Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-apta.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Тойыңыз тойға ұлассын

Сұхбат

1.Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз. Прочитайте диалог по ролям.

- Туған күнді тойлау дәстүрлі әр елде әр түрлі. Біздің елімізде түрлі кештер ұйымдастылады.

- Сіз саяхат жасап, көп елдерде болдыңыз ғой.Туған күн тойлау дәстүрлері туралы айтып беріңізші.

- Жарайды. Бүгінде тәтті торт пісіріп,оған май шам қойып,оны үріп сөндіру сонау пұтқа (язычество) Қалған дәстүр екен. Сол арқылы жамандық әкелетін рухтар қуылады сенген.

- Міне, қызық. Туған күн тойлауды тағы қандай дәстүрлер бар?

- Ресейде туған күнді тойлау 17 ғасырда басталған.Олар сыра қайнатып, қалаштар тірген. Сондықтан да бүгінгі балаларға айтылып жүрген ‘’Каравай” әні туған күнде айтылатын болыпты.

- Бұдан басқа тағы да қандай қызықты деректер бар?

- Туған күнді тойлау дәстүрлері туралы деректерді көп жинадым. Соның ішінде ең кызығы африкандықдың дәст8ры сияқты. Олар туған кундерін 8 жылда бір тойлайтын көріеді. Олардын ұғымына «жыл» деген жоқ және де жыл мерзімдері өзгермейтіндіктен күнтізбе деген болмайды. Осы африкандық кукую тайпасында туған күнді 13 жылда бір рет тойлайды.

- Біздің туған күн тойлауымыз орыс халқының дәстүріне еліктеу ғой сонда.

- Дұрыс айтасыз. Біз орыс халқының дәстүрі бойынша туған күн тойлап жүрміз. Солтүстік Африкада туған күн адам өмірінде екі рет қана адамның дүниеге келген күні, 52 жасқа келгенде тойланады. Бұл жасты Мұхаммед Пайгамбардың жасы деп санайды екен.

- Дүние жүзі халықтарының барлығы туған күн тойлайтын болып тұр ғой.

- Жоқ.Туған күн тойламайтын халық та бар-олар жапондықтар. Дүниеге бала әке ерлігі үшін ата-аналарды ғана құттықтайды. Ал балалар үшін үш, бес, жеті жасқа келу аталады. Ол да туған күнге сәйкес келмейтін белгілі бір күнде тойланады.Ал сыйлықтар 60,79,88,99 жасқа толғанда ғана беріледі екен.

- Қызық деректерге толы әнгімеңізге рақмет!

Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...

Тапсырма. Сұхбатты рөлге боліп оқыңыз, Аударыңыз. Прочтите диалог по ролям. Переведите.

Сіз қайда жұмыс істейсіз?

Мен «Отырар сазы» атты халық аспаптар оркестрінде жұмыс істеймін.

Мен домбырашымын.

Сізге күй өнері жайында бірнеше сұрақ қойсам бола ма?

Сұраңыз, жауап берейін.

Күй дегеніміз не?

Күй аспабы ше?

Күй аспабы - күй орындалатын музыкалық аспап.

Күй орындауында арналған аспаптарды атаңызшы.

Аспаптардың ішінде домбыраның алар орны ерекше. Белгілі ғалым, музыка зеттеушісі Ахмет Жұбанов: «Домбыра - көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі»,- деп айтқан.

Күйші деп кімдерді айтады?

Күйші дегеніміз - күй тартушы, шебер домбырашы.

Есімдері ел есінде қалған күйшілер туралы не айта аласыз?

Күйші дегенде ең бірінші Қорқыт бабамыз ауызға түседі.

Қазақ халқында ежелден аты елге мәлім қандай күйшілер болған екен?

Иә, бұл топқа XIX ғасырдағы күйшілік мектептің өкілдері жатады. Махамбет,

Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Өскембай, Есір, Есбай, Бейсембі, Қожеке, Түркеш, Есжан, Дина, Сейтек, Қазанғап, Сүгір сияқты және т.б. күйшілердің өнеріне туған халқы дән риза.

Біздің заманымыздағы күйшілерден кімдерді атай аласыз?

