- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.
- •2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3.Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Көшеде жол жүру ережесін үйренеміз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2.Диалогтегі монологке айналдырыңыз.
- •3.Диалогтегі жол қозғалысына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оқыңыз.
- •Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болп табылатын ақпараттарды белгілеңіз. Бағдаршамның шығу тарихы
- •Несиені қалай алуға болады?
- •Таулар, таулар
- •Таулар, таулар
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Өзіңізге жаңа олып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. «көк базардың» тарихынан
- •Қуат көзін үнемдейік!
- •Ғарыштан естілген қазақ тілі
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Тоқтар ағамен сұхбат
- •6. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Суды үнемдеу
- •«Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз»
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалаеып, төменде берілген микродиалогті жалғастырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалог бойынша срақтарға жауап беріңіз.
- •Апта. Кеңестік саралану және аймаққа жіктеу
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке тақырып қойыңыз.
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Халқымыз бар кемеңгер
- •Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Айтыс өнері ізденуді талап етеді
- •Сүйікті ісіңіз қандай?
- •1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Етістіктерге көңіл бөліңіз.
- •3. Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монологический текст.
- •Тойыңыз тойға ұлассын
- •Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...
- •Наурыз тойы
- •Мәтінді оқып, озіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырып
- •2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап берініздер.
- •Суретші әлемінде
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Қазыбектің алғаш көзге түсуі
- •Әр үйге шаттық орнайды
- •Қазақтың тұңғыш операсы
- •Үй салу оңай ма?
- •2.Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Қазақстанда еқыұ саммиті өткізіледі
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке ат қойыңыз. Сыртқы саясат
- •2. Сөздердің дұрыс баламасын сәйкестендіріңіз.
- •Тілдік этикет
- •1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кибернетика –басқару өнері
- •Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Әңгімелесуге арналаған сұрақтармен танысыңыз.
- •Астана – елімнің алтын ордасы
- •Астана – егемендік перзенті
- •13. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
Сүйікті ісіңіз қандай?
1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Етістіктерге көңіл бөліңіз.
- Әрбір адамның айналысатын сүйікті ісі болады. Мен бильярд ойнағанды ұнатамын. Ол адамнан ұқыптылықты, зейінді талап етеді.
- Дұрыс бильярд ойны көп жаттығуды талап етеді.
- Мен де осы ойынды жақсы көремін. Сіз бильярд туралы не білесіз?
- Бильярд шахмат ойыны сияқты Шығыста пайда болған. Алғаш рет бильярд үстелін 1469 жылы Анри де Винем жасап шығарған.
- Міне қызық, бильярд ойнының бірнеше түрі бар гой.
- Иә, оның бірнеші түрі бар: «Орыс бильярды», «Снукер», «Американка».
- Бильярд ойнаудың басты ережелері бар. Олар мыналар: үстелдің көлемі 3600 х 1800 ал шардың көлемі 68-70 мм болуы керек.
- Сонымен қатар шарлардың 15 болады. Олар үстелдің үстіне үшбұрыш болып қойылады.
- Мінеки, екеуміз де бильярдтың сырын білетінімізді көрсеттік.
- Енді ойынымызды сынайық.
- Жақсы. Іске сәт!
2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Ответьте на вопросы.
1) Диалогтің кейіпкерлері кім?
2) Кейіпкерлер не туралы әңгімелесті?
3) Диалогте болған әңгіме сізге ұнады ма?
4) Сіз диалогке тағы да қандай мәлімет қосар едіңіз?
3. Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монологический текст.
4. Микродилогті толықтырыңыз. Мына сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз. Дополните микродиалог, используя следующие слова и словосочетания: сүйікті іс,кітап, оқу, қаланы аралау, саяхатқа шығу, табиғатты тамашалау, мұражайға бару, шаңғы тебу, мұз айдынына бару, коньки тебу, ұнайды.
- Сүйікті істерім көп. Соның ішінде мен ... ... ... ұнатамын.
- Мен демалыста ... ... жақсы көремін. ... барамын, кейде ... ... жақсы көремін. Жазда, күзде, қыста ... ... ұнатамын.
Қазақтың күй өнері
Қазақ халқы үшін құнды, бағалы мұралардың бірі - күй. Өнер зерттеушілері күй атасы - Қорқытқа дейін де күйдің «өмір сүргендігін» дәлелдейді. Көне күйлердің әуен-сарыны ертедегі Сақ, Гұн, Үйсін, Қаңлы, Көк түріктер және басқа да тайпалар өмірінен бастау алатынын алға тартады. Бұған мысал ретінде халық күйлері аталып жүрген «Аққу», «Кеңес», «Боз айғыр», «Сары өзен», «Шұбар ат» және басқа да туындыларды келтіреді.
