- •1 Егіншілік және агрохимия негіздері
- •1.1 Топырақ морфологиясы және оны зерттеу әдістері
- •Көлденеңіңің мөлшері
- •1.1.1 Тапсырма Топырақ кесіндісін сипаттау.
- •1.1.2 Тапсырма Топырақ үлгілерін алу және оларды химиялық талдауға (анализге) дайындау
- •1.1.3 Тапсырма Топырақ монолиттерін алу
- •Монолитті сипаттау
- •Қара топырақтың монолитінің сипаттамасы
- •Қызыл қоңыр топырақтың монолитін сипаттау
- •1.2 Топырақтың гранулометриялық (түйіршік) құрамы және оны зерттеу әдістері
- •1.2.1 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын оның саз бөлшегін сумен шайдыру арқылы анықтау
- •1.2.2 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын
- •1.2.3 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын далалық жағдайда “ылғаудау” арқылы анықтау (н.А.Качинский әдісі)
- •1.2.4 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын анықтау үшін органолептикалық әдісті қолдану
- •1.2.5 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын
- •1.3 Топырақтың структуралық құрамы және структуралық агрегаттардың беріктігі, оларды анықтау
- •1.3.1 Тапсырма Топырақтың структурасын анықтау
- •1.3.2 Тапсырма Топырақтың структуралық агрегаттарының беріктігін н.И. Саввинов әдісі бойынша анықтау
- •1.3.3 Тапсырма Структуралық агрегаттардың беріктігін н.И.Никольский әдісімен анықтау
- •1.4 Топырақтың физикалық қасиеттері және оларды анықтау
- •1.4.1 Тапсырма Топырақтың қатты фазасының тығыздығын аңықтау
- •1.4.2 Тапсырма Топырақтың құрылым тығыздығын (көлемдік массасын) анықтау
- •1.4.3 Тапсырма Топырақтың куыстылығын анықтау
- •1.5 Топырақтың сулық қасиеттері және оларды анықтау
- •1.5.1 Тапсырма Топырақтың гигроскопиялық ылғалдығын анықтау
- •1.5.2 Тапсырма Максимальды гигроскопиялық ылғалдықты және өсімдіктің солу ылғалдығын анықтау
- •1.5.3 Тапсырма Топырақтың далалық ылғалдылығын анықтау
- •1.5.4 Тапсырма Топырақтың су сыйымдылығын анықтау
- •1.5.5 Тапсырма Топырақ ылғалдылығын және топырақтағы су қорын массалық әдіспен анықтау
- •1.5.6 Тапсырма Топырақтың өнімдік ылғалдық қорын (запасын) анықтау
- •1.5.7 Тапсырма Суару нормасын анықтау
- •1.5.8 Тапсырма Топырақтың су өткізгіштігін анықтау
- •1.5.9 Тапсырма Топырақтың су көтергіштік қабілетін (капиллярлылығын) анықтау
- •1.6 Ауыспалы егістер
- •1.6.1 Тапсырма Негізгі далалық дақылдардың алғы дақылдармен танысу және ауыспалы егістердің схемасын құру
- •1.6.1 Тапсырма
- •1.6.2 Тапсырма
- •1.6.3 Тапсырма
- •1.6.4 Тапсырма
- •1.7 Топырақты өңдеу
- •1.7.1 Тапсырма Топырақ өңдеу тәсілдерімен және топырақ өңдейтін машиналар жүйесімен танысу
- •1.7.2 Тапсырма Топырақ өңдеудің сапасының негізгі көрсеткіштері мен оны бағалаудың тәсілдері
- •1.7.3 Тапсырма Әртүрлі дақылдарды өсіруге жер өңдеу тәсілдерін зерттеу және оны қысқаша негіздеу
- •1.8 Егістіктердің арамшөптермен ластануын есепке алу тәсілдері