Біздің заманымызда күй өнерін дамытқан Нұргиса Тілендиев, Қаршыға Ахмедияровтарды және тағы басқа күйшілерді айтуға болады.

Тапсырма. Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Ответьте на вопросы по диалогу

Күй дегеніміз не?

Күйші деп кімдерді айтамыз?

Күй орындайтын қандай аспаптарды білесіз бе?

Қазақ күйшілерін атаңыз.

Тапсырма. Сұхбатқа ат қойыңыз. Дайте название диалогу.

Тапсырма. Сұхбатгы рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз. Прочтите диалог по ролям. Переведите.

Қазақтың кәсіби музыка мәдениетінің негізін қалаған адамды білесіз бе?

Иә, білемін. Ол - көрнекті ғалым, фольклоршы, композитор, дирижер Ахмет Қуанұлы Жұбанов.

Консерваторияның тұңғыш ректоры да сол кісі ғой?

Иә, А.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тұңғыш рек­торы болған және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің де негізін қалаған.

Ол кісі қаңдай аспаптарда ойнады екен? Ахмет Жұбанов жас кезінен домбыра, скрипка аспаптарында ойнаған.

Қазақтың тұңғыш дирижері сол кісі ме? :

Иә, 1934 жылы алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері болды.

Қандай ғылыми-зерттеу еңбектері бар?

Ғалымның қазақ халқының ән-күй шығармашылығының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық| ғылыми-зерттеу еңбектері бар.

А.Жұбанов қазақ халқының музыкалық мәдениетінің тарихын жасауға үлкен үлес қосыпты ғой?

Иә, 1942 жылы жарық көрген «Қазақтың халық композиторларының өмірі мен творчествосы» деген еңбегінде ол қазақ халқының бір ғасырлық музыкалық мәдениетінің тарихын жүйелеп шықты.

Тапсырма. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

А. Жұбанов кім?

А. Жұбанов қандай аспаптарда ойнаған?

Оның қандай ғылыми-зерттеу еңбектері бар?

Негізгі әдебиеттер:

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 53-55 беттер.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Курманова, К.Көпеш, Г.Нашанова, А.Ыбраш

Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 3-Негізгі оқу құралы. Жоғары деңгей. – Астана, 2010. – 58-62 б.

11-апта. ХАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯ

1-тақырып. Тұрғын халықтың қайтыс болуына қатысты аймақтық айырмашылықтар және тұрғын халық өмірінің табиғи өсуі және ұзақтығы

Сабақтың мақсаты:

Халықтың қайтыс болуына әсер ететін факторларды нақты мысалдармен түсіндіру, халық өмірінің табиғи өсуі және ұзақтығына әсер ететін факторларды нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.

Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.

Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.

Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.

Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.

Халықтың механикалық қозғалысын есепке алуы әкімшілік органдармен жүзеге асырылады. Халықтың табиғи қозғалысы – бұл медициналық мекемелер мен азаматтық жай-күй актілерін тіркеу органдарында тіркелетін туу, өлім, халықтың табиғи өсуі, бала өлімі, неке, ажырасулар туралы мәліметтер, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы секілді демографиялық құбылыстардың бірлігі. Халықтың табиғи қозғалыс статистикасы арнайы құжаттар бойынша туу, өлім, неке және ажырасудың міндетті тіркелуіне (туу туралы анықтама, қайтыс болғандығы туралы куәлік, жазбалар туралы актілер) негізделеді. Мысалы, осының ішіндегі өлімге әсер етеін факторларға тоқталсақ, бала өліміне ықпал ететін факторлар:

1. Бала жынысы: ұл балалар қыз балаларға қарағанда жиі шетінейді. Уақытына дейін жетпеген балалардағы бала өлімі жоғары.

2. Ана жасы: 20-30 жас аралығында туылған балаларда ең төмен бала өлімі байқалады. Бала өлімінің жоғары деңгейі алғашқы және 6-7 баладан кейінгі келген балаларда байқалады. Ең денсаулығы мықты туылатын 4 бала.

3. Әлеуметтік-этникалық факторлар жоғары деңгейлі туылуы бар елдерде жоғары деңгейлі бала өлімі бар).

4. Ана денсаулығы (түсіктер).

Ресейде 5 млн.-нан 3,5 млн. жылына жүкті болады. Түсік жанұя жоспарлаудың құралы болып табылмайды.

