- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.
- •2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3.Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Көшеде жол жүру ережесін үйренеміз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2.Диалогтегі монологке айналдырыңыз.
- •3.Диалогтегі жол қозғалысына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оқыңыз.
- •Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болп табылатын ақпараттарды белгілеңіз. Бағдаршамның шығу тарихы
- •Несиені қалай алуға болады?
- •Таулар, таулар
- •Таулар, таулар
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Өзіңізге жаңа олып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. «көк базардың» тарихынан
- •Қуат көзін үнемдейік!
- •Ғарыштан естілген қазақ тілі
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Тоқтар ағамен сұхбат
- •6. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Суды үнемдеу
- •«Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз»
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалаеып, төменде берілген микродиалогті жалғастырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалог бойынша срақтарға жауап беріңіз.
- •Апта. Кеңестік саралану және аймаққа жіктеу
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке тақырып қойыңыз.
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Халқымыз бар кемеңгер
- •Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Айтыс өнері ізденуді талап етеді
- •Сүйікті ісіңіз қандай?
- •1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Етістіктерге көңіл бөліңіз.
- •3. Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монологический текст.
- •Тойыңыз тойға ұлассын
- •Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...
- •Наурыз тойы
- •Мәтінді оқып, озіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырып
- •2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап берініздер.
- •Суретші әлемінде
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Қазыбектің алғаш көзге түсуі
- •Әр үйге шаттық орнайды
- •Қазақтың тұңғыш операсы
- •Үй салу оңай ма?
- •2.Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Қазақстанда еқыұ саммиті өткізіледі
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке ат қойыңыз. Сыртқы саясат
- •2. Сөздердің дұрыс баламасын сәйкестендіріңіз.
- •Тілдік этикет
- •1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кибернетика –басқару өнері
- •Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Әңгімелесуге арналаған сұрақтармен танысыңыз.
- •Астана – елімнің алтын ордасы
- •Астана – егемендік перзенті
- •13. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.
Сәлеметсіздер ме?
Сәлеметсіз бе, ағай?
Құрметті студенттер, бүгін біз интернет газеттермен танысамыз.
Мынау - қазақстандық «Zona kz» интернет газеті.
Онда қандай материалдар болады?
Бұл газетте елдегі және шетелдердегі жаңалықтар беріледі.
Қазақстандық «Zona kz» газетінде елдегі саяси жаңалықтар көптеп беріледі.
Ағай, қазақстандық медиапортал бар ма?
Иә, ол да бар. Бүгінде gazeta.kz медиапорталы бар. Медиапорталда еліміздегі, шетелдердегі жаңалықтар, спорт жаңалықтары берілген. Суреттер, интернет форум бар.
Ағай, рақмет. Біз бүгін жақсы мәліметтер алдық.
Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
А) Диалогтің кейіпкерлері кім?
Ә) Кейіпкерлер не туралы әңгімелесті?
Б) Диалогтегі ақпараттар сізге қажет деп ойлайсыз?
В) Интернет арқылы қандай ақпараттар алыып, қолданасыз?
Диалогті монологке айналдырыңыз.
Микродиалогті толықтырыңыз. Мына сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз. Интернет газеттер, жаңалықтар, көру, тыңдау, оқу.
... жаңалықтар алып оқисыз ба?
Жоқ. ... теледидардан көріп, радиодан тыңдаймын.
Интернеттен ..., ..., ... болады.
Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
Теледидар – адамзаттың алысты жақындататын құралы.
Неліктен? Ал Интернет ше?
Интернеттен алынған ақпараттар толық және анық түрде көрінбейді. Ал теледидардан барлығы шынайы өмір сияқты ғой, шіркін.
Мен теледидарды көп көрмеймін. Теледидар уақыт алады.
Қандай бағдарламаларды көресің?
Танымдық, ақпараттық бағдарламаларды ғана көріп тыңдаймын.Маған «Discovery» каналы өте ұнайды. Ғылымдағы жаңалықтар, техникадағы жетістіктермен жақсы таныстырды.
Мен қазақстандық бағдарламаларды ұнатамын. Өкінішке орай, қызықты бағдарламалар бізде әлі де ғой.
Иә, мен онымен келісемін. Бірақ соңғы кездері мазмұнды бағдарламалар шығарыла бастады.
Бірақ көп жағдайда, дамымай, қалып қойып жатады ғой.
