттер:
1. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 68-72 беттер.
2. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Курманова, К.Көпеш, Г.Нашанова, А.Ыбраш
Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 3-Негізгі оқу құралы. Жоғары деңгей. – Астана, 2010. – 85-89 б.
15-апта. ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЕЛ
1-тақырып. Әлем елдерінің жіктелуі және әлем елдерінің интеграциясы
Сабақтың мақсаты:
Әлем елдерінің жіктелуі туралы ақпарат беру, Интеграция туралы ақпарат беру, студенттердің әлем елдерінің интеграциясы туралы өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, студенттердің әлем елдері туралы өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту, болашақта әртүрлі іскери кездесулерде ресми сөйлей білуге үйрету.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
Қазіргі әлемнің әр алуандығы саны өсіп келе жатқан елдерді салыстыру арқылы әлемнің қоғамдық-географиялық бейнесінің мемлекеттік деңгейінде көрініс табады. ХХІ ғасырдың басында әлем елдерінің саны 240 жетті. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарының себептері қоғам және онымен игерілетін геокеңістік бөлігінің дамуы мен өзара әрекеттесуі барысындағы ұзақ үрдісінің нәтижесі болып табылатын мемлекеттік қоғамдық жүйелерінің күрделілігінде жатыр. Елдерді зерттеудегі жіктелу амал-тәсілі, яғни, елдерді ортақ. Ұқсас қасиеттеріне, сипаттарына қарай, көрсеткіштері бойынша топтастыруы олардың әр алуандылығын жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік береді. Елдердің бірқатарын бір топқа біріктіретін және бір уақытта оларды басқа елдерден ерекшелейтін мұндай қасиеттер жіктелу белгілері деп аталады. Жіктелу тәсілі елдер мен аймақтардың көп түрлі ерекшеліктерінің маңызды белгілерін ашып көрсетуге, яғни әлемнің саяси-географиялық сипаты, сонымен қатар оның дамуы жүретін геокеңістіктің қасиеттері, сипаты туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік беретін маңызды танымдық құрал болатындығы айқын.
Кез келген мемлекет – геокеңістік нақты жағдайларында экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастардың өзара әрекеттесуін көрсететін әр алуан сипаттар мен қасиеттердің жүйесі болғандықтан, елдердің жіктелу түрлерінің көп екенін байқау қиын емес. Дегенмен, авторлардың мақсаттары мен пайдаланылатын өлшемдеріне байланысты елдердің жіктелуі сандық және сапалық деген екі ірі топқа жинақталады.
Біріншілері сыртқы, формальды белгілері немесе сандық көрсеткіштері (географиялық, демографиялық, экономикалық және т.б.) көмегімен елдердің бірқатарының геоқоғамдық жүйелерінің жалпы қасиеттерін сипаттайды.
Екіншілері – елдердің күрделі, ішкі жалпы қасиеттерін (қоғамдық дамудың ерекшеліктері мен оның нәтижелерін) сипаттайды.
Әлемнің қоғамдық-географиялық сипатын оның мемлекеттік деңгейінде толық түсіну үшін бір-бірін толықтыратын әртүрлі жіктелуді білу қажет. Бұл білім ірі аймақтар мен субаймақтардың, халықаралық ұйымдардың қоғамдық-географиялық өзгешелігін түсінуге, олардың саяси-географиялық сипаттамаларын жасауға мүмкіндік береді, халықаралық саяси және экономикалық қатынастардың күрделі жүйелерін түсінуге көмектеседі.
Сандық жіктеулер, ең алдымен, қоғамдық дамуының маңызды алғышарттары болып табылатын елдердің негізгі географиялық өлшемдерін салыстыруға мүмкіндік туғызады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қоғамдық-географиялық бейне дегеніміз не?
ХХІ ғасырдың басында әлемдегі елдердің саны қаншаға жетті?
Елдердің жіктелу белгілері дегеніміз не?
Елдердің жіктелуі қандай топтарға бөлінеді?
Субаймақ дегеніміз не?
1-тапсырма. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлем ретінде өз ойыңызбен аяқтаңыз.
Саны өсіп келе жатқан елдерді салыстыру керек, .......................................................................
Елдерді зерттеудегі жіктелудің амал-тәсілдері бар, ....................................................................
Елдердің жіктелу түрлерінің көп екенін байқау қиын, ...............................................................
Елдерді ерекшелейтін қасиеттер болады, .....................................................................................
Елдердің сандық және сапалық болып жіктеледі, .......................................................................
2-тапсырма. Мына сөздердің әрқайсысымен 3 сөз тіркесінен жасаңыз.
қоғамдық –........................................., ..........................................., ................................................
географиялық – ......................................, ........................................., ............................................
сандық – ..............................................., ............................................, ............................................
сапалық – ............................................, ............................................., ............................................
халықаралық – ....................................., ..............................................., .........................................
