- •Психология ғылым ретінде
- •2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •3. Психология салалары
- •Қайталау және бақылау сұрақтары:
- •Психика. Сана. Тән мен жан
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •Қайталау және бекіту сұрақтары:
- •Психикалық танымдық процестер:
- •3. Түйсік түрлері
- •4. Түйсік қасиеттері
- •2. Қабылдаудың қасиеттері
- •3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •4. Қабылдау формалары
- •5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Елес және ес. Ойлау
- •3. Ес теориялары
- •4. Ес түрлері
- •5. Ес процестері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •1. Ойлау жөнінде түсінік
- •2. Ойлау формалары
- •3. Ой қызметтері
- •5. Ойлау және жеке адам.
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Зейін түрлері
- •3. Зейіннің физиологиялық негізі
- •4. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •2. Қиялдың физиологиялық негіздері
- •3. Қиял түрлері
- •4. Шығармашыл қиял әдістері
- •5. Қиял және жеке адам
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Тұлѓаның даму себептері
- •4. Тұлғаның бағыт-бағдары
- •4. Өзіндік сана
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •4.Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
- •1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
- •Даму психологиясы пәні. Даму психологиясының негізгі категориялары
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
- •6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
- •Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
- •Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •Дәрістің жоспары:
- •Дәрістің жоспары:
- •Әдебиеттер:
4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын. Жасты кезеңдерге бөлуді жабайы өмір тұрғысынан Г.Гете мен Л.Н.Толстой жазады. Л.Н.Толстой бөбек пен жеткіншек (“отрочество”) балалардың балалық және ересек (“юность”) туралы әдейі кітап жазып, сол кітабын балалардың есеюіне арнаған болатын.
Әдетте, жасты кезеңдерге бөлуде мынадай деректерге сүйенеді. Әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер бар деген шешімге келеді. Өзінше психикалық қасиет деп отырғаны, сол жас кезеңіне тән пәлендей ақыл-ой жағынан белгілі бір жәрежеге жетуі. Осыны ғылым дамымай тұрғанда көптеген елдерде жақсы білген.
Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып келді. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті төменгідәрежеде болды. Мұнымен қатар, осы даму сатысындағы тайпаларда балаларды материалдың игіліктерді өндіруге ерте жасынан (мысалы, Эксимос елінде 5-6 жасынан, өзгелерінде 7-8 жасынан) жекті. Осыған сүйене отырып есеюді әлеумет жасына және әр баланың өзіне тән хроникалық жасына бөлуге болады. Әлеумет жасы дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі.
а) Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу тарихынан. Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының қажет екені мынадан: Әр жас кезінде баланың өз үй-ішінде және құбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас кезеңін топтастырып көрейік.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең - нәресте жас кезеңі. Нәресте жасы мынадай 2 кезеңге бөлінеді:
а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
б) еңбектеу жасына (7 айдан 12 айға дейін).
1-ден 3 жасқа дейінгі кезді – бөбектер жасы деді. Бұл кезбаланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі. Бөбек өте мейрімді келеді. 3-тен 7-ге дейін сәби жасы. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысты: Қыздар көбіне қазан-аяқ ұстап шешелеріне көмектесті (нан илеу, от жағу, су әкелу т.б.). Ұлдар бұзау, не қозы бағып, тезек теріп, оны үйге артып әкелетін.
8-ден 11 жасқа дейін періште жасы. Психикалық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда қазіргі ғылым тұрғысынан (1-1,5) жыл алда келетінін, елде мәдениет таралмай тұрған кезде әбден жақсы білінді. Бұл жас кезеңін періште жасы дейтін себебі әдеп-ғұрыптарды сақтау міндеттелінді. Егер бұлар бұзақы іс жасай қалғанда соны кінә екені осы жастардан соң есептелінді.
12 жастан 15 жасқа дейін бозбала (қыз бала) кезеңі.
Бұл мезгіл ұл мен қыздардың недәуір есейіп қалған кезі. Мұны мынадан байқауға болады: үйге қонақ түскенде осы жастағы қыздар қонақтардың көзіне көрінбейтін. Ұлдарды үлкендермен бірге табақтас ететін, киген киімі де өткен жастағыдай емес, үлкендермен қатар атқа мініп, саяхат жасауға (аң аулау т.б.) қосылатын.
15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.