Бұл әрине өкінішті.
Қазақстандық теледидар саласын дамыту керек деп ойлаймын.
Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.
Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
Ассалаумағалейкүм, Арнұр аға!
Уағалейкүмассалам, Ақжол інім!
Жол болсын, аға! Қайда бара жатырсыз?
Ракмет! Теледидарда ақындар айтысы болады екең, соған асығып бара жатырмын.
Бүгін кімдер айтысады екен?
Аманжол Әлтаев, Мэлс Қосымбаев, Айбек Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Балғынбек Имашев, Ринат Зайытов секілді елге танымал ақындармен қатар Сара Тоқтамысова, Рустем Қайыртайұлы, Арман Бердалин, Қарлығаш Әубәкірова, Мұхтар Қуандықов, Жандарбек Бұлғақов сияқты жас таланттар да келіпті.
Айтыс өнері ізденуді талап етеді
Айтыста «шәкірт» деген ұғым - мектептегі оқушы секілді емес, мүлдем басқа. Ол айтысқа талаптанушының өзіне байланысты. Тегінде шешендіктің, ақындықтың ұшқыны бар баланың қай салада жүрсе де, бойында айтыскерге тән суырыпсалмалық, ой жүйріктігі деген қасиеттері қылаң береді. Жай «мен айтыскермін» деген адамнан түк шықпайды. Ол сізге жүргізушілік сияқты үйретумен қонатын кәсіп емес. Баяғыдай ән салу үшін Біржанның қасында жүру керек не айтыскер болу үшін Сүйінбай сынды ақынды іздеп барып бата алатын кез емес, құдайға шүкір, қазір ізденемін деген адамға ақпарат көзі, білім беретін кітап секілді құралдар жеткілікті. Осы ретте айта кету керек, кітапты көп оқу деген тіл байлығының кепілі бола алады. Қазіргі ақындарға айтарым, айтыскер тек суырыпсалушы деңгейінде ғана, ұйқас қуушы болып қалмай, білімді болып, көп ізденуі қажет. Қазақтың ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясы осы ретте ең керемет рухани азық болары сөзсіз. Сонымен қатар көркем әдебиет, газет-журнал, теледидар, радио, интернетті де қалдырмау керек. Еліміз әлемдік өркениеттен тысқары жеке дара дамып жатқан жоқ, сондықтан әлемдік руханиятпен сусындау да шарт. (Қ.Асанұлы. news.kz).
2-Тапсырма. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
3-Тапсырма. Берілген үзіндіні оқыңыз, айтыстың қай кезі екенін айтыңыз. Прочтите отрывок из айтыс, найдите к какой части айтыс он относится?
Армысың асқақ, Алатау,
Бармысың, Қазақстаным!
Сәлемді беру сүннет деп
Халқымды мәңгі құрметтеп,
Пайғамбар жолын ұстандым
Талабыннан шықсам деп,
Талабымды ұштадым.
Ақыныңды қоздырар,
Алқа топтан оздырар.
Қазағым, ұлтым, ұлысым,
Бәрі де менің туысым...
Негізгі әдебиеттер:
1.Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 28-31 беттер.
2.Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Курманова, К.Көпеш, Г.Нашанова, А.Ыбраш
Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 3-Негізгі оқу құралы. Жоғары деңгей. – Астана, 2010. – 50-57 б.
1-тақырып. Этникалық аймақтылықтың түп-тамыры.
Сабақтың мақсаты:
Этникалық аймақтылықтың түп-тамыры туралы ақпарат беру, студенттердің осы сала бойынша өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгеру, болашақта әртүрлі іскери кездесулерде ресми сөйлей білуге үйрету.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз.
Жер бетінде адам қашан және қайда пайда болды деген сұрақтарға ғалымдар әлі де анық жауап бермейді. Жер бетіндегі адам баласының пайда болуы жөніндегі полицентристік теория адамдарды әртүрлі биологиялық түрлерге немесе олардың туылған жерлеріне байланысты бөлуге негіз бола алады. Адамдар нәсілге бөлінеді, тек бүкіл адамзат өн бойында бірыңғай биологиялық түрді білдіреді, бұл гендік ақпараттық зерттеулермен дәлелденген.
