- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.
- •2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3.Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Көшеде жол жүру ережесін үйренеміз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2.Диалогтегі монологке айналдырыңыз.
- •3.Диалогтегі жол қозғалысына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оқыңыз.
- •Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болп табылатын ақпараттарды белгілеңіз. Бағдаршамның шығу тарихы
- •Несиені қалай алуға болады?
- •Таулар, таулар
- •Таулар, таулар
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Өзіңізге жаңа олып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. «көк базардың» тарихынан
- •Қуат көзін үнемдейік!
- •Ғарыштан естілген қазақ тілі
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Тоқтар ағамен сұхбат
- •6. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Суды үнемдеу
- •«Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз»
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалаеып, төменде берілген микродиалогті жалғастырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалог бойынша срақтарға жауап беріңіз.
- •Апта. Кеңестік саралану және аймаққа жіктеу
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке тақырып қойыңыз.
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Халқымыз бар кемеңгер
- •Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Айтыс өнері ізденуді талап етеді
- •Сүйікті ісіңіз қандай?
- •1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Етістіктерге көңіл бөліңіз.
- •3. Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монологический текст.
- •Тойыңыз тойға ұлассын
- •Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...
- •Наурыз тойы
- •Мәтінді оқып, озіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырып
- •2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап берініздер.
- •Суретші әлемінде
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Қазыбектің алғаш көзге түсуі
- •Әр үйге шаттық орнайды
- •Қазақтың тұңғыш операсы
- •Үй салу оңай ма?
- •2.Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Қазақстанда еқыұ саммиті өткізіледі
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке ат қойыңыз. Сыртқы саясат
- •2. Сөздердің дұрыс баламасын сәйкестендіріңіз.
- •Тілдік этикет
- •1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кибернетика –басқару өнері
- •Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Әңгімелесуге арналаған сұрақтармен танысыңыз.
- •Астана – елімнің алтын ордасы
- •Астана – егемендік перзенті
- •13. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кибернетика –басқару өнері
Кибернетика – әр түрлі жүйелерді басқару және ақпаратты тарату туралы ғылым. Ол жүйелер әр түрлі болуы мүмкін: машина, қоғам, тірі организмдер т.б. «Кибернетика» терминін 1948 жылы Норберт Винер енгізген.
Кибернетиканың қазіргі бағыттарының бірі – «жасанды интеллект». Ол «интеллектуалды машиналар», соның ішінде интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар жасау туралы ғылым деп аталады. «жасанды интеллект» арқылы адамның интеллектуалды деп аталатын қызметтерін аппараттық немесе бағдарламалық модельдеу іске асырылады.
Бүгінгі түрлі электронды сандық (цифрлық) технологиялар негізінде жасалған тұрмыстық техника мен компьютерлер осы «жасанды интеллектінің» нәтижесі болып табылады.
Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
«Жасанды интеллектінің» қызметі қандай?
«Жасанды интеллектінің» нәтижелері қандай?
Кибернетика терминін кім енгізді?
«Жасанды интеллект» дегеніміз не?
Әңгімелесуге арналаған сұрақтармен танысыңыз.
Адамның табысты өмір сүруі неге байланысты деп ойлайсыз?
Мақсатқа жету үшін маңыздысы не: жігер ме, ақыл ма, қайрат пен еңбекқорлық па, талап пен қабілет пе?
Бақыт адамның еңбекте жеткен нәтижесіне байланысты ма?
Өзіңіз өмір және шығармашылық жолын оқып білген адамдар бақытты өмір сүрген деп айта аласыз ба?
Табыс пен бақыт неге байланысты деп ойлайсыз?
«Білімді мыңды жығар ... » дегенді қалай түсіндіресіз?
Компьютерсіз өмірді елестете аласыз ба?
Компьютердің пайдасы мен зияны қандай?
Астана – елімнің алтын ордасы
Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз. Прочтите диалог по ролям. Переведите.
Сәлеметсіз бе, ағай!
Сәлеметсің бе, қызым!
Ағай, сіз астаналықсыз ба?
Иә, айналайын, оны неге сұрадың?
