Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

2.2.1 Тапсырма Тұқым тазалығын анықтау

Жабдықтар мен заттар: техникалық таразылар (гирлермен), елеуіштер жинағы, жүйелейтін тақтайша, үлкейткіш шыны, қалақша, шпатель, пинцет, линейка.

Тапсырмаға түсініктеме. Тұқымның тазалығы – егістік материалдың негізгі сапа көрсеткішінің бірі. Егістік материалдың (тұқымның) тазалығы деп ондағы негізгі дақылдың процентпен көрсетілген массасын атайды. Неғұрлым қоспасы аз болса, соғұрлым тұқым тазалығы жоғары. Таза тұқымдар өзінің биологиялық белгілерін (ұзақ тіршілік, өнгіштік) жақсы сақтайды және себуге аз мөлшерде жұмсалады. Көптеген дақылдардың тұқым тазалығы бірінші класс үшін 99%, екінші және үшінші кластар үшін тиісінше 98 және 97% болу керек. Тұқымның тазалығы төмендегі формуламен анықталады

Х=

а · 100

b

(46)

мұндағы Х – тұқымның тазалығы, %;

а –таза тұқымның массасы, г;

b –таза тұқымның оның қоспаларымен бірге алынған массасы, г.

Тұқымның тазылығын анықтау үшін тұқымның орта үлгісінен оны айқыштап тең төртке бөлу арқылы үлгі ретінде дәні ірі жүгері, асбұршақ, үрмебұршақ, атбұршақ тұқымдарынан 200 г; майбұршақ, күнбағыс, асқабақ, қарбыз тұқымдарынан 100 г; қара бидай, бидай, сұлы, арпа, күріш, қарақұмық, сиыржоңышқа, жасымық тұқымдарынан 50 г; тары, қызылша, кенепшөп тұқымдарынан – 20 г; беде, жоңышқа, еркекшөп тұқымдарынан 4 г алады

Тапсырманы орындау

1) дақылдардың керекті тұқым үлгілерін техниқалық таразыда өлшеп алу;

2) өлшеніп алынған үлгіні іріктеу тақтасына, немесе бір парақ ақ қағаз үстіне төгеді де, алдымен тұқымның бүтінін, толығын бөліп алады. Ал қалдықты үшке бөледі:

а) негізгі дақылдың сынған, семіп қалған, басқадай зақымданған дәндері;

б) тірі қосындылар – оған арамшөптердің (дана), басқа дақылдардың дәндері (дана), қара күйеден зақымданған тұқымдар, жәндіктердің өздері және тірі личинкалары;

в) өлі қосындылар – құм, топырақ, сабан түйірлері, өлі жәндіктер, олардың қалдықтары т.б. жатады;

3) осы бөліктерді жеке – жеке дәлдігі 0,01 г техникалық таразымен өлшеп, жоғары көрсетілген формуламен тұқымның тазалығын есептеп шығарады;

4) анықталған көрсеткіштермен мына төменгі кестені толтырады

Дақылдар

Үлгінің массасы,г

Негізгі дақылдың толық, бүтін тұқымдары

Негізгі дақылдың тұқымының зақымданған дәндері

Тірі қосындылар

Өлі қосындылар

салмағы,г

%

салмағы,г

%

салмағы,г

%

салмағы,г

%

2.2.1 кесте - Кластарға бөлгендегі тұқым сапасының негізгі көрсеткіштері

Дақылдар

Класс

Негізгі дақылдың тұқымы, %

Басқа өсімдіктер тұқымының қоспасы, дана/кг көп емес

Лабораториялық өнгіштік, %

барлығы

оның ішінде арамшөп өсімдігі

Жұмсақ бидай

I

99

10

5

95

II

98

40

20

92

III

97

200

70

90

Қатты бидай

I

99

10

5

90

II

98

40

20

87

III

97

200

70

85

Арпа, Сұлы

I

99

10

50

95

II

98

80

20

92

III

97

300

70

90

Тары

I

99

16

10

95

II

98

100

75

90

III

97

200

150

85

Асбұршақ

I

99

5

рұқсат етілммейді

95

II

98

10

2

92

III

97

50

5

90

Күнбағыс

I

99

5

2

95

II

98

15

5

93

III

97

35

15

90

Майлы зығыр

I

99

200

150

95

II

98

550

500

90

III

86

1550

1550

85

Еркек шөп

I

95

-

0,5 % көп емес

80

II

90

-

0,1 % -//-

65

Егістік жоңышқа

I

96

-

0,5 %- //-

80

II

96

-

1,0 % -//-

70

Ақ және сары түйе жоңышқа

I

96

-

0,3 % -//-

80

II

96

-

0,8 % -//-

65

Қылтықсыз арпабас

I

95

-

0,6 % -//-

75

II

90

-

1,0 % -//-

65

Судан шөбі

I

98

-

0,2 % -//-

80

II

95

-

0,5 % -//-

70