Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

2.4.19 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарының негізгі түрлерін анықтау

Жабдықтар мен заттар: ас бұршақтың негізгі түрлерінің табиғи немесе гербарийлі заттары.

Тапсырмаға түсініктеме. Егістікте ас бұршақтың бірнеше түрлері кездеседі, оның ішінде шаруашылыққа мағынасы бары екеу: егістік асбұршақ және мал азықтық асбұршақ. Егістік асбұршақ негізінен азық–түлік дақылы ретінде, ал мал азықтық асбұршақ мал азығы ретінде өсіріледі, сонымен қатар оларды жасыл тыңайтқыш ретінде де пайдаланады. Егістік ас бұршақ мал азықтың асбұршақпен ластануы мүмкін, ол ас бұршақтың дәмдік қасиетін әжептәуір төмендетеді.

Бұршақтың осы түрлерін екі топқа бөлуге болады: қатты қабықты және қантты, олар жемістеріне қарай тез ажыратылады. Қатты қабықты түрлерінің сыртында пергаментті қабатты клеткалар бар, олар оған беріктік береді. Қантты бұршақтың сыртында ондай қабат жоқ, олар жеңіл сынады. Сондықтан сыдыра жыртқыш бұршақтардың асқа тек тұқымы ғана пайдаланылады, ал қантты бұршақтың піспеген бұршақтары да пайдаланылады. Піспеген бұршақтар өздерінің жұмсақтығымен, дәмімен ерекшеленеді, сондықтан олар тамақ және консерві өндірісінде кеңінен пайдаланылады.

Тапсырманы орындау

Төмендегі кілтті пайдалана отырып бұршақтың негізгі түрлерін сипаттау және анықтау

Бұршақтың негізгі түрлерін анықтау кілті

1) жапырақтары жасыл, сабағында және жапырақ серігінің түбінде сияғыш (антоциан) дақтармен...............................................

2.

0) жапырақтары жасыл, антоциансыз .....................................

00.

2) гүлдері қызыл-сияғыш..........................................................

3.

00) гүлдері ақ..............................................................................

4.

3) тұқымдары аздап бұрыштылау немесе дөңгелекше, жиі қабысқан; сұр, бурыл, қоңыр, қара жиі суретімен; тұқымның диаметрі 4-7 мм. Тұқым тұқымкіндігі сопақ, қызыл немесе қара.....................................................................мал азықтық асбұршақ.

4) тұқымы дөңгелекше немесе бұрышты, тегіс немесе қатпарлы; ақ, сары, қызғылт, жасыл; тұқым диаметрі 4-9 мм. Тұқым тұқымкіндігі сопақ, ашық түсті, сирек қаралау............................................ ас бұршақ.

205