Ресейдегі бала өлімі себептерінің құрылымы:

- кезең аурулары (гипоксия, асфиксия, босану жарақаты, жатыр ішілік инфекция).

- туа біткен даму аномалиясы.

- дем алу мүшелерінің аурулары.

- жұқпалы аурулар.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Халықтың механикалық қозғалысы қалай іске асырылады?

  2. Халықтың табиғи қозғалысы нені айтады?

  3. Өлімге әсер етеін факторларды атаңыз?

  4. Әсіресе, бала өліміне ықпал ететін факторларда атап өтіңіз?

  5. Әлеуметтік-этникалық факторларды атаңыз.

1-тапсырма. Берілген мәліметті пайдаланып, мәтін құрастырыңыз.

Халықтың табиғи қозғалысы демографиялық құбылыстардың бірлігі. Халықтың табиғи қозғалыс статистикасы арнайы құжаттарға негізделеді. Өлімге әсер етеін факторларға, әсіресе, бала өліміне ықпал ететін факторлар бар. Әлеуметтік-этникалық факторларлары жоғары жерлерде бала өлімі көп. Бала өлімі себептерінің құрылымы бірнеше сатылардан тұрады.

2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін жазыңыз.

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

табиғи қозғалыс –

демографиялық құбылыс –

механикалық қозғалыс –

халықтың табиғи өсуі –

жұқпалы аурулар –

Халықтың табиғи өсуі. Өлім мен туылу көрсеткіштері арасындағы айырмашылық ретінде есептелуі мүмкін. Ресейде бұл көрсеткіш "-" белгісімен қолданылады. Халықтың табиғи кемуі жүріп жатыр.

Табиғи өсуі бойынша ерекшеленетін елдер топтары:

-Жоғары табиғи өсуі және төмен өлуі бар елдер (Кувейт, ОАЭ, Сауд Арабиясы).

-Халық өсуі де өлуі жоғары елдер (Гвения, Эфиопия, Сьерра-Леоне).

-Жоғары өлім болғанда төмен өсу (Днаия, Австрия және т.б.). Бұл жерде төмен туылу туралы айтылады.

1992 жылы Ресейде халықтың табиғи азаюы байқалды (1990 жылдан бастап). Кері табиғи өсу ұлттың депопуляциясы (тоқтап қалу) туралы айтады.

Тұрмыс деңгейі - халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі. Алуан түрлі көрсеткіштерді қамтитын интегралдық сипаттамасы:

  • халықтың жан басына шаққандағы тұтыну қоры,

  • нақты табыс,

  • аса маңызды өнімдерді табиғи тұтыну мөлшері,

  • тұрғын үймен,

  • коммуналдық және әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтамасыз етілу,

  • білім берудің,

  • денсаулық сақтаудың,

  • әлеуметтік қамсыздандырылудың дамуы.

Халықаралық нормалар бойынша мыналар ескеріледі:

  • жұмыспен қамтылу және еңбек жағдайының жасалуы,

  • жеке адам құқықтарының қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктері,

  • оның қоғамдағы қауіпсіздік жағдайы,

  • денсаулық сақтау,

  • демография,

  • экология көрсеткіштері,

  • азық-түлікпен және тағамдық құндылықтармен,

  • үй мүлкімен қамтамасыз етілу көрсеткіштері,

  • қорланым,

  • әлеуметтік қызметтер көрсету көрсеткіштері,

  • сондай-ақ қоғамдағы жіктелушілік,

  • келеңсіз әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың – инфляцияның,

  • жұмыссыздықтың,

  • кедейліктің,

  • қылмыстың,

  • кез келген белгілер бойынша кемсітушіліктің таралуы.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Өлім мен туылу көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтарды атаңыз.

  2. Халық өсуі де өлуі жоғары елдерді атаңыз.

  3. Жоғары табиғи өсуі және төмен өлуі бар елдерді атаңыз.

  4. Тұрмыс деңгейі төмен елдерді атаңыз.

  5. Тұрмыс деңгейі жоғары елдерді атаңыз.

1-тапсырма. Белгіленген сөздерге сұрақ қойыңыз.

