- •Психология ғылым ретінде
- •2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •3. Психология салалары
- •Қайталау және бақылау сұрақтары:
- •Психика. Сана. Тән мен жан
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •Қайталау және бекіту сұрақтары:
- •Психикалық танымдық процестер:
- •3. Түйсік түрлері
- •4. Түйсік қасиеттері
- •2. Қабылдаудың қасиеттері
- •3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •4. Қабылдау формалары
- •5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Елес және ес. Ойлау
- •3. Ес теориялары
- •4. Ес түрлері
- •5. Ес процестері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •1. Ойлау жөнінде түсінік
- •2. Ойлау формалары
- •3. Ой қызметтері
- •5. Ойлау және жеке адам.
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Зейін түрлері
- •3. Зейіннің физиологиялық негізі
- •4. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •2. Қиялдың физиологиялық негіздері
- •3. Қиял түрлері
- •4. Шығармашыл қиял әдістері
- •5. Қиял және жеке адам
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Тұлѓаның даму себептері
- •4. Тұлғаның бағыт-бағдары
- •4. Өзіндік сана
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •4.Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
- •1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
- •Даму психологиясы пәні. Даму психологиясының негізгі категориялары
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
- •6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
- •Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
- •Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •Дәрістің жоспары:
- •Дәрістің жоспары:
- •Әдебиеттер:
5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
Адам жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпияларын танып білуге ұмтылуында. Мұндай әрекет адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік-моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты. Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік түр-лері бар.
Ақыл-ой (интеллект) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі - балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін туды-рады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Ақыл-ой сезімі - адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй.
Эстетикалық сезім - объектив шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі - адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай.
Эстетикалық сезім - мазмұны мен мағынасы және түр-сипаты жағынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші ықпал ретінде қарастырады.
Адамгершілік-моральдық сезімдер қоғам талабына орай адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. "Мораль" - "морале" деген француз сөзі. Мағынасы - адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы - мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады.
Адамгершілік сезімінің принципі мен жалпы негізі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық сатыларда әлеумет мүшесінде қалыптасып отыратын мінез-құлық көріністері. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның жеке-даралық қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.
Эмоция формалары және негiзгi түрлерi. К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түріi. Қуаныш эмоциясы. Эмоцианалды азаптың туындауы жүне адамға әсерi. ұялу эмоциясы және оған қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Айну эмоциясы және оған мағнасы ұқсас - жек көру эмоциясы. Өзiн кiнәлау эмоциясы. Қорқыныш эмоциясы.
Көрсеткен қасиеттерi теориятикалық жағынан есепке алып, эмоцияның формаларын және сансыз көп түрлерiн айқындауға болады. Бiрақ белгiлi жақсы кербiреулерi ғана жеткiлiктi суреттелген. Мысалы, американдық психолог К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерiн көрсеткен.
Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыйю, ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нүрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу. Тиiмдi, әсiресе, танымдық мотив (түрткi) iс-әрекеттiң мағынасына сәйкес және күштiлiгi жеткiлiктi көрiнедi. Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз . Ол монотондық жағдайда туады. Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б.
Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi жүне негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен жүне басқа адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi. Оптимизм жүне мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады.
Эмоция азабы өмiрлiк мақсатқа жетуге ұмтылысқа керi әсерiн тигізе отырып туындайды. Азапқа, жеке ар-намысқа тию, адамдардың қорлауы, алаяқтық, қуаныш күйiн талдау, адам құндылықтарын келеке етуiне себеп болуы мүмкiн. Адамдарғы азапқа қарсы болып, кек алу мақсаты күш бередi. Күштi азап аффектiге және ашық күреске айналып кетуi мүмкiн. Бұл жағдайда адам өзiндiк бақылауын, саналы түрде басқару мүмкiншiлiгi шектеледi, тiптi өз әрекетiн жоғалтады. Көп жағдайда азап басқа адамдарға қарсы бағытталуы, сондай-ақ ол бағыт өзiне бағытталуы мүмкiн.
Ұялу эмоциясы субъект өзiне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетерiне, қатынастарына, сыртқы ерекшелiгiне сәйкес емес әрекеттерiн жасаған кезде туады. Бұл күйзелiсте субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi. Оған басқалар оның кемшiлiктерiн көрiп, жек көретiндей көрiнедi. Сондықтан ол басқа адамдардан өзiн алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. өялудың жеңiл формасы қызару. ұялу интеллект жұмысын тоқтатады, адамның әрекетi мен қылықтарына қатты әсер етедi, сананы жаулап алады. Тұлғаны қорғаныш механизмдерi белсендiредi. Өмiрдегi түрлi жағдайлар ұялу мен одан адамгершiлiк деңгейде құтылу – тұлғалық борыш.
Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын, артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде сезiнедi. ұялу мен мақтаныш эмоциясы негiзiнде адамда өзiне қатысты тұрақты дамуы жүредi.
