- •Психология ғылым ретінде
- •2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •3. Психология салалары
- •Қайталау және бақылау сұрақтары:
- •Психика. Сана. Тән мен жан
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •Қайталау және бекіту сұрақтары:
- •Психикалық танымдық процестер:
- •3. Түйсік түрлері
- •4. Түйсік қасиеттері
- •2. Қабылдаудың қасиеттері
- •3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •4. Қабылдау формалары
- •5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Елес және ес. Ойлау
- •3. Ес теориялары
- •4. Ес түрлері
- •5. Ес процестері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •1. Ойлау жөнінде түсінік
- •2. Ойлау формалары
- •3. Ой қызметтері
- •5. Ойлау және жеке адам.
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Зейін түрлері
- •3. Зейіннің физиологиялық негізі
- •4. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •2. Қиялдың физиологиялық негіздері
- •3. Қиял түрлері
- •4. Шығармашыл қиял әдістері
- •5. Қиял және жеке адам
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Тұлѓаның даму себептері
- •4. Тұлғаның бағыт-бағдары
- •4. Өзіндік сана
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •4.Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
- •1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
- •Даму психологиясы пәні. Даму психологиясының негізгі категориялары
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
- •6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
- •Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
- •Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •Дәрістің жоспары:
- •Дәрістің жоспары:
- •Әдебиеттер:
3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде (3 жастағы кезі) бала ақыл-ойдың дамуы жағынан недәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Блеренс Гудинаф өзінің таныстарына мынаны ұсынады: “Сіздер жаңа туған баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интелект жағынан алып қарағанда қабілеті қандай екен соны біліңіз. Осыдан соң бөбекті алып, ол жаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-ойы мен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз”,- дейді. Содан Гудинафтың айтайын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы - үш жас деуі еді. Үш жас адамдағы психикалық дамудың тең ортасы деуге АҚШ психологы Э.Трондайк қосылыпты. Біз осыдан психикалық даму қанша уақыт өмір сүргеніне байланысты емес екенін, осының себебі психика дамуының шапшаңдығы әр жаста түрліше келетінін көреміз.
Егер нәресте жасындағылар әр заттың қандай қызмет атқаратынын білмесе, енді ол бөбек жасына көшкенде соның атқаратын қызметінің мәнісіне түсіне бастайды. Заттың атқаратын қызметі деп отырғанымыз - қоғамдық ортада көпшілік арасында мойындалған оның атқаратын міндеті. Мысалы, шанышқы ет т.б. жеуге, қасық сорпа ішуге арналған. Сондықтан заттың атқаратын қызметіне түсіну - үлкен жетістіктің белгісі.
Бөбек психикасының дамуына негізгі әсер ететін фактордың бірі – оның қарапайым ойындары және балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі (сызуға не үй салу т.б.). Бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен жаңағы іс-әрекеттер бөбек психикасының дамуына үлкен әсер етеді.
Ойыншықтың қай-қайсысы да сол нақты заттың (жәндіктің, не машинаның) өзі емес, оның әдейі кішірейтіліп жасалған көшірмесі, яғни сол заттың орнындағы оның бейнесі.
Бөбек жасында ойыншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын оған бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ас салып қасықпен оны тамақтандырады. Ұлға осындай ойын ұсынғанда ол бас тартып, бұл әйел жынысына жататындардың қызметі, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қылып мініп, “осы менің атым” деп жүгіретіні көрсетеді.
Бөбектердің есеюіне орай өз қолдарымен нәрсе жасау әрекетіне келсек, осылардың көбі балалар бақшасында ұйымдастырылады. Мысалы, оларға кесте тігу, не қағаздардан белгілі бір нәрселерді құрастыру т.с.с. тапсырмаларды беріп, қолының ептігін күшейтуге жағдай туғызады.
Бөбек психикасының дамуын одан әрі өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының ерекше маңызы бар. Біз ілгеріде 12 ай толған баланың сөздігі 10-дай жеке сөздерден тұрады дедік. Бірақ олар жеке сөздерден сөйлем құрастыру білмейді. Бөбек 1,5 жаста 200-дей сөз біледі. Осы кезден бастап сол сөздерден сөйлем құрастыруға талпынады. Бөбек 3 жасқа жеткенде 1200-1500 сөз біледі.
