- •Психология ғылым ретінде
- •2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •3. Психология салалары
- •Қайталау және бақылау сұрақтары:
- •Психика. Сана. Тән мен жан
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •Қайталау және бекіту сұрақтары:
- •Психикалық танымдық процестер:
- •3. Түйсік түрлері
- •4. Түйсік қасиеттері
- •2. Қабылдаудың қасиеттері
- •3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •4. Қабылдау формалары
- •5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Елес және ес. Ойлау
- •3. Ес теориялары
- •4. Ес түрлері
- •5. Ес процестері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •1. Ойлау жөнінде түсінік
- •2. Ойлау формалары
- •3. Ой қызметтері
- •5. Ойлау және жеке адам.
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Зейін түрлері
- •3. Зейіннің физиологиялық негізі
- •4. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •2. Қиялдың физиологиялық негіздері
- •3. Қиял түрлері
- •4. Шығармашыл қиял әдістері
- •5. Қиял және жеке адам
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Тұлѓаның даму себептері
- •4. Тұлғаның бағыт-бағдары
- •4. Өзіндік сана
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •4.Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
- •1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
- •Даму психологиясы пәні. Даму психологиясының негізгі категориялары
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
- •6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
- •Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
- •Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •Дәрістің жоспары:
- •Дәрістің жоспары:
- •Әдебиеттер:
Дәрістің жоспары:
14.1Ересектік кезеңге өтудің жалпы шарттары.
14.2 Ересектік кезеңнің әлеуметтік мағынасы. Ересектік кезеңдегі әлеуметтік белсенділік ерекшеліктері.
14.3Ересектік жастағы дағдарыс мәселесі.
14.4 Қоғамдық-пайдалы еңбек жетекші әрекет ретінде. Құндылық бағдары және көзқарастар мағынасы.
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:
Ересек адамның өміріндегі негізгі кезеңдердің сипаттамасы: 16 – 22 ж., 23 – 28 ж., 29 – 33 ж., 33 – 39 ж., 40 – 42 ж., 43 – 50 ж., 50 жастан кейін.
Ұзақ өмір сүрушілердің психологиялық ерекшеліктері. Е
ресек адамның психологиялық ерекшеліктері.
Өтеплі кезеңдегі рефлексияның дамуы: психологиялық алаңда басқа адамдардың қосылуына байланысты жақын адамдарды бағалаудың өзгеруі; балаларда «дұрыс өмір» тұжырымдамасын қалыптастыру; дене мен оның өзгерістерін қабылдау; психологиялық және физикалық жастың сәйкестенбеуі.
Кемелдік жастың өзіндік даму ерекшеліктері. Кемелдік – шақ ең ұзаққа созылатын адам дамуын кезеңі (30-60 жас аралығы) көптін арасында бұл кезеңді қалыптастыру мәселесі талас туғызып жатады. Біреулер бұл кезеңді (зейнетке кету кезеңі) деп анықтаса, енді біреулері «нағыз қоғам өмірін гүлдендіретін» кезең деп анықтама береді. Э. Эриксонның пікірінше, кемелдік шақ 25-тен 65- жасқа дейін созылады, яғни өмірдің 40 жыл уақтын алады деген сөз.
Кемелдік жақта, жастық шақтағыдай өмірінің маңызды бөлігін кәсіби қызмет пен жанұялық қатынастар алып отырады. Бірақ та олардың әлеуметтік даму жағдайы өзгеріп отырады: Бір кәсіпті таңдау мен өмірлік жарды таңдау орын алса, яғни өмірдің маңызды жақтарын ұйымдастыру болса, онда кемелдік шақта өзінің «менін» толық аша білу жағдайы жүзеге асады, яғни кәсіптік қызметпен жанұяда өзін толық аша білуі маңызды болып табыылады Э. Эриксонның ойынша, кемелдік шақтың негізгі мәселесі бұл даму жолының прогрессивтілігі мен регрессифтілігі арасындағы таңдау болып табылады. Бұл жерде ересектің көзқарасында өнімділік ұғымы мынадай түсінікке ие: шығармашылық және кәсіби өнімділік болып табылады.
