- •Психология ғылым ретінде
- •2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •3. Психология салалары
- •Қайталау және бақылау сұрақтары:
- •Психика. Сана. Тән мен жан
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •Қайталау және бекіту сұрақтары:
- •Психикалық танымдық процестер:
- •3. Түйсік түрлері
- •4. Түйсік қасиеттері
- •2. Қабылдаудың қасиеттері
- •3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •4. Қабылдау формалары
- •5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Елес және ес. Ойлау
- •3. Ес теориялары
- •4. Ес түрлері
- •5. Ес процестері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •1. Ойлау жөнінде түсінік
- •2. Ойлау формалары
- •3. Ой қызметтері
- •5. Ойлау және жеке адам.
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Зейін түрлері
- •3. Зейіннің физиологиялық негізі
- •4. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •2. Қиялдың физиологиялық негіздері
- •3. Қиял түрлері
- •4. Шығармашыл қиял әдістері
- •5. Қиял және жеке адам
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Тұлѓаның даму себептері
- •4. Тұлғаның бағыт-бағдары
- •4. Өзіндік сана
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •4.Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
- •1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
- •Даму психологиясы пәні. Даму психологиясының негізгі категориялары
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
- •6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
- •Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
- •Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •Дәрістің жоспары:
- •Дәрістің жоспары:
- •Әдебиеттер:
6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
Қандай да еріктік әрекетке араласа отырып, адам оның ізгі нәтижесіне байланысты өзіне жауапкерлік жүктейді. Іс-әрекеттің әлеуметтік мәнді нәтижесі алғашқы ниет шеңберінен толастап ±лаѓатты іс (деяние) сипатын алады. Субъекттің осы іске болған жеке жауапкерлігі өз әре-кеттерінің салдарын қоғамдық-тарихи талаптар тұрғысынан сараптай білу қабілетінен көрінеді. Әлеумет ортасында қалыптасқан заң, мораль, әдет-ғұрып пен дәстүрлерге орай іс жақсылық (благодеяние) не жамандық (злодеяние) болып бағаланады.
Психологияда бақылау локусы (локусорын, Д.Роттер) деген ұғым қабылданған. Осыған орай өз қылықтары мен істерінің себебін тыстан іздеушілер сыртқы бақылаулы (экстерналды) ал себеп-салдардың көзін өзінен табуға тырысатындар ішкі бақылаулы (интерналды) болып бөлінеді. Экстерналды, яғни сыртқы себептерге жүгінетіндер әрдайым өз қабілеттеріне сенімсіздікпен қарайды, тұрақсыздық көрсетеді, мегзегенін кейінге қалды-руға бейім, жауапкерлігі кем, төңірегіндегілердің бәрі оны қобалжытады, осыдан ол күмәншіл, шамданғыш, ызақор. Ал интерналды адамдар өз қылықтары мен істерінің жауапкершілігін өздері көтеруге қабілетті. Мұндай тұлғалардың өзіне деген сенімі мол, мақсатқа жету жолында бұлар бір ізділік пен табандылық танытады, өз ісіне талдау жасай алады, мінезі байсалды, қайырымды, қауымшыл әрі тәуелсіз келеді.
Адам еркі басқа да к?птеген қасиеттермен ерекшеленеді. Олардың ішінде аса маңыздылары: ерлік, тәртіптілік, іскерлік т.с.с. - бұлардың бәрі де жоғарыда аталған ерік сапа, қасиеттерімен тығыз байланысты.
Еріктің ұнамсыз тараптарының бәрі тұрмыстағы кә-дімгі еріншектікпен ұштасады. Еріншекте іске деген құ-лық, ниет, оны орындауға талпыныс болмайды. Қызығы, көп адамдар еріншектігін бетіне басқанға "бауыр еті жарылып" өкпелегенімен, бұл қасиетін "қайтейін, осылай-мын" деп жеп-жеңіл мойындай салады, өзінің тұрмыстық ебедейсіздігі мен әлжуаздығын ақтау үшін оны психологиялық қорғаныс құралы ғып пайдаланады.
