Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhol_lek_kaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385 Кб
Скачать
☆

5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және

үлкендермен қарым-қатынасы.

Баланың жеке басы дегенде, біріншіден, ол нендей қасиетке ие, оның ішкі “Мен” дейтін сапасы қандай …с.с. айтады. Екіншіден, “жеке бас” деген сапа кім болса соған тән емес, бұл өзбеттілігі бар адам деген мағынаны да білдіреді. Мектепке дейінгілер үлкендерге бағынышты болғандықтан, оларда соңғы қасиет барлық жағдайда үнемі терең кездеседі деуге болмайды. Дегенмен бұларда өзбеттіліктің бастапқы қасиеттері кездесе бастайды.

Ал мектепке дейінгілердің “Мен” деген қасиетіне келсек, бөбектерге қарағанда осы сапасы недәуір қалыптасып қалған. Бұлар үлкендердің қамқорлығына барлық жағдайда көңіл бөлгісі келмейді. Кейде бұлар ерегісіп үлкендердің тілін алмай қоятындары кездеседі. Бірақ бұл ерегесу не қыр көрсету бұларда үнемі кездеседі деуге болмайды. Себебі бөбектерге қарағанда мектепке дейінгілердің есі кіріп қалғандықтан көпшілік жағдайда үлкендердің сөзін тастамайтын болады.

Мектепке дейінгілердің “Мен” деген қасиеті үлкендердің ықпалының негізінде қалыптасады. Біздің қоғамымызда арнайы шығарылған моральдық кодекс бар. Онда нені орындауға болады, нені болмайтыны туралы моральдық мөлшерлер жазылған. Сол мөлшерлерді бала бөбек жасынан бастап ұғынады да, кейін соларды күнделікті өмірінде орындауға тырысады. Бала нені жасауға болатынын, не болмайтынын білу үшін сол әлеумет ортасында, көпшілік арасында мойындалған мөлшерлерді (“нормаларды”) сақтап, соларды орындауға ұмтылады. Сөйтіп, жаман әдеттен аулақ болып, пайдалы істерге ұмтылып, баланың “Мен” деген қасиеті дами бастайды.

Ал мектепке дейінгілердің өз құбылыстарымен өзара қатынасына келсек, осылардың байланысы неше түрлі дәрежеде болып кездеседі. Баланы құрбыларымен достастыратын ойын қажеттілігі. Мұның солай екені мынадан: баланың жалғыз өзі ойнай алмайды. Біріншіден, бала ойнау үстінде көңілін көтеріп, өзін өзгелердің алдында осал емес екенін көрсеткісі келеді. Екіншіден, ойын - өзінше ермек. Осының нәтижесінде бала өз құрбыларымен осы қажеттілігін қанағаттандыру үшін достасатын болады. Бірақ баладан құрбыларымен не үшін дос боласын деп сұраса, осының өзде терең білмейді. Көбіне бұлар құрбысы оны “ренжітпейді” ойынды бірге ойнайтындықтарын айтады. Бірақ құрбысының мінезі қандай, қылығының нендей жағы сүйкімді, нендей жағы сүйкімсіз екенін жөнді айта алмайды.

Ал мектепке дейінгілердің ниетіне не іс-әрекетінің мотивтеріне келсек, осылар түрліше келеді. Белгілі тапсырманы орындау, соны қалай жүзеге асыру үлкендердің басшылығымен орындалады және оларға арналған қатынасына байланысты. Егер баланың ересектермен қатынасы жақсы, тату келсе, оның тілін алып, тапсырманы мүдіртпей орындайды.

Баланы іске итермелеуші күштің ендігі бір түрі сол объектінің, мысалы, ойынның оған қызғылықты келуі. Ойын неғұрлым қызғылықты келсе, соған көп уақытын жіберіп, мезгілдің қалай өткенін білмей қалады. Ойын қызық болмаса, онда оған ұмтылмайды.

Мұнымен қатар мектепке дейінгілердің іске оларды итермелейтін күштің бірі өзгелер алдында арлануы не өзінің намысын төмендетпеуге тырысуынан да кездеседі. Соңғы жағдайда бәлендей істі не тапсырманы орындамаса, өзгелерден ұят деп түсінеді.