Айну эмоциясы субъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сүйкес емес жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тiлектерi, нақты заттары, iс-үрекет кемiстiгi жүне т.б. Айну эмоциясы сүйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады.
Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi бар. Ол сүйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысын сезiнедi.
Өзiн кiнүлау эмоциясында адам өзiнiң кiнүсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзiн кiнүлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнүлайды жүне өкiнедi (үлгерген жоқпын, iстей алмадым, ескерте алмадым, кең пейiлдiк көрсете алмадым жүне т.б.), көбiнесе өзiнiң кiнүсiн ақтауға тырысады (зардап шегiнуге көмектесу, кешiрiм өтiну, түсiндiруге тырысу). Тұлғаның негiзгi кемелдену көрсеткiшi – ол өзiнiң қылығына жауап беру жүне кiнү сезiмiн сезiну, кiнүсiн ақтауға тырысу.
Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн. Адам өзiнiң күштiлiгi немесе батылдығы осы сезiмдерден өткенде бағалайды.
Кез-келген адамның өзiнiң қайталанбас эмоционалдық қоры болады. Бұл нақты эмоциялық бейiмдiлiкте: қуанышта, қайғыда, қызығуда, кiнүнi сезiнуде көрiнедi. Эмоционалдық таңдауына байланысты тұлғаның эмоционалдық типтерiн анықтауға болады.
Эмоциялық күйзелiстердiң негiзгi қасиеттерi. Адамның эмоциялық өмiрiнiң әр-алуандығы мен қайталанбастығы. Эмоциялардың ортақ қасиеттерi: сапалы белгi, интенсивтiлiгi мен ұзақтығы. Эмоцияның көрiнiсi. Жағымды және жағымсыз эмоциялардың негiзгi қасиеттерi. Балалардың эмоцианалды сферасы.
Адамның эмоциялық өмiрi бiрiнен соң бiрi келетiн күйлердiң әр-алуандығымен және қайталанбайтындығымен ерекшеленедi. Бiрақ та эмоциялар әр-алуандығына қарамастан мынадай ортақ қасиеттермен сипатталады: сапалы белгi, интенсивтiлiгi мен ұзақтығы. Олардың қасиеттерiмен арақатынасына байланысты эмоцияның түрлерi мен формаларын ажыратуға болады.
Эмоцияның көрiнiсi – бұл әрбiр күйзелiске өзгешелiк пен қайталанбастық беретiн сапалы сипаттама. Ол эмоцияның негiзiнде жатқан қажеттiлiктiң сипатымен анықталады. Әрбiр қажеттiлiк жеке, тек соған ғана түн эмоциялық бояумен бiрге жүредi. Мысалы, тамаққа деген қажеттiлiк эмоциялық бояудың бiр типiн, танымдық - екiншiсiн, жыныстық - үшiншiсiн тудырады. Сүйкесiнше боялуына байланысты эмоцияларда қажеттiлiк қанша болса, қажеттiлiк соншама болады.
Эмоциялық көрiнiстi сөзбен жеткiзу мүмкiн емес. Оны тiкелей бастан өткiзу керек.
Эмоцияның белгiсi эмоция қандай болса да субъективтi жағымды және жағымсыздығына сәйкес келедi. Ол сәйкес эмоциогендi жағдаяттың пайдалы-зияндығының субъективтi көрсеткiшi болып табылады. Белгiсiне байланысты жағымды, жағымсыз және екi жақты (амбиваленттi) эмоцияларды атайды.
Жағымды эмоциялар ситуацияны және оқиғаның адам үшiн пайдалы екендiгiн көрсетедi Олар қажеттiлiктер қанағаттанғанда немесе осыған септiгiн тигiзетiн жағдаяттарда пайда болады. Жағымды эмоциялар адамға пайдалы. Бiздiң рахаттануға деген талпынуымызда осыдан қанағаттанбаушылықтан туатын жағымсыз эмоциялар адам үшiн сүйкес жағдаяттар мен оқиғалардың зияндығын көрсетедi. Олар қажеттiлiктердiң ұзақ қанағаттанбауынан жүне соған кедергi келтiретiн жағдаяттарда пайда болады. Олар сәйкес жағдаяттардан шығу, жеңу немесе жоюға бағытталған әрекеттердi оятады. Екi жақты эмоциялар белгiлi бiр арақатынаста жағымды да, жағымсыз да күйзелiстердi қатар алып жүредi. Олар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделiлiгiн және қарама-қайшылықтығын көрсетедi.
Эмоцияның күштiлiгi- бұл олардың сандық сипаттамасы. Ол екi фактормен анықталады: сәйкес қажеттiлiктiң қанағаттанбағандық деңгейiмен және оның қанағаттануына әсер еткен жағдайлардың күтпеген жерден болғандығымен.