Адам тек ұғымға сүйеніп ойланбайды. Оның ой-өрісі елестету бейнелеріне де негізделеді. Сондықтан әуелі бөбектің қабылдауы мен елестеуіне тоқталайық. Бөбек жасының бас кезінде (1,5-2 жаста) бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарын таныс еместерінен ажырататын болғанымен оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Бөбек әуелгі кезде заттың тек бар қасиетіне, не белгісіне мән беріп, өзге жағын елемейтін болады.
Ал бөбектің қабылдау үстінде заттың бірнеше қасиеттерінің, соның ішінде көлемімен, ұзындығымен, енімен, түсімен т.б. танысуға келсек, осылар сол заттың бейнесімен бірге елестетіледі. Бөбек жасының аяқ кезінде бала “шеңбер”, ”төртбұрыш”, ”үш бұрыш”, ”тік бұрыш”, “көп бұрыш” т.с.с. ажыратып соларды есінде сақтай алады. Сол кезде бөбек негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, көкшіл, ақ, қара т.б.) ажыратып соларды қосымша түстерден олардың араласуынан болған түстерден айыра бастайды.
Ал бөбектің ақыл-ой қабілетіне келсек, осының өзі бұларда әлі жөнді қалыптаспаған. Ж.Пиаже өзінің шығармаларында мектепке дейінгі жасты, соның ішінде бөбек жасындағыларды ойлау операциясына дейінгі жас деп атайды. Бұл жерде Пиаже “ойлану” деген терминді, проблемалық мәселені шеше білу ретінде (есеп шығару т.б.) қолданды. Ал бала өзінің ойын біреуге жеткізе алса, осыны Пиаже ойлану деп атамайды. Тікелей мағынасында ойлану процесі бөбектерде кездеспейді. Оларда ойланудың тек қарапайым түрлері бар. Бөбек жасында нақты ой-әрекеті кездеседі. Мысалы, бөбек кубиктерден үй құрастырып жатқанда, оның қасына келіп, не істеп жатырсың десе, осыған ауызша жауап беруге қиналып, салған үйін бұзады да, “қара!” деп соны қайтадан салады.
Ескерте кететін мәселе бөбектердің нақты ой-әрекеті тек олардың әрекеті (ойыны т.б.) үстінде қалыптасады. Сондықтан бұлардың ой-әсерін дамыту үшін тиісті әрекеттерге машықтандыру қажет.
Баланың есінің кіруінің өзі ол үшін үлкен жаңалық. Өйткені есі кіргеннен кейін бөбекте “Мен” деген қасиет пайда болады. Осының жаңалық екені сол, бұл уақытқа дейін бөбек үлкендердің оған қамқорлық жасап жүргенін біліп, енді осымен күрескісі келіп, үлкендердің қамқорлығынан қайткенде құтылсам екен дейді. Оның пікірінше бәрі өз қолымнан келеді, мен “өзгелерден бөлек, дербес адам екенмін” деп барлық істі өзі орындағысы келеді.
Сананың, яғни естің бөбекте пайда болуы оның тілінің шығып, ойын сөйлеу арқылы өзгелерге жеткізе алуының нәтижесінде пайда болады. Егер адам тіл білмесе, (мұндай жағдайда болуы мүмкін емес), онда оның есі сен санасы да және “Мен” деген қасиеті де болмас еді.
“Дағдарыс” кез бөбектерде түрліше кездеседі, біреуде тым айқын, өзгелерде онша білініп жарымайды. Бірақ әрқайсысында азды-көпті кездесетіні сөзсіз. Ал осы келтірілген “менменсіну”бөбекпен дұрыс тәрбие жүргізілмесе, ерегесу, яғни негативизмге апарып соғуы мүмкін. Мысалы, 3 доағалақты велосипедке мініп жүрген бөбекке, егер шешесі мінуге рұқсат етпесе ызаланады. Кейін шешесі “міне ғой” десе, ерегісіп “енді мінбеймін” деп отырып алады. Сол кезде “мінбей-ақ қой десе”, онда “мінемін” дейді. Демек, бөбек үлкендердің айтқанына қарама-қарсы іс істегісі келеді.
