- •Психология ғылым ретінде
- •2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •3. Психология салалары
- •Қайталау және бақылау сұрақтары:
- •Психика. Сана. Тән мен жан
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •Қайталау және бекіту сұрақтары:
- •Психикалық танымдық процестер:
- •3. Түйсік түрлері
- •4. Түйсік қасиеттері
- •2. Қабылдаудың қасиеттері
- •3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •4. Қабылдау формалары
- •5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Елес және ес. Ойлау
- •3. Ес теориялары
- •4. Ес түрлері
- •5. Ес процестері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •1. Ойлау жөнінде түсінік
- •2. Ойлау формалары
- •3. Ой қызметтері
- •5. Ойлау және жеке адам.
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Зейін түрлері
- •3. Зейіннің физиологиялық негізі
- •4. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •2. Қиялдың физиологиялық негіздері
- •3. Қиял түрлері
- •4. Шығармашыл қиял әдістері
- •5. Қиял және жеке адам
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Тұлѓаның даму себептері
- •4. Тұлғаның бағыт-бағдары
- •4. Өзіндік сана
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •4.Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
- •1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
- •Даму психологиясы пәні. Даму психологиясының негізгі категориялары
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
- •6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
- •Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
- •Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •Дәрістің жоспары:
- •Дәрістің жоспары:
- •Әдебиеттер:
6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, үлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының түтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен үлттың, этностың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болатындығы - тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп түратын өзіндік сипат-қасиеттері бар. Ыбрай Алтынсарин еңбек-терінде өз халқының мінез-қүлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез-құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақ-тардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналасуға икемді-лігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ар-дақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдам-дылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қа-сиеттердің жайжапсары - әлеуметтік психология саласы - этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.
7. Мінез және адамның жас сатылары
Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оқиғалар мен құбылыстарды бақылауға (созерцательность) бағытталады. Негізінен объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылық-әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағамдай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игеріл-ген тәржірибе мен білім бозбалалық кезеңнің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді.
Бозбалалық (юность) шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да бірбеткей келеді, қажеттіктер ауқымы кеңейеді, аласапыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаған дүниемен белсенді араласу, тікелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрі анағұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс, оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсіз де ауыр болуы мүмкін. Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді өзің басқаруың одан да күрделірек. Өмір бұрқасынында әрекет ете білу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз әрекетің басқалар қимылынан ұтымды болғаны керек. Бұрын жағымды түртүс, әуенге толы дүние енді бозбаланы әлеуметтік талаптар мен қалтқысыз міндеттерге орайды. Бозбалалық шақтың дағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделі құрдымға кетіп, "бақыт" мән-мағынасы өзгеріске келеді. Бақытқа деген көзсіз ұмтылыс енді "бақытсыздықтың" қорқынышына ауысады. Бірақ бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бәрі де өтпелі. Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, өзіңді дербес, бірде біреуге керегі жоқ дүние екеніңді сезіп, оқшаулана түсесің. Бірақ дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күшті.
Адамның ендігі өмір желісі көп шарпусыз, байсалды да аңдап басу кейпіне келе бастайды. Өмірдің бәрі тек бақыттан тұрмайтынын түсініп, адам қанағат, шүкіршілікке бой бағындыру қажеттігін аңдай түседі. Қиялдық өмірден кешегі бала нақты, күтілмеген, бұлтарыстары көп ақиқат өмірге өте бастайды. Енді бозбала өзінің бар қуат-жігерін пайдалы да қажетті, қолынан келер іске бағыштайды. Тәжірибе, нақты іс-әрекетке араласудан жас жігіт, бойжеткен бұрынғы жалған түсінік, ұғымдарынан арыла бастайды. Өмір енді адамға ішкі тұңғиық, тылсым тарапынан танылып, айқындала түседі. Тұлғаның әлеуметтік кемелденуі байқалады. Бірақ әліде жас жігіт басқаларды бағалауда өз сезім өлшеміне көбірек сенеді, махаббат, достық, әлеуметтік қатынастардың басқа да формаларында өзінің тұлғалық бейнесін нығайта түседі.
36-40 жаста адам өмірдің жаңа сатылық деңгейіне көтеріледі. Осы шақтан бастап өмір қуаты кеми бастайды. Бірақ бұл процесс алғашында рухани құндылықтар молдылығынан онша байқала бермейді.