Бұл жердегi заңдылық мынада: қажеттiлiк жүне субъект үшiн оның қанағаттануына кедергi келтiрген жағдайлардың ойламаған жерден болуы қандай күштi болса бұл жердегi эмоцияның күйзелiсте сондай күштi болады. Осы факторлар арқылы адамның эмоциялық реакцияларын басқаруға болады, яғни олардың күшеюi немесе үлсiреуiне үсер етуге болады. Күштiлiгiне байланысты эмоциялардың көп түрiн бөлуге болады. Аз көрiнетiн жүне нашар сезiлетiн түйсiнудiң эмоциялық жағынан бастап, күштi, қысқа уақыттық, бақылауға жүне басқаруға келмейтiн аффектермен аяқтауға болады.
Ұзақтық эмоцияның уақытша сипаттамасы болып табылады. Ол адамның эмоциогендi жағдаяттармен (шынайы немесе ойдағы) байланысының ұзақтығына байланысты жүне сүйкес қажеттiлiк қанағаттанбаған күйде тұрған уақытқа байланысты. Осы факторлар арқылы эмоцияның ұзақтығын алдын-ала өзгертiп, яғни оның созылуына немесе қысқаруына үсер етуге болады. Созылу уақытына байланысты эмоцияның түрлерi өте көп, қысқа уақыттың аффективтi реакциядан бастап бiрнеше күнге созылатын эмоциялық күйлермен аяқтауға болады. Мысалы ретiнде көңiл-күйдi алуға болады.
Қазiргi кезде балалар эмоциясына көп үсер ететiн теледидардағы бағдарламалар мен компьютерлер. Қазiргi адамның өмiрi түрлi техникалар мен электроникалар адам тұрмысы мен өмiр сүруiн жеңiлдетедi, бiрақта ар-намысына тырысып, биiк деңгейде өмiр сүру үшiн не керек? Рухани, моралды құндылықтармен байытып (жүрдем беру, адамгершiлiк, өнерге, үдебиетке, поэзияға т.б.) толықтыру қажет. Мысалы, адамдардың өмiрiн компьютермен салыстырсақ, компьютердiң адамдарға қарағанда мүмкiншiлiктерi бiршама артық. Компьютер адамдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында, өндiрiсте, оқуда тиiмдi (жеңiлдету, тездету, тереңдету) жағдайларды туғызады, техникалық, экономикалық прогреске жол ашады. Бiрақта ақыл-ой еңбегiн жеңiлдете отырып, ол адамның жалпы дамуын шектейдi, яғни ақыл-ой дағдылары тиiстi деңгейге көтерiлмейдi. Балалардың қиялына, логикалық ойлауына, ырықты ес процестерiне тиiстi тосқауыл қояды.
Қорыта айтқанда, адамдардың сезiмдерiн байытуда ғылымның, техиканың түрлi жетiстiктерi басты рөл атқармайды. Адамдарға жоғары сезiмдер ақыл-ой, адамгершiлiк, эстетикалық сезiмдер қажет.
Қайталау және бекiту сұрақтары:
Сезім құбылысын қалай түсінесіз?
Сезімге байланысты интеллектуалистік теорияның мәні қандай?
У. Джемс және Г. Ланге сезім туындауын қалай түсіндірген?
Сезім мен қоршаған орта әсері арасындағы байланысы Ч.Дарвин және Э.Клаперад еңбектерінде қалай сипатталады?
Сезім және интеллект байланысын қалай түсінесіз?
Сезім ерекшеліктерін байқататын факторлар қандай?
Сезім атқаратын қызметтердің сипаты қандай?
Сезімнің әлеуметтік сипаты неде?
Сезім түрлері қандай және олар қалай сипатталады?
Жоғары деңгейдегі сезімдер мәні қандай?
Эмоция дегенiмiз не?
Эмоцияның құрылымдық компоненттерiнiң сипаттамасы
Эмоцияның негiзгi қызметтерi
Эмоцияның негiзгi түрлерi
Сезiм түлғаларын қалай түсiнесiз?
Сезiм ерекшелiктерiн байқататын факторлар
Сезiм атқаратын қызметтердiң сипаты
Сезiмнiң әлеуметтiк сипаты
Сезiм түрлерiне сипаттама
Жоғары деңгейдегi сезiмдер
Дәрісбаян бойынша тапсырмалар:
Сезім және эмоция тақырыбындағы негізгі түсініктерге ғылыми талдау жасау(тезистер).
СОӨЖ тапсырмасы:
Тақырып бойынша глоссарий орындау;
Сезім мен эмоцияның психо-физиологиялық негіздемесіне сипаттама беру (сызбалар, слайд-шоу түрінде).
СӨЖ тапсырмасы: Суицид типтері мен кезеңдері, алдын алу шаралары (ғылыми-шығармашылық жұмыстар).
5 -Дәрісбаян.
