- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.
- •2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3.Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Көшеде жол жүру ережесін үйренеміз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2.Диалогтегі монологке айналдырыңыз.
- •3.Диалогтегі жол қозғалысына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оқыңыз.
- •Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болп табылатын ақпараттарды белгілеңіз. Бағдаршамның шығу тарихы
- •Несиені қалай алуға болады?
- •Таулар, таулар
- •Таулар, таулар
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Өзіңізге жаңа олып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. «көк базардың» тарихынан
- •Қуат көзін үнемдейік!
- •Ғарыштан естілген қазақ тілі
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Тоқтар ағамен сұхбат
- •6. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Суды үнемдеу
- •«Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз»
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалаеып, төменде берілген микродиалогті жалғастырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалог бойынша срақтарға жауап беріңіз.
- •Апта. Кеңестік саралану және аймаққа жіктеу
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке тақырып қойыңыз.
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Халқымыз бар кемеңгер
- •Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Айтыс өнері ізденуді талап етеді
- •Сүйікті ісіңіз қандай?
- •1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Етістіктерге көңіл бөліңіз.
- •3. Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монологический текст.
- •Тойыңыз тойға ұлассын
- •Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...
- •Наурыз тойы
- •Мәтінді оқып, озіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырып
- •2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап берініздер.
- •Суретші әлемінде
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Қазыбектің алғаш көзге түсуі
- •Әр үйге шаттық орнайды
- •Қазақтың тұңғыш операсы
- •Үй салу оңай ма?
- •2.Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Қазақстанда еқыұ саммиті өткізіледі
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке ат қойыңыз. Сыртқы саясат
- •2. Сөздердің дұрыс баламасын сәйкестендіріңіз.
- •Тілдік этикет
- •1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кибернетика –басқару өнері
- •Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Әңгімелесуге арналаған сұрақтармен танысыңыз.
- •Астана – елімнің алтын ордасы
- •Астана – егемендік перзенті
- •13. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
6. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- Тоқтар аға ғарышқа ұшарда Елбасына қай тілде рапорт берді?
- ________________________________________________________________________
- Ю.Гагариннен қандай сөз қалған?
-________________________________________________________________________
- Тоқтар аға осы дәстүрді қалай бұзды?
-________________________________________________________________________
- Ол қандай сөз айтты?
-________________________________________________________________________
7. Диалогті монологке айналдырыңыз.
Негізгі әдебиеттер:
1. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 14-17 беттер.
2. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Курманова, К.Көпеш, Г.Нашанова, А.Ыбраш Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 3-Негізгі оқу құралы. Жоғары деңгей. – Астана, 2010. – 33-
6-апта. АЙМАҚТАНУ – ЕЛТАНУ – ӨЛКЕТАНУ
1-тақырып. Аймақ және аймақтану
Сабақтың мақсаты:
Аймақтану, елтану, өлкетану ұғымдарына түсігік беру, оларды нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
«Аймақтану», «елтану», «өлкетану» ұғымдарының мәні мен тән қасиеттерін айқындауда әдістемелік және әдістік көзқарастады пайдаланған жөн. Бұл ұғымдардың ара-жігін нақтылы ажыратудың анықтамасы жоқ. Көптеген таластар аймақтану және елтану арақатынасы жөнінде болуда. «Аймақ» анықтамасын әржақты тұжырымдау әрекеті білімнің басқа салаларындағы өзіндік түсіндірмесінің негізінде жоққа саяды.
Аймақтың әкімшілік-аумақтық (саяси-әкімшілік немесе заңдық) түсінігі ұлттың ішіндегі (субнациональные) бірліктер сияқты теориялық тұрғыдан келтірілген түсініктемесіне мүлдем сәйкес келмеуі мүмкін, өйткені әкімшілік тор көбіне еркінше, яғни субъективті сипатта болады. Осындай түсіндірменің заңды жаратылысы былай түсіндіріледі, әкімшілік-аумақтық құрылымның құқықтары мен міндеттері Конституцияда немесе арнайы заңдармен айқындалады.
Аймақтың философиялық түсіндірмесі өзіне тән ділі (менталитеті), ойлау қабілеті, салт-дәстүрі, дүниетанымы, өмір сезімталдығы жөніндегі түсінігі бар ерекше «дүниемен» байланыстырылады.
Аймақтың тарихи түсіндірмесі көп жағдайда уақыттың өтуіне қарай жойылған ұқсастықты көрсетеді (өткен мерзімдегі қандай да бір шіркеулікке, шіркеу-әкімшілік өңірге (махалла), муниципиалитетке және т.б. байланыстылығын).
Аймақтың геосаяси түсінігі – әрқилы саяси күштер мен қозғалыстардың «қуаттылық» пен «әлсіздік» орталықтарының кеңістік саралауынан шығады. Жалпы, бұл жерде «аймақ» - көп жағынан басқа елдерге қарағанда бір-бірімен өзара байланысты белгілерімен айқындалған елдер тобын көрсетеді».
Экономикалық аймақ – бұл көп жағдайда нақтылы белгіленген арнайы өнеркәсіп және нақтылы шаруашылық тұтастығын білдіретін аумақ (алайда субъективті құрылымдар ретінде жоспарлы, бағдарламалық экономикалық аймақтардың шаруашылық мамандануы мен біртұтастығы болмайды).
Сұрақтарға жауап беріңіз.
«Аймақтану», «елтану», «өлкетану» ұғымдарының мәнін ашып беріңіз.
Экономикалық аймақ дегеніміз не?
Аймақ ұғымына философиялық тұрғыдан анықтама беріңіз.
Аймақтың геосаяси түсінігі қандай?
Аймақтану және елтану арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіз.