Ерегесу мен қыңырлықтың ата-тегі “менменсінуден”, өзіне не жақсы, соны істеуге тырысудан пайда болады. Ал бөбек жасындағылар үнемі ерегесуге не қыңырлыққа ұшырайды, деп бірден-бір айтуға болмайды. Бірақ бөбектің жасында кездесетін осындай жәйітті еске алмаса, осының өзі ерегесуге не қыңырлыққа апарып соғуы мүмкін. Ерегесудің мұндай түрімен күресу үшін не істеу керек? Бөбек үлкендердің қамқорлығынан құтылғысы келеді, “Мен өзім істеймін” десе, оның осы қажеттілігін қанағаттардырмауға болмайды. Себебі балада өзбеттілік дамымаса, келелі кезде пассивтік түрде болуы мүмкін.
Сонымен біз бөбектің жеке басына тән оның “Мен” деген қасиетінің қалай қалыптасатынына тоқталдық. Бұл айтылған менменсіну, қырсықтық т.б. бөбектің үлкендердің қол астында болуымен, оның психикасы дамуының өріс алу арасында қайшылықтың болуынан. Жамандық болмай, жақсылық жоқ деген сияқты, қайшылық бөбекте келешекте қиын жағдайға ұшырататыны болғанымен, осының өзі психикалық дамудың шарты. Егер баланың өмірінде қайшылық кездеспесе, алға қарай дамымай, бір қалпында тұрып қалған болар еді.
Жалпы лекция бойынша сұрақтар.
Ана құрсағында бала жүйке жүйесі қалай дамиды?
Нәресте жасында бала психикасы қалай дамиды?
Бөбек жасындағы балалардың психикасы қалай дамиды?
3 жасқа келгенде бала неше сөз үйренеді?
9-Дәрісбаян. Мектепалды жас кезеңі
9.1 Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
9.2 Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
9.3Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
9.4Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
9.5Жеке адамның эмоциялық-ерік сферасы мен қасиеттерінің қалыптасуы.
9.6 Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру. Мектепалды дайарлық.
Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің қарқынды жететілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабағы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуацичсының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады.
Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, “балалар қоғамының” құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысы өзіндік ішкі позициясы өз “менін” және өз қылықтарының маңызын аңғырудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.
Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көшіріп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалаптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепке оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
Мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің өзі рольді көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалатын мұндай шынайы өзара қарым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге баланың өзіндік санасын да жоғары көтереді.
Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйренеді.
Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзінде қолданады. Сонымен, ойын бұл кезде өзінің мәнісі жағынан символикалық болады. Символикалық ойын, баланың символдарды қолдануы – оның психиканың дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір объектіні екінші объектінің көмегі арқылы ауыртыра білу қабілеті кейінірек әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамассыз ететін жетістік болып табылады.
Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағылардан зейінін жақсы жинақтайды және көбірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады. Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына өтетін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмұнына зейін жинақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны құрдастары ойыннан қуып жібереді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын үстіндегі жолдатарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады. Психологиялық әдебиетте құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінен айрылған егіз ұлдардың психикалық нашар даму оқиғасы суреттелген.
Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойланудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей (тіпті бала оны жақсы біліп тұрса да) қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс-әрекеттер тірегі ретінде көрінеді. Сонымен, рольдік ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды. Алғашқыда, әрине, ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады. Бала өзі жаңа ат беріп және демек, жаңа функция артатын заттармен нақты әрекет жасаудан біртіндеп ішкі, нағыз ақыл-ой әрекетіне ауысады. Ақыл-ой әрекетіне ауысудың негізгі ойын әрекеттерінің қысқаруы мен жалпылануынан тұрады.
Рольдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.