Әлеуметтік-тарихи даму үрдісінде нәсілдік араласу және нәсілдік белгілердің өзгеруі болды. Әртүрлі нәсіл өкілдері бірдей ақыл-ой мен діни байлықтарға ие бола алады, егерде олар ұқсас жағдайларда өмір сүрсе және бірдей білім мен тәрбие алса.
Адамзаттық нәсіл – бұл тарихи қалыптасқан адамдар тобы, туу біркелкілігіне байланысты біріккен, мұрагерлік белгілерінің біркелкілігі, сондай-ақ терісінің, көзінің, шашының түсі, бойының, басының формасы, келбеті сияқты қосымша сыртқы физикалық жиынтығымен сипатталған. Адамның физикалық дене құрылысының негізгі белгілері (скелет, құрылымы, миы, бұлшық еті) барлық нәсілдің өкілдерінде бірдей. Адамзат бірнеше нәсілдерге бөлінеді:
Ақ нәсілділер Еуропада пайда болып, кейін басқа құрлықтарға таралды. Еуропалық тектестер негізгі екі тармаққа бөлінеді: олар – солтүстік және оңтүстік, кейде аралас деп те бөлінеді. Олар аққұба, шаштары сарғыш түсті, көздері көгілдір болып келетін солтүстік еуропалық (скандинавиялықтар, ирландықтар, шотландықтар, ағылшындардың және немістердің бір бөлігі) және өңі қараторы, шаштары мен көздері қоңыр, кейде қара болып келетін оңтүстік еуропалық (Солтүстік Үндістан халықтары, Иран, Түркия, Закавказье, Оңтүстік Еропа, Алдыңғы Азия, Солтүстік Африка) тармақтарға бөлінеді. Аралас түрге славян халықтары, француздар, немістердің едәуір бөлігі мен ағылшындардың бір бөлігі.
Жер бетінде ең көп сандысы – монғол тектес нәсілдер, ол бірнеше тармаққа – солтүстік қытайлық, малайзиялық, тибеттік, сібірлік және т.б., нәсілдің терісі сары, шашы салалы, қайратты, жақ сүйегі шығыңқы, беті жалпақ, көзі қоңыр және қиғаш болады.
Африканың тропиктік бөлігінде негр тектес нәсілдер тараған, олардың терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра, жақ сүйегі біршама шығыңқы келеді.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Мәтін мазмұны бойынша өз ойыңызды қосыңыз.
«Расизм» дегенді қалай түсінесіз?
Өз нәсіліңіздің физикалық дене құрылысына сипаттама беріңіз.
Этникалық аймақтылықтың түп-тамыры қайдан шыққан?
Солтүстік еуропалықтар деп кімдерді айтамыз?
1-тапсырма. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлем ретінде өз ойыңызбен аяқтаңыз.
Ақ нәсілділер Еуропада пайда болып ...................................................................................
Тарихи қалыптасқан адамдар тобы .........................................................................................
Жер бетінде адам .....................................................................................................................
Адамдар нәсілге бөлінеді ...............................................................................................................
Адамның физикалық дене құрылысы .....................................................................................
Олардың туылған жерлері .......................................................................................................
2-тапсырма. Синонимдерін табыңыз.
қатынас- ...........................................................................................................................................
жер беті- ...........................................................................................................................................
адам баласы- ....................................................................................................................................
өн бойы- ...........................................................................................................................................
белгі-..................................................................................................................................................
ақпарат -............................................................................................................................................
біркелкі-............................................................................................................................................
тармақ-..............................................................................................................................................
3-тапсырма. Достық, татулық туралы мақал-мәтелдерді нақты мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
Дос – егіз, дұшпан – сегіз.
Тату үйдің бақыты тасыр,
Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.
Татулық табылмас бақыт.
Ұрыстың мерейі – ерлік,
Ырыстың мерейі – бірлік.
Негізгі әдебиеттер:
Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.
9-апта. АЙМАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
2-тақырып. Этностың отаны немесе даму орны
Сабақтың мақсаты:
Этностың отаны немесе даму орны туралы ақпарат беру, студенттердің осы туралы өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгеру, болашақта әртүрлі іскери кездесулерде ресми сөйлей білуге үйрету.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
Этнос – (грек сөзі – ethnos – қоғам, топ, тайпа, халық) – тарихи қалыптасқан тұрақты адамдар бірлігі. Әрбір этнос белгілі бір физикалық-географиялық жағдайларда қалыптасады. Этностың алғашқы жаңа жүйеде қалыптасқан физикалық-географиялық жағдайлардың үйлесуі, яғни ландшафт, оның отаны немесе Л.Н.Гумилев бойынша даму орны болды.
