Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhol_lek_kaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385 Кб
Скачать
☆

2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.

Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көдері мен заңдылықтары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы үшін әрқашанда басты проблема. Оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, олардың аса маңызды тәсілдерін анықтап, балаға деген қарым-қатынас және ересек адамдармен салыстырғандағы оның өзіне тән ерекшеліктерін түсіну осы проблеманың шешілуіне байланысты.

ХХ ғасырдың басында жас ерекшелігі және педагогикалық психология саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әртүрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық және әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар жайын сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем абсолюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.

Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағытқа не тән? Оған “туа біткен ерекшеліктерді” мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуын жеңіл-желпі, атүсті түсіну тенденциясы тән. Биологияшылдар үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болып көрінгенімен биологиялық ең алдымен тұқым қуалаушылық фактор айқындаушы фактор болып есептеледі. Биологияшылдардың пікірінше, даму, жеке адамның сапалық және сандық жақтары сөзсіз түрде тұқым қуалаушылықпен айқындалады, ал орта – бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғана.

Психикалық дамуда биологияшылдарға тән тұқым қуалаушылық факторларды артық бағалауы, олардың психологиядағы биогенетикалық деп аталатын заңға еруі толық айқындап бейнеледі. Психологиядағы биогенетикалық заң дегеніміз ХІХ ғасырда Геккель тұжырымдаған белгілі эволюция заңын (онтогенез филогенездің қысқара қайталануы) жас ерекшелігі психологиясы саласына ауыстыру әрекеті. Құрсақтағы тіршілігі кезеңде адам ұрығы бір клеткалы жанды заттан адамға дейінгі бүкіл даму сатысын қайталайтыны тәрізді, бала адамзат тарихының негізгі кезеңдерін жаңғыртып шығады. Биологиялық күштердің әсерімен психологиялық даму кезеңдері мен бала мінез-құлқының формалары бірін-бірі заңды түрде ауыстырып отырады.

Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ол сыртқы фактор ретінде қайсыбір тұқым қуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге ғана жарамды болады деген идея жатқызылды. Биогенетикалық заңнан кертартпа педагогикалық қорытындылар шығарылды. Бала дамуының табиғи барысына араласу жәберуге болмайтын қателік ретінде қаралды. Биогенетизм “еркін тәрбиелеу” деген педагогикалық теорияның психологиялық негізіне айналды.

Педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыттың да қателігі аз болған жоқ. Айырмашылығы бар сяқты болып көрінгенімен бұл теориялар көп жағынан жақындасып жатады. Бұл бағытты жақтаушылардың пікірі бойынша бала дауының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті: қоршаған орта қандай болса, адамның түптеп келгендегі жеке басы, оның мінез-құлықтарының механизмі, даму жолдары (бұл әуел бастан және мүлдем тікелей ортада беріледі) сондай болмақ. Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып танып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер тәрізді социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсіресе таным, жеке адам белсенділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік орта жағдайында көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қалайша қалыптасатыны, ал неліктен түрлі ортада ішкі жан дүниесі, мінез-құлықтарының маңызы мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы түсініксіз болып келеді. Даму мәселесіне механистік қатынас, жеке адамның өз белсенділігін, оның қалыптасуының диалектикалық қайшылықтарын елемеу – педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыттың анық идеялық-теориялық ақаулары осылар.

Биогенетиктер де, социогенетиктер де баланың психикалық дамуының қайнар көздері мен механизмдері жөніндегі дұрыс түсінік бере алмайды. Бұл міндетті жүзеге асыруға педология деп аталған арнайы пәннің де қабілеті жетпеді.

5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.

20-30 жылдары Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы қалыптасады. Выготский Ф.Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс процесінде құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің ролі жөніндегі идеяларына сүйене отырып, еңбек – адамның құралмен істейтін іс-әрекеті, ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адамның сыртқы практикалық іс-әрекетінде құралды қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық іс-әрекетінде белгілерді (сөзді, санды т.б.) пайдалануы негізінде мүмкін болады. Құрал мен белгінің ұқсастығы (психологиялық жағынан) олардың жанама іс-әрекеті жүзеге асыруға мұмкіндік беруінен көрінеді. Құрал мен белгі арасындағы айырмашылық олардың түрлі бағыттарынан келіп шығады. Құрал сыртқары бағытталған, ол объектіде өзгеріс тигізуі тиіс, ол табиғатты игеруге бағытталған адамның сыртқы іс-әрекетінің құралы. Белгі ішке бағытталған, ол объектіде еш өзгеріс туғызбай, адамның мінез-құлқына әсер етеді. Табиғатты игеру мен мінез-құлықты игеру өзара байланысты, өйткені адамның табиғатты өзгертуі адамның өз табиғатын да өзгертеді.

Адамның дамуы оқыту арқылы осы тәсілдердің (құралдардың да, белгілердің де) барлығын игеру процесінде жүзеге асады. Міне, сондықтан да, оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін ұйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады.

Бала тілінің дамуында маңызды роль атқаратын, Л.С.Выготскийдің сезімін айтқанда, мінез-құлықтың барлық жоғары формаларының ең көне негізі болып саналатын көрсеткіш ымның тарихы, міне, осындай. Бастапқыда көрсеткіш ым – іс-әрекет алдында затқа бағытталған сәтсіз қармау қимылы (қолын затқа қарай созады, бірақ ұстай алмайды). Балаға ересек адам келіп көмектесе отырып, сәбиді қызықтырған заттың көрсеткіші ретінде ымды ұғындырады. Осылайша көрсеткіш ым сәтсіз қарамау қимылынан басқалар үшін көрсеткіш мәні бар ымға ауысады. Ым – белгіге, қармау-көрсеткішке айналады.

Сонымен, барлық жоғары псикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастары көрініп жатады. Л.С.Выготский адамның психологиялық табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның құрылымының формалары болған қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды. Әлеуметтік мінез-құлықты генетикалық түрде жеке-дара мінез-құлықтан шығарған дәстүрлі психологияға қарама-қарсы Л.С.Выготский жоғары психикалық функциялар алдымен адам арасындағы қарым-қатынастар ретінде қалыптасады да, тек содан кейін ғана жеке адамның психикалық функциясына айналады деп көрсетті.Жеке адамның қалыптасу процесі дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның басқа адамдарға жасаған қарым-қатынасы арқылыболады деген сөз.

Мінез-құлық дамуының құралы ретінде сыртқы белгілер баланың ақыл-ой өрісінің дамуында ақау бар, жоқтығын психологтың анықтау қажеттілігі туған жағдайда маңызды көрсеткіш (диагностық) құрал болып та саналады. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балаға жүргізілген бақылаулар бала белгілерді қолданған жерде кемшіліктің орнын толтыру мүмкіншілігі сақталатынын, дамудың келешегі бар екенін көрсетіп отыр. Ал, белгілерді қолдану бөгелген немесе қалыптаспаған жағдайда ақыл-ой дамуының да бөгеліске түсетіні немесе тоқтап қалатыны анықталады.

Жалпы лекция бойынша қайталау, бақылау сұрақтары.

Даму психологиясының қалыптасуына үлес қосқан орыс ғалымдары?

Биогенетикалық бағытқа не тән?

Педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыт дегеніміз не?

Педалогия ұғымы қай ғасырларда пайда болды?

Педалогия дегеніміз не?

Жеке адамның қалыптасу процесі дегеніміз не?

Педагогтың міндеті?

СОӨЖ тапсырмасы:

Адам дамуы және психология тарихына жалпы шолу ( шығармашылық жұмыстар)

7-Дәрісбаян.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]