Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

2 Өсімдік шаруашылығы

2.1 Тұқымтану негіздері

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатындығы ежелден белгілі ақиқат, жоғары сапалы тұқым басқа агротехникалық шаралармен қатар, өсімдік шаруашылығын интенсивтендірудің негізгі факторлардың бірі. Сонымен қатар дақылдар өсірудің аймақтық интенсивті технологиясы да тұқым сапасына маңызды орын береді, өйткені ауылшаруашылық дақылдарының аудандастырылған жақсы сорттарының жоғары кондициялы тұқымынсыз агротехникалық кешеннің барлық басқа буындарының тиімділігі күрт төмендеп кетеді.

2.1.1 Тұқымның қалыптасуы, толысуы, пісуі

Гүлдену уақытынан өсімдіктердің жыныстық даму кезеңі басталады, бұл кезде тозаңдану мен ұрықтану өрбиді, мұның өзі көп жағдайда тұқым сапасын анықтайды.

Н.Н.Кулешовтың (1963) айтуына қарағанда дәнді дақылдар тұқымдарының бүкіл пайда болу мен даму процесін үш кезеңге біріктіруге болады: қалыптасу, толысу және пісіп жетілу. Кезеңдер даму фазаларына және балауызданып пісуден бастап дәннің пісу дәуіріне бөлінеді ( кесте).

2.1.1 кесте – Дәнді дақылдар дамуында әртүрлі кезеңдеріндегі тұқым ылғалдылығы

Тұқымның пайда болу кезеңі

Даму фазасы

Пісу дәуірі

Тұқым ылғалдылығы, %

Қалыптасу

қоймалжың- сұйық күйі сүттену алдындағы күйі

-

80-65

Толысуы (дәнденуі)

сүттене пісуі

-

65-50

қамырлана пісуі

-

50-40

Пісіп жетілуі

балауызданып пісуі

басы

40-35

ортасы

35-25

соңы

25-20

толық пісуі

басы

20-18

толық

17 және төмен

Тұқымның қалыптасуы ұрықтанғаннан кейін басталады да тұқым ұзындығы әбден белгіленгенге дейін созылады. Бұл кезеңнің ұзақтығы ауа райына, дақылдарға, сорттарға байланысты шамамен 10-14 күнге созылады.

Тұқым ылғалдылығы қалыптасуының бас кезінде 80% шамасында, ал соңына қарай 65% дейін төмендейді. Эндосперм күйіне сәйкес бұл кезеңді екі фазаға бөлуге болады: қоймалжың-сұйық және сүттену алдындағы күйлері.

Тұқымның (дәннің) толысуы қоректік заттардың қарқынды түрде жинақталуымен сипатталады. Тұқым бұл кезеңде негізінен көлденеңіне барынша ұлғайып өседі, эндосперм ткандары толығымен құралады. Құрғақ заттардың молаюына байланысты тұқым ылғалдылығы 40%-ке дейін төмендейді. Бұл кезеңнің ұзақтығы 20 күндей, бірақ ауа райы құрғақ әрі ыстық болғанда 25-30 күнге дейін созылады. Бұл кезеңді екі фазаға ажыратуға болады: сүттене пісу- дәннің консистенциясы сүт тәрізді ақ масса, қабығы жасыл түсті, қамырлана пісу- эндосперм қамыр түстес күйге ие болады, дән қабығы сарғыштала бастайды, өйткені хлорофилл жоғалады (ол тек қана дән тілігінде сақталады). Өсімдік сарғая бастайды, жасыл түс жоғарғы жапырақтар мен масақша қабыршағында ғана сақталады.

Тұқым дамуының үшінші кезеңі – пісіп жетілуі – дәннің толысуы аяқталғанша созылады. Бұл кезеңде пластикалық заттардың жүруі әлі тоқтамайды (10-15%), бірақ оның интенсивтілігі төмендейді және балауызданып пісудің ортасына қарай толық тоқтайды. Тұқым ылғалдылығы бұл кезеңде 40-20 %-ке дейін төмендейді. Пісу кезеңінің ұзақтығы метеорологиялық жағдайларға байланысты 6-12 күнге созылады.

Пісіп-жетілу екі фазаға бөлінеді: балауыздануы және толық пісуі. Балауызданып пісудің бас кезінде дән жасыл түсін мүлде жоғалтады, іріленіп жылтырланады, тырнақпен жеңіл кесіледі. Бұл дәуірде негізінен қоректік заттардың келуі аяқталады (95-98% толық пісуден).

Балауызданып пісудің соңында дән тырнақпен кесілмейді, бірақ оның ізі қалады. Ылғалдылығы 25-20% төмендейді де көлемі мен түсі толық пісу кезіндегі сияқты болады. Тұқымдық учаскелерді дестеге осы кезеңде түсірген дұрыс.

Толық пісу кезеңі екіге бөлінеді: толық пісудің басы және толық пісу. Толық пісудің бас кезінде тұқым қатты, тырнақпен із де салынбайды, ылғалдылығы 20-18%. Бұл дәуірде егінді комбайнмен тура орып жинау ұсынылады. Толық пісу кезіндегі ылғалдылық 17-16%. Тұқым жеңіл, аздаған шығынмен үгітіледі, құрғақ сапалы.

Сонымен, тұқым және ұрық түзу процесі әртүрлі дақылдарда бәріне ортақ биологиялық заңдылықтарды өтеді.

Ауа райы ыстық және құрғақ, топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда тұқымға түсетін пластикалық заттар азаяды “демікпе” және “ыстық ұруы” кезінде мүлде тоқтайды, осылардың нәтижесінде егін өнімі мен сапасы нашарлайды. Мұндай жәйт Солтүстік Қазақстан жағдайында толысу-пісу кезеңінде құрғақшылық ұзаққа созылғанда дүркін-дүркін байқалып тұрады.

Салқын әрі жаңбырлы ауа райы тұқымның толысуы мен пісуін ұзартады, дәннің химиялық құрамы өзгереді, өйткені кейбір заттар өзінің түпкі күйіне айналып үлгермейді. Төменгі температурада және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында тұқымда белоктың мөлшері азаяды.