- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.
- •2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3.Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Көшеде жол жүру ережесін үйренеміз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2.Диалогтегі монологке айналдырыңыз.
- •3.Диалогтегі жол қозғалысына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оқыңыз.
- •Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болп табылатын ақпараттарды белгілеңіз. Бағдаршамның шығу тарихы
- •Несиені қалай алуға болады?
- •Таулар, таулар
- •Таулар, таулар
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Өзіңізге жаңа олып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. «көк базардың» тарихынан
- •Қуат көзін үнемдейік!
- •Ғарыштан естілген қазақ тілі
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Тоқтар ағамен сұхбат
- •6. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Суды үнемдеу
- •«Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз»
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалаеып, төменде берілген микродиалогті жалғастырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалог бойынша срақтарға жауап беріңіз.
- •Апта. Кеңестік саралану және аймаққа жіктеу
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке тақырып қойыңыз.
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Халқымыз бар кемеңгер
- •Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Айтыс өнері ізденуді талап етеді
- •Сүйікті ісіңіз қандай?
- •1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Етістіктерге көңіл бөліңіз.
- •3. Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монологический текст.
- •Тойыңыз тойға ұлассын
- •Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...
- •Наурыз тойы
- •Мәтінді оқып, озіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырып
- •2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап берініздер.
- •Суретші әлемінде
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Қазыбектің алғаш көзге түсуі
- •Әр үйге шаттық орнайды
- •Қазақтың тұңғыш операсы
- •Үй салу оңай ма?
- •2.Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Қазақстанда еқыұ саммиті өткізіледі
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке ат қойыңыз. Сыртқы саясат
- •2. Сөздердің дұрыс баламасын сәйкестендіріңіз.
- •Тілдік этикет
- •1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кибернетика –басқару өнері
- •Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Әңгімелесуге арналаған сұрақтармен танысыңыз.
- •Астана – елімнің алтын ордасы
- •Астана – егемендік перзенті
- •13. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
Қазыбектің алғаш көзге түсуі
Абылай хан заманында қалмақты қысқа күнде қырық шауып беттетпей қойыпты. Сонан тағы да басқа елді шабуға өзінің белгілі батырларын алып, жорыққа аттанып кетіпті. Бұлар осы жолы көп жүріп кешігіпті. Сонда арада жүретін өсекшілер қалмақтың Қонтажы деген ханына барып: «Абылай барған жорықта өліпті. Сен осы кезде қазақтан кегіңді алып қал!»-деп, қазақтың бір жағын келіп қалмақ шауып әкетіпті.
Осы сөзге елігіп, қазақтың бір жағын келіп қалмақ шауып әкетіпті. Абылай келсе, елдің бір жағы жетімжесір болып қалған екен.
Абылай бұл жолы:
Сен бар деп, ешқайсысының атыңды атамаймын. Намысқа шыдамағандарың өздерің айт!- депті.
Сонда Тайкелтір би мен Малайсары батыр:
Біз барамыз!- депті.
Ендеше жүз адам жолдас алып барыңдар!-депті.
Жарайды!- деп, бұлар дайындалып жатқанда, Қаракесек Келдібек би үйіне келіп әйелінен:
Қазыбек қайда?- деп сұрапты.
Онда әйелі:
Бағана тай үйретемін – деген жылқыда шығар, - депті.
Жылқының ішіне келсе, айтқанындай, жылқыда тай үйретіп жүр екен. Келдібек баласын шақырып алып:
Бала, атқа мініп, атақ алғың келе ме?- депті.
Сонда бала шу дегеннен:
Атаққа шапқанша, жақсының атын ерттеп, жатқа атымды солай шығарсам, болмай ма?- депті.
Жарайды, балам, анау тұрған бедеуді ұстап мінде, үйге жүр,- деп, ертіп алып келіп, киіз беріп:
Бар , балам, жолың болсын, алдыңнан, артыңнан күн тусын! Жортқанда, жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын! – деп батасын беріп, - жүріп бара жатқан топқа барып қосыл!- депті.
Келе жатса, қалмаққа баратын топты шығарып, өзі аңға шығып келе жатқан Абылайға қарсы келіп, жолығып, сәлем беріпті. Абылай:
Балам, қай ұлсың? – депті. Сонда Қазыбек:
Тай бәйгесін менсінбей, ат бәйгесіне қосылайын деп жүрген Қаракесек Келдібектің сәргелі тайы едім!- депті.
Сонда Абылай:
Бар, балам, жолың болсын, бақытың арта берсін, бетіңді бұрма! Анау бара жатқан топқа қосыл!-депті.