Кемелдік шақтың негізгі ерешелігінің бірі өзінің және өзгелер өмірі үшін жауапкершілікті сезіну. Кемелдік кезеңдегі жеке бастың дамуынан ақталмаған максимализмнен құтылуды талап етеді, бұл әсіресе жас өспірімдік пен жастық шаққа тән. Бұл кезеңдегі ойладыратын мәселелер өмір мәселелеріне салмақтылықпен қарау, әсіресе кәсіби қызметтің жан-жақтылығына назар аудару болып табылады.
Кемелдік кезеңдегі көптеген адамдардан «жоспарланбаған» дағдарыс болады, яғни тұрақты екі кезең шекарасынан икемделу емес, нақты кезеңнің өзіне тұрақталу болып табылады. Бұл «40 жас дағдарыс» деп аталады.
Бұл дағдарыс кейбіреулерінде ерте басталады, ал кейбіреулерінде кеш басталып ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл 30 жастың дағдарысының қайталануы болып сияқты, яғни өмірдің мәнін іздеу дағдарысы. 30 жастағы дағдарыс кезінде адам белгілі бір нақты шешімге келе алмаса, 40 жаста бұл дағдарыстың қайталануы сөзсіз. 30 жастағы дағдарыс кезіндегідей, бұл кезде де адам қатты уайымға түсіп, өзінің өміріне деген қанағаттанбаушылық, өмірлік жоспарлары мен оның жүзеге асуы арасындағы алшақтықты сезінуін басынан кешіреді.
Кәсіби қызметтегі мәселелерге қоса, бұл кезеңде жанұялық қатнастарда да қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл кезеңде, әдетте, балалары өзіндік-дербес өмір сүре бастайды, кейбір өзінен үлкен туысқандары өмірден өтіп жатады. Жақын адамдарынан айырылу, жанұяда болатын келіспеушіліктер, барлығы дағдарыстық жағдайды одан да тереңдете түседі.
40 жастағы дағдарыстың туындау кезінде адам өзінің өміріне қайта үңіліп, өмір мәнін іздестіре бастайды, «Я – концепциясын» жаңадан құра бастайды бұл дағдарыспен көптеген маңызды өзгерістер байланысты, мәселен, кәсібін өзгертуіне жаңа басқа жанұя құруына дейін баруы мүмкін.
Кемелдік кезеңнің жаңа орталық шағы – бұл оның өнімділігі болып табылады. Яғни Э. Эриксон бойынша интегралды білім жүйесі, кәсіби өнімділік пен болашақ ұрпақ өміріне өз қорын қалдыру мәселесі болып табылады. Осыменен жастық шақта – орталық жастық жаңа білім бағыты болып, біріншіден, жанұялық қатынастар, ата-ана болу, екіншіден, кәсіби қабілеттілігі болса, онда кемелдік кезеңде осы екеуінің біріккен білім жүйесі, алдағы меңгерілген дағдылар нәтижелерін бекіту болып табылады.
40-жастық дағдарыс жағдайындағы аса маңызды мәселе - өмір жоспарының қайта түзілүімен байланысты «Я- концепциясының» өзгеруі болып табылады.
«Акмә» және «акмеология» туралы ұғым. Көптеген психолгтардың пікірінше кәсіби өнімділіктің мәселелері «акмэ»-гулдену өсудің биік шыңы, кезеңдерімен түсіндіреді, ол антикалық заманның өзінде-ақ пайда болған. Ежелгі гректердің түсінігінше, «акмэ» деген ұғымы даму психологиясында кемелдік шақты зеттейтін сала болып табылған. Бұл саланы «акмэология» деп атаймыз.