Мектепке дейінгі шақтың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске түседі. Мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны үлкендердің шынайы заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары арқылы қайта жаңғыртатын іс-әрекеттерді орындау болып есептеледі. Мәселен, үш жас шамасындағы балалар столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі, аяқкиім тазалайды т.с.с. Іс-әрекеттерді қайта жаңғырту – мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны.
Мектепке дейінгі ересектердің ойыны сәл басқаша өтеді. Егер сәбилер үлкендерден үйренген кейбір іс-әрекеттерді орындай отырып, осы іс-әрекеттерге сәйкес рольдерді өзіне алмайтын болса, ересек балалар қайсыбір рольдерді ойнай бастайды. Мәселен, қуыршақты тербетіп отырған екі-үш жасар қыз бұл жерде өз мойнына мама ролін алмайды да бұл жағдайда: “Сен кімсің?”- деген сұраққа өз атын атап жауап береді. Ал бес-алты жасар қыз болса, өзін “мамамын” деп таныстырады.
Ойынмен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рольді сурет салу, мүсіндеу, аппликация, конструкциялау тәрізді жемісті іс-әрекет атқарады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже (сурет, құрылыс) алуға бағытталуымен сипатталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар жекелеген еңбек тапсырмаларын да орындауды үйренеді. Әрине, бұл жерде іс-әрекеттің ерекше дербес түрі ретіндегі еңбек жөнінде айту ертерек болғанымен, осындай тапсырмаларды орындау үстінде еңбектің дамыған формаларына тән кейбір психологиялық қасиеттер қалыптасады. Солардың ішіндегі негізгісі өз іс-әрекетін қоғамдық мотивтерге бағындыра білу, бұл іс әрекеттің бас қа адамдарға келтіретін пайдасын басшылыққа алу болып табылады. Нәтижесінде мектепке дейінгі шақтағы бала оқу әрекетінің әлементтерін игереді. Оқу міндеттерінің бөлініп шығуы мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай ғана болады. Осыған байланысты балаларда үлкеннің нұсқауларын зейін қоя тыңдап, орындай білу пайда болып, тапсырманы орындау тәсіліне деген ықылас, өзін-өзі бақылаудың алғашқы дағдылары қалыптасады. Оқу әрекеті баланың психикасына, алдымен қабылдау, зейін, ес, ойлау тәрізді психикалық процестердің ырықтылығы мен басқарылуына өте жоғары талаптар қояды және сөйте отырып тиісті психикалық қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.
Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
Мектепке дейінгі шақ - баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы істің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады.
Үш жастан жеті жасқа дейінгі көру, есту, тері-қимыл сезгіштігінің табылдарықтарының едәуір төмендейтіні байқалады. Көздің көргіштігі, түстер мен олардың реңктерін ажырату нәзіктігі артып, фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды, қол белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл барлық өзгерістер өздігінен бола салмайды. Олар баланың болмыстығы заттар мен құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым-қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-әрекеттерін игеруінің нәтижесі болып есептеледі.
Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар (сенсорлық эталондар – спектр түстері, геометриялық формалар, музыкалық дыбыстар, тіл фонемалары т.б. жүйесі тәрізді адамзат белгілі бір жолмен бөліп алған заттар қасиеттерінің жіктелген өзара байланысқан үлгілері). Сесорлық эталондар балалар қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданып, тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін айрықша өзінше бір өлшем қызметін атқарады.
Қабылдауды дамыту әсіресе арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбие болған жағдайда тиімді өтеді. Сурет салуға үйреткенде музыка сабақтарында, дидактикалық ойындар процесінде мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық эталондар жүйелерімен жоспарлы түрде таныстырады, заттарды тексеру тәсілдеріне, олардың қасиеттерін игерілген эталондармен салыстыруға үйретеді. Бұл бала қабылдауының толық, дәл және бөлшектенген болуына жетелейді.
