Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

2) Келесі форманы пайдалана отырып сұлы түрлерін сипаттау

Түр

Тағашығының бояуы

Төменгі гүл қауызының төбесі

Төменгі дәнінің түбі

Масақшадағы дәндердің ыдырау сипаты

Мұрттарының саны мен сипаты

2.4.10 Тапсырма Жүгерінің түрлері мен түр тармақтарын анықтау

Жабдықтар мен заттар: суреттер, муляждар және жүгерінің түр тармақтарының әртүрлі собықтары, скальпель.

Тапсырмаға түсініктеме. Жүгерінің тегі Zеа L жатады, ол табиғатта бір түрмен ғана таралған – Zea mays L. Осы түр 8 түр тармағына немесе топқа бөлінеді, оның ішінде көп таралғаны бесеу: тіс бейнелі, сарғыш, крахмалды, қатты және жарылатын.

Жүгеріні түр тармақтарына бөлудің негізінде мына белгілері жатады: дәннің қабыршақтығы (жалаңаш немесе қауызды), дәннің формасы, сыртының сипаты (дөңгелекше, сопақша, жоғарғы жағында шұңқыршасымен, тегіс және қатпарлы), эндоспермінің ұнды және мүйізді даму деңгейі. Эндоспермінің ұнды бөлігінің құрылымы босаң, ол ұсақ крахмал дәндерінен тұрады. Мүйізді эндоспермде крахмал дәндері тығыз орналасқан, олардың аралары протеинмен толтырылған. Ұнды эндосперм негізінен крахмалдан тұрады және біраз мөлшерде белок бар, мүйізді эндосперм белоктың жоғары мөлшерімен ерекшеленеді.

Жүгерінің крахмалды сорттарының дәнінен жоғары сапалы ұн, крахмал, сірке, май алынады, оны мал азығына кеңінен пайдаланады, сонымен қатар крахмал-сірке және спирт-арақ өндірісінде пайдаланады. Жарылатын жүгері сорттарын көбіне азық-түлік мақсатына пайдаланады, одан азық-түлік үлпегін, жарма дайындайды. Жүгерінің қантты сорттарын көбіне сол күйінде және консерві дайындауға пайдаланады. Тіс бейнелі жүгерінің сорттарын көбіне мал азықтық мағынасы бар, ал сарғыш жүгері - әмбебап (азық-түліктік, мал азықтық және техникалық).

Тапсырманы орындау

1) муляждар мен көрнекі құралдар арқылы жүгерінің негізгі түр тармақтарының белгілерімен танысу;

2) жүгерінің бар түр тармақтарының дәнінің сыртқы құрылымын байқау;

3) әртүрлі түр тармақтарының 1-2 дәнін скальпельмен кесіп, дәннің ішкі құрылымын байқап, суретін салу;

4) жүгерінің басты түр тармақтарын олардың ерекше белгілері бойынша сипаттау.

Жүгерінің түр тармақтарын анықтау үшін мына кілтті пайдалануға болады (Н.А.Майсурян бойынша).

Жүгерінің түр тармақтарын анықтауға арналған кілт

1) піскен собықта масақша қауыздары күшті дамыған, дән оларға толық оралып тұр......................................қабықты жүгері (Zea mays tunicata St. Hil).

0) піскен собықта масақша қауыздары нашар дамыған, дәнді оның төменгі түбінде ғана орап тұрады................................

2.

2) дәні тегіс..............................................................................

3.

0) дәні қатпарлы, мейлінше мөлдір мүйізденген эндосперммен толыққан..........................................қантты жүгері (Zea mays saccharata Korn).

3) дәні жақсы дамыған ұнды эндосперммен, ол бүкіл дәнді немесе ортасын, төбесімен қоса толтырады........................

4.

0) дәні жақсы дамыған мүйізденген эндосперммен толыққан............................................................................................

5.

4) мүйізденген эндосперм жоққа тән.....................крахмалды жүгері (Zea mays amylacca Stust).

0) мүйізденген эндоспермі дамыған, біраз дәннің бүйірі ғана толыққан.................................................................тіс бейнелі жүгері.

5) ұнды эндоспермі жоққа тән немесе өте аз, тек ұрықта ғана...............................жарылатын жүгері (Zea mays everta Stust).

0) ұнды эндоспермі жақсы дамыған, бірақ дәннің арнасын ғана толықтырған............сарғыш жүгері (Zea mays indurate Stust).

Барлық тіркеуді мына форма бойынша істеу керек

Белгілері

Тармақ түрлері

сарғыш

тіс бейнелі

крахмальды

жарылатын

қантты

Дәні:

үлкендігі

формасы

төбесі

сырты

мүйізді эндосперм

ұнды эндосперм

Шаруашылыққа пайдалануы

Дәннің құрылымының суреті