- •Психология ғылым ретінде
- •2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •3. Психология салалары
- •Қайталау және бақылау сұрақтары:
- •Психика. Сана. Тән мен жан
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •Қайталау және бекіту сұрақтары:
- •Психикалық танымдық процестер:
- •3. Түйсік түрлері
- •4. Түйсік қасиеттері
- •2. Қабылдаудың қасиеттері
- •3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •4. Қабылдау формалары
- •5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Елес және ес. Ойлау
- •3. Ес теориялары
- •4. Ес түрлері
- •5. Ес процестері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •1. Ойлау жөнінде түсінік
- •2. Ойлау формалары
- •3. Ой қызметтері
- •5. Ойлау және жеке адам.
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Зейін түрлері
- •3. Зейіннің физиологиялық негізі
- •4. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •2. Қиялдың физиологиялық негіздері
- •3. Қиял түрлері
- •4. Шығармашыл қиял әдістері
- •5. Қиял және жеке адам
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Тұлѓаның даму себептері
- •4. Тұлғаның бағыт-бағдары
- •4. Өзіндік сана
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •4.Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
- •1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
- •Даму психологиясы пәні. Даму психологиясының негізгі категориялары
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
- •6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
- •Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
- •Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •Дәрістің жоспары:
- •Дәрістің жоспары:
- •Әдебиеттер:
Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
Өмірдің ұзақтығына және жалғасуына байланысты жастық шақтық жайлы түсініктер өзгере бастайды. Яғни, бір жағынан балалық шақ, ал басқа жағынан – кемелдік кезең мен тығыз байланыста болады.
Жастық шақ ең бағалы жас болып табылады, өздерінің талғамдарымен, әдеттерімен, талғам-мүдделерімен және т.б. ерекшеленіп отырады. Қазіргі әлемде жастық шақтың құндылығы кәсіби дайындықтағы оқу мерзімінің ұзаруымен байланысты. Өйткені жастық шақта адам негізі білімдерді, дағдылар мен әдеттерді оңай үйренеді. Бұл кезде оқуға деген ынта ықыласы да ашық болады, сонымен бірге ең күрделі интеллектуалдық қабілеттері де әр түрлі ғылыми аймақтарда, техникада, физиологиялық және интеллектуалдық дағды мен ептілікті игеру процестеріне қабілетті болып келеді. Бұл қабілеттер тек қана іске асыруға ғана қолданбайды және де ары қарай шығармашылықты еңбегін дамытып, жетілдіруге негізделеді.
Сондай-ақ, қарым-қатынасты тез орнатып, танысу арқылы өздерінің достары да көп болуы осы кезеңге байланысты. Бұл қатынастар тек эксентивті сипат алмайды, ары қарай махаббатта, неке құруға, достыққа негізделуі мүмкін.
Жастық шақта сонымен бірге сұлулық пен әсемділік барлық жастағыларға тән болып келеді. Себебі, мұнда адам әрекеті өмірде, шығармашылық және тұлғалық қасиеттер айтарлықтай прогресске жетеді.
Сонымен бұл кезеңдегілер ең алғаш жоспарлаған мақсаттарына қадам жасай бастайды, яғни өздерінің өмірлік мақсаттарының орындалуына ұмтылады, өздерінің алдындағы кедергілерге қарсы тұруға үйрене бастайды. Бірақ та бәрібір оларда жаңаны қабылдап бар мүмкіншіліктерін пайдалану алдында уайымшылдық, өз-өзіне сенімсіздік, күмәнданушылық және толғану сияқты сезімдері туып отырады. Сондықтанда, бұл кезеңде ең басты мақсаты – өзін-өзі дамыту деп айтуға болады.
Адамда өзінің өткен өмірінің кезеңдерімен айырылу өте қиын. Себебі, олардың алдында енді үлкен жауапкершілік, бұрынғыдай мүмкіншіліктері таусыла бастайды, олар өз алдына қоғам мен қарым-қатынас жасауына өз-өздерінің тек бір ғана әрекетпен айналысуына бағыттауына, яғни белгілі бір өмір қалпына келу үшін тура келеді. Бұл аталған құбылыстар адамның психикалық өміріндегі дағдарысқа әкеліп соғады.