Бұл келтірілген мотивтердің түрі бөбек жасында кездеспейді. Осылар бірлесіп иерархиялық түрде қабаттасып кездеседі. Тек осындай бірлесудің нәтижесінде мотивтер мен ниет баланы тиісті істі орындауға итермелейтін болады.

Сайып келгенде мектепке дейінгілердің “Мен” деген қасиеті және оны іске итермелейтін мотивтер мен ниеттер недәуір қалыптасып, алдағы кезде баланың жетістікке жетуіне жағдай туғызады. Жеке адамның эмоциялық-ерік сферасы мен қасиеттерінің қалыптасуы.

Баланың жеке басының қалыптасуы эмоциялық-ерік сферасының қалыптасуымен, мінез-құлық мүддесі мен мотивтері сферасының қалыптасуымен тығыз байланысты болады. Ал, мұның өзі өз кезегінде әлеуметтік ортамен және ең алдымен баланың үлкендермен дамудың осы сатысына тән қарым-қатынастарын іске асыруымен анықталады.

Мектепке дейінгі шақтың ең басында-ақ бала мен үлкеннің арасында мүлдем жаңа өзара қарым-қатынастар пайда болады. Бала өзін үлкендерден бөле бастайды. Өз тілегін аңғартып: «Мен қалаймын«,- дейді. «Мынау мен«- деп өзінің фотосуретін көрсетеді. Үлкеннен бөлініп, өзін қайсыбір дербес адам ретінде жіктей отырып, бала өз іс-әрекеті мен үлкеннің қызметінің түрліше екенін айыра бастайды. Бала үлкеннен қашықтанғандай болып, оны еліктеу үлгісі ретінде бөліп алады да, «үлкендердей« іс-әрекет жасауға тырысады.

Адам жеке басының шын мәнісіндегі қалыптасуын мектепке дейінгі шақта пайда болып, дами бастайтын мотивтердің қатар бағынуымен байланыстырады. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ауыспалы, бір-бірін күшейтіп немесе өзара қайшылықта болып бір-бірімен байланыспайтын жекеленген мотивтермен емес, негізгі әрі тұрақты түрткілер біртіндеп жетекші мән алып, шағын ситуациялық түрткілерді өздеріне бағындыратын олардың сатылы жүйесімен қозғау салына бастайды. Мотивтердің қатар бағынуы эффективті жағымсыз қатынасты саналы жеңіп, эмоциялық тартымды мақсат жолында ерік күшін жұмсай білумен байланысты. Бала кайсыбір тілегін артық көру қиындығына байланысты болатын іштей қынжылысты өте ерте сезінеді. Адамгершілік қақтығысы пайда болғанда мектеп жасына дейінгі кішкентайлардың көбінесе мақсатқа жетуі оңай ситуациялық тілектің жеңісімен аяқталады. Балалар есейген сайын тартымды, бірақ негізгі істен бұрын әкететін мақсатқа берілмей, қажетті іс-әрекетті оңай орындайтын болады. Әсерлі іс-әрекеттер саны азаяды. Қоғамдық мазмұны бар мотивтер неғұрлым маңызды бола бастайды.

Мектепке дейінгі шақ бойында көптеген жаңа мотивтер пайда болады.Мотивтер ретінде іс-әрекеттің сәттілігі мен сәтсіздігі, іс-әрекеттің өз мазмұны т.б. көрінуі мүмкін. Ойын әрекеті баланың ерік жігер күшіне мән береді. Ойын мотиві жағдайында бала өз мінез-құлқын оңай басқарады.

Баланың ерік сапарларының дамуына, ойынмен қоса, жемісті іс-әрекет түрлері едәуір әсер етеді. Сурет салу, конструкциялау, аппликация іс-әрекеттерінде нәтиже алуға бағатталған мақсат пайда болады.

Ерік сапарларын дамыту үшін баланың еңбек тапсырмаларын орындауының үлкен маңызы бар. Бұл жағдайларда баланың мінез-құлқын моральдық мазмұнды мотивтер ұйымдастырады.