Көптеген зертеушілер, оның ішінде швейцарлық психолог Э. Клапаредтің, ойынша кемелдік кезеңдегі өзінің гүлдену-өсінуіне өзінің кәсіби шыңына жеткенде өзінің шыңына жеткенде адам өзінің дамуын тоқтатады, жеткен нәтижесінде тоқтап, өзінің шығамаршылық потенциялына қанағаттанады.
Кемелдік кезеңдегі «акмэнің» бөлінуі – бұл кемелдік кезеңге әркелкі көзқарстардың пайда болуы, осыдан өмірлік елсенділікпен энергияның төмендеуі болып табылады. Г. Кайктің анықтауы бойынша, кемелдік бұл – жанұялық өмірдегі гулдену, өсу болып табылады. Бұл кезеңде көптеген адамдарды өзінің шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мәселелері, өзінен кейінгі ұрпаққа белгілі бір шеберлікті қалдыру қажеттілігі жүзеге аспай қалған жоспарлары мен назардан тыс қалған мүмкіндіктер уайымдатады, өзінің жақын –туыстарымен жақын қатынастарды қалай сақтау мәселесі ойландырады.
Кемелдіктің ерте және ортаңғы кезінде бірінші фаза сақталады, ортақ функциялар сапаларының прогрессивті даму фазасы жүзеге асады. Бірақта, екінші фаза да туындайды, бұл кәсіби қызмет процесіндегі арнайы психикалық функциялар мен байланысты прогрессивті даму болып табылады. «АКМЭ» туралы түсінікті жақтаушылардың пікірінше акмеологияның негізгі міндеті – осы өнімді кемелдік кезеңнің туындау заңдылықтарын орналастыру болып табылады.
Бір қатар мамандықты меңгеруге қолайлы кезең өнімділік жас ерекшелік шыңы өздерінің мінез-құлқына негізделген. Барлық кәсіпкерлерінде шеберлік, білім мен тәжірибе физикалық және фунуционалды дайындықтың жоғары деңгейі жауап бере алуы тиіс. Сыналушы ұшқыштар, кәсіби спортшылар, әртістер өзінің «акмэсіне» кемелдік щақтың алғашқы кезеңінде жетеді, одан кейін біршама басылады. Басқа кәсіптерде мәселен, хирург-дәрігерлер, авиадиспетчер және т. б. «акмэ» кемелдік шақтың ортасында немесе соңына қарай жетуі мүмкін.
Мұндай жағдайлардың барлығында да кәсіптік өнімділік шыңы шеберлік, білім, тәжірибе деңгейлерінің қажетті оптималды үйлестілігіне байланысты, бір жағынан, функциональды дайындыққа негізделсе, екінші жағынан, физикалық дайындыққа негізделген.
«Акмэнің» мерзімі мен ұзақтығына адамның жеке тұлғалық ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, кез келген спорттың түрлерінде жас шағы ерекше маңызға ие.
«АКМЭ» мәселесі, әсіресе шығармашылық кәсіптегі адамдарда қызығушылық туғызады оқымыстыларды, жазушыларда, ақындарда, композиторларда, суретшілерде және т. б. өте айқын мысалдарды келтіруге болады, А. Н. Верстовский өзінің шығармашылық өнімділік шыңына «Асколдова могила» 36 жасында жеткен одан кейінгі 27 жыл уақытында осы секілді шығармаларды шығара алмады.
Ересектердің отбасындағы рөлі. Кемелдік шақ – өмірдің барлық сапасында өнімділік пен тиімділікке жететін. Ересек адамның маңызды міндеттерінің бірі – өзінің балаларын өсіріп-жетілдіру. Өсіп келе жатқан балалар мен ата-аналардың қатынасы әр түрлері болады бұл жерде әр түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Ең маңызды, шешуші жағдай әрбір ата-ананың балаға деген эмоционалдық қатынастар базасына байланысты болып келеді. Психологияда мұндай қатынастардың үш вариянты қарастырылады: Эмоционалдықтың негізі болып табылатын шартсыз сүйіспеншілік, негізделген сүйіспеншілік және баланы қабылдамау.
