Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

1.5 Топырақтың сулық қасиеттері және оларды анықтау

Топырақ қатты сұйык және газ тәрізді фазалардан тұратын күрделі жүйе. Ал өсімдіктер тіршілігінде су негізгі факторлардың бірі болып саналады. өсімдіктердің сумен және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі топырақтың сулық қасиеттеріне тікелей байланысты. Олардың бастыларына топырақтың су сыйымдылығы, су буландырғыштығы, су өткізгіштігі, су көтергіштігі немесе капиллярлылығы жатады. Топырақтың нашар су сыйымдылығында өсімдікке су жетіспейді, нашар су өткізгіштігіінде жауған жауын, көктемде еріген қар сулары жер беті мен топыраққа сіңбей ылдиға ағып кетеді немесе жер бетінде жиналып,буга айналады. Топырақ артық ылғалданса аэробтық микроағзалардың тіршілігі әлсірейді, тіпті жойылады, өсімдікке топырақтағы ауа жетіспейді де, оның өсуін, дамуын тежейді. Сонымен, судың аз немесе артық болуыда өсімдіктерге теріс әсерін тигізеді. Себебі: жоғары дәрежелі өсімдіктер керекті суды толығынан топырақтан алады.

Топырақта ылғал әр түрлі дәрежеде кездеседі: бір топырақтарда ол өсімдікке түсетін, ал кейбіреулерінде түспейтін жағдайларда болады. Топырақтағы судың формулары топыраққа түсетін судың (атмосфералық қалдыққтардың) мөлшеріне және топырақтың сулық қасиеттеріне байланысты өзгереді.

Топырақтағы сулар гравитациялық, капиллярлық, қабықтық тартылған, бу тәрізді және гигроскопиялық формаларда болады. Судың өсімдікке түсуі топырақтағы осы су формаларына байланысты.

Мысалы, гигроскопиялық және бу түріндегі ылғалды өсімдік тіпті ала алмайды, бұлар су қорын жасауға ғана көмектеседі.

Гравитациялық су өсімдікке түседі, бірақ топырақтың беткі қабаттарында аз уақыт (нөсер жауыннан кейін 2 сағаттай) болып, оның терең қабаттарына сіңеді де, капилляр түтікшелерін толтырады, яғни капиллярлық ылғалға ауысады. Топырақтың сулық қасиеттерін зерттегенде гигроскопиялық ылғалдың мөлшерін білу топырақтағы қос максимальді гигроскопиялық ылғалдың (МГ), яғни судың өлі қорын, өсімдіктің солу коеффициентін анықтауға көмектеседі. Топырақтың толық су сыйымдылығы сол топырақтағы өсімдікті суару санының көрсеткіші болады.

Су сыйымдылығы аз құм топырақтарда суару жиі, ал қарашірікті саз және сазды топырақтарда салыстырмалы түрде сирек жүргізіледі. Топырақтың далалық ылғалын анықтаудың да маңызы үлкен. Ол өсімдіктің вегетациялық (өсу) кезендеріне және әр жылдары ауа-райына байланысты толық ылғылдылықпен өлі қорға дейін өзгеріп отырады. Топырақтың ылғалдылығының өзгеруін фенологиялық бақылаулармен салыстыра отырып суару мерзімін белгілеуге және әртүрлі өсу фазаларында сумен қамтамасыз етудің оның өнімділігіне тигізетін әсерін білуге болады.

1.5.1 Тапсырма Топырақтың гигроскопиялық ылғалдығын анықтау

Әрбір топырақ гигроскопиялық, яғни бөлшектерінің беттерімен ауадағы бу түріндегі ылғалды адсорбциялайтын (тартатын) және берік ұстайтын болып келеді. Бұл су өсімдікке тіпті түспейді.