Мектепке дейінгі шақта бала жемісті мақсаттарын (мұнара жасау), қоғамдық пайдалы еңбек мотивтерін (сәбилер үшін жалауша жасау) ғана емес, сонымен қоса үйренген адамгершілік нормаларын басшылыққа алады. Ол мінез-құлқын жақсылық пен жамандық жөніндегі өз түсінігіне бағдарлап ұйымдастыруға тырысады. Мотивтер сатысының дамуына қарай бала мотивтер тартысын басынан кешіріп, шешім қабылдап, содан соң неғұрлым жоғары мотив жолында ол шешімнен бастарта бастайды. Мотивтер жүйесінде қай мотивтің жетекші болып келуі баланың жеке басын айқын сипаттап береді.

Өзін-өзі бағалау қабілеті балаға өз айналасындағылармен қарым-қатынас жасауда бағдар береді.

Өзін-өзі бағалау баланың саналы іс-әрекетін дамытудың неғұрлым күрделі жемісі. Балалар ересектермен тек өздерінің сыртқы іс-әрекеттеріне байланысты ғана емес, сонымен қоса ішкі күйі мен тебіренстеріне байланысты да қарым-қатынас жасауға тырысады. Өз тебренстерін түсіну оларды дауыстап айтып көру және оларға іштей мән беру арқылы пайда болады. Бала енді жәй ғана қуанып ұялып, өкпелеп қоймай: «Мен қуанып тұрмын«, «Мен ұялып тұрмын«, «Мен өкпелеп тұрмын«,- дей бастайды. Ол қандай тебіренстерді басынан кешіріп тұрғанын түсінеді.

Өзін-өзі бағалау мен өзіндік сананы дамыту – мектепке дейінгі шақтың негізгі жаңа құрылымдарының бірі. Өзіндік санадан баланың қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өз орнын түсінуі, практикалық іс-әрекет саласындағы өз мүмкіндіктерін бағалауы және өзінің ішкі өміріне зейінінің оянуы көрініп отырады.

Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.

Баланың мектепке келуінен бастап оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Бұл кезеңге ол тиісті дәрежеде даяр болуы тиіс. Алдымен бала, оған жаңа праволар ғана беріп қоймай, сонымен қоса едәуір қиындығы бар міндеттер артатын маңызды іс-әрекет жасауға даяр болуы тиіс. Кішкентай мектеп оқушысы айналасындағылардан өзінің оқу сабақтарына деген құрмет күте отырып, өзіде мұғалімнің барлық тапсырмасын жүйелі орындауға, сол сәтте қаласа да, қаламаса да, өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға міндетті болып саналады.

Жасы жетіге жеткен балалардың көпшілігі мектеп оқушысының жағдайына көшуге ұмтылады, алайда ол жағдайдың не екенін олар барлық кезде бірдей айқын түсіне бермейді.

Кейде оларды портфельге ие болғысы келу, өзін үлкен санау, бағалар алу т.б. тәрізді істің таза сыртқы жақтары қызықтырады. Оқушы жағдайына шын мәнінде даяр деп оны мектептің сыртқы жиқаздары емес, жаңа білідер алу мүмкіндіктері қызықтыратын, яғни біршама дамыған танымдық ынталары бар баланы айтамыз.

Тек осы негізде ғана балалар өздерінің мектептегі міндеттеріне тиісті дәрежеде жауапкершілікпен қарауға қабілетті болады. Алайда мектеп оқушысы болғысы келу тілегі мен оқуға байыпты көзқарас жеткіліксіз: мұнымен қоса осы тілек, осы қатынасқа ситуациялық себебтерді бағындары білу, сабақ үстінде өзін зейінді болуға көндіру, кейде жолықтыратын ережелерді жаттау, қиын есептің шешімін табанды түрде ойластыру қажет. Басқаша аөзбен айтқанда, болашақ оқушыға өз мінез-құлқын, оның ішінде өзінің танымдық іс-әрекетін ерікті басқару, оны оқу міндеттерін шешуге бағыттап отыру қажет болады. Ал, мұның өзі балада шағын себебтерді маңыздырақ тұрақты мақсаттар мен ниеттерге бағындыруға көмектесетін мотивтердің сатылы жүйесі қалыптасқанда ғана мүмкін болады.