Аналық шартсыз сүйіспеншілікті Э. Фроле былайша сипаттаған: «Аналық сүйіспеншілік – бұл баланың өмірі мен мұқтаждықтары үшін өмір сүру, өзін-өзі құрбан ете біледі. Альтруистикалық сипаттағы ана сүйіспеншілігі махаббаттың ең жоғарғы түрі болып табылады. Жанұяда сүйіспеншілікке ие баланың уайым-қайғылар мен сүйіспеншілігін» деген түсінікте бірігеді. «Мен әдемімін, мен қайталанбас адаммын, сондықтанда сүйіктімін. Мен сүйіктімін, өйткені анам маған мұқтаж деп ойлайды. Мен сүйіктімін, өйткені бұл менмін. Мен сүйікті болуым үшін еш нәрсе істеудің қажеті жоқ».
Баланың әдемілігінен немесе ұсқынсыздығына, қабілеттілігіне қарамастан сүйеді. Балаға осындай сүйіспеншілік қажет.
Негізделген сүйіспеншілік – шынайы махаббат емес. Баласы мұндай жағдайда ата-анасының талап-үміттеріне жауап берген жағдайлардағана сүйеді. Егер бала ұқыпты, тәртіпті, тіл алғыш, мәселе әкелмейтін, жақсы оқитын, ата-анасының жолымен жүрген жағдайда ғана сүйіспеншілікке ие болады.
Негізделген сүйіспеншілік бала бойында өзіне-өзі сенімсіздік, мазасыздық сенімін туғызады, сондай-ақ өзін-өзі бағалау деңгейін төмендетеді.
Кемелдік кезеңдегі даму, әдетте, оның психологиялық жасының динамикасы мен байланысты болып келеді. Бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бір-бірімен сәйкес емес жастың үш түрін топтастыруға болады:
1.Хронологиялық (төлқұжаттық).
2.Физикалық (не биологиялық).
3.Психологиялық.
Физикалық жас төлқұжаттық жастан онша ерекшеленбейді. Мысалы, 40 жаста 20 жасар болып көрінуге болады және бүкіл ағза денсаулығы да сәйкес келүі мүмкін, немесе кәріліктің белгілеріне де ие болуға болады.
Психологиялық жас, бұл адам өзін-өзі қалай сезінуді қалай қабылдайды саған байланысты. Бұл жас ерекшелігі көбіне физикалық жасқа әсер етеді.
Психологиялық жас – бұл жас ерекшелік идентификация, яғни өзін – өзі қабылдаудың әр түрлі деңгейіне де тәуелді болуы мүмкін.
Психологилық жас, жас ерекшелік идентификация – уақыт ұғымдары туралы түсініктер мен байланысты өзіндік сана аспекті болып табылады.
Уақытты қабылдау, жас туралы түсініктердің қалыптасуын жеке тұлғаның ес процесінің қосылуына тәуелді болып келеді. Мәселен, үш жасқа дейін бала «қазіргі нақты уақытпен» өмір сүреді, қазіргі мезетте қабылданған заттарға ғана эмоционалды қатынас жасайды.
Кемелдік кезеңде психологилық жас көбіне жеке-тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді, сон дай-ақ оның тұлғалық бағыт-бағдарына өмірлік мақсаты мен оны жүзеге асыруды спецификасына да байланысты болып келеді.
15-Дәрісбаян. Қарттық кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Кілтті сөздер: қиял, шығармашылық, арман, пассивті, активті қиял.
Мақсаты: жалпы сипаттама беру, студенттерді негізгі түрлермен, қасиеттермен, заңдылықтармен және жеке ерекшеліктерімен таныстыру.