- •Сандық тәсілдері
- •Егістікте арамшөп қабаттылығын анықтау өлшемі
- •1.8.1 Тапсырма Егістіктің арамшөптермен ластануын сандық – салмақтық әдіспен анықтау
- •Тапсырманы орындау
- •1.8.2Топырақтың арамшөптердің тұқымымен ластануын есепке алу
- •1.9 Топырақтың органикалық заты
- •1.9.1 Тапсырма Топырақтың органикалық затын күйдыру арқылы анықтау
- •1.9.2 Тапсырма Топырақтағы еритін және ерімейтін органикалық заттардың мөлшерін анықтау
- •1.10 Топырақ гумусы
- •1.10.1 Тапсырма Топырақ гумусының әртүрлі формаларын сапалық анықтау
- •1.10.2 Тапсырма и.В.Тюрин әдісі бойынша топырақ гумусын анықтау
- •1.11 Топырақтың химиялық құрамы, қасиеттері және сіңіру қабілеті
- •1.11.1 Тапсырма Топырақтың механиқалық сіңіру қабилетін анықтау
- •1.11.2 Тапсырма Топырақтың физиқалық сіңіру қабілетін анықтау
- •1.11.3 Тапсырма Топырақтың физика-химиялық немесе ауыспалы сіңіру қабілетін анықтау
- •1.11.4 Тапсырма Топырақтың химиялық сіңіру қабілетін анықтау
- •1.12 Өсімдіктердің топырақтағы қөректік заттары
- •1.12.1 Тапсырма Дисульфофенол қышқылың қолдану арқылы нитраттарды анықтау
- •1.12.2 Тапсырма Жеңіл гидролизденетін азотты и.В. Тюрин және м.М. Кононова бойынша анықтау
- •1.12.3 Тапсырма Жылжымалы фосфорды б.П. Мачигин әдісімен анықтау
- •1.12.4 Тапсырма Карбонатты топырақтардағы жылжымалы калийді п.В.Протасов өдісімен анықтау
- •1.12.5 Тапсырма Калийді және натрийді жалынды фотометрде анықтау
- •1.12.6 Тапсырма Калийдің және натрийдің (кальций мен магнийдің) ауыспалы катиондарын Шолленбергер әдісімен анықтау
- •1.12.7 Тапсырма Кальций және магнийдің ауыспалы катиондарын комплексометриялық әдіспен анықтау
- •1.13 Топырақтың сулық ерітіндісін (сығындысын) талдау
- •1.13.1 Тапсырма Сулық сығындыны дайындау
- •1.13.2 Тапсырма Суда еритін заттардың жалпы жиынтығын анықтау (құрғақ қалдық)
- •1.13.3 Тапсырма Суда еритін минералдық заттардың жалпы жиынтығын анықтау (күйдірілген қалдық)
- •1.13.4 Тапсырма Сулық сығындының сілтілігін анықтау
- •1.13.4 Тапсырма Хлор-ионды анықтау
- •1.13.5 Тапсырма Сульфат-ионды анықтау
- •1.13.6 Тапсырма Калий мен натрий иондарын анықтау
- •1.13.7 Тапсырма Кальцийді және магнийді анықтау
- •1.13.8 Сульфаттарды және кальцийді сапалық анықтау
- •1.14 Топырақтың қышқылдығы (топырақ ерітіндісінің реакциясы)
- •1.14.1 Тапсырма Топырақтың актівті және ауыспалы қышқылдығын анықтау
- •1.14.2 Тапсырма Топырақтың гидролитикалық қышқылдығын Каппен әдісімен анықтау
- •1.15 Топырақ карталары және картограммалар
- •2 Өсімдік шаруашылығы
- •2.1 Тұқымтану негіздері
- •2.1.1 Тұқымның қалыптасуы, толысуы, пісуі
- •2.1.2 Тұқымның әртүрлі сапалылығы
- •2.1.3 Тұқым тыныштығы мен тіршілікке қабілеттілігі
- •2.1.4 Тұқымның өнуі және егін көгінің пайда болуы
- •2.1.5 Тұқымның далалық өңгіштігі, оның әртүрлі факторлар мен жағдайларға байланыстылығы.
