Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-apta.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Бұқаралық ақпарат құралдары

  1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.

- Сәлеметсіз бе?

- Сәлеметсіз бе?

- Сәзде «Астана ақшамы» бар ма?

- Иә, бар. Бүгінгі нөмірі қызық. «Наурыз» мерекесі туралы біраз ақпарат бар. Наурыздың әрбір мерекелену дәстүрі әр түрлі. Біздің елде Наурыз көже пісіріледі. Оған жеті түрлі тағам салынады. Ал өзбек халқы Наурызда сиыр еті мен қой етін қосып, арпа салып тағам пісіреді екен.

– Қызық мәліметтер екен. Отбасыма оқып берейін. «Егемен Қазақстанда» қандай жаңалықтар бар?

  • Оны әлі оқыған жоқпын.

  • Маған «Егемен Қазақстан», «Ана тілі» газеттерін де беріңізші.

  • Міне, сіздің қалаған газеттеріңіз дайын.

  • Рақмет.

  • Сізге да рақмет. Сау болыңыз.

  1. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Диалогтің кейіпкерлері кім?

  2. Диалогтің мазмұны не туралы?

  3. Сіздің дүңгіршектерден газет алып оқисыз ба?

  4. Қандай басылымдарды күнделікті оқисыз?

  1. Диалогке тақырып қойыңыз.

  1. Микродиалогті толықтырыңыз. Мына сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.

Газет, ұнамайды, оқымаймын, оқимын, сатып алмаймын, интернеттен, «Қазақақпараттан» оқып тұрамын, ұнайды, спорт жаңалықтары.

  • Жаңалықтардың барлығын газеттерден оқып отырамын.

  • Мен ... ...

  • Неліктен?

  • ... ... оқып отырмын.

  • Ол жерде ақпараттар қысқа беріледі ғой. Маған ... ... ұнайды.

  • ... ... ұнамайды. ... барлық жаңалықтар беріледі.

  • Солай ма?

  • Жарайды, бүгін интернет газеттердің сайттарын тауып оқыимын.

  1. Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.

«Болашақ» бағдарламасы

«Болашақ» бағдарламасы – Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендия бойынша Қазақстанның дарынды жастарының шетелдік жоғары оқу орындарында сапалы білім алуы үшін жасалған бағдарлама. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 қарашадағы №1394 «Шетелдерде кадрлар дарярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» типендиясын белгілеу туралы» қаулысы негізінде жасалды. Бұл бағдарлама бойынша үміткерлерді таңдау мақсатында жыл сайын «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия» байқау өткізеді. Іріктеудің басты өлшемі үміткерлердің оқудағы нақты табыстары, ғылыми зерттеулері, шетел тілдерін білуі, оқу орны мен шетел сарапшыларының кепілдік хаттары , психологиялық тестің нәтижелеріүш конкурстық іріктеуден табысты өтуі болып табылады.

  1. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.

А. «шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия» жыл сайын қай уақытта байқау өткізіледі?

Ә. Іріктеудің басты өлшемі қандай?

В. «Болашақ» бағдарламасы не үшін жасалған бағдарлама?

  1. Мәтінге жоспар құрыңыз.

  1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып сөйлем құрастырыңыз.

Қажетті сөздер мен сөзқ тіркестері: жастар, кездесу, білімді, зерделі, зерек, жоспар, болашақ, күн тәртібінде, мәселе шешу, басты мақсат.

  1. «Болашақ бағдарламасы» мәтініндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз, сол сөздермен сөйлем құраңыз.

1993 жыл _____________________________________________________________________

5 қараша _____________________________________________________________________

№ 1394 _______________________________________________________________________

  1. «Болашақ бағдарламасы» мәтінінен негізгі ақпаратты беріп тұрған үш сөйлемді теріп жазыңыз.

  1. Әңгімелесуге және бір-біріне қоюға арналған сұрақтармен танысыңыз.

  1. Қазіргі жастардың білім алуға деген талаптары қандай?

  2. Жоғары білімді жас маманға қандай кеңес айтасыз?

  3. Елорданы білім мен ғылым қаласына айналдыру үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

  1. Өлең жолдарын оқып, онда айтылған адамдардың суреттерін интернеттен табыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]