Рұқсат етсеңіз, Астана қаласына байланысты бірнеше сұрақ қойсам деп едім?
Рұқсат, сұрай ғой.
Астана қаласының бұрынғы атаулары қандай болған?
1997 жылы дейін Ақмола деп аталды, оның алдында Целиноград болған.
Ақмола қаласы қай кезде Қазақстанның астанасы болып жарияланды?
1997 жылы 10 желтоқсаннын бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып жарияланды.
Ақмола қаласының атауы Астана қаласына қашан ауыстырылды?
1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.
Ал Астананың тұсаукесері қашан болды?
Астананың тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында болды.
Ағай, Астана қаласы мен Ақмола қаласын салыстыруға бола ма?
Мүлдем болмайды, айналайын, 12 жылдың ішінде үлкен өзгерістер болды. Қала жыл сайын емес, күн сайын гүлденіп, өсті. Сондықтан олардың арасы жер мен көктей деп айтуға болады.
Осы аз уақыт ішінде Астананы барлық әлем таныған шығар?
Дұрыс айтасың, Астана – тәуелсіздігіміздің символы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал басшылығымен еліміздің мәртебесі үстем болды. 1999 жылы елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына не болды.
Астаналық ретінде өмірге көзқарасыңыз қандай?
Ел аман, жұрт тыныш, айналайын. Осы күнге жетіп, бейбіт елде, әдемі, ару қала Астанада, тұрып жатқаныма сансыз шүкір айтамын! Астана – бір қазақтың мақтанышы!
Әңгімеңізге рақмет, ағай! Сау болыңыз!
Аман бол, айналайын!
Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Ответьте на вопросы по диалогу.
Астана қаласының бұрынғы атауларын атаңыз
Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана қаласына өзгертілді?
Астананың тұсаукесері қашан болды?
1999 жылдың шілде айында елордасыз қандай сыйлыққа ие болды?
Сұхбатқа ат қойыңыз. Дайте название диалогу.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз. Дополните диалог.
Асқар, сен Астана қаласында неше жылдаң бері тұрасың?
Он шақты жыл болды.
Онда сен қаланы жақсы білесің ғой?
Иә, жақсы білемін.
Ал мен жақында ғана келдім ғой. Көп жерін әлі білмеймін.
Жүр мен саған қаланы көрсетіп келейін.
Жақсы болар еді! Неден бастаймыз?
Біріншеден біліп ал, қала оң және сол жағалауға бөлінеді.
Неге?
Есіл өзенінің екі жағына орналасуына қарай, солай аталады.
Қазір біз қай жағалаудамыз?
Оң жағалаудамыз. Қаланы аралауды. Конгресс-холл, қалалық әкімдік, ауыл шаруашылығы министрлігінен бастаймыз. Олар бір-біріне жақын орналасқан.
Онда шығайық.
Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: Президенттің мәдениет орталығы, «Интерконтиненталь» қонақүйі, сауда орталықтары, Ислам орталығы, Ақорда, «Астана-Бәйтерек» монументі, ескерткіштер, «Астана триумфы» тұрғын үй кешені.
Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз. Прочтите диалог по ролям. Переведите.
Ата, Астанаға қашан барамыз?
Сенің демалысың болсын. Сол кезде барармыз.
Ата, Астана қандай қала?
Астана – Қазақстанның бас қаласы, Сарыарқа төріне салынған бар қазақтың мақтанышы, Елбасының ерлігі, балам, соны ұмытпа.
Ерлік дейсіз бе?
Иә, балам, он жылда жарқыраған қала салу әркімнің қолына келе бермейді.
Астананы білмейтін ел жоқ шығар?
Әрине, осы он екі жылдың ішінде Астана әлемге танылды және елімізді әлемге танытты.
Ата, Астана – тәуелсіздігіміздің символы десм, дұрыс па?
Дұрыс айтасың, Астана – Қазақстан дамуының, қол жеткен табыстарымыздың, абыройбеделіміздің, береке – бірлігіміздің жарқын көрінісі.
Бұрынғы астаналарды білесіз ғой, ата?