Күй адам жанының ішкі толқынысынан, сезімінен пайда болады, Күйлерде тек көңіл-күй ғана емес, жер-су аттары, жануарлар, құстар, табиғат құбылыстары және басқалар суреттеледі.
Күйдің әуендік-түрлік құрылысы мен ырғағының, орындалуының өзгешелігі де назар аударарлық. Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді келсе, Дәулеткерейдің шығармаларына сезім, нәзіктік басымырақ. Тәттімбетте қоңыр әуен байқалады. Қазанғап күйлері жеңіл, ойнақы төгіледі. Күйлер орындаушылық дәстүрге, қағысына қарай екі түрге бөлінеді. Оның бірі – төкпе, екіншісі - шертпе. Төкпеде көзге ұратыны - қайрат-жігер, сергектік. өмірге құштарлык, қиындықтан жасымау, алға ұмтылу. Шертпе күйлер салқынқандылығымен, сабырлылығымен, терең философиялығымен, ой-сырға толығымен ерекшеленеді.
Міне, қазақ күйі дегеніңіз осындай. Ол - бір өзінше әлем. Сол әлемнің қыр-сырына қанық қазақ - біз бақыттымыз. Нағыз қазақ күйсіз өмір сүре алмайды (Н. Домбай. anatili, kz).
Тапсырма. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
Тапсырма. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз. Распределите вопросы в последовательности, которая соответствует содержанию текста и ответьте на них.
А. Шертпе күйлердің ерекшелігі қандай?
Ә. Күй қалай пайда болады?
В. Күй өнері қай кезден бастау алған?
С. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей күйлерінің ерекшеліктерін атаңыз.
Сөздік
Кұнды — имеющей важное, существенное значение
Бағалы - ценный, дорогой
Мұра – наследие
Өнер зерттеушілері— исследователи искусства
Дәлелдеу – доказывать
Толқу — взволноваться
Сезім – чувство
Пайда болу – появляться
Суретгеу – описывать
Ырғақ- ритм
Өзгеше – особенно
Жігерлі, екпінді – стремительный
Тапсырма. Әңгімелесуге және бір-біріңізге қоюға арналған сұрақтармен танысыңыз.
Күй өнері туралы не білесіз?
Қандай күйлерді тындадыңыз?
Қазақ күйшілерін атаңыз
Төкпе күй мен шертпе күйдің айырмашылығы қандай?
Негізгі әдебиеттер:
1. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 39-45 беттер.
2. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Курманова, К.Көпеш, Г.Нашанова, А.Ыбраш
Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 3-Негізгі оқу құралы. Жоғары деңгей. – Астана, 2010. – 63-97 б.
10-апта. АЙМАҚТЫЛЫҚТЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
1-тақырып. Әлем халықтары санының даму барысы
Сабақтың мақсаты:
Әлемдегі халық саны туралы мәлімет беру, бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
Тұрғын халық санының өсу қарқыны бүкіл адамзат тарихында ұлғая түсуде. Палеодемографтардың болжамы бойынша палеолит кезеңінің соңына таяу жер шарында 3 млн-ға жуық адам болған. Ол адамдардың өмірі аң, құс, балық аулау, жеуге тұрарлық өсімдіктер, жеміс-жидек, тамыр жинауға мүмкіндігіне тікелей байланысты. Қарапайым еңбек құралдары олардың өмір сүру үмітін төмендете түсті, аштық, суық, жабайы аңдар жиі-жиі тұтастай тайпалардың жоғалуына әкелді. Демографиялық сараптама бойынша 9-10 мың жыл бұрын адамдар отырықшылық шаруашылық өмір сүру салтына көшкенде, егіншілікпен, мал бағумен айналысқанда жер шарының халық саны 5-10 млн. жеткен. Тұрғын халықтың бұл санына 600 мың жыл уақыт қажет болды. Мал шаруашылығының пайда болуы осы алаң көлеміндегі аңшылықтан жиырма есе өнімді болды, кейін егіншілік адам өмірінің жаңа мүмкіндіктерін ашты., халық санының өсуін жеделдетті. Неолит кезеңі барысында адамзат 50 млн өсты, ал жаңа заманның басында жер шарында 160 млн адамдай өмір сүрді. 