Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhol_lek_kaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385 Кб
Скачать
☆

4. Сөйлеу түрлері

Сонымен, сөйлеу - тіл көмегімен түзілген адам ара-лық қатынас құралы. Сөйлеудің келесі түрлері болады: сыртқы және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегінде ауызша, жазба болып, ал ауызша - монологтық және диалогтық болып бөлінеді.

Сөйлеудің барша түрлері өзара ықпалды қатынас түзеді. Сөйлеу түрлерінің бәріне бірдей сипат - олардың сөздік дыбысталуында. Тіл қатысынсыз және заттасқан тілдік процесс болмай, ешқандай ой, ойлау болуы мүмкін емес. Ауызша да, әсіресе жазба сөздің дайындығы сөйлеудің іштей, адамның өзінен-өзі, күбірлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда ішкі сөйлеу деп атайды.

Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады. Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазба сөйлеудің, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді. Сөйлеудің жазба түрі жазба белгілер (таңбалар) негізінде орындалады. Қазіргі кездегі көп тілдердің дыбыстары әріптермен өрнектеледі. Жазба сөйлеу - естумен қабылданатын тілдік дыбыстардың, көрумен танылатын әріптер мен адамның тілдік әрекеттерінің күрделі байланысынан құралатын процесс.

Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз (сөйлеу) ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біраз шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндей алшақтықта болуы мүмкін. Осы жағдайларға орай сөйлеудің сипаты өзгеріске түседі.

Ауызша сөйлеу - диалогтық және монологтық түрде болады. Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілердің өзара қысқа сөз алысуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауымен ерекшеленеді.

Монологтық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етеді. Әдетте бұл кең көлемді, күні бұрын ой желісіне салынып, қорытылған баян (мысалы, баяндама, шығып сөйлеулер, дәрісбаяндар (лекция) ж.т.б.). Дайындық барысында мұндай баяндардың кей жерлері бірнеше рет іштен қайталанады, жоспары қайта түзілістерге түседі, орынды сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер іріктеліп, таңдалады, көп жағдайда ауызша сөйлеудің жоспары жазбаша түзіледі. Монологтық сөз құрылымы жағынан күрделі болып, ой толықтығымен көрінеді, баяндалуы бір ізді, қатаң логикалық талаптарға бағынады.

Қалаған ақпаратты екінші адамға жеткізу үшін таңбалар не таңбалар жүйесін қолданамыз. Осыған орай тілдестік қатынас процесінде вер-балды (таңба ретінде - сөз, баян) және вербалды емес (таңба ретінде - сөзден тыс белгі, ишаралар) байланыстар қолданылады.

Вербалды тілдесуде таңбалық жүйе ретінде сөз (сөйлеу) қабылданған. Мұндайда сөйлеу - лексикалық және синтаксистік екі принципті қамтыған дыбысты тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесін түсінеміз.

Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат "жүрісі" орындалып қалмастан, әңгімелесушілер арасындағы бір біріне деген ықпал да жасалады, яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бірі бірінің іс-әрекет қылықтарын үйлестіруге не өзгертуге тырысады.

Тілдесудің мазмұндылығы, оның барысындағы әңгімелесушілердің бір-біріне ықпал жасауынан көрінеді. Бұл орайда әңгімелесуге негіз болған сеп-түрткілер, тілдесу мақсаттары мен ниеттерін де талдай тану үлкен маңызға ие.

Вербалды емес тілдесуде ең алдымен көру - қозғалыс жүйесіне байланысты өз ішіне ым, ишара, пантонима ж.т.б. қамтыған белгілер тобы өте маңызды. Әрқилы дене мүшелерінің (бет, бас, қол ұшы, иық ж.т.б.) жалпы қозғалысқа келуі адамның көңіл-күй көрінісін беріп, тілдестік қатынасқа көркем-көріктік нәр береді.

Вербалды тілдесуге "қосымша" ретінде паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі де қолданылады. Паралингвистикалық қосымшалар - бұл дауыс ырғағы, әуені, ал экстралингвистикалық дегеніміз сөз барысындағы іркіліс, сонымен бірге жөтелу, жылау, күлу.

Сөздік емес тілдесудің қай түрі де сөз алысу барысында өте маңызды жәрдемші (кейде дербес) роль атқара отырып, сөз мәнісін күшейту не кемітумен бірге, әңгімелесуге қатысқандардың ниеттерін білдіреді. Сөзбен бірге қолдана отырып, вербалды емес белгілер де адамдардың өзара байланысты қызмет әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.

Қайталау және бекіту сұрақтары

Тілдесудің адам өміріндегі маңызы қандай? Тілдесудің мәні неде?

Тілдесу процесінің қай бағыттарын білесіз?

Тілдесу және жалпы іс-әрекет арақатынастары қандай?

Тілдесу әрекетінің сипаты немен анықталады?

Тілдесу қызметтері қандай және олардың әрқайсысы қандай ерекшеліктермен сипатталады?

Коммуникативті процесс белгілері қандай?

Тілдесудегі ақпарат жүйесін таңбалау дегенді қалай түсінесіз?

Тіл мен сөйлеудің айырмашылығы неде?

Сигнификативтік қызмет дегенді қалай түсінесіз?

Сөйлесу қызметін атқаруға ықпал жасаушы факторлар қандай?

Сөйлеу түрлері және олардың жеке сипаттары немен ажыралады?

СОӨЖ тапсырмасы: Мектепте «мұғалім- оқушы- ата-ана» байланысын тиімді жүзеге асыруға бағытталған тіл табысудың әдіс-тәсілдері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]