Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

2.4 Өсімдіктау негіздері

Дәнді дақылдар. Бұлар далалық астық тұқымдастар ішінде ерекше мәдени өсімдіктер тобын құрайды. Бұл топқа сегіз өсімдіктер тегі кіреді, олардың әрқайсысы бірнеше түрге, түршеге және сортқа бөлінеді.

Бірақта астық тұқымдастардың (бидай, қара бидай, арпа, сұлы, тары, жүгері, құмай және күріш) аталған (тегі, түрі, түрше және сорт) ерекшеліктеріне қарамай құрылымымен өсіп-даму кезеңдерінде жалпы ұқсастықтар көп кездеседі. Сондықтан бұларды жақын білуді олардың әрқайсысының тегі мен түрінің ерекшеліктеріне қарай тану керек.

2.4.1 Тапсырма Астық тұқымдастарды дәні бойынша анықтау (дәннің ерекше сипатты белгілерімен танысу).

Жабдықтар мен заттар: Әртүрлі астық тұқымдастардың дәндері, тегіс жылтыр тақтайша, шпатель, пинцет, үлкейткіш шыны.

Тапсырмаға түсініктеме. Астық тұқымдастардың жемісі – жалқы тұқымды дән. Әртүрлі астық тұқымдастардың дәндері өзара мына белгілерімен ерекшеленеді: құрсақ жағында сызықшаның болуы немесе болмауы, қауызымен, түрімен, мөлшері және бояуымен, дәнінің төбесінде айдарының болуы-болмауымен, дәннің сыртының сипатымен және басқа белгілерімен. Жалаңаш дәнді астық тұқымдастарды (бидай, қара бидай және жалаңаш дәнді сұлы, арпа, құмай) бастырғанда масақтық және гүлдік қабыршақтары дәнінен жеңіл ажырайды. Қауызды астық тұқымдастарды бастырғанда дәндері гүлдік қабыршақтарымен жабулы қалады (тары, күріш, сұлының көп сорттары, арпа, құмай).

Астық тұқымдастардың дәні негізгі үш бөліктен тұрады: ұрықтан, эндоспермнен және қабықтан. Дәннің ұрығы орналасқан жағын төменгі жағы, ал кері жағын жоғары жағы дейді. Бидайдың, арпаның, сұлының жоғарғы жағында кішкентай түктен шамалы айдары бар. Дәннің ойықша сызығы бар жағын құрсақ жағы, ал кері жағын арқасы дейді. Бірінші топтағы астық тұқымдастардың (бидай, қара бидай, арпа, сұлы) дәндері ойықша сызығымен, ал екінші топтағыларда (жүгері, тары, құмай) ол жоқ.

Дәннің сырты тегіс немесе қатпарлы мөлшері дөңгелекшеден ұзыншаға дейін болуы мүмкін. Қабыршақты астық тұқымдастардың дәндерін анықтағанда оны жауып тұратын гүл қабыршағының сырты мен бояуына көңіл аудару керек.

Тапсырманы орындау

  1. араластырылған тұқым қорларын тегіне қарай топтастыру;

2) бір текке жататын тұқымдардың сыртқы пішіндерімен танысу;

3) дәнді сипаттау. Мысалы, дән жалаңаш, түксіз, дәннің үстіңгі жағында шашақша бар, өзі сопақша, түпкі жағы жіңішкерген және сүйір, терең сызықшасы бар, дәннің сырты ұсақ әжімді, түрі жасылтым (немесе сарғыш, қоңыр, әртүрлі) – қара бидай.

Дәннің ана не мына астық тұқымдастар тегіне жататынын анықтау үшін және оны сипаттау үшін мына төменде келтірілген кілтті пайдалануға болады (Н.А. Майсурян бойынша).

Астық тұқымдастардың дәнін анықтау үшін пайдаланылатын кілт

1) ішкі жағында ұзынша сызықшасы бар дән (бірінші топтағы астық тұқымдастар)...........................................................

2.

0) ішкі жағында ұзынша сызықшасы бар дән (екінші топтағы астық тұқымдастар)...........................................................

8.

2) жалаңаш дән......................................................................

3.

0) қауызды дән......................................................................

6.

3) дәннің сырты ұзын, жіңішке, жабысқан және тез сүртіліп қалатын түкпен жабылған .................................жалаңаш дәнді сұлы.

