- •Психология ғылым ретінде
- •2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •3. Психология салалары
- •Қайталау және бақылау сұрақтары:
- •Психика. Сана. Тән мен жан
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •Қайталау және бекіту сұрақтары:
- •Психикалық танымдық процестер:
- •3. Түйсік түрлері
- •4. Түйсік қасиеттері
- •2. Қабылдаудың қасиеттері
- •3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •4. Қабылдау формалары
- •5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Елес және ес. Ойлау
- •3. Ес теориялары
- •4. Ес түрлері
- •5. Ес процестері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •1. Ойлау жөнінде түсінік
- •2. Ойлау формалары
- •3. Ой қызметтері
- •5. Ойлау және жеке адам.
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Зейін түрлері
- •3. Зейіннің физиологиялық негізі
- •4. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •2. Қиялдың физиологиялық негіздері
- •3. Қиял түрлері
- •4. Шығармашыл қиял әдістері
- •5. Қиял және жеке адам
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Тұлѓаның даму себептері
- •4. Тұлғаның бағыт-бағдары
- •4. Өзіндік сана
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •4.Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
- •1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
- •Даму психологиясы пәні. Даму психологиясының негізгі категориялары
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
- •6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
- •Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
- •Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •Дәрістің жоспары:
- •Дәрістің жоспары:
- •Әдебиеттер:
Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
7.1 Даму үрдісінің ерекшеліктері.
7.2 Жеке тұлға дамуының қайнар көзі,қозғаушы күші және шарты.
7.3 Жеке тұлғаның даму механимзмдері
7.4 .Онтогенездегі даму
7.5 Өзіндік сана-сезімнің құрылымдық бөлшектері.
7.6 Олардың генезисі.
Балалар жасын кезеңдерге топтастыру:
а) Қазақ халқының балалар жасын топқа бөлу тарихынан;
ә) Ғылым тұрғысынан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру.
Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
Психикалық даму туралы ұғым.
Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін алдымен “даму” деген сөз не, соған тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді.Бұл негізінде бөтен болғанымен, даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл түрде (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Кейде осының солай болып кездесетінін Ф.Энгельс арнайы ескертіп былай деген болатын: “Бұл заманда прогресс аталынуының бәрі, сонымен бірге біршама регресс болатынын да көрсетеді” (Ф.Энгельс, (1,73 б.)).
Бұлай деу әбден дұрыс. Дегенмен, психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болғандықтан, оның кейде кері кетуге байланысты дамуын (психикалық аурулардың кейбір түрлерін) еске алғанда, әсіресе тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алатыны рас. Бірақ психиканың алға қарай дамуын дұрыс түсінген жөн.
Психика дамуы үшін жаңа мен қатар көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты біз инвариант (лат. іnvarіant – “өзгерілмейтін”) деп атадық та, осыған тіректелетін жаңаны “өзгерілгіш” деп атадық. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз. Егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуыда осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістердің тіреніші болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
Сонымен психика түгелдей өзгерістерге ұшырайды деу қате пікір. Бірақ сынға алынып отырған пікірдің кең таралғаны сондай, кейбір зерттеушілер психиканың құрамының бәрі түгі қалмай өзгеріледі дейді. Егер осылай деу дұрыс болса, осының салдарынан адам баласында бұрынғыдан ештеңе қалмай бәрі жаңа болып, бірнеше мың жылдан кейін адамда кездеспеген сезгіштіктің түрі пайда болуы, не мүйізі шығуы ықтимал. Бірақ бұл мүмкін емес. Себебі ұзақ филогенетикалық дамуда адамға (және жануарлардың жеке түрлеріне) тән инварианттық қасиеттер “пішілген”. Осының нәтижесінде өзгеруге арналған қасиеттер үнемі дамып отыратын болса, ұзақ ғасырлар бойы (соның ішінде жануарлар дүниесінде) пішілген инварианттық қасиеттер өзгеріліп жарымайды: осының салдарынан адам ұрпағынан тек бала пайда болады, хаюандардың тұқымынан тек хаюандардың балапандары дамып шығады.
Бұл жәйіттердің өзі ересек адам психологиясы (ойы,ақылы) қоғам дамуының әр дәуірлерінде қалайша дамиды, соны зерттеу мәліметтерінен алынған.
Біз сол жәйіттерді баланың әр жаста психикасы қалайша дамиды соған орай қарастырып көрейік. Бұл жөнінде мынадай бір-біріне қарама-қарсы екі пікір бар: солардың біріншісі бойынша, баланың бір кезеңінде ие болған психикалық қасиеттерді, екінші жас кезеңіне көшкенде, бір жолата жоқ болып кетпейді, бірі бірінің үстіне үйіліп қосылып жатады. Екінші пікір бұған қарама-қарсы: бала бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне көшкенде бұрын үйренген оның қасиеттері жоғалады да, осында орнына жаңа психикалық қасиет пайда болады. Бұл пікірлерді біз ілгеріде үстүрт атап кеткенбіз. Ал осы пікірдің біріншісінің сүйенетін деректері мыналар: ересек адамды, мысалы, кемпірді гипноз жасап “сен қазір 1-ші сыныпта оқисын” деп сендіргенде, ол 7-ті жастағы каллиграфиясынан айнытпай, сол бала кездегідей жаза алады.Бұл рас болғанымен, осы факті тек дағдыны, не білімді түсінуге қатысы бар. Ал психикалық даму білімнен (дағдыдан) өзгеше келеді. Психикалық дамуды тек баланың есеюімен (есінің кіруімен ,ақыл-ойының өріс алуымен) ұштастырады. Демек, психикалық даму мен білім психиканың әр саласына жатады, сондықтан осы пікірді түгелдей қоспау қиын. Ал екінші пікірге келсек осының дұрыс жағы мұны қостаушылардың айтуынша, бұрын болып келген қасиеттердің үстіне жаңа қасиет қонбайды, психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған “кесінділерді” өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі, - дейді. Сонғы пікірді “қирау” теориясы деп атауға болады.
Біздіңше, бұл келтірілген пікірлердің екеуіде қате. Себебі осылардың екеуіде психикалық дамуды инварианттық және өзгергіштік факторларды еске алмайды.
Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар аз өзгерілетін қасиеттері (“инвариант”) психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептелінеді.
