Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Қызыл қоңыр топырақтың монолитін сипаттау

А қабаты – сұрғұлттау қызыл қоңыр түсті, структурасы кесекшелі- шаңды, жоғарғы жағы қатпарлы, шөптердің тамырлары көп, келесі қабатқа түсі бойынша бір қалыпты өтеді, қалыңдығы 0-25см.

В1 қабаты-сұрғұлттау қызғыш-қоңыр түсті, төмен қарай бояуы азаяды. Структурасы кесекшелі, ол төмен қарай азайып, нашар призмалы түрге ауысады. Құрылымы сызықты-жарықты, структуралық бөлшектерінің бетінде гумустың аққан іздері бар, қалыңдығы 25-тең 45 см-ге дейін.

Вk (В қабаттың карбонатты қабатшасы) – ақкөзше тәрізді карбонатты жаңа түзінділері көп, құла қоңыр саздық топырақтан тұратын, қалыңдығы 45-тен 60 см- ге дейінгі қабат.

С қабаты – тік жарықты, жақсы призма структуралы қоңыр түсті саздақ қабат.

Бұл сипатталған қызыл қоңыр топырақ деп анықталады.

Сұр қоңыр топырақ кесіндісінде Ақ (көбік пішінді қабық), А1 (гумусты), В (аралық өтпелі) және С (топырақ түзуші) қабаттар болады.

Сұр қоңыр топырақтың монолитін сипаттау.

Ао қабаты – қатпарланғандау қуысты қабық, келесі қабаттан анық бөлінеді, қалындығы 2 см..

А1 қабаты – солғын сұр түсті, нашар кесекше структуралы, шөп өсімдіктерінің тамырлары сирек, келесі қабатқа өтуі бір қалыпты, қалыңдығы 2 –ден 10см –ге дейін.

В қабаты – қызғыш қоңыр түсті, тығыз, призмалы, тоң кесекті структуралы, сирек белгісіздеу дақты ақкөзшілері бар, қалыңдығы 10-нан 27 см-ге дейін.

С қабаты – қоңыр құла түсті, ұсақ түйіршікті бос топырақ (лёсс).

Сортаң топырақтар - А (гумусты аздап шайылған), В1 (сортаң), В2 (карбонаттық, гипстік, жаңа түзінділердің жиналған қабаты, көбінесе анық көріне бермейді), С (топырақ түзуші қабат).

В қабатының орналасу тереңдігіне байланысты қабықты (3-7см), орташа бағаналы (15 см шамасында ) және терең бағаналы (20-30см) сортаң топырақтар болып бөлінеді.

Сортаң топырақтардың кесіндісінің сипаттамасы.

А1 - өте бос, жапырақ структуралы, төменгі қабатқа күрт өтетін қабат. Қалыңдығы 0-ден 10 см-ге дейін.

В1 - күңгірт қызыл-қоңыр түсті, бағаналы структурасының беті жұқа жылтыр қабықпен жабылған құрылымы өте тығыз, анық тік жарықты, төменгі қабатқа бірте-бірте ауысатын, қалыңдығы 10-нан 26 см-ге дейінгі қабат.

В2 - қоңыр-қызғыш түсті, нашар кесекше структуралы тығыз құрылымды, келесі қабатқа бірте-бірте өтетін, өтуі қиын байқалатын, қалыңдығы 26-дан 45 см –ге дейінгі қабат.

С - қызғыш қоңыр түсті, делювиальды саздақтан тұратын структурасыз қабат.

Бұл топырақ қабықты сортаң топырақ деп анықталады.

Сор топырақтар қабықты (топырақ беті қатты тұз қабықпен жабылған), босаң (топырақ беті бос тұз қабатымен жабылған) және ылғалды сор топырақтар болып бөлінеді.

Сор топырақтың монолитін сипаттау. А1 қабаты –ақшыл сұр түсті, құрылымы бос, қатпарлы, қалыңдығы 0-8см – ге дейін. А (тұз үгіндісі қабаты) лас сары түсті, структурасыз, құрылымы тығыз, суда ерігіш тұздардың (хлоридтердің сульфаттардың) ақшыл үгіндісінен тұрады. Қалыңдығы 8-ден 50 см-ге дейін.

Аг - гипс жиналған қабат, сипаты А қабатындай, бірақ гипстің ұсақ конкрециялары болады, қалыңдығы 50-ден 80 см-ге дейін.

С қабаты - тығыз, структурасыз сазды жыныс.