Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-apta.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Наурыз тойы

  1. Мәтінді оқып, озіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырып

Наурызды қазақ Ұлыстың ұлы күні – жаңа жыл мейрамы деп сонау көне уақыттан мейрамдап келеді. Бұл мейрам көктемде күн мен түн теңеліп, халық алты ай қыстың қыспағынан әзер шыққан, жер-ана иіп, мал жанның жадырайтын шағында өтеді. Жан-жануар аң құстың жаңа тіршілігі басталады. Мал төлдеп, құс жұмыртқалайды, жеміс-жидек, жер ағаш көктейді. Былайша айтқанда, жаңа жылда бәрі жаңарып жаңғырады. Жұрттын аузы тиетін күннің нұры шуақтана бастаған шақта келетін наурыз мейрамы кезінде адамда біріне қайырымдылық танытып, ренішін ұмытып, ізгі тілектер айтысып жатады.

Наурыз көже ішіліп, бұдан былайғы күндер тоқшылы қуанышқа ұлассын деген ізгі тілекпен жұрт ойын-сауық құрады. Жұрт наурыз күні бір-бірімен жайрандай көрісіп, мынадай тілек айтады:

- Амансыз ба, ұлыс оң болсын!

- Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсың!

Біздің қазақ наурызды тек қана қыдырып, көже ішумен өткізбейді. Мал аяғы тайылғанда бір үйге жиылып үлкендерден әңгіме тыңдайды. Олар естігенің көрген-білгенің айтады, думан қызған сәтте ортаға ақындар айтысқа шығады. Наурыз күні ауыл болып таң шығысын қарсы алады.

2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап берініздер.

1) Наурызда қандай тілек айтылады?

2) Қазақ халқы наурызды қалай атайды?

3) Наурыздың дәстүрлері қаңдай?

Есте сақтаныз!

Аузы аққа тию – букв . перевод: попробовать молоко

Қыстың қыспағы - здесь:трудная зима

Игі тілек - добрые пожелания

Жазылым

1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, Наурызға тілек жазыңыз.

Мол, көп, ұлыс, болсын, оң, береке, берсін, бақты болсын, жол болсын, қайда, барсаң.

2.Сөздікте берілген сөздерді сөз таптарына топтастырып жазыңыз. Үлгі:

Зат есім: наурыз...

Етістік: тойлайды...

3. «Наурыз тойы» мәтіннен негізгі ақпаратты беріп тұрған үш сөйлемді көшіріп алыңыз. «Наурыз тойы»

Сөйлесім

  1. Әңгімелесуге және бір-біріңізге қоюға арналған сұрақтармен таңысыныз. Знакомьтесь с вопросами для беседы:

  1. Наурыз мейрамын шығыс халықтары қалай тойлайды?

  2. Қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау ерекшіліктері қандай?

  3. Наурыз мейрамы туралы қандай мәліметтер білесіз?

Суретші әлемінде

  1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.

- Ерлан мырза, мына суреттеріңіз әдемі екен. Көрмеге қоясыз ба?

- Рақмет, Райхан ханым! Иә, бұл суреттерді көрмеге қоямын.

- Суретші болуды бала күніңізден армандаған шығарсыз?

- Суретті бала күнімнен саламын. 8 жасымда ең алғаш реет көрмеде Ә.Қастеевтің суреттерін көрген күннен бастап, суретші болуды армандадым.

- Ерлан мырза, Ә.Қастеев деген кім?

- Сіз ол кісі туралы білмейсіз бе? Әбілхан Қастеев – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.

- Ол кісі қай жерде туып-өскен?

- Ол кісінің туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі.

- Ә.Қастеев бқл өнермен қай кезден бастап айналысқан?

- Ә.Қастеев қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем тоқуға, сырмақ сыруға, шым, ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнерін балаға кезінен көріп, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өсіреді.

- Бұл өнерді анасынан үйренген екен ғой?