1-тапсырма. Берілген жай сөйлемдері тақырып бойынша жалғастырып, құрмалас сөйлем жасаңыз.
Көптеген таластар аймақтану және елтану арақатынасы жөнінде, ...........................................
Әкімшілік-аумақтық құрылымның құқықтары мен міндеттері Конституция заңдарымен айқындалады, ..................................................................................................................................
Аймақтың философиялық түсіндірмесінің өзіне тән ділі бар, ...................................................
Аймақтың философиялық түсіндірмесі ойлау қабілетімен байланыстырылады, ....................
«Аймақ» - көп жағынан басқа елдерге қарағанда бір-бірімен өзара байланысты, ...................
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.
саяси күштер –
экономикалық аймақ –
әдістемелік көзқарас –
субъективті құрылым –
3-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.
Аудан ................................................, ......................................................
өнеркәсіп .........................................., ......................................................
әкімшілік. ..........................................., .....................................................
құқық ................................................., ......................................................
тұжырым ............................................, .....................................................
Негізгі әдебиеттер:
Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.
6-апта. АЙМАҚТАНУ – ЕЛТАНУ – ӨЛКЕТАНУ
2-тақырып. Елтану және өлкетану
Сабақтың мақсаты:
Елтану мен өлкетану арасындағы байланысты, айырмашылықтарды нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
Кейбір ғалымдар бұл ұғымдарды мүлдем бірдейлесе, басқалары елтану аймақтануға қарағанда өте бай мазмұнға ие деп жорамалдайды, үшіншілері елтануды аймақтық географияның ерекше бөлімі ретінде қарастырады.
Осындай әрқилы көзқарастарды талқылап көрейік:
«Географиялық энциклопедиялық сөздіктегі» анықтамаға сәйкес, елтану – бұл «географиялық пән, ол елдерді кешенді зерттеумен айналысады, яғни олардың табиғаты, тұрғын халқы, шаруашылығы, мәдениеті және әлеуметтік ұйымдары туралы әртүрлі мәліметтерді жүйелеп және қорытындылайды».
«Елтану – жер шарындағы әртүрлі елдерді (ішкі мемлекеттік және мемлекетаралық аудандар) оқып білумен айналысатын кешенді ғылыми пән».
«Елтанулық әдебиеттердің» міндетті шарты «қарастырып отырған аумақтардың табиғи, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін біркелкі түсіндіру болып табылады және сонымен бірыңғай (тұтас) географиялық қағидалардың жолын қуушылық» деп түсіндіріледі.
«Өлкетану» ұғымының аймақтану мен елтану ұғымдарынан өзгешелігі, оның өлшемдері әлдеқайда айқын емес. Ол «туған өлкемен» байланыстырылады, аумақтық шеңбері кей жағдайда бір ауылдың тұрғындары арасында да белгілі деңгейде ажырауы мүмкін (әсіресе егер оның тұрғындары мекен жайын ауыстырған болса). Елтану сияқты емес, өлкетану көп жағдайда аймақ мүддесін айқындайтын оқу-танымдық географиямен, білім беру бағдарламаларымен тығыз байланысты. Елтану сияқты өлкетану да әсілі кешендік сипатқа ие, тек оқу бағдарламаларында географияның құрамдас бөлігі басымдырақ мәнде болады. Туған қаласымен танысу барысында жас өлкетанушылар өздерінің елді мекені орналасқан жердің пішінімен, жер қыртысымен және геологиялық құрылыстармен, өзен, су арналарымен, ауа-райымен, өсімдік дүниесімен тұрғындары және өнеркәсібімен, экология мәселелерімен және т.б.танысады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Елтану деген ұғымды қалай түсінесіз?
Өлкетану сөзіне анықтама беріңіз.
Елтану мен өлкетану сөздерінің арасындағы айырмашылықтар туралы айтыңыз.
Туған өлкеңіз туралы айтып беріңіз.
Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
1-тапсырма. Сөйлемді қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Кешенді, аймақтық, мәліметтерді, елдерді, өлкетану.
Елтану – бұл «географиялық пән, ол елдерді ........................... зерттеумен айналысады.
Елтану ............................. географияның ерекше бөлімі.
Елтану – бұл елдердің табиғаты, тұрғын халқы, шаруашылығы, мәдениеті туралы әртүрлі .................................. жүйелеп және қорытындылайды.
Елтану – жер шарындағы әртүрлі ........................ оқып білумен айналысатын ғылыми пән.
Елтану сияқты .................... да әсілі кешендік сипатқа ие.
2-тапсырма. Белгіленген сөздерге сұрақ қойыңыз.
Туған қаласымен танысу барысында жас өлкетанушылар өздерінің елді мекені орналасқан жердің пішінімен танысады.
Жас өлкетанушылар елді мекенде орналасқан су арналарымен, ауа-райымен, экология мәселелерімен және т.б.танысады.
Өкетану көп жағдайда аймақ мүддесін айқындайтын оқу-танымдық географиямен, білім беру бағдарламаларымен тығыз байланысты.
«Өлкетану» ұғымы «туған өлкемен» байланыстырылады.
3-тапсырма. Сөз тіркесін жасаңыз.
география - пән, ...............................................................................................................................
жер - пішін, ......................................................................................................................................
жер қыртысы, ..................................................................................................................................
геология - құрылыс, ........................................................................................................................
су – арна, ..........................................................................................................................................
Негізгі әдебиеттер:
Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.
6-апта. АЙМАҚТАНУ – ЕЛТАНУ – ӨЛКЕТАНУ
3-тақырып. Суды үнемдеу. «Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз....»
Сабақтың мақсаты:
Үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды кез келген жағдайда орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сауатты сөйлеуге үйрету.