Қазіргі мектеп оқытуды тақыр жерден бастамайды. Мектеп балалар 1 сыныпқа тиістімөлшердегі білім дағдыларымен, ал бастысы – зерттелінетін заттар мен құбылыстарды жүйелі бақылауға, олардың ереулі ерекшеліктерін ажыратуға пікірлесуге және қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін дамыған қабылдаумен және ойлаумен келеді деп есептейді.

Бұл жоспарлы және дараланған қабылдауды, оқылатын материалға теориялық қатынастың элементтерін, ойлаудың жалпылама формаларымен негізгі логикалық операцияларын, мағыналы есте сақтауды игеруге тиіс баланың ақыл-ойын дамыту дәрежесіне белгілі талаптар қояды. Мұнымен қоса бала оқу әрекеті саласындағы бастапқы іскерліктерді (нәтижеден гөрі, оқу тапсырмаларының орындау тәсіліне зейін қою өзін-өзі бақылау т.б.) игеруге тиіс.

Бала мектепке келісімен ортақ маңызды іспен айналысып жатқан құрбыларының тобына кіреді. Бала мектеп тобының балабақша тобынан елеулі айырмашылығы болады. Мектеп оқушылары арасындағы өзара қарым-қатынас балабақшадағыға қарағанда басқа негізде құралады, баланың сыныптағы жағдайы басқа критерийлермен, ең алдымен оның рқудағы жетістіктерімен анықталады. Осы жағдайларда коллективке ене білу үшін бала басқа балалармен өзара қарым-қатынас жасаудың икемді тәсілдеріне, дамыған жолдастық сезімге ие болуы тиіс. Мектепке психологиялық даярлық, оны қай қырынан алсақ та, баланың бұған деген бүкіл психикалық дамуының қорытындысы, жанұя мен балабақшадағы тәрбие мен үйретудің бүкіл жүйесінің жемісі екенін оңай көруге болады. Нәтижелі оқытуға қажетті сапалар бірден пайда болмайды.

Олар баланың өмірге келген сәтінен бастап біртіндеп қалыптасады. Бұл сапаларды қалыптастыру үшін оңай, сурет салу, конструкциялау т.б. сияқты іс-әрекет түрлерінің маңызы болатынын атап көрсеткен жөн. Өйткені тап соларда алғашқы рет мінез-құлықтың қоғамдық мотивтері пайда болып, мотив сатылары қаланады; қабылдау мен ойлау әрекеттері қалыптасады, жетіледі, балалар арасындағы өзара қарым-қатынас дамиды. Әрине, ол өздігінен жүзеге аспай, өскелең ұрпаққа қоғамдық мінез-құлық тәрбиесін беріп, тиісті білімдерді жеткізіп, дағдыларды үйрететін үлкендердің балалар іс-әрекетіне үнемі басшылық жасауы кезінде болады.

Оқу әрекеті саласындағы қарапайым іскерліктер, таным процестеріндегі тиісті дәрежедегі өнімділік сияқты кейбір сапалар мектеп жасына дейінгі баланы сабақ үстінде жүйелі оқыту процесінде ғана қалыптасады.Балаларды мектепке психологилық даярлауда балабақшаның ересек және даярлық тобында жүргізілетін арнайы тәрбие жұмысының ролі аз емес. Бірақ ол жеңіл жәрдем жасауға тырысу түрінде болмай, психикалық дамудың бұған дейінгі бүкіл жетістіктеріне сүйенуі тиіс. Балалардың есін өте көп шашыранды мағлұматтармен толтырып немесе оқу, есеп шығару дағдыларын бағытсыз қолдана беруден зиянды нәрсе жоқ. Балалар жалпылама және жүйелі білім алып, олар болмыстың жаңа салаларында бағдар алуға үйретіліп (бұйымдардың сандық қатынастарын, тілдің дыбыстық материясын), осындай кең негізде дағдыларды игерту ұйымдастырылса, жағдай мүмлдем басқаша болады. Осындай оқыту процесінде балаларға болашақта кезкелген білімді саналы игеруге мүмкіндік беретін болмысқа теориялық көзқарастың бастамасы жасалады.

Мектепке кіруге дайындық.