Талқылауға арналған сұрақтар
Жас өспірімдік жас шағының психологиялық сипаты.
Өзіндік сананың дамуы.
Жасөспірімнің қарым-қатынасы және эмоциялық өмірі.
Ата-анасымен өзара қатынас ерекшелігі.
Махаббат және ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатынасы.
Дүниетанымның қалыптасуы.
Жас өспірімнің мамандық таңдаудағы мәселелері.
Жасөспірімдік жасында таным процестерінің дамуы.
Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
Жасөспірімдердің сезімдік – эмоциялық даму ерекшелігі.
Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы.
13-Дәрісбаян. Жастық шақ психологиясы
Кілтті сөздер: ересектік сезім, 17 жас дағдарысы.
Мақсаты: жалпы сипаттама беру, студенттерді жастықтың жеке ерекшеліктерімен таныстыру.
Дәрістің жоспары:
1. Жастық шақтың жалпы сипаттамасы.
2. Оқыту үдерісінде бірлескен іс-әрекеттің студенттің тұлғалық белсенділігін дамытудағы маңызы.
3. Ортамен өзара әрекеттестік
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:
1. Елеске танымдық процесс ретінде сипаттама беріңіз.
2. Елестердің индивидуалды ерекшеліктерін атыңыз
3. Елестерді зерттеу туралы айтып беріңіз.
4. Елестердің негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз.
17 жастағы оқушылардың көпшілігі білімді жалғастыруға кейбірулері жұмыс іздеуге бағытталады.
17 жастағы дағдарыста ауыр күйзелістерді басынан өткерген балаларда түрлі қорқыныштар болады. Өзінің және ата-анасының алдында таңдаған таңдауының мына әлемде жүзеге асуы үшін жауапкершілікті сезіну, олар үшін үлкен жүк. Бұған қосымша жаңа өмірге деген, мүмкін болатын қате туралы, ЖОО түсуде сәтсіздік, ер балаларда әскер алдындағы қорқыныштар қосылады. Жоғарғы деңгейдегі мазасыздану және қорқыныш невротикалық реакциялардың пайда болуына алып келеді (мысалы, емтихан алдында температураның көтерілуі, бас ауыру т.б.). Жастардың дамуының әлеуметтік ситуациясы- өмірлік жолды таңдау жағдайы. 16-17 жаста көзделген жоспарлар жүзеге асырыла бастайды. Жастар үшін өмірлік жолдың үш негізгі нұсқалары бар: жоғары оқу орнында оқу, жұмыс іздеу және ұлдар үшін әскерде қызмет ету.
ЖОО оқу. Жоғары оқу орнына түсу мотиві суденттік өмірдің стилін анықтайды. ЖОО түсудегі студенттің әлеуметтік жағдайы, сана-сезімі, өмірлік жсопары ары қарайғы өмірінде үлкен мәнге ие болады.
Жұмыс іздеу. Мектеп бітірушілер ЖОО түспей қалғандар немесе жұмыс істейтіндер түрлі қиыншылықтармен кездеседі. Олардың көбіне тән сипат белгілі іс-әрекетті таңдаудың қиындығы.
Әскер. ЖОО-ның күндізгі бөлімінде оқымайтын жастар әскер қатарына шақырылады. Әскердегі қызмет-бұл да бір өмірлік бейнені өзгерту. Қатаң тәртіп, үлкен физикалық күш және шені бойынша үлкендерге сөзсіз бағыну көп балалар үшін ауыр сынақ болады.
Қоғамнан қашу- жастық шақта өмірді ұйымдастырудың тағы бір нұсқасы. Ол жұмыс істейді ме, істемейді ме оған тәуелсіз, жағымсыз әдеттерге баруы мүмкін: нашақорлыққа, діни секталарға. Бұл нұсқаны саналы өмірлік таңдау деп айтуға болмайды.
Жастық шаққа оптимизм тән. Адам өзінің өмірлік ойлағанын жүзеге асыруға тырысады, ол күшке, энергияға толы, өзінің мақсаттары мен идеалдарын жүзеге асыруға деген тілекте болады.