Жұмыспен қамтылу және еңбек жағдайының жасалуы демографиялық көрсеткішке әсер етеді. Келеңсіз әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың және инфляцияның әлеуметтік жағдайға әсері зор. Жеке адам құқықтарының қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктері бар. Халықты үй мүлкімен қамтамасыз етілуі негізгі алынуы керек. Әлеуметтік қызметтер көрсету көрсеткіштері жоғары болуы керек.

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

экологиялық көрсеткіштер –

қауіпсіздік жағдайы –

әлеуметтік кепілдік –

тұрмыс деңгейі –

әлеуметтік қызмет –

3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жалғастырыңыз.

  • Адам көңілінен азады,

...............................................................................

  • Артық тұз асқа залал,

...............................................................................

  • Арқанның ұзыны,

...............................................................................

  • Сөз беру бір абырой,

...............................................................................

  • Сөйлегенше сөзіңе өзің қожа,

...............................................................................

Негізгі әдебиеттер:

  1. Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.

  2. З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010

  3. Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.

11-апта. ХАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯ

2-тақырып. Сөз әдебі.

Сабақтың мақсаты:

Сөз мәдениетінің негізін ұлттық әдеп пен тілдік этикетті білдіретін шаблондар арқылы игерту, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері мен оған қажетті тілдік сөз орамдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеуде орнымен қолдану, кәсіби тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін ресми кездесулерде, келіссөздерде, пікірталастарда қолдана алуға дағдыландыру.

Сұхбаттасуда немесе әңгімелесу кезінде де біздің мәдениетіміз бен тәрбиеміз де байқалады. Әңгімелесушілердің ізетпен,бір-біріне құрметпен, көңілге келер сөздерді ауызға алмай, тәрбие шеңберінен шықпай сөйлесуі әдептіліктің белгісі болса,тыңдаушының сөзді бөлмей, ынта қойып,аяғына деін тыңдай білу де – мәдениеттілік.

Адамдар бір-бірімен араласатын күнделікті тұрмыста түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірі үлкен қуанышпен ішкі сезімін жасыра алмай бал-бұл жанса, бірінің көңілі түсіп,жан-дүниесі алай-дүлей күй кешсе, барлығына қатысты сөз әдебін білдіретін сөздер бар. Мысалы; «құтты болсын», «ұзағынан сүйіндірсін», «жолы болсын», «ештеңе етпес», «бір реніштің бір қуанышы бар», «ұзағынан жазсын», т.б. тіркестер түрлі жағдайларға байланысты айтылады. Осындай сөздер бір-бірімізді дұрыс түсінісуімізге, сыйласуымызға ықпал етеді.

Ұлттық тілімізде жасы үлкен адамдарды атымен атамай, аға, апай, әпке, ата, әже деу, қатарластарды құрдас, құрбы, замандас, жолдас деу де – ізеттілік.

Маратты – Мәке, Саматты – Сәке, Қанатты – Кәке деп құрметтеу де – дәстүріміздің бағалы тұсы.

Мереке, мейрам, қуанышты күнмен құттықтай білу де – тәрбиелілік.Құттықтау тілінің өзіне тән сөз орамдары мен сөз тіркестері бар.Құттықтау тілінде мақтау, көңіл көтеру (комплимент) сөздері қолданылады.

Мақтау-мадақтау айтушының жүзіне тура қарап, шын ниеттен айтса, ол дауыс мәнерінен де байқалып тұрады әрі таза көңілден шыққаны сенімді болады. Көңіл көтеру лебізі – әңгімелесушінің мінезі, адамдармен қарым – қатынас мәнері, сыртқы түрі, білімі туралы шынайы ықыласпен берілген баға.

Сөз әдебі, адамдық мәдениетті сақтау дегеніміз орнымен сөйлеп, орнықты жауап беру. Сөйлеуде, жазуда жаргон, дисфемизм, былапыт сөздерді есту кімге болсын жеңіл тимесі анық. Ендеше қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жөн. Сөйлеу мен жазуда ойды жеткізуге сыпайы сөздерді таңдап алып, жұмсақ сөйлеген адам жеңетіні белгілі. Келісімге келуге тырысу, егер әңгімелесуші тарапынан ондай ниет байқалмаса, әңгіме тақырыбын өзгерту – тәрбие мен әдеп белгісі. Әңгіме, сұхбат ауаны, тақырыбы өзгермеген жағдайда да, өз пікірінде, әңгімелесушімен достық қатынаста қалған дұрыс.