- •2.1.6 Тұқымның жарақаттануы және оны азайтудың шаралары
- •2.2 Тұқымның себу сапасы және оны анықтау
- •2.2.1 Тапсырма Тұқым тазалығын анықтау
- •2.2.2 Тапсырма Тұқымның өну энергиясын және өнгіштігін анықтау тазалығын анықтау
- •2.2.2 Тапсырма Тұқымның ылғалдылығын анықтау
- •2.2.3 Тапсырма 1000 тұқымның массасын анықтау
- •2.2.4 Тапсырма Тұқымның себуге жарамдылығын анықтау
- •2.2.5 Тапсырма Тұқымның себу мөлшерін есептеу
- •2.3.1 Өнім бағдарлаудың негіздері
- •2.2.6 Тапсырма
- •2.3 Өсімдік өнімдерін бағдарлау
- •2.3.2 Өнім мөлшерін фар кірісімен анықтау
- •2.3.3 Өсімдіктердің өнімділігін ылғал мөлшерімен анықтау
- •2.3.4 Өнімді егістің жапырақ бетінің ауданымен болжау
- •2.3.5 Фотосинтездің таза өнімділігін (фтө) анықтау
- •2.3.7 Ең қолайлы сабақ жиілігін бағдарлау
- •2.4 Өсімдіктау негіздері
- •2.4.1 Тапсырма Астық тұқымдастарды дәні бойынша анықтау (дәннің ерекше сипатты белгілерімен танысу).
- •2.4.3 Тапсырма Астық тұқымдастарды өскініне қарап анықтау
- •2.4.4 Тапсырма Астық тұқымдастарды өсімдік мүшелеріне қарап анықтау (құлақшасы мен тілшігіне қарап)
- •2.4.5 Тапсырма Астық тұқымдастарды гүл шоғырына қарап анықтау
- •2.4.6 Тапсырма Бидай түрлерін анықтау және сипаттау
- •2.4.7 Тапсырма Жұмсақ және қатты бидайдың түрлерін анықтау
- •2.4.8 Тапсырма Арпаның маңызды түрлері мен түр тармақтарын анықтау
- •2.4.9 Тапсырма Сұлының маңызды түрлерін анықтау
- •2) Келесі форманы пайдалана отырып сұлы түрлерін сипаттау
- •2.4.10 Тапсырма Жүгерінің түрлері мен түр тармақтарын анықтау
- •2.4.11 Тапсырма Тарының түрі мен түр тармақтарын анықтау және сипаттау
- •2.4.12 Тапсырма Құмайдың түр тармақтары мен топтарын анықтау және сипаттау
- •2.4.13 Тапсырма Күріштің топтарын сипаттау Oryza sativa l.
- •2.4.14 Тапсырма Қарақұмықтың түр тармақтары мен әртүрлерін анықтау және сипаттау
- •Түр тармақтарының ерекшеліктері
- •2.4.15 Тапсырма Бұршақ тұқымдас дақылдарды дәнібойынша анықтау
- •Дәнді бұршақ дақылдарын тұқымына қарап анықтау кілті
- •2.4.16 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын өскіні бойынша анықтау
- •2.4.17 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын жапырақтары бойынша анықтау
- •2.4.18 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын жемісіне (бұршағына) қарап анықтау
- •2.4.19 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарының негізгі түрлерін анықтау
2.3.7 Ең қолайлы сабақ жиілігін бағдарлау
Егін жинау алдындағы өсімдік саны сыртқы орта мен агротехниканың көптеген факторларының әсерімен қалыптасады. Бұл факторларды екі топқа бөлуге болады. Факторлардың бірінші тобы толық көктеу кезеңіндегі өсімдіктер санын анықтайды. Бұл негізінен, белгіленген себу нормасын сақтау және жеткілікті жоғары далалық өнгіштігін қамтамасыз ету болып табылады. Факторлардың екінші тобы өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіндегі сақталуын және күздік астық дақылдарының қыстап шығуын анықтайды.