Иә, бірақ Астана Орынбордан да, Қызылордадан да, Алматыдан бөлек, өзгеше қала. Бұл қала – біздің азаттығымыздың белгісі.
Шіркін, тездетіп демалысқа шықсақ екен.
Бірақ, балам, тек «бес» деген бағаға оқитын бол.
Міндетті түрде, ата, менің арманым – мектеп бітірген соң Астанадағы Назарбаев университетіне оқұға түсу.
Айналайын, талабыңа нұр жаусын! Ойындағының бәрі орындалсын!
Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Ответьте на вопросы по диалогу.
Атасы мен немересі не жайында сөйлесті?
Атасы Астананы кімнің ерлігі деді?
Астана кімдердің мақтанышы?
Астана ненің белгісі?
Баланың арманы қандай?
Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монолог.
Мына суреттердің қайсысы диалог мазмұнына сай келеді? Какой из этих рисунков подходит по содержанию предыдущему диалогу?
Диалогті рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз. Прочтитет диалог по ролям. Переведите.
Құрметті астаналықтар мен Астана қонақтары, «Астана-Бәйтерек» мұнарасына қош келдіңіздер! «Астана-Бәйтерек» мұнарасының маңызы – ол қазақ халқының өмірінің жаңа кезеңінің символы сияқты, оны салу идеясы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтікі.
Апай, бұл «Бәйтерек» неден жасалған?
«Астана-Бәйтерек» монументі – металдан, шыныдан және бетоннан жасалған әдемі архитектуралық ғимарат.
Мына лифтімен көтерілеміз ғой?
Иә, келушілер панорамалық лифтімен жарық, кең залдарға көтеріліп, «құс ұшатын» биіктен Астанада болған және болып жатқан өзгерістерді көре алады.
Апай, «Астана-Бәйтеректіңй ұзындығы қанша болады?
Қазір, балақай, бәрін айтамын. «Астана-Бәйтеректің» ұзындығы 97 метр.
«Астана-Бәйтеректің» үстіндегі шар түнде жанып тұрады. Ал шар сияқты дегенің ол аңыздағы самұрық құстың жұмыртқасы.
Мынау жерге кімдер қол қойған?
Бұл – «Бата» композициясы. Бұл – Астанада жиналған он жеті әлемдік діни конфессия жетекшілерінің Қазақстан халқына және жеріне берген ақ батасы.
Ал мына қолдың ізін мен теледидардан көргенмін.
Бұл – «Аялы алақан» композициясы – Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің оң алақанының бедерлемесі. Оның алақанынан мемлекеттке ұқыпты және қасиет тұтатын қарым-қатынасын және осы елдің тұрғындарына деген тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылыққа деген ниеті көрінеді.
Ата, қараңыз, Ақорда «Бәйтерекке» жақын екен.
Ол – Елбасымыз отырған киелі шанырақ ғой.
Баратын жеріміз көп, ата. Неше күн боламыз Астанада?
1-2 күн болайық, сосын ауылға қайтамыз. Сенің ауызыңнан тастамайтын балықтарын бар еді ғой.
Иә, ата, ол «Думан» ойын-сауық орталығы ғой. Ертең сонда барайық. Балықтарды, акуланы көреміз. Суретке түсеміз. Ата, Астанада 10 күн болайықшы.
Не істейсің 10 күн бойы?
Осы жақтағы тауыстырға барамыз. Есілдің оң жағалуын да, сол жағалуын да асықпай аралаймыз...
Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Атасы мен немересі қайда келді?
«Астана-Бәйтерек» монументі недең жасалған екен?
«Астана-Бәйтеректің» ұзындығы қанша метр?
«Бата» композициясы нені білдіреді?
Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монолог.
Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып оқыңыз.
Оң жағалау, сол жағалау, көзқарас, суретке түсу, мақтаныш, жыл сайын, гүлдену, тұсаукесер, бас қала, ойын-сауық орталығы, киелі шанырақ, тату-тәтті, достық, жарасымдылық, қасиет тұту, ұқыпты, жетекшілер, ақ бата, самұрық, құс, ұзындық, өзгерістер.