- Иә, ол кісі: «Суретшілікті таудан, тастан, даладан, анамның ою-өрнектерінен үйрендім» деген екен.

- Сонда ол кісі жоғары оқу орындарында оқымаған ба?

- Табиғатынан дарынды суретші 1929-1936 жылдары Москвадағы көркем сурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алған.

- Ол кісі қандай тақырыптарға сурет салған?

- Ол кісі – кейіпкер болмысын ашу, ел өмірін сипаттау, тарихи әлеуметтік өзгерістерді суреттеу, адам еңбегінің жасапаздығын, туған жердің әсем табиғатын сипаттау барысында артына мол мұра қалдырған суреткер.

- Ә.Қастеев туындыларының аттарын айта аласыз ба?

- «Қарындастың портереті», «Автопортрет», «Түркісіб» «Жас Абай», «Биік таулы мұз айдын», «Гүл ашқан алма», «Менің Отаным» және тағы басқа көптеген туындылары бар. Бұлар – менің есіме түскендері ғана.

- Тағы бірнеше сұрақ қойғым келеді?

- Әрине, ол кісі туралы көп айтуғаболады. Ә.Қастеев – туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. Сіз онда да Ә.Қастеевтің суреттерін өз көзіңізбен көру үшін көрмеге келіңіз.

- Рақмет, міндетті түрде барамын.

  1. Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Ерлан мырза қай кезден бастап суретші болуыд армандады?

  • _______________________________________________________________________

  • Әбілхан Қастеев кім?

  • ________________________________________________________________________

  • Ол суретшілік өнермен қай кезден бастап айналысқан?

  • ________________________________________________________________________

  • Әбілхан Қастеев туындыларында нені сипаттайды?

  • ________________________________________________________________________

Негізгі әдебиеттер:

1. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 56-58 беттер.

2. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Курманова, К.Көпеш, Г.Нашанова, А.Ыбраш

Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 3-Негізгі оқу құралы. Жоғары деңгей. – Астана, 2010. – 68-75 б.

12-апта. АЙМАҚТЫЛЫҚТЫҢ САЯСИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЫ

1-тақырып. Аумақтық-саяси жүйелер және егеменді елдердің түрлері

Сабақтың мақсаты:

Аумақтық-саяси жүйелер туралы материалды нақты мысалдармен түсіндіру, . Егеменді елдердің түрлері туралы материалды нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.

Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.

Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.

Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.

Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.

Саяси географияның ерекше рөлі әлеуметтік-географиялық кеңістіктегі аумақтық-саяси жүйенің өзара әрекетін зерттеуден тұрады. Яғни, мемлекеттің, сондай-ақ, мемлекетаралық және ішкі мемлекеттік аумақтық саяси құрылымдардың қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін табиғи факторлар.

Саяси-географиялық жағдай – бұл объектінің басқа саяси бірліктерге – мемлекеттерге немесе мемлекеттер тобына қатысты орналасуы. Саяси-географиялық жағдайдың үш деңгейін анықтайды: макро-, мезо- және микрожағдайы.

Макрожағдайы жаһандық деңгейдегі әлемдік шаруашылықта маңызды рөл атқаратын елдер мен аймақтарға қатысты айқындалады.

Мезожағдай көрші елдер мен аймақтарға қатысты айқындалады.

Микрожағдай жергілікті деңгейдегі қандай да бір объектілерге қатысты жағдай.

Саяси-географиялық шекаралар шаруашылықты бөледі. Екінші жағынан мемлекетаралық аумақтық-өндірістік құрулардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік шекараны белгілеу екі сатыдан тұрады: 1) делимитация – екі мемлекет шекарасын келісім арқылы қағаз бетіне, карта күйінде белгілеу. 2) демаркация – шекараны тиісті белгілермен айқындау.