ә) Ғылыми тұрғыдан балалар психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру. Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Себебі білім мен психикалық даму бір емес екенін ілгеріде ескерттік. Егер ілгеріде аталып кеткен психиканың дамуына оқыту әсер етпейді дейтін Ж.Пиажэнің пікірін басшылыққа алсақ, онда психиканың дамуы баланың қай жаста екеніне тәуелді келеді дейміз. Әрине, бала психикасының қандай болып келуіне әлеумет ортасының недәуір ықпалы бар.
Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық “дағдарыс” тез кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жас өспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:
Туғаннан 1 жасқа дейін – нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу т.б.) тұрады.
1-ден 3-ке дейінгі алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.
3-тен 7-ге дейін мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті жөнінен өріс алады.
7-ден 11-ге дейін – бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды.
11-16 орта сыныптағылар, яғни жеткіншек жасы. Оқытудың ықпалынан бұл жаста баланың ой-өрісі мен қиялдары кеңінен өріс алады. Бұл жастарда балалар биологиялық (жыныс т.б.) жағынан үлкен өзгерістерге ұшырайтындықтын, осы жас кезеңі ерекше сипатталынады. Жеткіншек – балалық кез бен ересек жасының көзқарасы болып есептеледі.
16-18 аға сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жастары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста “балалық” қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.
Жасты тиісті кезеңдерге бөлудің бұл келтірілген сипаттамасы ілгеріде қамтылған қазақ елінде жастарды тиісті кезеңдерге бөлуіне қарағанда баланың есеюі көпке дейін созылып отыр. Бұл екі арадағы есеюдің алшақтығы әр дәуірдегі әлеумет ортасының түрліше келуінен.
Жасты кезеңдерге бөлудің келтірілген осы жолы үнемі өзгерілмейтін нәрсе емес. Заманның өзгерілуіне, соның ішінде әлеумет ортасының жағдайына сай жастарды топтастыруда азды-көпті өзгерістер болып отырады.
5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдері кездеседі. Нәтижелі мезгілді сензитивтік кез деп атайды.
Осы мәселені тұңғыш рет көтерген Италияның педагогы Мария Ментоссори (1870-1952). Бұдан соңғы кездерде біздің елде психологтар Л.С.Выготский, Н.С.Лейтес осы жөнінде құнды пікірлер таратты.
Сензитивтік көзге мән беретін себебі, осы кезде бала - әсерленгіш келетіннен, осыны пайдаланып қалу қажет. Өйтпесе кеш болып кетеді. Мұның солай болуы мынадан: баланың қабілеті тек үнемі прогрессивтік жолмен дамымай, үлкейген сайын кері кетуі де ықтимал.
Сезитивтік кездің өзіне келсек, бұл тек бала жасында ғана емес, адамның барлық өмірінде түрліше болып кездеседі: жас кезінде адам түрлі нәрселерге әсерленгіш, мән бергіш келеді. Бірақ осының өзі көпке созылмайды. Егер 60-тан асқан кісіден оның өмірінің қай мезгілі есінде айқын қалған, қай жасында мағлуматтар айқын қалмаған деп сұраса, 20-25-ке дейінгі басынан көшірген оқиғаларын айтып, кейінгі кездері, әсіресе қартайған уақытын онша еске түсіре алмас еді.
Бастауыш мектеп жасындағылар (7-10) алсақ, бұларда мұғалімнің айтқанына сын көзімен қарау онша кездеспейді. Аузынан шыққан сөздерінің бәріне сенеді. Осыны пайдаланып, бұл жастағыларға көп мағлуматтарды ұқтыруға болады. Ал егер осы мезгілді толық пайдаланбаса, алдағы кезде баланы оқыту қиынға соғады. Осы жастағы балалар ендігі жас кезеңіне (11-16) көшкенде, бұрынғыдай емес, енді ұстаздық сөзіне сынмен қарайды. Сондықтан бұлар үшін бастауыш сыныптағылар сияқты оқу мазмұнын қызықтыру оңай соқпайды.
Сензитивтік кез көбіне тілді меңгеруге және ақылға байланысты келеді. Әдетте 3 жастағы бала ана тілін меңгеріп қалғаны сол, ол осыны институтта 4-5 жыл ағылшын тілін оқығандардан артық білмесе, кем білмейді. АҚТ-тың тілшісі Э.Пулгремнің айтуынша, егер баланы шет тіліне 4-5 жастан оқытса, осыған тез үйреніп, сол тілді кейін жақсы білген болар еді. Ал тілді балалардың сензитивтік кезі сөніп қалғаннан кейін оқытса, осыған көп уақыт және қаражат жібергенімен нәтижесі аз болады. А ақыл-ойға келсек, бұл тілді меңгеруге қарағанда кеш дамиды. Егер бала 10 жасқа келмей ана тілін жақсы білетін болса, ақыл-ой тек 40 жасқа келгенде толады. Демек, тіл мен ойдың сензитивтік кездері түрлі уақытта кездеседі.