Өмірдің маңызды жақтары
Махаббат және жанұя. Жастық шақты махаббат жасы деп атайды. Бұл жасқа өмірлік серікті және жанұя құрудың психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік және басқа факторларының оптималды бірігуі тән. Отбасын құру тұлғалық даму үшін өте маңызды. Адам өзі үшін жаңа қоғамдық статусқа ие болады. Әсіресе баланың өмірге келуі ең үлкен мәнге ие болады.
Өмірлік серікті таңдау және отбасын құру- жастық шақта дамудың әлеуметті жағдайының бірі.
Кәсіби іс-әрекет. Осы кезеңдегі дамудың әлеуметті статусының екінші жағы- таңдалған кәсіпті меңгеру. Жастық кезде адам өзін таңдаған ісінің адамы деп белгілейді және осы кезеңде кәсіби дайындалу аяқталады.Өмірлік жолды сәтті таңдауда адам өзінің кәсібінде іскерліктің және оның объективті танымның жоғарғы деңгейіне жетеді, яғни кім ғылыми іс-әрекетті таңдаса сол ғылым кандидаты болады. Көбінесе осы шақта адамдар неғұрлым қызықты жаңа идеяны табады.
Достық. Достық қатынастарды орнату өмірдің жағымды жағына жатады. Достықтың пайда болуы туралы сұрақты талдай отырып, жолдастық қарым-қатынас олар үшін маңызды болып табылады.
Шамамен 30 жаста, кейде кешірек, адамдардың көбісі дағдарыстық күйзелісті басынан кешіреді. Ол өзінің өмірі туралы көзқарастарының өзгеруінде, кейде өмірге деген қызығушылықтың жоғалуында көрініс береді. 30 жастағы дағдарыс өмірлік ойлардың жүзеге аспай қалуының себебінен болады. 30 жастағы дағдарысты өмір мағынасының дағдарысы деп те атйды. Дәл осы кезде өмірінің мағынасын іздеумен байланысты.
Жас шағы психологиясына жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімнің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жасөспірімді алдымен организм эвалюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эвалюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әркелкі болып өтеді. Жасөспірімнің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рөльдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты мәселелерге назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық мәселелерге әлеуметтік мәселелерден шығарылады.
Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14-14,5 жаста-ақ аяқталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұны алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бір қатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.
Көптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылақтары әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі механизмі бір жастағы адамдарды (еркектерді) біріктіретін жас шағы топтары болып табылады, осының өзінде мұндай топтардың әрқайсысы өздеріне ғана тән арнайы әлеуметтік функцияларды ғана атқарады. Феодалдық қоғамда социализация жеткіншекті не жас өспірмді ересектердің іс-әрекетіне едәуір дәрежеде тікелей қосу арқылы жүзеге асырылған. Мектеп оқытудың осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі қоғамда еңбектің және қоғамдық іс-әрекеттің күрделіленуіне байланысты адам жұмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеңі едәуір ұзарады. Білім алу мен оқудың қоғамдық қажетті мерзімі неғұрлым ұзақ болса, шын мәнінде әлеуметтік кемелділік соғұрлым кеш басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шағы шектері біршама тиянақсыз болады.
Балаң жастағы дене күшінің дамуы. Балаң жастық – адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу қосу-алу 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқу қосу-алу 10 ай). Самағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылданумен байланысты. Спорттың кейбір түрлеріне балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Жыныстық даму жөніне жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.
Дамудың әлеуметтік жағдайы және ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді.
Баланың атқаратын рөлі ересектердің рөліне қарағанда сапалық тұғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғады. Өмірлік іс – әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарға әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады. 16 жаста төлқұжат алады, 18 жасында сайлау құқығы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жасөспірім қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамандық таңдау туралы және т. б. ойлайды. Алайда жасөспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілеріәлі сақталады. Материалдық жағынан жоғары сынып оқушысы әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, бір жағынан, екінің бірінде сен ересексің, үлкенсің десе, екінші жағынан, одан үнемі тіл алуды талап етеді. Бұл мектептен басқа жерлерде де байқалады, мұнда 16 жастағылар емес, 20 жастағыларды да көбінесе ересек деп санамайды. Жағдайдың (бір тұрғыдан ересек деп танитын, екінші тұрғыдан танымайтын) және өзіне қойылатын талаптардан тиянақсыздығы жастардың психологиясына өзінше ұғынылады.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатын жеткіншектердей емес 15-17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған қоса кәсіптік-техникалық училищелердің немесе арнаулы рота оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жасөспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.
Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюуы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі мәнді етіп, оны бұл тұрғыдан ересктің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларға ертерек басылып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқада көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және тәжірибелік тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғары класс оқушының мамандық таңдауға даярланут қажеттігін ескеріп, жоғары сыныптарда оқытудың даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек (факультативтік пәндер, үйірмелік жұмыс, маманданған мектептер) Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың бағыты мен сипатына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте ұстау қажет.
Жасөспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығын (енді бала болмағанымен, әлі ересек те емес), өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы - осының бәрі қосыла келіп жасөспірімдік шақта бағалаушылық-бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады.
Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте-мөте ден қояды да, өзінің мінез құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады. Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.
Өзіндік сананың алғы шарттары. Өзіндік сана – күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде
В. С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің барлығы бір-бірімен функциялық және генетикалық жағынан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Теңдестігін ұғынудың бастамалары сыртқы заттардан болған және өз денесінде болған түйсіктерді ажырата бастаған кезден бастап нәрестенің өзінде-ақ болады, «менді» ұғыну бала жіктеу есімдіктерін дұрыс қолдана бастаған, шамамен үш жастан басталады. Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компоненттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенің түрін өзгертпей қоймайды.
Жеткіншектің өзі-ақ өзін көрсетуге барынша ұмтылуымен өзінің «мені» мен өз қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқанда, ол өзінің келбеті мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл зор ынта балаң жасөспірім жаста да сақталады. Өзінің өзгергіш тұлғасына зер сала зерттейтін жас өспірім жігіттер мен қыздар бұған барынша алаңдайды. Олардың бәрі дерлік өз келбеттерін өзгерткісі келер еді. Олар үшін әсіресе құрдастары алдындағы беделін арттырып, танымалдығын өсіретін қасиеттер ерекше маңызды. Жасөспірімдердің көбі тапал, толық болғанына, бетіне безеу шығуына т. б. қынжылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар мұнысына қатты уайымдайды; екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі құрдастарының алдындағы беделін төмендетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем сезінуді туғызады. Бұл қынжылыстар, әдетте, ешкімге білдірілмейді. Өз денесінің бейнесін жас өспірімдердің өзін-өзі ұғынуының ересектердің ойлағанындай емес, анағұрлым маңызды компоненті. Қалыпты өсудің барлық ньюанстары мен нұсқауларын білмеу көптеген жас өспірімдер үшін нағыз «қайғы нысанына» айналады.
Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау. Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе, батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады (өз ақылы немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады).
Жасөспірім де жеткіншек секілді өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру («Қиын жағдайда саспаған болсам, қорқақ болмағаным; қиын міндетке кірісіп кетіп, орындап шықсам, қабілетті болғаным»). Бірақ жас өспірімнің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көзқарасымен қарағанда қисынсыз көптеген қылықтар – қауіпті сотқарлық, даңғойлық көзге түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі өзінің батылдығын, өжеттігін т. б. сынап көргісі келуден болады.
Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы – әлеуміттік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне өте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі-ақ әркімнің бағалары ғана емес, бағалайтын өлшемдерінің өзі әрқилы болатынына көзі жетеді. Сыныптастары ерлік деп бағалаған әрекетті мұғалім жалған жолдастық деп атайды. Осыдан келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болады. Өз «менінің» бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты «мен» (қазір қандай болсам, сондай) де, динамикалық «мен» де (қандай болғым келсе, сондай), мұраттағы «мен» де (өзімнің моральдық үрдістерім негізінде сондай болуға тиістімін), қиялдағы «мен» де (бәрі де мүмкін болса, сондай болғым келер еді), көз алдыма елестететін басқа толып жатқан «мендер» де бар. Тіпті толысқан адамның өзін-өзі ұғынуы да қарама-қайшылықтарсыз болмайды және өзін-өзі бағалаудың бәрі адекватты емес. Жасөспірімдік кезде мәселе бұдан да қиынырақ. Кейде жасөспірім өзін-өзі бақылау, байқау арқылы өзін білсем дейді. Балдаң жасөспірімдік кезде жалпы алғанда рефлексияның өсуі, өзіне барынша ден қою тән. Мұның өзі интимдік күнделіктердің шығуынан да (жасөспірім ұлдарға қарағанда, қыздарда көбірек кездеседі және ертерек басталады), көркем әдебиет бейнелерін өзіне «өлшеп көруден» де, басқа адамдардың ішкі жан дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады. Кейбір психологтар жасөспірімдік рефлексиясының өзін-өзі оқшаулау, шындық болмыстан қиялдағы арман дүниесіне беріліп кету қаупі бар есептеп, оған теріс көзқараста болады. 15 жастағылардың ішкі жан дүниесі алаңсыз болып көрінгенімен әжептеуір қалыптасқан және нәзік болады. Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендердегіден гөрі өзгеше. Кіші шәкірттік жастағыларға қарағанда, жас өспірім жігіттер мен қыздарда алаңдаудың жалпы дәрежесі жоғары. Пубертаттық жаста деперсонализация және психикалық жатсыну жағдайлары аз болмайды.
Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір нәрседен айырылу сезімі ретінде, өз «менінің» бұлыңғырлығы, жалғыздық, өзін басқалар түсінбейтініндей көру т.с.с ретінде уайымдалады. Алайда, бұл сәттерді асыра бағалауға болмайды. Жасөспірімдік шактың қиыншылықтары бұларға бәрі де душар бола бермейтінін, кезікеннің өзінде міндетті түрде соншалық қиын болмайтынын айтпағанның өзінде бұлар ойдағыдай жеңуге болмайтын өсу қиыншылықтары.
Тұрақты эгоцентризімнің нақты қаупі невротизм белгілері бар жасөспірімдерде ғана немесе бұған дейінгі дамудың ерекшеліктерімен байланысты (өзін-өзі сыйламаушылық, адамдармен қарым-қатынастың нашарлығы) оған бейім жастарда ғана болады. Жақсы мұғалім мұндай балаларды қарым-қатынастың олар неғұрлым қолдан келетін және қолайлы формаларына елеусіз тарта отырып тиімді көмек жасай алады.
Алайда қысым атаулы немесе дөрекі араласу қосымша тауқыметке ғана ұғындырады. Адамгершілік тұрғыдан байсалды ортада, ұйымшыл ортада тәрбиеленген жасөспірім жігіттер мен қыздардың көпшілігінде психологиялық оқшаулану мен рефлексия қарым-қатынасқа кедергі болмағанымен қоймай, қарым-қатынастың тереңдеп, оның іріктеліп өсуіне жағдай жасайды.
Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға болмайды. Қайталанбас дара адам ретінде өзін-өзі ашу осы адам өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажыратусыз байланысты. Жасөспірімдік рефлексия, бір жағынан, өзінің «менін» ұғыну («Мен кіммін? Мен қандаймын? Менің қабілеттерім қандай? Мен өзімді не үшін сыйлай аламын?»), ал, екінші жағынан, дүгиедегі өзінің жағдайын ұғыну («Менің өмірлік мұратым қандай? Менің достарым, жауларым кім? Кім болғым келеді? Өзім де, айналамдағы дүние де жақсы болуы үшін мен не істеуім керек?») болмақ . Мұны әр кезде бірдей ұғынбаса да жеткіншектің өзі-ақ өзіне арналған алғашқы сұрақтар қояды.
Екінші, неғұрлым жалпы, дүниетанымдық сұрақтарды жас өспірім қояды, онда өзіне-өзі талдау жасау, әлеуметтік-адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі анықтаудың элементіне айналады. Жасөспірімдік рефлексиясының тереңдігі мен қарқындылығы (интенсивтігі) көптеген әлеуметтік, жеке типологиялық, өмірбаяндық факторларға байланысты, бұлардың арақатынасы әлі жете зерттелмеген.