1800 жылы жер шарында халық саны 952 млн болса, 120-130 жылдан соң 2 млрд, 30 жыл ішінде 36 млрд болды. Адам баласы біздің заманымызға дейін 7000 жылдан біздің заманымыздың 1980 жылы аралығында 450 есе өсті. Тұрғын халықтың өсу қарқыны 1 млрд-тан 2 млрд-қа дейін дейін 107 жылда, 3-млрд-қа дейінгі дейінгі 32 жылда, 4 млрд-қа дейін – 15 жылда, 5 млрд-қа дейін – 13 жыл ішінде өзгерді. Адамзат баласының бастапқа кезеңіндегі баяу өсуі өндірістік күштердің даму деңгейінің төмендігі және адамның көп мөлшерде табиғатқа басыбайлығы еді. БҰҰ-ның демографиялық комиссиясының болжамы бойынша ХХІ ғасырдың ортасына таман жер шарында 11,5 млрд адам өмір сүреді. Алайда дамыған елдермен салыстырғанда даму қарқыны баяу елдерде халық саны 2,5-2,8 есеге жоғары. Мысалы, Дания, Швеция, Ұлыбритания, Аустрия, Бельгия, Люксембургте, Ресейде азаюда. Латын Америкасындағы: Мексика, Тайланд, Бруней, Бангадеш, Малайзия, Пәкістанда өсу қарқыны жоғары болса, Үндістан, Непал, Бирма, Индонезияда туу қарқыны одан аздап төмендеу, Африка мемлекеттерінің ішінде Батыс Африкада: Гвиней мен Малиден және одан әрі Нигера мен Нигерииге дейінгі аралықта туу деңгейі әлдеқайда жоғары, ал Конга өңірінде халықтың өсуі бірқатар төмен.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Демография дегенді қалай түсінесіз?
Қазіргі уақытта әлем халықтары санының даму барысы қандай?
Демографиялық көрсеткіш деген не?
Халық саны көп қай ел?
Еуропаның халвқ саны жағынан қаншасыншы орында?
1-тапсырма. Ғаламтор материалдарына сүйене отырып, Қазақстан бойынша туу деңгейі туралы карта жасаңыз.
2-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мәтінмен байланыстыра отырып түсіндіріңіз.
Берекені көктем тілеме
Бірлігі мол көптен тіле.
Ел артындағы шаң жұтады,
Ел алдындағы май жұтады.
Елге дұшпан жерге сыймас,
Жерге дұшпан елге сыймас.
Жол жолға жалғасады,
Ел елге жалғасады.
Елін сатып асаған,
Екі күн-ақ жасаған.
3-тапсырма. Шағын мәтіннің мазмұнын анықтап, пікір білдіріңіз. Сөйлемдегі интонация түсетін бірліктерді анықтыңыз.
Әлемнің бас ғалымдары тізе қосып, 2050 жылдың қарсаңында жер шарындағы халық саны 9,731 миллиард адамға жететіндігін хабарлады.
Жарияланған құжатқа сәйкес, 9,731 миллиард халықтың ¼ бөлігі Африка жерінде орналасатын болады. Нақтырақ айтқанда, 2,435 миллиард адам Африка құрлығында өмір сүреді. Алайда халық саны бұрынғыдай Азия құрлығында басым болмақ. Ол уақытта мұнда 5,284 миллиард тұрғын өмір сүретін болады. Француз ғалымдарының зерттеуінше, Еуропа халқының саны 740 миллионнан 726 миллионға дейін азаяды. Мұнымен қатар, Америка құрлығында халық саны 1 миллиардқа дейін көбейіп, жер шарының екінші бөлігінде 1,228 миллиард адам тұратын болады. Бүгінгі таңда жер бетінде 7,141 миллиард адам өмір сүріп жатыр. Зерттеулердің қорытындысы бойынша, 2025 жылы халық саны 8,1 миллиардты құрап, 2050 жылы 9,6 миллиардқа жететін болады.
Негізгі әдебиеттер:
Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер.
http://massaget.kz/alemtanu/syrly-alem/13810
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.