ХХ ғасырдың екінші жартысында жедел дамыған халықаралық интеграциялық үрдістер және олардың әр түрлі қоғамдық қызмет субъектілерінің арасындағы қарым-қатынас нәтижелері – саяси (мемлекеттер, партиялар және т.б.), экономикалық (мемлекеттер, компаниялар, банктер және т.б.), әлеуметтік (кәсіподақтар, гуманитарлық және басқа қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар) және рухани (ғылыми, ақпараттық, діни, шығармашылық және өзге мәдени ұйымдар) – осының барлығы бірлесе келе қоғамдық дамудың жаһандануын және адамзаттың біртұтастығын қамтамасыз етуі және күшейте түсуі елдер мен аймақтардағы мәселелерді одан әрі өзара бағынышты етеді. Халықаралық қатынастардың белсенді субъектілеріне айналып отыраған, жүздеген үкіметаралық және бейүкіметтік халықаралық ұйымдар белгіленген үрдістердің нәтижелері мен іске асырушы құралдары болып табылады. Олардың саны өсе түсуде, құрамы кеңеюде, ал интеграциялық байланыстар күрделенуде, қызметтері (сапасы) бойынша, қызмет деңгейі және ғаламдық және аймақтық геосаяси мен геоэкономикалық жүйелерге неғұрлым тұтастық қамтамасыз етулері бойынша ерекшеленетін өзіндік интеграциялық геокеңестік жүйелерді құра отыракүшейе түсуде. Осылай бола отырып, халықаралық ұйымдар жоғары дамыған елдердің қатысуымен әлемдік саясат және экономиканың маңызды құралына, ең алдымен, біршама аз дамыған әлемдік саясат және экономиканың маңызды құралына, ең алдымен, біршама аз дамыған әлемдік шалғай жатқан өңірлердің өрлеуіне әсерін тигізіп, оларды жетекші елдердің мүдделеріне бағындырту құралына айналды. Жоғары дамыған елдердің, әсіресе, жетекші ұйымдарда негізгі рөлді ойнайтын АҚШ-тың, ұжымдық және жеке даралық геосаяси алпауыттылығының күшеюін қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар жүйесі арқылы ғаламдық және аймақтық деңгейде олардың қолында экономикалық, қаржы, саяси және басқа биліктің шоғырлануы жүзеге асады.
Ірі және көпке белгілі халықаралық ұйымдар жаһандық, аймақтық және субаймақтық болып жіктеледі, оның өзін жан-жақты, саяси және әскери-саяси, жалпы экономикалық және қаржылық, салалық және арнайы деп жіктеуге болады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Халықаралық қатынастардың белсенді субъектілеріне арналған елдерді атаңыз.
Қазақстандағы халықаралық ұйымдарды атаңыз.
Халықаралық ұйымдар қалай бөлінеді?
Дамыған елдерде жетекші ұйым ретінде қай мемлекет негізгі рөл атқарады?
Бейүкіметтік халықаралық ұйымдарда атаңыз.
1-тапсырма. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойыңыз.
2-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.
әлемдік саясат – ...............................................................................................................................
жетекші ұйым – ...............................................................................................................................
аймақтық деңгей – ..........................................................................................................................
адамзаттың біртұтастығы – ............................................................................................................
халықаралық ұйым – ......................................................................................................................
3-тапсырма. Екі бағанадағы сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестіріңіз.
Жедел дамыған халықаралық интеграциялық үрдістер және олардың әр түрлі қоғамдық қызметі |
экономикалық және қаржылық, салалық және арнайы деп жіктеуге болады |
Қоғамдық дамудың жаһандануын және адамзаттың біртұтастығын қамтамасыз етуі |
әлемдік саясат және экономиканың маңызды құралына айналады. |
Халықаралық қатынастардың белсенді субъектілеріне айналып отыраған, |
саяси және басқа биліктің шоғырлануы жүзеге асады. |
Ұжымдық және жеке даралық геосаяси алпауыттылығының күшеюін қамтамасыз ететін |
жүздеген үкіметаралық және бейүкіметтік халықаралық ұйымдар белгіленген. |
Халықаралық ұйымдар жоғары дамыған елдердің қатысуымен |
елдер мен аймақтардағы мәселелерді одан әрі өзара бағынышты етеді. |
Ірі және көпке белгілі халықаралық ұйымдар |
субъектілерінің арасындағы қарым-қатынас нәтижелерін бағынышты етеді. |
Негізгі әдебиеттер:
Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.
15-апта. ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЕЛ
2-тақырып. Келіссөз (келіссөз жүргізу барысында ескерілетін талаптар)
Сабақтың мақсаты:
Сөз мәдениетінің негізін ұлттық әдеп пен тілдік этикетті білдіретін шаблондар арқылы игерту, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері мен оған қажетті тілдік сөз орамдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеуде орнымен қолдану, кәсіби тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін ресми кездесулерде, келіссөздерде, пікірталастарда қолдана алуға дағдыландыру.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.
Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді.
Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез – құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы бнлгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.
Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.
Сөз дұрыстығы қәзіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі түтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз “дәлірек”, “айқынырақ” деп бағаланады.
Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.
