Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhol_lek_kaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385 Кб
Скачать
☆

3. Ой қызметтері

Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақыл қызметтерін орындайды. Бұл нақты қызметтер (операция) өзара байланысқан, бірі-бі­ріне ауысып отыратын ойлардың әрқилы әдістерінен құралады. Бұлардың негізгілері: талдау (анализ), біріктіру (син­тез), салыстыру, дерексіздендіру (абстракция), нақтылау және қорытындылау.

Талдау - бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтін-нен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Қарапайым формадағы талдау - әрқандай затты практикалық қажетікке орай құрама бөлшектерге ажырату. Талдау практикалық (ойлау - сөйлеу процесінде жүріп жатады) және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда аталған ой операцияларына ұштаспаса онда ол қате, механистік сипат алады.

Біріктіру - бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттер мен әрекет-қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі, бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек, элементтер тобы ретінде қарастырылады.

Талдау мен біріктіру ажыралмас бірлікте. Әрдайым біртұтас бүтіндік сипатқа ие болған зат қана талдануы мүмкін. Біріктіру де талдауға негізделеді: қандай да бөліктер мен элементтерді бір бүтінге келтіру үшін, осы бөліктердің өзін және олардың белгілерін талдаудан танимыз. Ойлау барысында талдау мен біріктіру бірін-бірі ауыстырып, кезекпен алғы шепке шығып тұрады. Талдаудың не біріктірудің ойлау кезінде қажет болуы материал сипаты мен орындалатын жұмыстың шарттарына, сондай-ақ адамның ақыл-ой қабілетіне тәуелді.

Салыстыру - бұл әрқандай заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой әрекеті. Салыстыру түрлері келесідей: 1) бір жақты (бір белгісі бойынша, толық болмаған); 2) көптарапты (толық, барша белгілерін ескерумен); 3) үстірт және тереңдей; 4) тікелей және жанама. Салыстыру белгілі бір байланыс не қатынас бойынша жүргізілуі шарт (форма, түс-түр, салмақ, ұзындық немесе уақыт). Іс-әрекетті терең әрі дәл тану үшін аса қажет ойлау қасиеті - бұл ұқсас әртүрлі заттардың айырмашылығын, өзара бөлек заттардың - ортақ, ұқсас тараптарын сезіне білу.

Дерексіздендіру (абстракция) - бұл зерттеліп жатқан нысанның қандайда бір белгісін бөліп алып, қалғандарын елемеу. Дерексіздену, яғни бір сапаның заттық негізінен бөлініп қаралуы талдау нәтижесінде жүзеге келеді. Дәл осы дерексіздендіру арқылы ұзындық, ендік, сандық, теңдік және құндылық т.с.с. түсініктері қалыптасқан. Дерексіздендіру - танылуға қажет нәрсенің ерекшелігі және оны зерттеуде қойылған мақсатқа тәуелді күрделі процесс. Аталған ойлау қызметінің жәрдемімен адам жалқы әрі нақты заттың шеңберінде қалып қоймай, көп заттарға ортақ жалпы ұғым пайда етуге мүмкіндік алады.

Нақтылау - ойдың жалпы және дерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мысалға ойысуы. Адам әрдайым нақтылауды айтылған пікір басқаларға түсініксіз болса, жалпыланған қасиет, белгіні бір нәрсенің мысалында дәлелдеу қажеттігі туындағанда пайдаланады.

Қорыту - заттар мен құбылыстарды ортақ және мәнді белгілеріне орай ойда біріктіру. Мысалы, алма, алмұрт, өрік және т.б. ұқсастықтан олардың бәрін бір "жеміс" деген түсінікпен арнайы топтық категорияға қосамыз. Ой әрекеті қандай да нәтиже топшылауға бағышталады. Бірқатар заттардағы белгілі қасиеттер тобының әр­бір жеке заттарда қайталанып келуі, олар арасында қан­дайда маңызды байланыстың барлығынан хабардар етеді.

Қарапайым қорытындылау нысанның жеке-дара, кездейсоқ белгілеріне негізделеді. Объекттің әртүрлі тараптары бойынша жан-жақты қорытындылануы тек (вид) және түр (род) белгілерінің нақты ажыратылып, заттың белгілі бір түсініктер жүйесіне келтірілуімен байланысты.

Аталған ой іс-әрекеттері өзара байланыссыз, дербес іске аспайды. Бұлардың негізінде жоғары деңгейдегі топтастыру (классификация), жүйелестіру (систематизация) қызметтері жатыр. Әрбір ойлау әрекеті өзіне сәйкес ақыл қызметіне арқау болады да адам ойының белсенділік, әрекетшең, шығармашылық жаңғырту қабілетінің сипатын баса танытады.

4. Ой әрекеті түрлері

Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтастыру (классификациялау) проблемасы бірнеше бағытта шешімін табуда.

1. Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері - дискурсивтік: өз кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау про­­цесі.

2. Шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл (өнімді) және қайта жаңғыртушы (қайта жасаушы) болады. Шығармашыл ойлау жаңа идеяларды туындатуға бағытталады, оның нәтижесінде қандай да мәселе, проблеманың соны, қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі жүзеге келеді. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет: 1) жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық; 2) нақты тұлға ой-өрісінен бастау алған субъективті жаңалық. Қайта жаңғыртушы ой әрекетінің шығармашылдықтан айырмашылығы - дайын білімдер мен ептіліктерді қолданып, ескі сүрлеумен жүре білу.

3. Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әркеті теориялық және практикалық болып бөлінеді. Теориялық ақыл-ой (интеллектуал) әркеттері іске асырылуы тиіс практикалық іс-әрекеттердің бастауы, негізі. Әрқандай теориялық оймен ұштаспаған әрекет ақылдық емес, тек дағдылық, одан әрі тума біткен деп сипатталды.

4. Ойлау түрлерін классификациялауға байланысты психологияда кең тараған бағыттардың бірі - шешілуі тиіс болған мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ойлау: 1) затты-әрекеттік; 2) көрнекі-бейнелі; 3) сөзді-логикалы болып түрленеді.

Затты-әрекеттік ойлаудың көрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды (ситуацияны) жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді.

Көрнекі-бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес, олардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады. Мұндай ойлауда заттың тұтастай сипаты толық әрі жан-жақты көрініс береді. Бұл тұрғыдан көрнекті-бейнелі ойлау қиялдаумен жанасып кетеді.

Сөзді-логикалы ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған. Сөзді-логикалы ойлау тікелей бейнеге ие болмаған түсініктерді, логикалық құрылымдарды пайдаланады (мысалы, құн, ада­лдық, мақтаныш т.с.с.). Осы ойлау түрінің арқасында адам жалпы заңдылықтарды ашып, қоғамның даму желісін алдын ала болжап, сан алуан көрнекі материалды жалпыланған, қорытынды күйіне келтіреді.

Ойлаудың барша түрлері өзара тығыз байланысқан. Қандай да тәжірибелік іске кірісу алдын біз оның нәтижелік бейнесін көз алдымызға келтіреміз, яғни болашақ істі теориялық болжастырамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]