Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

1.5.3 Тапсырма Топырақтың далалық ылғалдылығын анықтау

Топырақтың ылғалдылығы деп ондағы абсолютті құрғақ массаға есептелеген судың проценттік мөлшерін атайды. Мұны білу топырақтағы жалпы және өсімдіктер өнімін жасайтын су қорын анықтауға, оларды құрғақ топырақ массасына есептеуге, т.б. қолдану үшін керек. Топырақтағы судың шамасын біле отырып, суарудың мерзімдерін және нормаларын белгілеуге, яғни топырақтың сулық режимін реттеуге болады. Топырақтың ылғалдылығын вегетациялық кезең бойына фенологиялық байқаулар нәтижесімен салыстыра отырып, оқу-тәжірибелік учаскелерінде өнімнің структурасын (дәні, сабағы, қауызы, тамырлары), оның топырақтың сулық режиміне байланысты жиналу (кобею) динамикасын, т.б. заңдылықтарды түсіндіруге болады.

Топырақтың далалық ылғалдылығы онда, сол кезенде қанша су бар екенін көрсетеді. Осыған байланысты топырақтың сулық режимі реттеліп отырады. Мектеп тәжірибелік учаскесінде азғантай көлемде суаруды оңай ұйымдастыруға болады. Топырақта оптимальды ылғалыдылықты ұстап тұру ауылшаруашылық дақылдарының мол өнімін жасайды.

Жабдықтар мен заттар: топырақ бұрғысы, алюминий стакандар (бюкстер), техникалық таразылар (гирлерімен), кептіргіш шкаф, эксикатор, фарфор табақшалар, мүйіз қасықтар, тигель қысқаштары, саңылауы 1 мм елеуіш.

Тапсырманы орындау

1) егістікке шығар алдында алюминий стакандарды зертханада 0,01 г дәлдікпен өлшеп, массасын, номерін жазу;

2) зерттелетін учаскенің диагоналы бойымен тең ара қашықтықта жырту қабаттан (0-30 см) және қажет болса төменгі қабаттардан бұрғымен топырақ алу;

3) алынған топырақты ылғалы ұшып кетпеуі үшін тез фарфор табақшаға салып араластырып, әр жерінен мүйіз қасықпен небәрі 20-30 г үлгі алып, алюминий стакандарға салып, қақпақтарымен жабу;

4) топырақпең толтырылған алюминий стакандарды зертханаға әкеліп, 0,01 дәлдікпен өлшеп, массасын, номерін жазу;

5) стакандарды кептіргіш шкафқа салып, қақпақтарын ашып, 100-105 0С 6 сағат құрғату;

6) қурғату аяқталғаннан кейін стакандарды қақпақпен жауып эксикаторда суыту;

7) стакандарды топырағымен өлшеп, массасын жазып, кептіру шкафына қайтадан 2 сағатқа бақылау кептіруне қою және өлшеу;

8) ылғалдың процентін мына формуламен табу

ДЫ=

b – c

c – a

 100,

(13)

мұндағы ДЫ – топырақтың құрғақ массасына шаққандағы далалық ылғалдылығы, %;

а – бос стаканның массасы, г;

b – стаканиен топырақтың құрғатуға дейінгі массасы, г;

с – стаканмен топырақтың құрғатылғаннан кейінгі массасы, г.

Табылған нәтижені төменгі кестеге жазады.

1.5.3 кесте – Топырақтың далалық ылғалдылығын есептуе

Стакан номері, үлгі орны және терендігі

Массасы, г

стаканның

стакан мен топырақтың құрғатуға дейінгі

стакан мен топырақтың құрғатудан кейінгі

буланған судың

құрғақ топырақтың

Ескерту: Қазір топырақ ылғалының көлемдік проценті деген атпен ылғалдықты көрсетуде қолданылады

W=Х  ҚТ,

(14)

мұндағы W – топырақ көлеміне есептелген ылғалдық, %;

Х – құрғақ топырақ массасына есептелген ылғалдық,%;

ҚТ – құрылым тығыздығы, г/см3.