Аталған екі көрсеткіш біріктіріліп өсімдіктің тірі қалуын көрсетеді. Тірі қалу – егін жинау қарсаңындағы өсімдік саны, ол процентпен көрсетілген себілген өнгіш тұқымның бөлігі.
Есептеуге тұқымның далалық өнгіштігін, өсімдіктердің тірі қалуын, өнімді түптену коэффициентін және тұқым сапасын еске алған дұрыс. Есепті мына анықтама бойынша жүргізуге болады:
Сн= |
С·М · 100 К · В · Сж |
(62) |
мұндағы Сн – себу нормасы (мөлшері), кг/га;
С – егін жинау қарсаңындағы 1 м2 алаңдағы сабақ саны;
М – 1000 дәннің (тұқымның) массасы, г;
К - өнімді түптену коэффициенті, дана;
В – тірі қалу көрсеткіші, тұқымның далалық өнгіштігі мен өсімдіктің тірі қалуын қоса есептегендегі байланыс, %;
Сж – тұқымның себуге жарамдылығы, %.
Өнімді түптену коэффициентін болжау өте қиын, өйткені өсіп-өну кезеңінде метеорологиялық жағдайлардың қалай өзгеретіні белгісіз. Қорытынды деректер бойынша, қаратопырақты емес жағдайында күздік қара бидайдың өнімді түптенуі 1,47, ал күздік бидайда 1,6 болды. Жаздық дәнді дақылдарда өнімді түптену тиісінше төмен және 1,0-1,3 шамасында.
Жаздық бидайдың далалық өнгіштігі орта есеппен 75-84% болды, өсімдіктің тірі қалуы 57-ден 85% дейін өзгере отырып орташа көрсеткіші 66-69% болды.
Бұл аймақта егін жинау алдында ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай дәнді дақылдар сабағының мөлшері (С) шамамен 200-360 дана/м2, өнімді түптену коэффициенті (К) 1,1-1,4, өсімдіктің тірі қалуы (В) – 60 - 70%.
Өсімдіктің тірі (сақталып) қалуын проценттік көрсеткішті пайдаланып себілген тұқым арқылы мына анықтамамен есептеуге болады
Сө=Пв·Вр·Сж |
(63) |
мұндағы Сө - өсімдіктің сақталуы, %;
Сж – тұқымның себу жарамдылығы, %;
Пв – тұқымның болжаулы далалық өнгіштігі, %;
Вр - өсімдіктің болжаулы тірі қалулы, %.
Сақталған өсімдіктің табылған мәні егін жинау алдындағы бағдарланған қолайлы өсімдік санына сәйкес келеді.
Себу нормасын (бір гектарға дана) мына анықтама бойынша есептеуге болады
Сн=Ск·100:Сө, |
(64) |
мұндағы Сн – тұқымның себу нормасы, дана/га;
Ск - өсімдік сақталуы, %.
Әрі қарай 1000 тұқымның массасы арқылы массалық (салмақтың) себу нормасын есептеп табу қиын емес.
2.3.8 Өнімді бағдарлаудың агрохимиялық негіздері Топырақтың құнарлылығын есепке ала отырып тыңайтқыш жүйесін зерттеу өнімді бағдарлаудың негізгі принциптерінің бірі.
Берілген дәрежедегі өнімді алу мен тыңайтқыштың қолайлы (оптимальды) нормасын енгізгенде мына мәселелерді ескерген жөн:
1) бағдарланған өнім дәрежесін алу үшін өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет;
2) топырақ құнарлылығын тиімді сақтау және оны одан әрі қарай молайтуды қамтамасыз ету қажет;
3) жер асты сулары мен сулы жерлерді тыңайтқышпен ластанбауын және сыртқы ортаны қорғауды қамтамасыз ету керек.