Әрбір аумақ этностың даму орны бола алмайды. Гумилев атап көрсеткендей тұтас тайгалық зонада, шексіз далада бірде-бір халық, бірде-бір мәдениет болмайды. Ал оларды қоныстандыру – оңтүстік, батыс, шығыстан яғни сырттан болады. Екі-үш ландшафт үйлескенде этнос пайда болады. Таулы және дала ландшафтары үйлескенде хундар, хазарлар, монғолдар пайда болды, орманды және шабандық ландшафтар сай келгенде – Қазан татарлары, бұлғарлар, жартылай таулы, дала мен орманды тундраларда – эскимостар мен түнгүстер пайда болды. Этностар өздерінің одан әрі даму барысында басқа ландшафтқа қоныстана алады.
Жаңа этностардың пайда болуы этникалық байланыс зоналарында да өтеді, мұнда үдемелі метисацияның болмай қоюы мүмкін емес. Мысалы, қазіргі испан этносы орта ғасырдағы кельттер, баск, алан, мавр, рим отаршылдарының тоғысуынан пайда болып қалыптасты. Орыстар батыс және шығыс славяндардың, сондай-ақ қыпшақтар (көне түркі халқы), татар, монғолдар, финдіктер, угрлердің қосылуынан пайда болды. Бұрынғы мордва, эвенки, эскимостар бұлар бұрынғы күрделі этностар кезінде өмір сүріп, өздерінің дамуын аяқтаған. Ал метистер, мулаттар мен самбоның (негрлер мен үндістердің ұрпақтары) пайда болуы нәтижесінде жаңа этнос пайда болды.
Әрбір этностың өзіндік тәртібі, ерекшелігі бар. Мұны біз олардың салттарынан, әдет-ғұрпынан, өзара қатынастарынан көруге болады. Атап айтсақ, үлкенді сыйлау, қанды кек алу және т.б. бірақ мұндай өзіндік ерекшеліктер дамуда. Тіпті өзгешеліктерге ұшырауы да мүмкін.
Тіл этникалық белгі қызметін әрқашанда атқара бермейді, мысалы ағылшын тілінде тек ағылшындар ғана емес, шотландықтар, ирландықтардың бір бөлігі, канадалықтардың едәуір бөлігі сөйлейді. Ал мексикандықтар, перуліктер, аргентиналықтар испан болмаса да испанша сөйлейді. Швейцарияны алып қарасақ, тарихи қалыптасқан тұрғын халықтары неміс, француз, итальян және т.б. тілдерде сөйлейді.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Этнос ұғымына тісініктеме беріңіз.
Этностың отаны деген тіркесті қалай түсінесіз?
Әрбір этносты ажырататын белгілерді атаңыз.
Таулы және дала ландшафты жерлердегі этностар туралы айтыңыз.
Тіл этникалық белгі дегенді қалай түсінесіз?
1-тапсырма: Мына сөздердің әрқайсысымен 3 сөз тіркесінен жасаңыз.
этнос- ................................................................................................................................................
бірлік-................................................................................................................................................
даму-..................................................................................................................................................
этника-...............................................................................................................................................
мәдениет-..........................................................................................................................................
2-тапсырма: Сөйлемдерді өз ойыңызбен толықтырыңыз.
............................................. этностың даму орны .........................................................................
.............................................этникалық байланыс зоналары..........................................................
............................................. күрделі этностар кезінде өмір сүру .................................................
.............................................. этностың өзіндік тәртібі...................................................................
..............................................тарихи қалыптасқан тұрғын халық..................................................
3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Өзін өзі білген ер бақытты,
Өзін өзі билеген ел бақытты.
Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
Халық қартаймайды,
Қара жер қартаймайды.
Халыққа қарсы жүру,
Ағысқа қарсы жүзу.
Негізгі әдебиеттер:
Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.
9-апта. АЙМАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
3-тақырып. Сүйікті ісіңіз. Қазақтың күй өнері.
Сабақтың мақсаты:
Үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды кез келген жағдайда орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сауатты сөйлеуге үйрету.