Ересектік сезім – жеткіншек жасының негізгі психологиялық құрылымы ретінде. Ересектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысудағы ілгерілеушіліктерді ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін; бұларды жеткіншек анық сезінеді және оны өз ұғымында да объективті түрде неғұрлым ересек етіп көрсетеді. Қазіргі бар акселерация балада осы жаңа өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі бағалаудың бұрынғы жылдарға қарағанда ерте пайда болуына жағдай жасайды. Ересектік сезімдерінің ендігі бер қайнар көзі – әлеуметтік негіздер. Мұның өзі ересектермен қарым-қатынаста бала объективтік тұрғыдан балалық жағдайда болмай, еңбекке қатысып, елеулі міндеттері болғандай реттерде туындауы мүмкін. Ересектердің сенімі және жастайынан дербестікке жету әлеуметтік қана емес, субъективтік тұрғыдан да баланы тез есейтеді. Бұған ұқсас мысалдар Ұлы Отан соғысы жылдарында көп кездесті.
Ересектік сезімнің жыныстық толысудан көп бұрын пайда болуының мүмкіндігі бар жолды Н. А. Некрасов бармақтай мұжық бейнесінде берген. Мұның өзі бала ересек деп санайтын адам мен өзі арасындағы бір немесе бірнеше өлшем бойынша баланың өзі ұқсаспыз (білім, іскерлік, күш, ептілік, батылдық, т. б. ұқсастығы) деп тапқан жағдайда да туындауы мүмкін; ұқсастық жайлар неғұрлым көп болса, өзін ересек сезінуге негіз де соғұрлым көп болады. Ересектік сезім баланы өзіне тең ұқсайтын неғұрлым ересек жолдастарымен (баланың ұғымында) қарым-қатынаста да қалыптасады. Жеткіншек өзін айналасындағылармен ғана емес, мұның алдында өзінің қандай болғанымен де салыстырады, әрине, белгілі бір бейнелерді бағдарға алып, өзіндегі прогресті бөліп көрсетеді.
Ересек сезімі сана-сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке адамның өзекті ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол жеткіншектің өзіне, жұртқа жіне дүниеге деген жаңа өмірлік позициясын білдіреді, оның әлеуметтік белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын, жаңаша талпыныстарының, толғаныстары мен аффективті ықпалдардың жүйесін анықтайды. Жеткіншектің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер дүниесіндегі және олардың қарым-қатынастарындағы бар нормаларды, құндылықтар мен мінез-құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады. Мұның ұзаққа созылатын салдары болады, өйткені ересектер мен балалар әр түрлі екі топты көрсетеді және олардың міндеттері, құқылары, артықшылықтары мен шектеулері түрліше болады. Балаларға арналған көптеген нормаларда, ережелерде, талартарда, шектеулерде, тіл алудың ерекше моральында олардың ересектер дүниесіндегі дербессіздігі, тең құқылықсыздығы мен тәуелді жағдайы бейнеленген. Бала үшін дүниеде қол жетпес, тыйым салынған жайлар көп. Балалық шағында бала қоғамның балаларға қоятын талаптарымен нормаларын меңгереді. Бұл нормалар мен талаптар ересектер тобына өтер кезде сапалық тұрғыда өзгереді. Жеткіншекте өзі туралы енді балалықтың шекарасынан өткен адаммын деген түсініктің пайда болуы оның бір нормалар мен құндылықтардан басқаларына балалық нормалар мен құндылықтардан ересекті нормалар мен құндылықтарға қайта бағдар алуын айқындайды.
14- Дәрісбаян. Ересек адамның психологиялық ерекшеліктері.
Кілтті сөздер: акме, кемелдік, дағдарыс, хронологиялық (төлқұжаттық), физикалық (не биологиялық), психологиялық жас.
Мақсаты: жалпы сипаттама беру, студенттерді негізгі ересек адамның жеке ерекшеліктерімен таныстыру.
