Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

1.12.1 Тапсырма Дисульфофенол қышқылың қолдану арқылы нитраттарды анықтау

Бұл әдіс нитратты топырақтан дистилденген сумен немесе 0,05 проценттік H2SO4 ерітіндісімен топырақ: ертінде=1:5 есебімен бөліп, сығындыны буландырмай-ақ колориметрлеу арқылы анықтауға негізделген.

Жабдықтар мен заттар: техноаналитиқалық таразылар, резина ұшты шыны таяқшалар, күлсіз қатпарлы сүзгі, өлшемді пипеткалар, 25 және 50 мл бюреткалар, су моншасы, пробиркалар, топырақ үлгілері.

Реактивтер

1) 30 проценттік күйдіргіш натр ерітіндісі;

2) күкірт қышқылы H2SO4;

3) фенол;

4) 0,05 проценттік күкірт қышқылды калий ерітіндісі К2SO4;

5) азот қышқылы калий KNO3;

6) дистилденген су.

Тапсырманы орындау

1) саңылауы 1мм елеуіштен өткізілген ұнталған ауа-құрғақ (жаңа алынған және ылғалы көп болса, көлеңкеде кептірілген) топырақтан 20 г өлшеп алу, үстіне 1:2,5 есебімен дистилденген су құю (ісінгіш ауыр топыраққа 0,05 проценттік күкірт қышқылды калий ерітіндісін құю);

2) сығындыны қатпарлы сүзгіден өткізу;

3) 10 стандартты 10 мл сызықпен белгіленген пробиркаларға 1 мл-ден сүзінді құю;

4) әрбір пробирқаға бюреткадан 1 мл-ден дисульфофенол қышқылын қосу. Пробиркаларды айналдыра қозғап ерітінділерді абайлап араластыру;

5) барлық пробиркаларды су моншасы штативі ұяларына қою, 3 минут қайнатқаннан кейін штативті моншадан алу;

6) пробиркаларды суытқаннан кейін әрқайсысына бюреткадан 5 мл күйдіргіш натр ерітіндісін құю. Мұнан соң сары түске боялғанша сілтіні (NaOH) тамшылатып қосып шайқап отыру.

7) суыған қоспа ерітіндіге 10 мл белгіге дейін дистилденген су қосу, шайқау, нитраттарды электроколориметрде, ол жоқ болса, компараторда үлгі ерітінділердің шкаласы бойынша анықтау.

Үлгі ерітінділердің шкаласы

1) сыйымдылығы 100 мл 12 өлшемді қолбаларға нитраттардың үлгі ерітіндісінен (1 мл-де 0,02 мг N болатын) 4-тен 40 мл-ге дейін өсуші мөлшермен құяды;

2) колбалардағы сұйықты 0,05 проценттік калий сульфаты ерітіндісімен 100 мл белгіге дейін жеткізеді;

3) колориметрлеу үшін үлгі ерітінділердің жұмысшы шкаласын дайындауда 12 пробирқаға әр колбадан 1 мл-ден ерітінді құйып алады;

4) мұнан соң әр пробирқаға 1 мл-ден дисульфофенол қышқылын құйып, жақсы араластырады.

Әрі қарай зерттелейтін ерітінділерге қолданған әдістерді (5 пункіттен бастап) қолданады.

1.12.1 кесте – Үлгі ерітінділердің шкаласы (1мл сығынды 1000 г топырақтағы 1мг азотқа сәйкес келеді)

колбалардың, пробиркалардың N

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

100мл-лік қолбаға алынған үлгі ерітінді (мл)

4

6

8

10

12

14

16

18

20

25

30

40

Егер 1 кг топырақтағы нитраттық азот 40 мг-нан асса, онда сығындыны сұйылтып, анықтауды қайталайды. Ал аз мөлшердегі (1кг топыраққа 4 мг-нан кем) нитраттық азотты анықтау үшін диаметрі 12 мм-ден үлкен пробиркаларға 2-3 мл сығынды және тиісінше 2-3 мл дисульфофенол қышқылын құяды.

Зерттелуші сығындылардағы нитраттарды ФЭК арқылы анықтағанда, калибровкалық қисық құру керек. Дайындалған үлгі ерітінділерді ФЭК-те қарап, абсцисса осіне үлгі ерітінділердің концентрациясын (N мг/1кг топыраққа), ал ордината осіне олардың оптикалық тығыздық шамасын (ФЭК-тің оң барабанындағы санап шығару бойынша алынған) жазып, калибровкалық, қисық құрады.

Мұнан кейін ФЭК-те зерттелуші сығындының оптикалық тығыздық шамасын калибровкалық қисықтан санап шығару арқылы 1 кг топыраққа тиісті мг нитраттық азот мөлшерін анықтайды

Реактивтерді дайындау: 1) дисульфофенол қышқылы.75г таза кристалдық (жаңа айдалған) фенолды 500 мл концентрациялы (тығыздығы 1,84) күкірт қышқылымен абайлап араластырып, 1000-та 6 сағат кері тоңазытқышпен тығындалған колбада қайнаған моншада қыздырады. 2) нитраттың үлгі ерітіндісі, 0, 1444г қайта кристалданған, тұрақты массаға дейін (100-1050) құрғатылған химиялық таза KNO3-тi 0,05 – проценттік K2SO4 ерітіндісінде ұқыпты ерітіп, дистилденген сумен 1 литрге жеткізеді. Үлгі ерітіндінің 1 мл-де 0,02мг азот болады. KNO3 – ті қайта кристалдау. 100 г тұзды 80 мл ыссы дистилденген суда ерітіп қатпарлы сүзгімен сүзеді және салқындатады. KNO3 - тің тұнбаға түскен кристалдарын бастапқы ерітіндіден бюхнер воронкасында бөліп, сүзгі қағаз беттері арасында ауада құрғатады.