0) дән түкпен жабылмаған немесе төбесінде ғана шашақшасы бар...............................................................................

4.

4) дәннің төбесінде шашақшасы бар....................................

5.

0) дәннің төбесінде шашақшасы жоқ .......жалаңаш дәнді арпа.

5) дән ұзынша, түбіне қарай жіңішкерген және сүйірше, терең сызықшасы бар, сырты ұзақ әжімді, әдетте жасылтым, сирек сарғыш, қоңыр.......................................................................қара бидай.

0) дән біраз толықсыған, түбіне қарай жіңішкермеген, жалпақ сызықшасы бар, сырты жылтыр, ақ, сарғыш немесе қызғылт...бидай.

6) қауызы дәнге жабысқан, дәні сопақша, ұзынша, ішкі жағынан жеңіл қабысқан................................................қауызды арпа.

0) қауызы дәнге жабыспаған (жеңіл алынады)...................

7

7) дәні қауызды, ұзынша, түбіне қарай жалпақ және жоғары жағы жіңішке (ұршықша түрлі). Сыртындағы қауызы жылтыр ..........................................................................................қауызды сұлы.

0) әдетте дәні бүтін масақшада (гүлдік және масақшалық қауызымен). Қауызы айқын қырларымен және үстіндегі өткір қырымен ................................................................... қос дәнекті бидай.

8) дәні жалаңаш.....................................................................

9

0) дәні қауызды......................................................................

10

9) дәні ірі (ұзындығы 6 мм аса), дөңгелекше немесе айқын қырлы, кейде жоғарғы жағы үшкір ......................................................... жүгері.

0) дәні ұсақ (ұзындығы 6 мм кем) дөңгелекше, шар тәріздес................................................................жалаңаш дәнді құмай.

10) дәні ұзынша, сопақ (ұзындығы 6 мм аса). Сыртқы қауызы ұзынша, қырлы.............................................................................. күріш.

0) дәні дөңгелекше немесе шамалы ұзынша және төменгі ұшында үшкірлеу, ұзындығы 6 мм кем. Сыртқы қауызы жылтыр..............................................................................................

11

11) дәнінің ұзындығы 4-6 мм шамасында. Қауызы тығыз, тері іспеттес, жылтыр .........................................................қауызды құмай.

0) дәнінің ұзындығы 4 мм. аз. Қауызы нәзік, жылтырау немесе ұсақ дәнді түрлерінде күңгірттеу ...........................................................тары.

Тапсырма 2.4.2 Астық тұқымдастарды ұрық тамыршасы бойынша анықтау

Жабдықтар мен заттар: астық тұқымдастардың дәнінің өскіндері, пинцет, үлкейткіш шыны.

Тапсырмаға түсініктеме. Дән өне бастағанда ең бірінші өсетін алғашқы тамырлары немесе ұрық тамырлары, олар іле тармақтана бастайды, сосын қосымша тамырлар пайда болады. Әр астық тұқымдастарда ұрық тамыршасының саны біркелкі емес. Бірінші топтағы астық тұқымдастарда (бидай, қара бидай, арпа, сұлы) 3-8 ұрық тамыршасы бар. Екінші топтағы астық тұқымдастарда (жүгері, күріш, тары, құмай) жалғаз ұрық тамыршасы бар. Бұлардан соң колеоптиленің астындағы жапырақ түйіншегі бар сабақшалар өсе бастайды. Дәннің қабығын жыртып, сабақша сыртқа шығады да жоғары қарай өсе бастап, жердің бетіне шығуға тырысады. Жалаңаш дәнді астық тұқымдастардың сабақшасы ұрықтан тамыры шыққан жақтан шығады, ал қауызды астық тұқымдастарда ол дәнді жауып тұрған қабыршақтың астымен өтіп, қарама-қарсы жақтан шығады да жоғары қарай өседі.

Тапсырманы орындау

1) өскінді алып, ұрық тамыршасын санап, өсімдікті анықтау керек;

2) әр өсімдіктің өскіндерін сипаттап суретін салу керек.

Астық тұқымдастардың ұрық тамыршасының саны

Бірінші топтағы астық тұқымдастар

Екінші топтағы астық тұқымдастар

бидай

қара бидай

сұлы

арпа

тары

күріш

құмай

жаздық

күздік

5

3

4

3

5-8

1

1

1