Қабылдауды дамытудың айрықша бір саласы – көркем туындыларды (картиналарды, музыкалық пьесаларды) эстетикалық қабылдауды қалыптастыру. Салынған суретті дыбыс қабылдау үшін бала бейнелеу ерекшеліктерін ескере білуі тиіс. Ол қоғамда қалыптасқан графикалық және живопистік бейнелеу нормаларын игеруі тиіс. Бұлай болмаса бала, көшеде жүрген балалардың перспективалы бейнелерін көре салып: “Мынау үлкен, мынау кішкентай бала, ал мынау қуыршақ”,- деп дәлелдейді.
Балалардың музыка қабылдау қабілеті және соған байланыстыэтетикалық тебіренуі, картиналарды қабылдауға қарағанда азырақ зерттелген. Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық шығармаларды эстетикалық қабылдауға қабілеттілігі және мұның өзінде музыкалық тебіреністер, негізінен, шығармалардың тербрі және ырғағымен анықталатыны дәлелденген. Алты-жеті жасқа қарай балалар әуенді тәп-тәуір қайта жаңғыртып және ең бастысы, оған эстетикалық баға (“ұнайды”, “ұнамайды”) бере алады. Музыканы үнемі тыңдауға, айналасындағылардан оған терең эмоциялық жауап қайыруды үйренуге мүмкіндік бар жерлерде балалардың музыкалық қабілеттері ерте оянады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
Қабылдаудың жетіле түсуімен тығыз байланысты баланың ойлауы да дамып отырады. Егер сәбилік шақта ойлау заттық (атап айтқанда, құралдық) іс-әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол практикалық әрекеттің алдын алады. Бұлай болу себебі, бала бұрынғы тәжірибеде жасалған әрекет тәсілін басқа, бірақ алғашқыға дәлме-дәл келмейтін жағдайға ауыстыруды үйренеді.
Мектепке дейінгі шақта бала өмірлік мәселелерді үш түрлі: көрнекі-әсерлі, көрнекі-бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу, тәсілдермен шешеді. Бала неғұрлым жас болған сайын, ол соғұрлым практикалық байқап көрулерді жиі қолданады, есейген сайын ол көрнекі-бейнелі және кейін логикалық тәсілдерге көбірек жүгінеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту негізіне ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру жатады. Бұл қалыптасудың басталар жері – материалдық заттармен жасалынатын шынайы әрекеттер.
Баланың бейнелі ойлауы белгілі бір жағдайларда дұрыс болмай, қателіктерге ұрындыратынына қарамастан, ол қоршаған дүниені таным білудің күшті құралы болып, балаға нәрселер мен құбылыстар туралы жалпылама ұғымдар жасау мүмкіндігін қамтамассыз етеді. Бұл толық мөлшерде мектепке дейінгі оқыту процесінде байқалады.
Мектепке дейінгі балалық шақта ойлаудың сөздік формаларының дамуы сөйлеу мен практикалық іс-әрекеттің өзара қарым-қатынасының өзгеруімен байланысты болады. Мектепке дейінгі кішкентайлардың практикалық міндеттерді шешу процесінде пікір айтуы оларға қортынды жасауы сияқты тиісті әрекеттерден тұрады. Келесі кезеңде сөйлеу әрекеттің алдын орау, жоспарлау функциясын атқарады.
Тіл баланың жалпылауларының жай қосымшасы ғана емес. Сөз - қоғамдық тәжірибенің бір бөлшегі. Ол баланың ойлау іс-әрекетін белгілі түрде бағыттайды, біртіндеп жоғары, нағыз ұғымдық форманы игеруге жеткізе отырып, оның жалпылауларын қалыптастырады.
Ойлауды қалыптастыруда шешуші роль атқарудың үлесіне тиеді. Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер мектеп жасына дейінгі балалар ойлауының бұрын жастың ажырамас белгісі деп саналып келген көптеген ерекшеліктері, шындығында балалар өмірі мен іс-әрекеттің айрықша жағдайларымен түсіндірілетінін және мектепке дейінгі оқытудың мазмұны мен әдістерін өзгертуге болатындығын көрсетіп отыр. Бес-алты жасар балалар денелердің кейбір жалпы физикалық қасиеттері мен күйлері, жануарлардың дене құрылысының олардың тіршілік жағдайына тәуелділігі, Бүтін мен бөлшектің арақатынасы, бірлік пен көптік т.б. туралы білімдерді оңай игереді және осы білімдерін өздерінің ойлау әрекетінде қолданады. Оқытудың тиісті формаларында (ақыл-ой іс-әрекеттерін кезең бойынша қалыптастырғанда) мектепке дейінгі балалар логикалық ойлаудың толық түсініктері мен тәсілдерін игереді.