Тұрғылықты халықтың этникалық құрамы халықтың өндірістік, мәдени және жалпы білім деңгейін, маман дайындау сипатын айқындайды. Сондықтан да, этногенез  (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) кезеңін, этномәдени белгілерін, этникалық және экономикалық ареалдардың (от лат. area: область, площадь, пространство) өзара байланысын анықтайды. Еңбекке ептілігін және халықтың дәстүрін, діни сенімділігін ескеру қоғамды аумақтық ретінде ұйымдастырады, яғни аумақтық-саяси жүйені қалыптастыруда зор мәнге ие болады.

Шикізат пен жанармайдың стратегиялық түрлері – түсті және сирек кездесетін метал кендері, уран, мұнай мен табиғи газ – көп жағдайда елдің және аймақтың саяси-географиялық жағдайына негіз болады.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Әлеуметтік-географиялық кеңістіктегі аумақтық-саяси жүйенің әрекеті қандай?

  2. Мезожағдай қалай анықталады?

  3. Макрожағдай елдер мен аймақтарға қатысты қалай айқындалады?

  4. Этногенез дегеніміз не?

  5. Микрожағдай қандай объектілерге қатысты?

1-тапсырма.Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойыңыз.

2-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

жаһандық деңгей– ................................................................................................................

жергілікті деңгей–..............................................................................................................

этникалық құрам–...............................................................................................................

этногенез кезең–................................................................................................................

этномәдени белгілер–.........................................................................................................

еңбекке ептілік–.................................................................................................................

3-тапсырма. Екі бағанадағы сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестіріңіз.

Саяси географияның ерекше рөлі

елдерге қатысты болады.

Саяси-географиялық жағдай

саяси құрылымдардың қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді.

Макрожағдай, мезожағдай және микрожағдай

аумақтық-өндірістік құруларды қалыптастырады.

Саяси-географиялық шекаралар

саяси-географиялық жағдайдың үш деңгейін көрсетеді.

Тұрғылықты халықтың этникалық құрамы

елдің және аймақтың саяси-географиялық жағдайына негіз болады.

Түсті және сирек кездесетін метал кендері

сол халықтың білім деңгейін, маман дайындау сипатын да көрсетеді.

4-тапсырма. Мына мақал-мәтелдерді қандай жағдайда қолдануға болады.

  • Ел жаусыз болмас, Жер таусыз болмас.

  • Ер — жалғыз, Ел — көп.

  • Сумен ойнама батарсың, Отпен ойнама жанарсың.

Егеменді елдер монархияға (жоғары билік корольдің, княздің, сұлтанның, шахтың, әмірдің қолында және мұрагерлікпен беріледі) немесе республикаға (жоғары билік орындары не сайланады, не парламенттер арқылы құрылады) берілген.

Монархия шексіз билікке ие болуы мүмкін, мұнда монарх билігі іс жүзінде ештеңемен шектелмейді. (Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман және т.б.); конституциялық монархия (мемлекеттің жоғары билігі конституциямен шектелген) немесе парламенттік (монарх билігі парламентпен шектелген). Осы соңғы екі түрге қазіргі әлемдегі монархияның көпшілігі жатады: Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Дания, Норвегия, Марокко, Жапония және т.б.

Республикалар президенттік (Президент – мемлекет басшысы, бірқатар елдерде және үкімет басшысы) және парламенттік (парламент атқарушы билік орындарын құрайды) болады.

Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша қазіргі әлемдегі көптеген елдер өз аумағында федеративті бірліктері (шататтары) жоқ унитарлы (лат. unitas — біртұтас, біріккен (ешқандай штаттары, федеративті бірліктері жоқ)) болып келеді. Өйткені мұнда әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлінеді. Федеративті мемлекеттер (Ресей, АҚШ, Үндістан, Бразилия және т.б.) өз құрамында өзін-өзі басқаратын, өз конституциясы, билік орындары болуы мүмкін, олар бір одақтас мемлекет құрамына кіргенімен қандай да бір саяси дербестікке ие. Конфедерация (кейінгі лат. confederatіo – одақ, бірлестік) – мемлекеттік құрылым формасы) – мемлекеттік құрылымның сирек кездесетін түрі, мемлекет нақтылы мәселелер бойынша өз қызметін үйлестіру мақсатында бірігеді. Бүгінгі күні конфедерацияның конституциялық мәртебесіне тек Швейцария ғана ие.

