Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhol_lek_kaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385 Кб
Скачать
☆

Қайталау және бекіту сұрақтары

Қандай психикалық құбылысты ес деп атаймыз?

Естің қызметтік сапасына орай түрлері қандай?

Ес теорияларының әрқилы болуының негізі неге байланысты?

Жадта қалдыру, қайта жаңғырту үшін орындалған әрекеттердің сипатына орай ес қандай түрлерге бөлінеді?

Есте қалдыру формалары қандай?

Берік есте қалдыру үшін орындалатын шарттар қандай?

Тану және қайта жаңғыртудың мәні және олардың ерекшеліктері қандай?

Ұмыту деген не және ол қандай себептерден туындайды?

Ес бұзылысы неден көрінеді?

1. Ойлау жөнінде түсінік

Адам өзіне қоршаған ортадан келіп түскен ақпарат арқылы тек сыртқы дүние көріністерін нақтылап қоймастан, қабылданған заттың ішкі, мағыналық тараптарына да назар аударады, заттардың өздері жоқ болса да, олардың тұрқы мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңістікке орай болмыс өзгерістерін болжастырады, ұшқыр ой қанатын ерттеп, әлем мен мәңгілікте шарықтайды. Мұның бәрі де ойлау процесіне байланысты адамзат мүмкіндігі. Жантану ғылымында ойлау - бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті.

Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастар-ды ашу - ойлаудың басты міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді. Ойлаудың міндеті кездейсоқ сәйкестіктерден ажыратып, нақты заңдылық­тар­ға негізделген мәнді, қажетті байланыстарды танып, аша білу, оларды қорытындылап, жалпыластыру; ойлау, осыдан, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған байланыстарды тану жолындағы психикалық әрекет желісі, жанама байланыстар мен қатынастарға негізделген объектив шындықтың қорытындысы.

Теориялық таным әрекеті ретінде ойлау ықпалды қимылмен тығыз байланысқан. Адам болмысқа әсер жасау арқылы оны түсінеді, дүниені өзгерте, қайта жасай отырып, оның мәнжайын тереңдей айырады. Осыдан ойлау әрекетпен немесе әрекет ойлаумен жай қосарлана жүрмейді, әрекет ойлаудың ең бастапқы формасы, яғни әрекет, қимыл болмаған жерде ойлау процесі де жоқ. Іс-тәжірибе, қимыл-әрекет ойлау дұрыстығы мен дәлдігінің негізі де, ақырғы нәтижесі де. Ойлау процесінде қандай да бір мәселе қайталай, жаңадан ашыла бермейді, онда жалпыланған түрде мәселе шешімдерінің принциптері айқындалып, практиканың болашақта кезігетін міндеттерінің орындалу жолдары болжастырылады, яғни ойлау арқылы жоспар түзіледі.

2. Ойлау формалары

Бір нәрсе туралы ойлағанда біз әрқашан да үғымға сүйенеміз. Ұғым дегеніміз - зат немесе қүбылыстың жалпы, сондай-ақ мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой.

Ұғымды сөзбен жеткізуге болады. Бірақ, ұғым мен сөз екеуі теңдес емес: 1) бір ұғымның өзін түрліше сөздермен айтуға болады ("самолет", "аэроплан") 2) бір сөздің өзі кейде әр түрлі ұғымдарды білдіреді: "Ат" - есім, "Ат" - жануар. 3) бір ұғымның өзі әр тілде "әрқандай" сөздер­мен беріледі (орысша - хлеб, қазақша - нан).

Заттар және құбылыстар олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы ойды біз пікір формасында білеміз, мысалы: "далада жаңбыр жауып тұр": "оқушы есепті шешкен жоқ". Осыдан, пікір дегеніміз ойлау формасы, мүнда бір нәрсе не мақүлданады, не теріске шығарылады. Пікірде, көбінесе, ұғымның мазмұны ашылады.

Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы - ой қортындылары деп аталады.

Ой қорытындылары индуктивтік және дедуктивтік болып келеді. Индуктивтік ой қорытындылары жеке фактілердің негізінде қорытынды жасау, жалпы пікір айту.

Дедуктивтік ой қорытындылары дегеніміз - жалпы ережеден жеке қорытынды жасау.

Қорытынды пікірге келудің екі түрі де - индуктивтік те, дедуктивтік те - адамның айналадағы дүние туралы білімін кеңейтуге көмектеседі.

Ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп, ал дүрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай дәлелдерінде. Логикалық ойлауға түскен қүбылыс көз жетерліктей етіп нақты түсіндіріледі, себептері мен салдарлары катесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дүрыстығын теріске шығаруга болмайтыны пікірлерде (теорема, аксиома) көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]