Мектепке дейінгі шақта бала алдында тұңғыш рет практикалық қана емес, сонымен бірге білім алуға бағытталған айрықша танымдық міндеттер де пайда бола бастайды. Мұндай міндеттердің үлес салмағы біртіндеп артады. Атап айтқанда, танымдық белсенділік шеңберінде ақыл-ой іс-әрекеттерінің жоғары типтері қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі баланы бақылау оның қиялының бай екенін көрсетеді. Баланың қиял бейнелері айқын, көрнекі, эмоциялық жағынан бай, бірақ басқарылуы жағынан әлсіздеу болып келеді. Қиялды дамытудың негізгі бағыты – оны біртіндеп саналы ниетке бағындарып, белгілі түпкі ойларды жүзеге асырудың құралына айналдыру.
Мектепке дейінгі балалық шақ ырықсыз зейін мен естің басым болатын шағы. Бала өзі үшін тікелей қызықты саналып, эмоциялар қоздыратын нәрсеге зейінді келеді және назарын аударып, “өзі есте қалатынды” есінде сақтайды. Сөздік пікірлерден гөрі көрнекі бейнелер әлдеқайда оңай есте қалады. Тіпті тексті есте қалдыруда мазмұннан гөрі ырғақ пен ұйқастық көбірек маңызы бар.
Таным іс-әрекеттерінің барлық түрлерін жетілдіру баланың тілін дамытуға сүйенеді. Сөз балалар игеретін сенсорлық эталондарды бекітіп, ұғымдар мен түсініктерді тасушы ретінде ойлау процестеріне еніп, логикалық пікірлесу мүмкіндіктерін қамтамассыз етеді. Сөйлеу қиял қызметін бағыттайды, ырықтылық элементін енгізе отырып, зейін мен ес алдына міндеттер қояды есте сақтауға мән береді. Сөйлеу арқылы балаға адамзат тапқан. Жинақталған тәжірибе, атап айтқанда, психикалық іс-әрекеттің өзінің тәжірибесі беріледі.
Мектепке дейінгі шақтың басында бала ана тілін іс жүзінде тәп-тәуір игереді. Алайда, оның сөйлеуі ситуациялы: сол нақтылы жағдайдан тысқары жерде түсініксіз болады. Ол баланың өзіндік әрекеттерінде әлі өте нашар реттейді. Бала тілдік құбылыстарды аңғара алмайды, сөздерді олар бейнелейтін заттардан ажырата білмейді. Мектепке дейінгі шақтың аяғында сөздік қор молайып, тілдің грамматикалық құрылысы одан әрі жетіле түседі; ситуациялы сөйлеуден ситуациядан тыс жерде де түсінікті болатын контекстік сөйлеуге ауысу жүзеге асады; мінез-құлықта және психикалық әрекеттердің барлық түрлерін жүзеге асыруда тілдің реттегіштік функциясы құрт артады; сөздік ойлаудың негізі болатын іштей сөйлеу қалыптасады. Тиісінше үйреткен кезде балалар тілдің сөздік құрамы мен сөздің дыбыстық құрамын аңғара бастап, тілдік құрлыстарға болмыс құбылыстарының ерекше түрі ретінде қарай бастайды.
Тілді меңгермейінше мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс психикалық дамуы мүмкін емес десек те, тіл психикалық құбылыстарды жасайды деп ойлауға болмайды. Олар іс-әрекеттің алуан түрлі процестерге тілдің қатысуы үстінде тәрбие мен оқытудың шешуші ықпалымен қалыптасады.