Мектепке дейін баланың негізгі әрекеті – ойын. Ойын олардың өз еркінде. Ықыласы түссе ойнайды, ойнағысы келмесе ойнамайды. Мектепке кіргеннен кейін оқу міндетті түрде жүзеге асады, тіпті оқығысы келмесе де оқуға міндетті. Ал баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне көшуі үшін біраз мезгіл дайындық жүргізіледі. Даярлық әр саладан жасалынады.

Оқуға орай бақшада балаларды тиісті тәсіл (таяқшалар т.б.) арқылы санауға, не тиісті әрекет (оқу, өлең айту т.б.) үстінде түрлі ептіліктерге үйретеді. Ал тәрбие жағынан бақшада не үй ішінде баланы сыпайлыққа, силауға және үлкендердің тілін алдыруға үйретеді. Осы сияқты дайындықтар кейін мектепте ойдағыдай оқуға недәуір көмегін тигізеді. Мұнымен қатар баланың спихикалық дамуына да, мектепке бару үшін бірнеше мынау сияқты талаптар қояды: біріншіден, мектепке кірген баланың оқуға деген ықыласы болуы шарт. Кейде бала оқуға барам дегенмен, оған онша қызықпайды. Олар үшін мектепке тек пертаға отырып, не арқасына сумкасын салып жүруге мәз болады. Ықыласты осылайша түсіну дұрыс емес. Ықылас дегеніміз оқу процесінің өзіне қызығу. Екіншіден, оқу ойынға қарағанда өзінше жаңа әрекет болғандықтан, бала осыған төзе білуі қажет, мектепке келгеннен кейін белсенді түрде тапсырмаларды орындап, мұғалімнің сөзіне 45 минут шыдап, құлағын салып отыруы керек. Бұл бастапқыда балаға қиын болсада, осыған орай баланың ерік-жігерін дамытып, өзінің сондай ұзақ уақыт шыдамды болуына мектепке дейін даярлау қажет. Үшіншіден, сабақ үстінде мұғалімнің не өзге балалардың сөзіне зейінді болып соны қабылдай алуы шарт. Сабақ үстінде сын алуан сөздер не мазмұндар қамтылады. Солардың қайсысы ең негізгісі, қайсысы екінші дәрежедегі мазмұн, соны ажырата білу қажет. Төртіншіден, оқу материалын ұғынып, оны саналы түрде есінде қалдырып, қиын нәрселерді шешуге бала ойлана бастауы тиіс. Мектепке кірерде балалардың ойнауға қабілеті әртүрлі: біреуінікі күшті дамыған, екіншісінікі нашар дәрежеде кездеседі. Сонымен қатар бала өзінің айтайын деген ойын ана тілінде түсінікті етіп жеткізе алуға дағдылануы қажет. Осы келтірілген психикалық дамуға байланысты факторлар баланың оқуға түсіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады. Ал бақшадағы балалардың “мектепте оқығың келеме?”- деп сұрағанда олар:- оқудың ойынға қарағанда ұтымды жағын тізіп айтып беріпті, бірақ оқу балалар үшін жаңа әрекеттің түрі болғандықтан, онда көптеген қиыншылықтар кездесетінін білмейді екен. Балалардың мектепке дайындығы үй-ішіне қарағанда бақшада жақсы өтіледі. Бұл, бәлкім, дұрыста шығар. Бірақ баланың иекпеике оқуға дайындығы онымен жүргізіліп келген тәрбие жұмысының түріне (әсіресе, дидактикалық ойындардың түрлеріне т.б.) байланысты.

Бірақ балалар бақшасында тәрбиеленудің ұтымды жағы баланың еркеленуіне мүмкіндік берілмейді. Осыған орай ескеретін мәселе, баланың мінез-құлық жағынан тәрбиеленуі оны өз ата-анасы емес, танымайтын басқа біреу тәрбиелесе жақсы болады деген пікір қазірде кеңінен тараған. Осылай деу, дұрыс-та болар.

