Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

1.13.6 Тапсырма Калий мен натрий иондарын анықтау

Жабдықтар мен заттар: сулық сығынды, жалынды фотометр, КСІ немесе NaСl, сыйымдылығы 100 мл өлшемді колбалар, сыйымдылығы 250, 500, 1000 мл колбалар, технохимиялық таразылар (гирлерімен), 1 мм елеуіштен өткізілген топырақ үлгілері, ротатор, фарфор табақшалар, шыны таяқшалар, муфель пеші, су моншасы, асбест прокладкалы саңылаулы фарфор тигель.

Реактивтер

1) калийдің немесе натрийдің эталондық ерітіндісі;

2) эталондық жұмысшы ерітінділердің сериясы (1.12.5 тапсырманың 2-п. қара) Сулық сығындыда калий және натрий иондарының мөлшері 100 г топыраққа есептегенде 1 мг-нан кем болмаса, онда олар жалынды фотометрде анықталады.

Егер олардың мөлшері сулық сығындыда көп болса, онда дистилденген сумен концентрациясын 10-100 мл/л-ге дейін сұйылтады. Боялған сығындылар да сумен максимальды сұйылтуды қажет етеді. Талданатын ерітіндіде калий мен натрийді анықтауға кедердегі болатын кальций ионы болса, оны компенсациялау немесе ерітіндіден шығару керек.

Тапсырманы орындау

1) пипеткамен сулық сығындыдан (қажет болса сұйытылған) 5-10 мл алып, сыйымдылығы 100мл колбаға (стаканға) құю;

2) жалынды фотометрді жұмысшы жағдайға келтіру және алдын-ала дайындаған эталондық ерітінділер серияларын фотометрлеу;

3) орташа арифметикалық шамасын алу үшін сулық сығынды үлгісін үш қайтара фотометрлеу, калибровқалық қисық құру;

4) сұлық сығындыдағы К+ -дің (Na+ -дің) проценттік мөлшерін анықтау

Х =

а

1000  2

, (42)

мұндағы а – калибровқалық қисықта табылған К (Na) концентрациясы, мг/л;

1000 – миллиграмды грамға ауыстыру коэффициенті;

2 – 100 г топыраққа есептеу коэффициентті.

5) К (Na) иондарының шамасын миллимольмен формула бойынша есептеу

Х =

Х 1000

М

, (43)

мұндағы Х – К+ (Na+) иондарының сулық сығындыдағы мөлшері, %;

М - К+ (39,1) ионының немесе Na+ (23) ионының салыстырмалы молекулалық массасы.

1.13.7 Тапсырма Кальцийді және магнийді анықтау

Жабдықтар мен заттар: сулық сығынды, дистилденген су, сыйымдылығы 100 мл конус колбалар (химиялық стакандар).

Тапсырманы орындау

1) пипеткамен 5-15 мл сулық сығындыны тұнбаның мөлшеріне карай колбаға немесе сыйымдылығы 100 мл химиялық стаканға құю және дистилденген сумен 3-5 есе сұйылту;

2) Са2+ ионды комплексометриялық әдіспен анықтау (1.12.7 тапсырманы қара);

3) Са2+ және Mg2+ иондарының жиынтығын анықтау;

4) Mg2+ ионының мөлшерін (айырмасы бойынша) есептеу;

5) сулық сығындының барлық талдау қорытындыларын 1.13.1 кестеге жазу.

1.13.1 кесте – Сулық сығындыны талдаудың нәтижелері

Үлгі алу қабаты және тереңдігі, см

Құрғақ қалдық

Күйген қалдық

сілтілігі

Аниондар

катиондар

HCO3

CO23

CO23

HCO3

Cl-

SO2-4

жиынтығы

Ca2+

Mg2+

жиынтығы

гипстің SO2-4-

Құрғақ топыраққа %-пен

ммоль / %

(алымы-ммоль, бөлемі,%)

Топырақтағы жеңіл және орташа еритін химиялық қосындыларды сапалық анықтау.

Топырақтағы жеңіл және орташа еритін қосындылардың оның физика-химиялық қасиеттерін жасауда үлкен ролі бар. Топырақтың беткі қабатында жеңіл еритін тұздардың 0,2 проценттерін артық болуы оның сорлана бастағанан көрсетеді. Ал 1 проценттен асса топырақ сорланады. Мұндай топырақтар арнайы мелиоративтік шаралар жүргізілмесе, пайдалануға келмейді. Жеңіл және орташа еритін тұздардың топырақ құнарына әсері әртүрлі. Өсімдіктерге аса зиянды тұздар сода (Na2CO3), хлоридтер NaCl, әсіресе MgCl2 және CaCl2, натрийдің сульфаты (Na2SO4), - бұлар жеңіл еритін қосындылар. Топырақ құнарын арттыратын жеңіл еритін тұздарға нитраттар жатады. Өсімдіктерге зиянсыз орташа еритін қосындылар кальцийдің және магнийдің карбонаттары, кальций сульфаты (СаSO4). Өсімдікке темірдің гидроксидтері зиянсыз, ал темір (ІІ) оксиді зиянды болып кетеді.

Топырақтағы карбонаттарды сапалық анықтау

Топырақ үлгісін фарфор табақшаға салып, үстіне тамшылатқышпен 10 проценттік тұз қышқылынан бірнеше тамшы тамызады. Карбонат (көмір қышқылды кальцийдің тұздары) қышқылмен бұзылып реакция төмендегіше жүреді:

СаСО3+2НСІ=СаСІ2+СО2+Н2О

Реакция әсерінен көмір қышқыл газы көбіктеніп бөлінеді – топырақ қайнайды. Көмір қышқыл газы көпіршіктерінің бөлінуі тоқтағанға дейін қышқылды тамыза береді. Көмір қышқыл газының бөлінуінің күштілігіне және жұмсалған тұз қышқылының мөлшерін байкайды.