Құрғақ топырақтың бөлшектерінің атмосфера ауасынан су буын адсорбциялауы арқылы жиналған ылғалды гигроскопиялық дейді. Оның шамасы топырақтың гранулометриялық, химиялық құрамдарына, органикалық затына және ауаның салыстырмалы ылғалына байланысты болады. Топырақтың құрамы ұсақ (дисперстілігі күшті, коллоидтары көп), органикалық заты мол, ауаның салыстырмалы ылғалы жоғары болған сайын гигроскопиялық ылғалдық та жоғары болады. Гранулометриялық құрамы ірі болғандықтан, құмайт топырақтар суды аз адсорбциялайды, олардың гигроскопиялық ылғалдылығы абсолюттік құрғақ топырақ массасына есептегенде 0,5-1,5 проценттей, жеңіл сазды топырақтарда 1,5-3,0, орташа сазды топырақтарда 2,5-4,0 проценттей болады, ал құрамы ұсақ сазды топырақтарда ол 6-8 проценттен 18 процентке дейін жетеді. Ең жоғары адсорбциялық қасиет топырақтың органикалық затында болады. Органикалқ зат құмайт және сазды топырақтардың гигроскопиялық ылғалын көбейтеді. Шымтезекті топырақта ол 28 процентке жетеді. Ал сор топырақты сумен шайғаннан кейін максимальды гигроскопиялық су мөлшері күрт (2-3 есе) төмендейді.

Мысалы, сорланған сазды топырақта МГ 27% болғанда, шайдырғаннан кейін 14,4 процентке дейін кеміген (К.Ділінбетов, 1997).

Гигроскопиялық ылғалдың шамасын абсолютті құрғақ топырақтың массасына есептеп анықтайды. Абсолютті құрғақ массаға келтіру үшін өлшемі белгілі ауа-құрғақ топырақты кептіргіш шкафта 5-6 сағат бойы 105 0С температурада тұрақты массаға дейін құрғатады және буланған ылғалдың (гигроскопиялық ылғалдың) проценттік шамасын табады.

Жабдықтар мен заттар: саңылауы 1 мм елеуіштен өткізілген грануметриялық құрамы әртүрлі 2-3 ауа-құрғақ топырақтар үлгілері, жабылатын қақпағы бар шыны стаканшалар немесе алюминий бюкстер, аналитикалық таразылар, кептіргіш шкаф, түбіне кальций хлориді құйылған эксикатор, тигель қысқаштары.

Тапсырманы орындау

1) бюкстерді (шыны стаканшаларды) кептіргіш шкафта 105 0С температурада 3 сағат құрғатып, эксикаторда суытып өлшеу, массасын, номерлерін жазу;

2) құрғатылған бюкске 5-10 г (ауыр топырақтардан аз, жеңіл топырақтардан көбірек) ауа-құрғақ топырақ салып қақпағын жауып, аналитикалық таразыда өлшеу және бюкстің қақпағын ашып, кептіргіш шкафта 105 0С 5-6 сағат құрғату;

3) құрғатып біткеннен кейін бюксті қақпағын жауып, тигель қысқашпен эксикаторға 15-20 минут суытуға қою;

4) суытылған топырағы бар бюксті өлшеп қайтадан кептіргіш шкафта 2 сағат бойы бақылау құрғатуына қою;

5) топырағы бар бюксті суытып бақылау өлшеуін жүргізу. Егер 2-ші құрғатудан кейін масса өзгермесе немесе бұрынғы құрғатудан кейін айрмасы 1 мг-нан кем болса, құрғатуды аяқтайды. Егер масса айрмасы бұрынғымен салыстырғанда 1 мг-нан асса, құрғатуды айрмасы 1 мг-нан кемігенге дейін қайталай береді;

6) гигроскопиялық ылғалдың процентін төмендегі формуламен есептейді

Х=

а

b

 100,

(10)

мұндағы Х – құрғақ топырақтың массасына шаққандағы гигроскопиялық ығлал, %;

а – буланған судың массасы, г;

b – құрғақ топырақтың массасы, г.

7) гигроскопиялық коэффициентті (ГК) мына формуламен анықтайды

ГК=

100 + Х

100

,

(11)

мұндағы Х – гигроскопиялық ылғал, %.

Гигроскопиялық коэффициентті ауа-құрғақ топырақтың талдау нәтижелерін құрғақ топыраққа ауыстыру үшін қолданады. Бұл үшін ауа-құрғақ топырақтардың талдау нәтижелерін ГК-ге көбейтіп, абсолютті құрғақ массаға есептелген гигроскопиялық ылғалдың процентін шығарды. Табылған қорытындыны 1.5.1 кестеге жазады.

1.5.1 кесте – Топырақ гигроскопиялық ылғалдылығын есептеу

Бюкс номері

үлгі алу қабаты терендігі, см

Массасы, г

Гигроскопиялық ылғал, %

бюкстің

Топырағы бар бюкстің

Құрғақ топырақтың

Буланған судың

Құрғатқанға дейінгі

Құрғатқаннан кейінгі

1-өлшеу

2-өлшеу

3-өлшеу