1-жаттығу. Көрсетілген үлгілерді пайдаланып, қуанышты күнге тілек жазыңдар.

I

Қымбатты, Айнұр!

Туған күніңмен құттықтаймын! Жаңа гүл ашқан балғын өміріңе сәттілік, бақыт, қуаныш тілеймін!

Арайлап атқан әр таң жақсылық сыйласын! Аялап өсірген ата-анаңның

үкілі үмітін ақтап, жүрек қуаныштары мен риза пейілдерін көруге тілектеспін!

Ізгі ниетпен,

досың Гүлбаршын

II

Қадірлі де, аяулы әпкем Ардақ!

Бүгінгі қуанышты күніңмен, диплом алған сәтті шағыңмен құттықтауға рұқсат ет. Адал еңбек, маңдай термен қолыңа ұстаған, көптен күткен дипломың жақсылығыңның, бұдан кейінгі барша қүанышыңның жолбасшысы болсын! Зор денсаулық, қажымас, қайрат, мол бақыт, жемісті еңбек, талмас талап, таусылмас жігер, сарқылмас ізденіс тілеймін

Ыстық ықыласпен,

Рәбиға

2-жаттығу. Кестедегі бос орындарды ойланып толтырыңдар.

Әдептілік пен тәрбиені тек

кітаптан ғана алуға болады.

1.Әрине, кітап, әдебиет әдептілік пен тәрбиеге үйретеді. Дегенмен, бұнымен шектеуге болмайды. Тәрбие басы отбасынан басталып, туыс-туғандар,араласқан көрші,таныс,жолдас, достардың да

Ықпалы болатынын естен шығармаған жөн...

Геометрия пәнінде бізге қажеті жоқ заң, ереже, аксиома, теоремалар тіпті де көп.

Көп тіл білген дұрыс. Бір тіл білген кісі – біреу, екі тіл білсең, адамға теңсің деген сөз бар ғой. Қазіргі қоғам бізден жан-жақты білімді болуды талап етеді.Десек те, ең бірінші, өз ана тіліңді жетік білмей

тұрып, басқаға қол созу артық. Ана тіліндегі бар байлықты игере алмасаң, өзге тілді терең білуге ұмтылу – бос әурешілік....

Қазіргі кезде соңғы сәнмен киінген адам ғана өз ортасын таба алады.

Дұрыс айтасың. Нұржанның бойында өзің айтқандай өрескел мінездер бар. Бірақ, оның көп білетіндігі мен ақ көңілділігін де ескеру керек. Біз жамансың деп араласпай қойғанмен, оған жақсы, жаманын айтатын жолдастар керек екенін де ұмытпайық...

3-жаттығу. Тапсырмаларды орындаңдар.

  1. үйірмеде жақсы баяндама жасаған достарыңа;

  2. кешкі асқа дәмді тамақ пісірген әже, ана, әпкелеріңе;

  3. әдемі киім сатып алған іні, қарындас сіңлілеріне;

  4. табиғаттың бір сәтін тамаша сурет етіп салған сыныптастарыңа;

  5. байқаудан I орын алған жолдастарыңа көңіл көтеру лебізін айтыңдар.

4-Төмендегі жағдайлардың әрқайсысына бірнеше сөйлем құраңдар.

  1. Туған күн

Баласы – әкесіне

Сыныптас – сыныптас жолдасына

Ағасы – інісіне

  1. Көңіл көтеру лебізі

Спортшы – жаттықтырушыға

Ғылыми жетекшісі – шәкіртіне

Оқушы - ұстазына

  1. Тіл ашар тойы.