Топырақтың сулық сығындысын сапалық талдау (жеңіл еритін қосындыларды анықтау)

Топырақтың орташа үлгісін фарфор келіде ұқыпты майдалайды. Техниқалық таразыда 25 г өлшеп, сыйымдылығы 200 мл колбаға салады. Үстіне 50 мл дистилденген су құяды. Колбаны бірнеше рет шайқап, 5-10 минут тұндырады және сыйымдылығы 100 мл колбаға воронка арқылы сүзеді.

Хлоридтерді сапалық анықтау

Пробирқаға 5 мл сүзінді құяды, 10 проценттік азот қышқылының ерітіндісінен бірнеше тамшы және 0,1 н азот қышқылды күміс ерітіндісінен (ләпистен) тамшылатып қосады.

Нормальды ерітіндінің 1 литрінде еріген заттың молекулалық массасына тең грамм/зат болады. Яғни, AgNO3 – тегі элементтердің атомдық массасы

Ag – 108; N - 14; O – 16*3=48, барлығы 108+14+48=170. Сонда 1н. ерітінді дайындау үшін 170 г AgNO3 1 л дистилденген суда ерітілуі тиіс. Ал 0,1 н. (децинормальды) ерітінді дайындауға 17 г керек. Мұндай көп ерітінді қажет болмағандықтан 100 мл ерітінді дайындау үшін 1,7 г азот қышқылды күміс алынады. Бұл қосынды жарықта тез бұзалатындықтан, қара шишада, қара қағазға орап қаранғы орында сақтайды. Сүзіндіде хлоридтер болса реакция былай жүреді

NaCl+ AgNO3 =AgCl+NaNO3

Күміс хлориді тұнбаға түседі. Ақ ұлпа тәрізді тұнбаның түсуі хлоридтердің мөлшері проценттің 0,1 бөлігіндей және одан көп, хлоридтердің мөлшері проценттің 0,01 бөлігіндей болса тұнба түспейді, бірақ ерітіндіде анық опалесценция (заттың ерімеген ұсақ бөлшектерінде сәуленің шағылысуы) жүреді. Ал бұл құбылыстың әлсіз болуы топырақта хлоридтердің өте аз, проценттің 0,001 бөлігіндей екенін көрсетеді.

Сульфаттарды сапалық анықтау

Пробирқаға 5 мл сүзінді құйып, үстіне бірнеше тамшы 10 проценттік тұз қышқылын және 2-3 мл 20 проценттік барий хлориді ерітіндісін қосады. Пробиркадағы ерітіндіні қайнауға дейін қыздырады. Сульфаттар болғанда мына реакция жүреді:

Na2SO4+BaCl2=2NaCl+BaSO4

Барий сульфаты ақ ұсақ кристалл түрінде тұнбаға түседі. Анық ақ тұнбаның түзілуі сульфаттың проценттің бөлігінің бірнешеуіндей және одан да көп екенін, қою ақ лайдың түзілуі проценттің 0,01 бөлігіндей, ал қара фонда көрінетін әлсіз лай сульфаттың проценттің 0,001 бөлігіндей екенін көрсетеді.

Нитраттарды сапалық анықтау

Топырақтың сулық сығындысының сүзіндісінен пробирқаға 5 мл құйып, күкірт қышқылында жасалған дифениламин ерітіндісінен тамшылатып қосады. Нитраттар болса ерітінді көк түске боялады.

Кальцийді сапалық анықтау

Сулық сығындысының сүзіндісінен пробиркаға 10 мл құйып, 1-2 тамшы 10 проценттік тұз қышқылымен қышқылдайды және 4 проценттік қымыздық қышқылдық аммонийдан (аммоний оксаталатынан) 5 мл қосады. Кальций болса төмендегі реакция жүреді:

CaCl2+(NH4)2C2O4=CaC2O4+2NH4Cl

Тұнбаға түскен қымыздық қышқылды кальцийдің мөлшері проценттің 0,1 бөлігіндей екенін көрсетеді. Кальцийдің мөлшері проценттің 0,1 және 0,001 бөлігіндей болса тұнба түспейді, тек қана ерітіндінің сәл лайлануы байқалады.

Тұз қышқылды сығындыны сапалық анықтау

Сулық сығындыны сүзгендегі сүзгіде қалған қалдықты шыны таяқшамен бастапқы топырақ өлшемі салынған колбаға салады.

Үстіне 50мл 10 проценттік тұз қышқылын құйып, 30 мин. бойы бірнеше рет шайқайды және 5 мин. тұндырады.

Темір оксидтерін сапалық анықтау

Пробирқаға сүзгі қағазды воронка қойып, 5-6 мл тұз қышқылды сүзінді сүзіп алады. Осы сүзіндіні әрқайсысына 1-2 мл-ден 2 фарфор табақшаға құяды. Бірінші табақшаға қызыл қан тұзының ұсақ кристалын тастайды. Көк түстің пайда болуы темір оксидінің бар екенін көрсетеді.

Екінші табақшаға 10 проценттік роданды калий ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосады. Темірдің оксиді бар болса ерітінді қызыл түске боялады. Боялу түсінің қанығына қарай темір оксидінің шамасы аз не көп екенін болжайды.