Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhol_lek_kaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385 Кб
Скачать
☆

Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.

Жасөспірімнің жеке басының әлеуметтік-моральдік ересектігінің дамуында қарым-қатынастың ерекше түрі – жақын жолдастарымен және досымен қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Жыл өткен сайын олар неғұрлым қажет бола түседі. Жасөспірім сыйлы, беделді, қайсыбір салада озық сыныптастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылады.

Жақын жолдастарының қарым-қатынасында әңгімелесу үлкен орын алады. Әр түрлі істе де, серуен кезінде де әңгіме үзілмейді, шындап келгенде оларды осы әңгімелесу ғана байланыстырады.

Маңызды әрі жеке адамға қатысты деп ұғынылатын мазмұнның ұлғайып, тереңдеуі ақылдасуға, қолдау мен көмек алуға болатын досқа зәрулік туғызады. Сондықтан, достық қарым-қатынастарға – өзара сыр жасырмау және түсіністік, сергектік пен сезімталдық, бірлесе талғану, сыр сақтай білу сияқты ерекше талаптар қойылады. Нағыз дос тауып, оған өзі де жалғыз досы болу – әрбір жасөспірімнің арманы.

Жасөспірім достығының мұраты – «қашанда бірге болып, бәрін бірдей бөлісу». Жасөспірімдер дос-жолдасымен ортақ өмірге ұмтылады.

Нағыз достықтық бірден шығуы сирек болады. Жасөспірімдер достықты қадірлегенімен, оған көп талап қояды, әрі өкпелегіш болады. Жақын жолдасымен, досымен қарым-қатынас туралы жасөспірім көп ойланып, толғанады. Ол осы қарым-қатынаста, өзіне жолдасының несі ұнап, несі ұнамайтынын білуге тырысады, өзінің оған, оның бұған қатынасын салыстырады, жәбірлейтін қылықтарды анықтап, олардың себебтерін білуге тырысады. Ойланумен бірге жасөспірім өзін жолдасымен салыстырады.

Достықтың қағидаларын меңгеру – баланың жасөспірім шақта жететін маңызды жетістігі. Жасөспірімдік жаста ер балалармен қыздар балалар арасындағы қарым-қатынаста айтарлықтай өзгерістер болады. Бір-біріне ден қою, ұнатуға тырысу, ал осыған байланысты өзінің сырт пішініне зер салып ұнамды көрінуге ұмтылу шығады.

Бастапқыда басқа жынысқа көңіл аудару көптеген ер балаларда кіші жастағы жеткіншектерге тән қыз балаларға «тиісуден» көрініп, дамиды. Кейін қарым-қатынас өзгереді, ашықтық қалады, жасқану, ұялу, ыңғайсыздану келіп шығады. Жоғары сыныптарда көбі, әсіресе қыздар кімге кім ұнайды деген мәселеге зер салады. Өзінің қарым-қаратынасы туралы жасөспірім әдетте досына не жақын жолдасына ғана айтатын болғанымен, мұны әдетте сыныптастарының көбі біледі: Олар аңғарғыш болады, жаңалықтармен алмасады. Жеткіншектік шақта балалар мен қыздар арасында достық сирек болады; ал жоғары сыныптарды жиі кездеседі, өзара ұнату өте эмоциялы болып , өмірінде маңызды орын алады.

Басқа жынысты құрдастарына ден қоюдың жасөспірімнің жеке басының дамуы үшін маңызы зор. Ұнатқан объектісіне барынша көңіл аудару саралай аңғарғыштықтан көрінеді: Өзіне ұнаған құрдасының қылығындағы, көңіл-күйіндегі, толғаныстарындағы нәзік өзгерістерді аңғаруға бейімділік пайда болады. Романтикалық ұнату жеке тұлғаның барлық мүмкіндіктерін ширықтырады, жақсы болуға, жақсылық жасауға, көмектесуге, қорғауға ұмтылдырады. Бұл ден қою өзін-өзі жетілдірудің себептерінің біріне айналады.

Сөйтіп, жасөспірім шақта жолдастармен қарым-қатынас жасөспірімнің жеке басының қалыптасуына көбіне шешуші ықпал жасайды. Жолдастары оған үлгі болады, балалар бірігіп белсене іс-әрекет жасайды, бірін-бірі тәрбиелейді. Сондықтан жасөспірімнің жақын жолдастарымен, достарымен жеке қарым-қатынастары оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына және психикалық дамуына да зор ықпал жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]