Ал адам егде тартқан сайын оның көптеген рухани құндылықтары қайта қарастырылып, көбі жойылып, өткен өмір жеке оқиғалар жиынтығы ретінде еске алынады. Тек өмірдің алғашқы шерегі ғана ең ұзақ, қымбат әрі бақытты көрініп, қайталана жадқа келе береді. Қалған шақтардың бәрі қысқа да сарсаң өмір күйбеңіндей көрінеді. Көп жайт естен шығады. Өткендегі күйзелткендер мен қинаған-дардың баршасы мәнін жоғалтып, елеуден қалады. Осы жайтты даналықпен түсінген ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауи былай депті: "Баз кештім елу екіде жиғанымнан, Мал-мүлкім артық емес бір жанымнан". Ендігі өмірдің әр күні жылдарымдай шалт ағып, ізін жуып-шайып, өткеннің бәрін татымсыз күйге түсіреді. Кешкен дүние тұманданып, көз алдыңнан кете бастайды. Солай да болса, кейбір бастан өткен қызғылықты оқиғалар анда-санда жылт ете, көрініп, көңілді рахатқа бөлейді. Осының бәрі уақыт ендігіндегі адамның барша "Мені" санада сақталып қалмай, оның кейбір көріністері ғана бекіп қалатынын дәлелдейді.
Өмірдің екінші жартысының мәні бірінші өмір бөлігінде топталған материалды және рухани қордың шамасымен күні ілгері анықталады.
Адам мінезінің сан-қилы көріністері жас сатыларына байланысты әрқилы. Бұған дәлел "Диуани хикмет" шумақтары:
"Ғашық боп жиырма сегіз жасымда
мен, жан кешіп, мехнат шегіп,
бас ұрған ем ..." "Қанағат елу сегізде
сезіндіріп, Тыя гөр, қаһарлы ием, өзің біліп,
Құдайым бар непсімді безіндіріп". (Қ.А.Яссауи)
Өмір ақырына жасанды, жалған сенімдер (иллюзии) ғайып болып, өмір жағдайынан жамылған бүркеме-лер ысырылып, шынайы мінез көрініс береді, әлеуметтік роль мән-мағынасын жоя бастайды. Адам фәни ақырында өзін танып, өз болмысының төркінін білетін халге же-теді. Өмір балалық күндердегідей бақылау, меңзей қарау (созерцательность) кейпіне қайта оралады. Жас күнде де игілік, ләззәт бермеген көптеген құмарлықтар өшеді. Алайда, бозбалалықтың мұңнан қашып құтылмағанындай, кәрілікке де рух көтеріңкілігі жат емес. Көптеген шектеулерден босап, өмір аяғында адам өзін еркін сезініп, дүниемал, дос-дұшпанның шын мәнін пайымдау деңгейіне жетіседі.
Қоғамда әдейі, мансап иелеу үшін бүркенген жалған зер-оқалары (мишура) мен дүниеқоңыздық күйбеңдерін ысырып қойып, кәрілік ақиқат дүние құндылықтарына объектив баға береді.
Кәрі адамның ең күшті психикалық қасиеттері - өткен өмірдегі өз мәнділігін сезінуі, жетіскен адамдық дәрежесі және жемісті іс-әрекеттерінен қанағат рахатын тауып, мәңгілік өмір дариясының бір тамшысы болғанынан қуанышқа бөленуі. Бұл фаниден бақи дүниеге жолдама алып тұрған шақта да адам өзінің мәңгіліктен өшіп кетпейтінін біліп, оны медет тұтады. Оның өмірі адамзаттың мәңгілік ағымын жалғастыруға себін тигізді; мұны түсіну - кәрілік даналығы.
4- Дәрісбаян. ЭМОЦИЯ-ЕРІКТІК ПРОЦЕСТЕР: Сезім және эмоция
Дәрісбаянның мақсаты: Студенттерге эмоция және сезім туралы ғылыми түсінік қалыптастыру, олардың психо-физиологиялық сипатын ашып, ерекшеліктерін қарастыру.
Негізгі түсініктер:
Сезім,эмоция,сезім сапалары, эмоциялық жағдайлар,жоғары сезімдер, күрделі эмоциялар, көңіл,аффект, құмарлық, стресс, агрессия,фрустрация,депрессия, суицид, әлеуметтік, моральдық мәселелер.
Жоспары:
1. Сезім және эмоция жөнінде түсінік.
2. Сезім ерекшеліктері.
3. Сезім және эмоция қызметтері.
4. Сезім , эмоция формалары және негiзгi түрлерi.
5. Жоғары деңгейдегі сезімдер мен күрделі эмоциялар
6.Эмоциялық күйзелістердің негiзгi қасиеттерi
1. Сезім жөнінде түсінік
Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір - өшкен өмір. Ұлы ғұлама А.Нау-аи "Сезімсіз адам - кесек, махаббатсыз адам - есек" - деген екен.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен айналысуда. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні - адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет-қылыққа себепші болады.
Неміс ғалымы В.Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары эклектикті, яғни әртүрлі психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция - бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал кей жағ-дайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері, ал органикалық процестер - эмоцияның салдары ғана.