Қалмақтың еліне таянғаннан кейін, Тайкелтір ойланып:
Жүз кісімен қалың қалмақтың ортасына кіріп барғанда, не бітіреміз? Онан да бір-екі кісі барып, қалмақтың бетін біліп келсін! – депті.
Бұ да жарайды екен! – десіп, сөз білетін бір-екі жігітті жіберіпті.
Бұлар қалмақтың ханына келіп:
Қазақ болып жиналып, қол келе жатырмыз. «Қапы қалдым!» - демей, дайындалсын деп, сізге жібереді, - депті. Сонда хан өзінің бектерін шақырып айтыпты:
Алыстан қонақ келеді, шатырды тігіп, малды сойып, дайындалыңдар!- депті.
Бұлар ханның бетін білген соң, келіп, көпшілігіне айтады. Көпшілігі бөгелмей, ханның аулына келсе, айтқанындай, шатырды тігіп, еркекқойды үйтіп, тайды сойып, осындайын дайындықта екен. Бұларды қарсы алып күтіпті. Үш күн тынығып жатыпты. Төртінші күні хан келіп амандасып, бірге отырып, қалмақ енді бұлардан сұрапты:
Неге келдіңдер?- деп.
Сонда Тайкелтір айтыпты:
Өгізді өлеңге байладық, өрлікті төменге байладық. Ақ десең де, қара десең де, істің шешуін өзіңе байладық. Ендігісін өзің айт! – депті.
Сонда:
Бүрсігүнге дейін менен хабар болса болды, егер болмаса, бастарың аман, жандарың бейбітте елдеріңді табыңдар! – деп, орнынан түрегеліпті.
Сонда босағада отырған Қазыбек:
Тақсыр, хан, дат! – депті.
Хан:
Арызың болса, айт! – дегенде, бала былай депті:
Сен темір болсаң, мен көмірмін,
Еріткелі келгенмін.
Екі елдің арасын
Теліткелі келгенмін.
Сөз бермейтін шешенді
Кеміткелі келгенмін.
Тұтқыр сары желіммін
Жабысқалы келгенмін.
Жаңа үйректен жас тұлпар
Жарысқалы келгенмін.
Сен қабылан болсаң, мен – арыстан,
Алысқалы келгенмін.
Шалқақтамай сөз берсең,
Табысқалы келгенмін.
Шалқақтайтын болсаңыз,
Тұрысатын жеріңді айт,
Шабысқалы келгенмін! – депті.
Сонда хан:
Уа, жаным, сен қай ұлсың?-депті.
Қазыбек:
Тай бәйгесін менсінбей, ай бәгесіне қосылайын деп жүрген Қаракесек Келдібек бидің сіргелі тайы едім! – депті.
Хан:
Атың кім? – депті.
Атым Қазыбек!- дегенде:
Даусың қаздың даусы сияқты, сенің атың Қаз дауысты Қазыбек болсын! Сенің келген жолыңа қазақтан алғанды түгел 3 күннің ішінде көзін тауып берем! – депті.
Осылай бітімге келіп, барған жұмыстарын бітіріп қойыпты. Сол күннен бастап «Қаз дауысты Қазыбек» - атаныпты.
(Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары. 6 том.
Павлодар, 2005, 113-116 беттер)
Қазыбек бидің алғаш танылып, көзге түсуіне не себеп болды?
Қазыбектей баланың «Атаққа шапқанша жақсының атын ерттеп, жатқа атымда солай шығарсам» деген сөзінен болашақ бидің сқандай қасиеттерін көресіңдер?
«Сен темір болсаң, мен көмірмін, Еріткелі келгенмін» - деген сөзден Қазбек бидің қай қыры ашылады:
а) өз жұртының әскери күш-қуатын біледі;
ә) жас би үркіту, шошыту секілді психологиялық тәсілдерді меңгерген;
б) бұдан бидің тәуекелшіл, қайтпас, шегінбес мінезі көрінеді.
2-жаттығу. Тапсырмаларды орындаңдар.
Қазақ совет әдебиетінде екпіндей келген жастың бірі марқұм – Тайыр Жароков. Оны мен ең алғаш Орынборлық дәуірде қазақ педагогика институтында оқып жүрген шағында көргем. Ол кезде Тайыр сұлу кескенді, сымбатты, денелі жасөспірім де; институттың оқу үйі рабфак оқу үйінің қасында болатын. Бір мезгілдегі сабақ үзілісінде біз сапырылыса араласып кететінбіз. Қарсы жақта «ит бақшасы» аталатын алаң бар. Араласқан оқушылар соған кіреді де, біреу қалжың айтып, біреулер өлеңдетіп, біреулер ойын көрсетіп, енді біреулер өлеңдерін оқып... дегендей әр түрлі өнер жүйелері ортаға түсіп жатады. Сонда өлеңдері, әсіресе, өзінің өлеңдерін екпіндей оқып, көзге оғаш түсетіндердің бірі – Тайыр.