Мемлекеттердің құрылымы, мемлекеттік әкімшілік-аумақтық құрамы өзгермелі. Мысалы, Ресейдің құрылымы ХХ ғасырда үш рет ауысты. Сондай-ақ, экономикалық, сыртқы саяси және әскери мәселелерді шешу үшін құрылатын мемлекет аралық құрылымдардың өзгеру қарқыны да әлдеқайда тез.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Монархия дегеніміз не?

  2. Монархиялық елдерді атаңыз.

  3. Федеративті мемлекеттерді атаңыз.

  4. Конфедерация дегеніміз не?

  5. Президент деген кім?

1-тапсырма. Мәтінде жауабы бар 2 сұрақ, мәтінде жауабы жоқ бір сұрақ дайындаңыз.

2-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

шексіз билік-.....................................................................................................................................

егеменді елдер-.................................................................................................................................

унитарлы мемлекет-.........................................................................................................................

монарх билігі-...................................................................................................................................

конституциялық монархия-............................................................................................................

мемлекеттік құрылым нысаны-......................................................................................................

конституциялық мәртебе-...............................................................................................................

3-тапсырма. Сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.

Монархия шексіз билікке ие болады, ..........................................................................................

Монарх билігі іс жүзінде ештеңемен шектелмейді, ....................................................................

Қазіргі әлемде көптеген елдер бар, .............................................................................................

Мемлекет нақтылы мәселелер бойынша жұмыс істейді, ............................................................

Мемлекетте экономикалық, сыртқы саяси және әскери мәселелер шешімін табу керек, .......

Қазақстан әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлінеді, .................................................................

Негізгі әдебиеттер:

  1. Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.

  2. З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010

  3. Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.

12-апта. АЙМАҚТЫЛЫҚТЫҢ САЯСИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЫ

2-тақырып. Көшбасшының сөйлеу әдебіне қойылатын талаптар

Сабақтың мақсаты:

Сөз мәдениетінің негізін ұлттық әдеп пен тілдік этикетті білдіретін шаблондар арқылы игерту, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері мен оған қажетті тілдік сөз орамдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеуде орнымен қолдану, кәсіби тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін ресми кездесулерде, келіссөздерде, пікірталастарда қолдана алуға дағдыландыру.

Шешен- терең білімді, ақпаратты игеруші әрі оны тадап, тыңдаушыға қажеттісін, сұранысына қарай талқылап жеткізуші. Ендеше шешеннің аудиторияның талап-талғамына сай материалды жинақтап әрі соны жеткізу өнеріне төселуі керек. Сондай-ақ:

  • дауыс күші – жағымды дауыс;

  • сөз арасындағы екпін, кідірістің дұрыс қойылуы;

  • өзін-өзі әдепті ұстай білуі де шешеннің тыңдаушылармен арасын жалғастырады. Осы аталған ерекшеліктерді толығымен игеру еңбекті, төзімділікті, ақылды, білімді қажет етеді.

1-жаттығу. Мәтінді оқыңдар.

Шығармашылық тапсырма

Мәтінді топ бойынша бөліктерге бөліп оқыңдар да, басқа топтарға өздерің оқыған мәтінді барынша көркемдеп, нақышын келтіре айтып шығыңдар. Екінші топ осы осы айтылған әңгіме бойынша үшінші топқа сұрақ әзірлейді. Олар соған жауап береді. 1-ші және 2-ші топ жауаптарды бағалайды. Осындай тәртіппен басқа топтар да жұмыс жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]