Эмоцияның қазіргі заман тарихы У.Джемстің 1884 ж. жарияланған "Эмоция деген не" атты мақаласынан бас-талды. У.Джемс және бұған байланыссыз Г.Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі - сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі - эмоциялық күйді танытады. "Біздің қайғыруымыз - жылағанымыздан; қорқуымыз - қалтырауымыздан; қуанғанымыз - күлгенімізден" (У.Джемс).
Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып, дененің әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді. Мұндай түсінік Ч.Дарвин еңбектерінде де берілген. Эмоциялық әрекеттердің көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, немесе олардың кейбірі өткен эволюциялық дамудың бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы (рудимент).
Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл-ой (когнитив) мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л.Фестингердің сана үйлесімсіздігі (когнитивный диссонанс) теориясы өз алдына. Бұл көзқарастың мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдау ете алмай, күйзеліс эмоциясына түседі, яғни санадағы "білімдер" үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әрекеттің нақты нәтижесі мен көзделген ниет өзара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады.
Эмоция туралы жалпы түсiнiк. Сезiмдiк түйсiну мәнерiнің сезiмдері мен эмоциялары түсiнiктерiнiң арақатынасы. Эмоционалдық құбылыс құрылымындағы ішкі компонент: пәнi, эмоционалды уайым және қажеттiлiктер (мотив-түрткiлер). Эмоционалды шиеленiсу.
Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала эмоцияның арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк айналамен эмоция ғана бiрiктiредi.Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi уайымдар бiр-бiрiн өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз.
Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б. Эмоцияналдық бағыт-бағдармен рационалды бағытының ерекешелiгiн қарастыратын болсақ, мынадай өзгешелiктердi байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтiн (яғни, туа бiткен), ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкiндiктерi нашар түсiнбеушiлiктер және қысқа мерзiмдi (жиi тылсым) ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептерi мен негiзiн жөндi ақылмен түсiнбеуi мүмкiн. Бiрақ олардың дүлдiгiне сенiмдi болуы шарт. Тұлға деңгейiнiң iшкi сенiмдiлiгi әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады.
Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненттi көрсетуге болады: пәнi, эмоционалды уайым жүне қажеттiлiк (мотив-түрткiлер).
Эмоция пәнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай болуы мүмкiн: емтиханда алған баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы жүне ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Бұл эмоциогендiк жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық) немесе бiреудiң көздеген ойынан тууы мүмкiн. Уайымдар эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды.
Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негiзгi компонентiн құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендiк жағдаяттарда кездесетiн қақтығыстар: түсiнбеушiлiк, шошу, таң қалу т.б. субьективтi реакциялар туғызады. Эмоционалдық уайымдар адамдарда әрқашан ырықсыз жүне ырықты саналы түрде туып отырады. Эмоционалды уайым түрлi деңгейде саналы жүне адамның iшкi рухани әлемiн (зейiнiн, ойлауын, есiн, қабылдауын), физиологиялық процестерiн (жүрек қан—тамырларын, тыныс алу, ас қорыту т.б.) өзгертедi.
Қажеттiлiк эмоционалды құбылыстың үшiншi компонентiн құрайды. Қажеттiлiк адамның iшкi психологиялық негiзi (көрсеткiштерi) болып бағаланады. Болып жатқан немесе өтiп кеткен жағдаяттардың мәнi қазiргi жағдайда өзектi қажеттiлiгiмен белгiлi бiр мөлшерде байланысы, қажеттiлiктерге кедергi немесе қанағаттандыруға жағдай жасау. Мағыналық әрқашанда қажеттiлiктермен белгiленедi. Мағыналық жағдайлардың болмауында эмоция көрiнбейдi. Мысалы, аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп жағдаяттар туындайды. Бiрақта сол жағдаяттар тек тамақ қажеттiлiгiн қанағаттандырғаннан кейiн адамға мағынасы мүнсiз болуы мүмкiн.
Қорыта айтқанда, эмоционалды уайымды адамға мағыналы қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн және адамның өмiрлiк түрлi жағдаяттарының түрткiлерiне субьективтi реакция болып қарастырылады.
Тұрақсыз үлеуметтiк, экономикалық, саяси, экологиялық жағдай өскелең ұрпақтың және тұлға дамуындағы әртүрлi ауытқулардың өсуiне бейiмделтедi. Бiрiншiден, зорлық-зомбылық, ұрыс-тартыс, қажеттiлiктерiн қанағаттандырмаған жағдайда, криминалды оқиғалар жиi ұшырасқанда адамдарда эмоционалды шиеленiсу болады. Екiншiден, әлеуметтiк ортадағы жағымсыз, қолайсыз оқиғаларды көрсету психикалық денсаулыққа, психикалық көңiл-күйге, яғни осы өмiрге деген қорқыныш, сенiмсiздiк пайда болады. Мысалы, қоғамда қауiптi жағдай кездескен жағдайда, мен өзiмдi осы жағдаймен күресудiң әдiс-тәсiлдерiн, ыңғайын iздестiруiм керек.