Мен онымен тез танысып, пікірлес болып алдым. Кейін қадірлеп «Такең» атап кеткен Тайыр қулық сөзге шебер еді, сонда оның бір айтатыны:
Менің өлеңдерімнің көркемдігінен кемшілік табылар, бірақ саяси қатені ешкім таба алмас.
Онысы, рас та. Әдебиет майданында қырық жылдай қлам сілтеп, мыңдаған жол өлең жазған Тайырдың бар шығармасында коммунистік идеяға шын беріліп, биікке өрлеу айқын көрініп тұратын.
Ол осы жолынан ешуақытта тайған жоқ. Қазақ совет поэзиясына оның түсірген олжасы орасаң.
(С.Мұқанов)
Мәтін стилін анықтаңдар.
С.Мұқанов Т.Жароков ақындығына қандай баға береді?
«Менің өлеңдерімнің көркемдігінен кемшілік табылар, бірақ саяси қатені ешкім таба алмас» осы сөйлемнің мәнін ашыңдар. Ақын нені мензеп тұр?
3-жаттығу. Мәнерлеп оқыңдар. Екі мәтінді оқуда айырмашылық бар ма?
Адамзаттың ақыл-ойының даму жолын айқындатын, көркемдік танымының бағыт-бағдарын белгілейтін, өткен өмірді қалпына келтіріп, бүгінгі өмірді таңбаға түсіріп, замандармен, халықтармен бірге ғұмыр көшетін тірі бейнелер кейіптеп, өз тарапынан жаңа бір әлем жасап шығаратын, халық рұхы – әбілхаят нарымен сусындап, фәниден озған, бақиға бата алған, ескірмейтін, өлмейтін мерейлі шығармалармен бұ дүниеде мәңгі жасайтын Жазушы болу – айрықша бақыт. Үш дүниенің сырын тоқыған, төрт тарабын түгел таныған Қазақ Жазушысы болу – он есе артық бақыт. Талабы таудай жан балам, көкірегіңде от болса, туған халқыңды жан-жүрегіңмен сүйсең, сенің де ірі жазушы, зор тұлға болып шығарың күмәнсіз. Ірі болмасаң да, ұлы болмасаң да, қадарынша қызмет жасасаң – мұратыңа жеткенің. Ол – сенің адамдығыңа байланысты.
Жазушының адамдық бейнесі – әділдік, адалдық, кісілік деген ұғымдардың жиынтық көрінісі. Қазақ жалпақ тілде «жақсы адам» дейді, «жақсы кісі» дейді. Жақсы адамның бәрі бірдей жазушы болмайды, бұл жалпылық өлшем, бірақ жақсы жазушының барлығы де жақсы кісі болған. Кісілігі кем жазарман ешқашан да тәуір жазушы дәрежесіне жетіп көрген емес. Өткені жазу – ең алдымен кісіліктің жемісі. Тетігін білмеген адам трактордың өзін жүргізе алмайды. Жақсылық пен жамандықтың тетігін айырмаған жан қалай тәуір жазбақ. Жаза алмайды, болмайды.
Қаламгердің азаматтық келбеті – яғни, отаншылдық, ұлтшылдық, қаншылдық – бұл да кісілікке жалғас, дарынмен бірге бітетін, өскен орта, алған тәрбие негізінде қалыпқа түсетін қасиет. Онсыз тағы да жазушы жоқ деп біліңіз. Әсіресе, біз сияқты отар ел жағдайында. Халқын сүймесе, ұлттық намыстан кенде болса – адамдық қасиеті де жоқ деген сөз, жазушылық қайда , дені түзу кісі есебіне қосу қиын. Қаламгер – аруақтың аманатын арқалаушы, халықтық рухтың жаршысы, яғни ұлттық сана – оның шығармашылық бітіміндегі ең игі негізгі көрсеткіші болуға тиіс.
Сонымен, жазушы қайдан шығады деген әуелгі сауалымызға қайтып оралдық. Бірінші шарт – дарын дедік, ал бұл дарынның туа бітетіні – талассыз ақиқат. Бірақ сол туа біткен қасиет жүзеге асуы үшін тағы қаншама жағдай керек екен. Соның ішінде адамның өзіне тікелей байланысты және ең мәнді, ең басты шарт – таудай талаптан серпін алған табанды еңбек.