Көршілері – баланың ата-анасына

Туысқандары - балаға, атасына

  1. Мерейтой

Қонақтар – мерейтой иесіне

Мерейтой иесі – қонақтарға

  1. Мекеменің ашылуы

Директор – қызметкерлерге

Басқа бір мекеме өкілі – директорға, мекеме қызметкерлеріне

Тіл тазалығы, тілдік нормадан ауытқымау дегеніміз – тілді бір ізбен қолдану емес, көркемдік тәсілдердің орнын тауып, қисынын келтіріп сөйлеу немесе жазу. Сөз қайталау, сөйлем құрылымын ретсіз қою, жекелеген сөздердің мағынасына терең талдау жасамай қолдана салу немесе орынсыз бір-бірімен тіркестіру тіл тазалығын бұзады. Сөйлемдегі сөздердің мағынасы анық, әрі өз орнына қойылуын, сөйлем ішіндегі сөздермен лексика-грамматикалық, стильдік жағынан сәйкес келіп, ойды ашуға қызмет етуін назарға ұстау керек.

Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігін ескеру – тіл тазалығын сақтаудың шарты. Тілдегі синонимдер мағынасы жуық, бір сөз табына қатысты, түрлену сипаттары да ортақ болып келеді. Бірақ, олар бірін- бірі үнемі ауыстыра бермейді.мысалы, әдемі ойыншық, әдемі сөз дегенде әдемі сын есімі ойыншық, сөз есімдерімен тіркескенімен әдемі ит, әдемі тіл деп қолдану тіл тазалығын бұзады. Сол сияқты қаламы жүйрік дегенімізбен қарындашы жүйрік деп айта алмаймыз.

Сөз, тіл тазалығы – әр сөздің қолданылу аясын, стильдік реңін, бояуын, басқа сөздермен тіркесу қабілетін, мағына – мәнін, қызметін ескеру.

Сөйлеу мен жазуда тілдік норманы сақтау қажет.

- Лексикалық норма; сөздің тура және ауыспалы мағына жасау мүмкіншілігін;

- морфологиялық норма; сөзге қосымша жалғау ретін, сөзден жаңа сөз жасау ерекшелігін;

- синтаксистік норма; сөз тіркесу, сөйлем мүшелері орнын, инверсиялық өзгешелікті назарда ұстау десек, осы нормаларды білу, ұстаным ету – сауатты да білімді, мәдениетті адамның ісі.

5-жаттығу. Мақал-мәтелдерді түсініп оқыңыздар және мағынасын түсіндіріңіздер.

  1. Көп сөйлеген білімді емес,

Дөп сөйлеген білімді.

  1. Көлді жел қозғайды,

Ойды сөз қозғайды.

  1. Аз сөйлеп, көп тыңда.

  2. Білмесең үндеме,

Білгенді күндеме.

  1. Ашуың келсе — қолың тарт,

Айтпас жерде — тілің тарт.

  1. Адам көңілінен азады,

Тілінен жазады.

  1. Кесірлі ауыздан,

Кесапатты сөз шығар.

6-жаттығу. Кестені толтырыңыздар.

Тым сыпайы түрі

Бейтарап сыпайы түрі

Ауызекі сөйлеу тілінде

Үлгі: Кешіріңіз, аялдамаға қалай баруды айтпас па едіңіз?

Үлгі: Аялдамаға қалай баруды айтыңызшы?

Үлгі: Аялдама қайда?

Мазалағаныма кешірім өтінемін, кітапхананың қай жерде екенін көрсетпейсіз бе?

Мархабат етіңіз, маған тұмауға қарсы дәрі керек еді?

Қарсы болмасаңыз, сізден өтінерім, мына шұжықтан 200г өлшеп беріңізші?

Ғафу етіңіз, мені өткізіп жібермес пе екенсіз!

Негізгі әдебиеттер:

1. Б.Қапасова, Б.Әбдіжүсіпова, Ш.Жұмаділова Қазақ тілін жедел оқыту. Сөз мәдениеті. Шешендік сөз өнері. Сөз әдебі. –Астана, Арман-ПВ, 2007. 114-121 беттер

2. С.Иманқұлова, Н.Егізбаева, Ғ.Иманалиева, Ш.Рамазанова, Б.Омарова, К.Мұқадиева Қазақ тілі. Оқу құралы. –Алматы. Қазақ университеті. -192 бет.

11-апта. ХАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯ

3-тақырып. Қазақтардың жиі тойлайтын тойы. Суретші әлемінде.

Сабақтың мақсаты:

Үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды кез келген жағдайда орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сауатты сөйлеуге үйрету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]