Қазіргі уақытта тыңайтқыш нормасын есептеудің екі негізгі бағыты бар. Бірінші бағыт нақтылы аймақтың топырақ жағдайларына жүргізілген далалық тәжірибелердің нәтижелеріне негізделеді. Топырақтың агрохимиялық құрамының егжей-тегжейіне жеткеннен кейін енгізілетін тыңайтқыш нормасына тиісті түзетулер жасалады.
Қазіргі кезде есептеу тәсілдері белгілі, бірақ олардың барлығының негізіне қоректік заттарды сіңіру және топырақ пен тыңайтқыштың пайдалану коэффициенттері жатады. Бұл әдістерді М.К.Каюмов шартты түрде мына белгілері бойынша 4-топқа бөлді.
1) тыңайтқыш нормасын бағдарланған өнімнің топырақтың тиімді құнарлылығымен оған енгізілген туктерден алынатын қоректік заттарды есептеп анықтау;
2) тыңайтқыш нормасын бағдарланған қосымша өнімге қарап есептеу, тыңайтылмаған жағдайдағы өнім мөлшері белгілі болғанда, қысқасы тек қана топырақтың тиімді құнарлылығы есебінен алынатын потенциалды мүмкін өнім мөлшерін ескеріп есептеу;
3) тыңайтқыш нормасын бірінші және екінші топтың көрсеткіштеріне сүйеніп анықтау, бірақ топырақ құнарлылығының одан әрі артуы ескеріледі;
4) тыңайтқыш нормасын топырақтың балдық бағасына қарап, белгілі бір дақылдың бір баллға тиесілі өнімін және тыңайтқыштан болатын мүмкін қосымша өнімді ескере отырып анықтау. Бағдарланған өнімге қажетті минералдық және органикалық тыңайтқыш нормасын есептеу барынша кең тараған әдіс. Дұрыс есептелген тыңайтқыш нормасын енгізу 40-70% қосымша жоғары өнім алуға мүмкіндік береді, бұл әдіс суармалы жерлерде өте тиімді.
Есептеуді мына төменгі М.К. Каюмов (1989) ұсынған модификациямен жүргізуге болады
Нқ= |
Өқ · Шқ – Кә · Км · Ктк Ктш |
(65) |
мұндағы Нқ – берілген өнімге есептелген қоректік заттардың нормасы, кг/га;
Өқ – бағдарланған құрғақ зат өнімінің дәрежесі, ц/га;
Шқ – 1 ц негізгі және тиесінше қосалқы өніммен шығарылатын қоректік заттар, кг;
Кә - топырақтағы қоректік элементтер мөлшері, мг/кг;
Км – мг/100 г қоректік заттарды есептелген тиесінше топырақ қабатына кг/га аудару коэффициенті;
Ктк және Ктш – тиесінше топырақ пен тыңайтқыштан қоректік заттарды пайдалану коэффициенттері, %.
Жоғарыда ұсынған анықтаманы пайдаланып, тыңайтқыш нормасын кг мөлшерінде әсер етуші затын 1 га есептеуге болады, одан әрі туктің мөлшеріне айналдырып ц/га түріне келтіруге болады.
Минералды қоректену элементтерінің (N, Р, К) шығарылуы (Шк) дақылдардың химиялық құрамына негізделіп есептеледі (9-кесте).
Мәселен, бидайдың әрбір центнер астығы мен тиісті мөлшердегі сабаны 4,27 кг азот, 1,24 фосфор және 2,05 калий шығарады, жоңышқа пішені (гүлденудің бас кезінде) 2,6 кг азот, 0,65 кг фосфор және 1,50 кг калий, арпаның астығы (қосалқы өнімімен есептегенде) 2,5 кг азот, 1,09 кг фосфор және 1,70 кг калий шығарады.