Ал ата-аналар не бақша мекемелері баланы оқуға дайындау үшін не істеуі қажет деген мәселеге көшейік. Мектепке дейінгі баланы тексеруі оқуға не сандарды санауға үйрету қажет, себебі бұлар өз бетімен оқуға үйренсе, онда олар ой-өрісін молайта алады. Бірақ оларды жазуға үйретудің қажеті жоқ. Себебі ата-аналар мектептегі мұғалімдей баланы дұрыс каллиографиямен жазуға үйрете алмайды. Баланы оқытуға асғамын деп оның каллиографиясын бұзып алса, онда соны жөндеу кейін қиынға соғады.

Жалпы айтқанда, баланы кімдер тапқырлыққа бақылампаздыққа, тапсырмаларды бұлжытпай орындауға жұмсай алса, онда олардың баланы оқуға даярлауда үлкен жетістікке жете алғаны. Бұл мәселе тым, аса жауапты болғандықтан, осыған дер мерзімінде аса көңіл бөлуі керек.

Жалпы лекция бойынша сұрақтар.

Мектепке дейінгі шақта балада қандай өзгерістер болады?

Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс -әрекеті.

Баланың интелектуалды дамуы.

Мектепке дейінгі баланың жеке басының дамуы.

Жеке адамның эмоциялық-ерік сферасы мен қасиеттерінің қалыптасуы.

.Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.

3.Мектепке кіруге дайындық.

10-Дәрісбаян. Бастауыш мектеп кезеңі

Кіші оқушының психологиялық сипаты.

Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.

Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.

Кіші оқушының таным процестері.

Кіші оқушының жеке басының дамуы.

1 сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.

Кіші оқушының психологиялық сипаты.

“Бастауыш мектеп жасындағы оқушы” деген термин ұзақ болғандықтан біз оның орнына “Кіші оқушы” деген сөзді қолданамыз. Бұл жастың (7-11 жас) бөлек жас кезеңіне бөлінуі оқудың көп елдерде жаппай үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңді бөліп алып алып қараудың себебі – бұларда өтілетін оқу материалдары ұқсас келуінен.

Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, мектепке келгеннен кейін оқу шешуші рөл атқарады. Оқу негізгі қызметке ауысып, баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай баланың психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерістерге ұшырауының себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында.

Әуелгә уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар кездеседі: Біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмай (мысалы, белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан) қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, сыныптың мұғалімі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып, әке-шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл болуді талап етеді. Осы кезде әке-шешелері оны көп еркелетпесе, осының өзі қиыншылықтардан бас тартпауға, қиыншылықтарды жеңуге пайдасын тигізеді. Үшіншіден, 1 сыныпта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу балада бірте-бірте сенеді де, оқуға немқұрайлы қарамайтын болады. Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте қиындату қажет. Әдетте, осы материалы жеңіл келсе, баланың іші пысып, жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс.

Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін 1 сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы (2-3) сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Жалпы алғанда 2-3 сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.

Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.

Мектепке кіргенді бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы (сүйектенуі) 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кіші оқушының 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағыларды жазба жұмысымен көп уақытын жіберуге болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2,5 кг-дай қосады. Биіктігі жылына 5 см өседі. Бұл кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс алу органдары недәуір қалыптасып қалады. Бірақ жүрегінің соғуы 84-90-ға дейін барады (ересектердікі 70-72 жиілігімен соғады). Осының өзі баланы недәуір қиналдыратын болмаса да, қан айналыс системасының жұмысын онан әрі жақсатады. Мұның себебі қан айналыс түтіктері диаметрінің көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да, көп жұмыс істесе де шаршамайтын болады. Бас миының салмағы (7 жастан 11 жасқа дейін) 1000 гр-нан 1400 гр дейін өседі, әсіресе оның мұндай бөлігі недәуір қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл-ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді.

Ал физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ми клеткаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшерлері (оң және теріс индукцияларының өзара көлемі, иррадиация мен шоғырлану заңдылықтары) күрделі болып қызмет атқарады. Әсіресе балада теріс индукцияның негізінде болатын тежелу үстем алып, осының нәтижесінде кіші оқушы өзін-өзі меңгере алмауына, керек деген жерінде өзін-өзі тежелте алуына мүмкіндігі бар.

Баладағы анатомо-физиологиялық өзгерістер. Келелі кезде оқуға, еңбек етуге жағдай туғызуға, тиісті тапсырмаларды мүдірместен орындауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]