10-апта. АЙМАҚТЫЛЫҚТЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
2-тақырып. Тұрғын халықтың тууындағы аймақтық айырмашылықтар
Сабақтың мақсаты:
Қазіргі уақытта өзекті мәселе болып отырған тақырып бойынша мәлімет беру, туу мәселе бойынша аймақтық айырмашылықтарды нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
Жер шарының халқы табиғи жол нәтижесінде көбеюде. Туу қарқынына көптеген әлеуметтік, медициналық, биологиялық факторлар әсер етеді. ХХІ ғасырда туу коэфиценті көп мемлекеттерде жоғары болады. Мәселен 1880-1890 жылдары Германия 39,1 пайыз, Нидерланды – 39,2, Англия -35,4, Бельгияда – 32,6 болса, Францияда – 25,4 пайыз болды. ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында туу қарқыны біртіндеп тұрақтанғанымен, 1930 – шы жылдары күр төмендей бастады. Бұған себеп орта жаста үйлену, азаматтық неге кеш тұру.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туу қарқыны бірден жоғарылады. Мысалы, Африка мемлекеттерінде 46-47 пайыз туу көбеюіне 1) ер бала дүниеге келгенше туу; 2) кедей отбасы жаңа бала дүниеге келуін жұмыстың болып қалуы деп үміттендірді; 3) діни ғұрыптар; 4) бала алғызудың болмауы.
Тұрғын халықтың қайтыс болуына қатысты аймақтық айырмашылықтар. Өлім – халық денсаулығынң басты көрсеткіші болып табылады. Өлімнің себебі уақытқа сай өзгеруде, ертеде адамдар негізінен жұқпалы аурулардан, безгектен, шешектен және т.б. зардап шексе, бүгінгі күні қан айналымы ауруынан науқастанады. Дамыған елдерде адамдардың 50 пайызы қан айналымы ауруынан қайтыс болады. Сонымен қатар ЖИТС-СПИД, ішімдік, есірткі 21 пайызды құрайды. Тамақты аз жеуден, әлсіздіктен дамыған елдерде өлім көп. Анимея ауруымен 500 млн адам ауырады. Африкада балалар өлімі 20 пайыз, 1000 сәбиден 200-ге шетінейді. Өлімге тағы бір себеп – табиғаи апаттары, көлік апаты, химиялық радиоактивті заттардан улану және т.б.
Тұрғын халық өмірінің табиғи өсуі және ұзақтығы. Көптеген Еуропалық мемлекеттерде табиғи туу үлесі өте төмен. Жалпы Батыс Еуропада орталық 3-5 пайыз болғанымен, ГФР, Дания мен Аустралияда өлім туудан жоғары. Соңғы 30 жылда Азия, Африка, Латын Америкасының бірқатар мемлекеттерінің халқы өсе бастады. Медициналық көмек нәтижесінде өлім азайды. Ресейде жалпы алғанда өмір ұзақтығы 1991-95 жылы 63жас, дамушы елдерде 40-61 жас болды. Ең жоғары көрсеткіш – 78 жас, Голландия, Норвегия, Жапонияда – 77 жас, Исрайль, АҚШ – 76 жас, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Шри-Ланкада еркектер әйелдерге қарағанда 2 есеге жоғары өмір сүреді. Халықтың өмір сүру деңгейінің ұзақтығы климат, әлеуметтік-тұрмыс және т.б. жағдайлармен тығыз байланысты.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстанның аймақтық айырмашылықтар туралы айтасыз?
Тұрғын халықтың туу қарқыны қандай?
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі демографиялық көрсеткіш қандай болды?
Тұрғын халықтың қайтыс болуына қандай факторлар әсер етеді?
Дамыған елдерде адамдардың туу қарқыны.
1-тапсырма. Берілген жай сөйлемдері тақырып бойынша жалғастырып, құрмалас сөйлем жасаңыз.
ХХІ ғасырда туу коэфиценті көп мемлекеттерде жоғары, ........................................................
ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында туу қарқыны біртіндеп тұрақтанды, ................................
Ертеде адамдар негізінен жұқпалы аурулардан қайтыс болды, ................................................
Дамыған елдерде адамдар қан айналымы ауруынан қайтыс болады, ......................................
Еуропалық мемлекеттерде табиғи туу үлесі төмен, ...................................................................
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.
өлім деңгейі –
елді мекен –
табиғи аумақ –
жердің нысаны –
туу қарқыны –
жер аумағы –
3-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.
тұрғын,.............................................., ......................................................, ................................
аймақ,................................................., ....................................................., ................................
туу, ..................................................., ....................................................., ..................................
өлім, ................................................, ......................................................, ..................................
климат, ............................................., ......................................................, ................................
жер, ..................................................., ......................................................, ................................
Негізгі әдебиеттер:
Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер.
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.
10-апта. АЙМАҚТЫЛЫҚТЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
3-тақырып. Тойыңыз тойға ұлассын. Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...
Сабақтың мақсаты:
Үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды кез келген жағдайда орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сауатты сөйлеуге үйрету.