Бойдағы дарын – тәңірінің сыйы еңбексіз келді. Өзгеше талай бақ қонды. Енді соны жетілдіру, жеріне жеткізу, кәдеге асыру – құт орнаған кісінің өзінің қолында. Дарын Көктен түсті. Жеміс емес, тұқым. Өнер, оның ішінде жазушылық – сол тұқымның мәуеге айналған көрінісі. Екі арада ауыр әрі қызғылықты, ақыр түбінде бір адам емес, бүкіл жұрт үшін, оларды ұлыс үшін игілікті еңбек тұр.
(М.Мағауңин «Мен», 1998)
Бақаны былай қойып, мына тұрған Түркия жазушыларының жағдайы бізден мүлде басқаша. Біразының атадан қалған завод-фабрикалары, банкілері бар. Әр түрлі кәсіпорын, дүкен ұстап отырғандары қаншама. Кітап жазу – олар үшін күнкөріс көзі емес, жай хобби, бойдағы талантын әйгілеудің тәсілі ғана... Тәңірім-ау, олармен салыстырғанда, біз күні кешеге дейін Совет өкіметі үлестірген ризықты талғажау еткен «интернаттың баласы» емеспіз бе? Әрине, жағдай тудырса, біздің жазушылар да өз еңбегімен күн көре алады. Бірақ біздің кітаптарымызды көп данамен басып шығарып, кітап саудасын қыздырып отырған кім бар? Қалтылдап әрең отырған баспалар төлеуге қауқарсыз болса, сонда жазушылар топырақ жей ме? Айта берсе, сөз көп, сұрақтан сұрақ туады. Айналып келгенде, аужал тұтар бір ғана тірек бар. Оның аты – бостандық. Құдайым сол бостандықты қолдан шығара көрмесін деп тілейік.
Жалпы, қай қоғамда да жазушы арқалайтын жүк жеңіл болмаған. Ал қазақ сияқты бодан елдің жазушысы болуды құдай енді басқа бермей-ақ қойсын! Мұнда не ұлтыңды, еліңді-жеріңді сатып, күнің үшін империяның сойылын соғуың керек. Не болмаса, «қиын қылса дулығалы бас кетер» деп, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптар секлді әділет жолында қасқайып тұрып қалуың керек. Екеуі де оңай емес, былай тартсаң бас кетеді, былай тартсаң ар-ұятың аяққа басылады. Қазақ зиялысы осының екеуін де бастан кешірді. Ерлер мен ездердің енші бөліскен жері де – осы тұс.
(Қ.Жұмаділов «Таңғажайып дүние», 1999)
Қаламгер жазушы болу бақытын қалай түсіндіреді?
Ал қазақ жазушысы болу бақытының артықшылығы неде?
Екінші мәтіндегі жазушыға, жазушы бақытына берілген баға қалай?
Жазушыға қажет қандай қасиеттерді айтады, оны қалай дәлелдейді?
Екі мәтіннің ерекшелігін ашыңдар.
Мәтіндер стилін анықтаңдар.
Екі мәтінді салыстырып Венн диаграммасын сызыңыздар.
Шығармашылық тапсырма
Мәтінге ат қойыңдар. Екі мәтінді салыстырып, Венн диаграммасын сызыңыз.
1-мәтін
ерекшелігі
Ұқсастығы 2-мәтін
ерекшелігі
Өздеріңнің «Қазақ әдебиеті» оқулықтарындағы тәуелсіз әдебиет өкілдерінің тақырыбы мен қазақ совет әдебиетінің шығармаларын талдап, шығарма жаз.
Негізгі әдебиеттер:
Б.Қапасова, Б.Әбдіжүсіпова, Ш.Жұмаділова Қазақ тілін жедел оқыту. Сөз мәдениеті.
Көшбасшының сөйлеу әдебіне қойылатын талаптар. –Астана, Арман-ПВ, 2007. -288 бет.
2. С.Иманқұлова, Н.Егізбаева, Ғ.Иманалиева, Ш.Рамазанова, Б.Омарова, К.Мұқадиева Қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. -192 бет.Шешендік сөз өнері. Астана, Арман-ПВ, 2007. 172-183 беттер.
12-апта. АЙМАҚТЫЛЫҚТЫҢ САЯСИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЫ
3-тақырып. Әр үйге шаттық орнайды. Қазақтың тұңғыш операсы.
Сабақтың мақсаты:
Үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды кез келген жағдайда орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сауатты сөйлеуге үйрету.