Барлық ерік сапалары мен қасиеттері адамның өмір барысында, іс-әрекетке араласуынан қалыптасады. Бұл дамуда әсіресе балалық шақ үлкен маңызға ие. Әрқандай психикалық процесс сияқты ерік те өз бетінен болмай, жеке адамның жан-жақты кемелденуімен бірге өрістейді. Балалық шақта өрбитін ерік қасиеттері көптеген әлеуметтік-қоғамдық ықпалдарға тәуелді, солардың ішінде отбасының орыны ерекше. Балалардағы ерік қылықтарына байланысты кемшіліктер: өжеттік пен тентектіктің көзі ата-аналардың қате тәрбиесінен: уақытында ұстамдылыққа үйретпеген, тілегенінің бәрін қанағаттандыруға тырысқан, белгілі тежеулерге үйретілмеген, т.с.с. Ал қан-дай да бір әрекетте күш сала білуге дайындық өздігінен болмайды, оған арнайы үйрету қажет, тиісті әдеттерге баулудан сәби ерік күшін дұрыс та қажет бағытта жұмсауға дағдыланады.
Отбасы тәрбиесінің және бір болымсыз қыры - баланы, әдетте, орындалмайтын, әл мүмкіндігінен тыс жүктеме, тапсырмаға жегу. Осыдан белі бекімеген жас тұлғада бастаған ісін аяқтамау әдеті қалыптасады, жұмыс нәтижесінен қандай да ләззат қуанышына бөлене алмай, бала түңіледі, бұдан былайғы тапсырыстарға бет бақпайды.
Бала әрекеті негізінен еліктеуден болады. Осы-дан ерік қасиеттерінің қалыптасуында ата-ана, тәрбиеші ж.т.б. өнеге-үлгісі маңызды келеді. Көркем әдебиет пен кинофильмдердегі санқилы кедергілерді өз батылдығы мен табандылығының арқасында жеңе білген кейіпкерлер де баланың ерік күшін тәрбиелеуде орасан жәрдем береді.
Балада ерік тәрбиелеудің және бір жағдайы оны қалтқысыз тәртіпке үйрету: жүріс-тұрыста, сабақ дайын-дауда, үй жұмысын орындауда ж.т.б. Ерік - бұл дұрыс ұйымдастырылған еңбек деуіміз осыдан.
Ерік қасиеттерін қалыптастыруда баланың дене тәрбиесіне мән беру қажет. Себебі тән әлжуаздығынан жас өспірім өмірдің қай саласында да қалаған жүктемені көтере алмайды, әйтеуір бір кедергіден өтуге шамасы жетпей, көңіл күйзелісіне түседі. Дене жаттығуы мол болып, басқалармен күш сынасуға дағдыланған бала өз ерік күшін ұстамға алып, оны қажетіне бағыттау қабілетін игереді.
Жас шақта бала өмірі - негізінен ойынмен тікелей байланысты. Ал ойын - бұл белгілі қалып, ерекше талап. Осыларды ырықсыз, ойын мазмұнына қызығумен орындай жүріп, қандай да еріктік сапаларға дағдыланғанын бала сезбей де қалады. Ойын баладағы ерік күштерінің арқауына айналады.
Ерік тәрбиесінде балалар ұжымының маңызы айтарлықтай. Ұжымдық өмірге араласа отырып, бала өз қылығын басқалардың талғамына көндіріп, икемділікке үйренеді. Өз қатарына қарай отырып, бала өзінде табандылық пен батылдық қалыптастырады, көпшілік алдында қорқақтығына намыстанып, оны жасыруға не тіпті жоюға тырысып бағады, ал бұл тырысу- ерік күшін керек етеді.
Бала еркінің даму көзі - бұл еңбек. Әрқандай еңбектік іс-әрекет ерік қатысынсыз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан бала белі қажетті дәрежеде бекігеннен, оны өнімді еңбекке қосу - басты шарт.
ТЕМПЕРАМЕНТ
1. Темперамент жөнінде түсінік.
2. Темперамент туралы теориялар.
3. Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамасы.
4. Темперамент және іс-әрекет.
1. Темперамент жөнінде түсінік
Темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Тем-перамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейді. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.
Темперамент - адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара бай-ланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған.