Өнімнің жоғарылауы міндетті түрде қоректік заттардың жалпы шығарылуын көбейтеді, бір есте болатын жайт, дақылдардың өнімі қандай үлкен шамаларда өзгергенімен 1 ц негізгі өнімге жұмсалатын қоректік заттардың мөлшері айтарлықтай тұрақты, сондықтан жоспарланған өнімге қажетті тыңайтқыш нормасын кез келген дақыл үшін есептеп шығаруға болады.
Өсімдіктермен шығарылатын қоректік заттардың мөлшері топырақтың типіне, тыңайтқыштың түрі мен нормасына, алғы дақылға, метеорологиялық жағдайларға, жердің мелиорациясына және өнім мөлшеріне тәуелді (М.К.Каюмов, 1977).
Топырақтың N, Р2О5 және К2О (мг/100 топырақтағы) қамтамасыз етілу картограммасының агрохимиялық көрсеткіштерін тиісті – топырақ әртүрлілігі мен есептелген қабаттың тереңдігіне сәйкес келетін коэффициентке көбейту арқылы қанша кг/га болатынын анықтайды. Орта есеппен топырақтың жыртылатын қабатының (0-22 см) 1 га массасын 3000 т деп алсақ, аударма коэффициент (оны әртүрлі топырақ үшін егжей-тегжейлі тексерген жөн) 30-ға тең болады. Егер топырақ қабатын 30 см деп алсақ, онда аударма коэффициенті 40-қа тең, жыртылатын топырақ қыртысының массасын дәлірек анықтау топырақтың көлемдік массасы арқылы жүргізіледі.
2.3.2 кесте – 1 ц негізі және тиесінше қосалқы өніммен шығарылатын қоректік заттар (М.К.Каюмов, Н.И.Можаев)
Дақылдар |
Негізгі өнім |
Шығарылған, кг/ц |
1 ц өнімге шығарылған NРК мөлшері, кг |
||
N |
Р2О5 |
К2О |
|||
Жаздық бидай |
астық |
4,27 |
1,24 |
2,05 |
7,56 |
Күздік бидай |
-//- |
3,25 |
1,25 |
2,00 |
6,40 |
Күздік қара бидай |
-//- |
3,10 |
1,37 |
2,60 |
7,07 |
Арпа |
-//- |
2,50 |
1,09 |
1,75 |
5,34 |
Сұлы |
-//- |
2,95 |
1,31 |
2,58 |
6,84 |
Жүгері |
-//- |
3,03 |
1,02 |
3,13 |
7,18 |
Қарақұмық |
-//- |
3,40 |
1,86 |
3,31 |
8,57 |
Тары |
-//- |
3,30 |
1,02 |
3,26 |
7,58 |
Құмай |
-//- |
3,63 |
1,12 |
1,54 |
6,29 |
Асбұршақ |
-//- |
6,00 |
1,52 |
2,00 |
10,12 |
Сиыржоңышқа |
-//- |
0,23 |
1,31 |
1,56 |
9,10 |
Рапс |
тұқым |
4,90 |
2,30 |
3,30 |
10,20 |
Жоңышқа* |
пішен |
2,60 |
0,65 |
1,50 |
4,75 |
Эспарцет |
-//- |
2,50 |
0,46 |
1,30 |
4,26 |
Сиыржоңышқа |
-//- |
2,27 |
0,62 |
1,00 |
3,89 |
Еркекшөп |
-//- |
1,30 |
0,21 |
1,05 |
2,56 |
Қылтықсыз арпабас |
-//- |
1,41 |
0,21 |
1,13 |
2,75 |
Судан шөбі |
-//- |
1,44 |
0,38 |
1,15 |
2,97 |
Тары |
-//- |
1,81 |
0,47 |
1,45 |
3,73 |
Итқонақ |
-//- |
1,50 |
0,76 |
1,20 |
3,16 |
Сұлы |
-//- |
1,76 |
0,42 |
1,55 |
3,73 |
Күздік қара бидай |
-//- |
1,34 |
0,42 |
1,10 |
2,86 |
Асбұршақ |
-//- |
2,36 |
0,51 |
0,75 |
3,68 |
Картоп |
түйнек |
0,62 |
0,30 |
1,45 |
2,37 |
Мал азықтық қант қызылшасы |
тамыржеміс |
0,40 |
0,13 |
0,46 |
0,99 |
Азықтық шалқан |
-//- |
0,25 |
0,14 |
0,40 |
0,79 |
Ескерту* - мал азығына жиналған дақылдардың өсіп-даму кезеңі: бұршақ тұқымдастар – гүлденудің бас кезі, астық тұқымдастар – масақтану (шашақтану).
Көптеген мәліметтерге қарағанда, топырақтың сіңімді қоректік заттарынан өсімдіктер 5-10% фосфор, 10-12% калий және 20-25% жеңіл гидролизденген азотты пайдаланады (2.3.3 кесте).
2.3.3 кесте – Дақылдардың топырақ пен тынайтқыштан қоректік заттарды пайдалануы, % есебімен, (М.К.Каюмов, 1989)
Қоректік заттар |
N |
Р2О5 |
К2О
|
СУАРЫЛМАҒАНДА |
|||
Топырақ |
20-25 |
5-10 |
10-12 |
Минералды тынайтқыштардан: дәнді дақылдар, жүгері көкбалаусасы, вика-сұлы қоспасы (жасыл азық) |
50-60 |
10-25 |
60-70 |
Көпжылдық шөптер (пішен), картоп, мал азықтық қант қызылшасы |
|
|
|
СУАРЫЛҒАНДА |
|||
Топырақтан |
30-35 |
25-30 |
10-15 |
Тынайтқыштан |
80-90 |
30-35 |
90-95 |
Суармалы жерлерде қоректік заттарды пайдалану топырақта да, тынайтқышта да жоғарылайды.
Заттарды пайдаланудың ең дәл коэффициенттерін нақты аймақта, топырақта, дақылдарға далалық тәжірибелер жүргізу нәтижесінде алуға болады, бірақ олар ылғалдану жағдайларына байланысты әр жылдары әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан, есептеу үшін өніммен шығарылған қоректік заттардың мөлшері және өсімдіктердің топырақтағы қоректік заттармен қамтамасыз етілуі туралы деректер болу керек, тек сонда ғана жоспарланған өнімге жетіспейтін қоректік заттар мөлшерін тынайтқыш есебімен толықтыру қажет.
Шамамен есептегенде өніммен шығарылған минералды қоректену элементтерін, топырақ пен тыңайтқыштан қоректік заттарды пайдалану коэффициенттері жөніндегі нормативті материалды тиісті анықтамалардан алу керек, алайда кейіннен ол көрсеткіштер егжей-тегжейлену қажет. М.К.Каюмовтың (1989) пікірінше, тыңайтқыштан қоректік заттарды пайдалану коэффициентін азот үшін 85-90%, фосфор үшін 40-45 және калий үшін 90-95% дейін көтеруге болады, осы мақсатпен тыңайтқышты локальды, ленталы және тамыртұсына енгізу әдісімен пайдаланған жөн. Бірақ бұл көрсеткіштерге жақсы ылғалданған жағдайда, ал Солтүстік Қазақстанда көпшілік жылдары тек қана суармалы жерлерде қол жеткізуге болады.
Соған қарамастан сіңірілетін тыңайтқыштың тиімділігін арттыру әдістері мен жолдарын және оларды пайдалану коэффициентін барынша арттыру агрономдар мен егіншілердің үлесі.
Өндіріс жағдайында М.К.Каюмовтың (1977) ұсынысы бойынша өсімдіктердің топырақ пен тыңайтқыштан NРК пайдалану коэффициенттерін анықтауға болады, кез келген дақылдың қоректік заттарды шығаруын тыңайтқыш енгізілмеген және енгізілген жерлерде есептеуге болады, бірінші жағдайда өсімдіктердің қоректік заттарды шығаруы топырақтың табиғи қорынан, ал екінші жағдайда енгізілген тыңайтқыш пен топырақтың табиғи қорынан пайдалануы.
Есептеу мына анықтама бойынша жүргізіледі:
Ктқ= |
Шо·100 Қэ |
; |
Ктш= |
Шқе Нт |
: 100, |
|
(66) |
мұндағы Ктқ – топырақтағы қоректік заттарды пайдалану коэффициенті, %;
Шо - өнімнің қоректік заттарды тыңайтылмаған алаңнан шығаруы, кг/га;
Қэ – топырақтағы қоректік заттар мөлшері (картограмма көрсеткішін 30 көбейткенге тең), кг/га;
Ктш – тыңайтқыштағы қоректік заттарды пайдалану коэффициенті, %;
Шқе – қосымша өніммен шығарылатын қоректітк заттар мөлшері, кг/га;
Нт – тыңайтқыш пен енгізілген қоректік заттардың мөлшері, кг/га.
Бір еске алатын жайт, М.К.Каюмовтың (1982) деректері бойынша, дәнді дақылдар мен картопты шығысқа, климаты континенталды аудандарға ауыстырылған сайын топырақтан азотты пайдалануы 15-50%, фосфорды 30-50%, калийды 15-35% артты, ал көпжылдық шөптер, керісінше, фосфорды 45-60%, калийды 60-80% кем сіңіреді.
2.3.4 кесте – Көңнің химиялық құрамы және өсімдіктердің ондағы қоректік заттарды сіңіруі (К.П.Афендулов, А.И.Лантухова)
Көрсеткіштер |
N |
Р2О5 |
К2О |
1 т көндегі қоректік заттардың жалпы мөлшері, кг |
4,6 |
2,0 |
6,0 |
Өсімдіктердің РК бірінші жылы сіңіру: сіңіру коэффициенті |
25 |
30 |
5,0 |
1 т есептегенде, кг |
1,2 |
0,6 |
3,0 |
Ауыспалы егісте (2-4 таяу жылдарда) өсімдіктердің РК жалпы сіңіру: сіңіру коэффициенті |
50-65 |
50-70 |
65-90 |
1 т есептегенде, кг |
2,5-3,0 |
1,0-1,4 |
3,5-5,4 |
Топырақ құнарлылығын сақтау мен молайту оған міндетті түрде органикалық тыңайтқышты, оның ішінде көңді, енгізуді талап етеді. 2.3.4 кестеде көңдегі қоректік заттардың орташа мөлшері мен оларды өсімдіктермен бірінші және келесі жылдарда пайдалану коэффициенті келтірілген.
Органикалық тыңайтқыштарды топыраққа енгізгенде өсімдіктердің қанша қоректік заттарды топырақтан, көңнен пайдалана алатынын есептеу қажет, ал жоспарланған өнімді алуға жетпейтін мөлшерін минералды тыңайтқышпен енгізу керек. Есептеу үшін мына анықтаманы пайдалануға болады
Нк= |
(Өқ · Шқ) –( Кэ · Км · Ктқ) – (Нк · Әк · Кк) Ктш |
(67) |
мұндағы Нк – көңнің нормасы, т/га;
Әк – көңдегі қоректік заттың мөлшері, кг/га;
Кк – көңнен қоректік заттарды пайдалану коэффициенті, %.
Барлық басқа белгілер формулада келтірілген тыңайтқыш нормасын есептеуге арналған анықтамадағы белгілерге сәйкес келеді.