Осы айтылғандардың музыка, живопись өнерлеріне де тікелей қатысы бар. Ірі суретшілер мен композиторлардың өз саласына қабілеті 10-12 жасында дами бастаған.
Ескерте келетін мәселе, кейбір жағдайда баланың бастапқыда бір нәрсеге ешқандай ықыласы болмаса, кейін сол нәрсеге ықыласы түсуі мүмкін. Мұның себебі әуелгі кезде осыған ол қызықпады және осыған оны қызықтыратын түрткіде кездескен жоқ. Демек, сензитивтік кездің болуы кейде түрткінің болуына да тәуелді келеді. Осыдан шығатын қорытынды, баланың сензитивтік кезі оның тек бәлендей жасында кездеспей, оның жеке басының ерекшелігіне қарай алдыңғы өмірінде де кездесуі мүмкін. Демек, сензитивтік кездің айқын білінетін кезеңі болғанымен осы әр балада түрлі жаста кездесуі ықтимал.
Сонымен біз сензитивтік кездерді үстірт қарастырып өттік. Мұның әлі күнге дейін жете зерттелінбеген жақтары бар. Егер сол зерттелінбегендер білінсе, онда балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары үлкен табыстарға жетер еді. Сензитивтік кездің болуынан шығатын қорытынды: әрбір нәрсенің өзіндік мезгілі бар болатыны сияқты, қабілеттіктің де балада туатын және сөнетін мезгілі бар. Осы мүмкіншілікті (қабілеттіліктің туатын мүмкіншілігін) өз мезгілінде пайдаланып қалу керек. Міне, сензитивтік кезді білудің ұтымды жағы осында.
Жалпы лекция бойынша сұрақтар.
Даму дегеніміз не?
Инвариант дегеніміз не?
Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
Биологиялық және әлеуметтік факторларды бір-біріне қарсы қоюға болмайтынын дәлелдеуге үлес қосқан психолог?
Қай жылдары кімнің еңбектерінде баланы оқытсаң д, оқытпасаң да психикасының дамуына ықпалын тигізбейді деген кім?
Плаганың пікіріне кім қарсы шықты?
Жасты кезеңдерді бөлуді жабайы өмір тұрғысынан зерттеген ғалымдар?
Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге қалай бөлген?
Ғылыми тұрғыдан балалар психикасының дамуын кезеңдерге қалай топтастырған?
Сензитивтік кез деп
Тұңғыш рет бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезді зерттеген педагог?
8-дәрісбаян. Нәрестелік кезең. Ерте сәбилік шақ.
8.1 Баланың ана құрсағында нерв системасының дамуы және биогенетикалық заңдылық.
8.2Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
8.3Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
8.4 Ерте балалық кезеңдегі психикалық даму және тұлғаның дамуы
8.5 3 жастағылар дағдысы
1. Баланың ана құрсағында нерв системасының дамуы және биогенетикалық заңдылық.
Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан алып қарағанда недәуір қалыптасып қалады. Ең алдымен нерв системасының төменгі алаптары (ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып қалыптасады. Бұдан соң бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды. Мидің төменгі алаптарының шамалы кешірек дамуы биогенетикалық заңдылықтың әсерінен. Бұл заңдылық бойынша, бала (бұл жануарларға да тән) анасының құрсағында бәлендей биологиялық түрде жататын жануар ата-тегінің тарихи дамуын (филогенетикалық дамуын) қайталайды.
Биогенетикалық заңдылықты тұңғыш рет дәлелдеген неміс зоологы Э.Геккель (1884-1919) болатын. Бұл ғалым осы заңдылықтың жалпы бағытын шамамен бір түрде жататын жануарлар филогенездегі ата-тегінің дамуын қайталайтынын ашып берді. Осы заңдылық әсіресе ана құрсағында баланың нерв системасының қалыптасуына қатысты екекнін дәлелдеген орыс морфологы А.Н.Северцов (1866-1986) болатын.
Балаға тән нерв системасының негізі – бас миы. Баланың бас миы ана құрсағында недәуір дамып қалса да, туғаннан кейін өз қалпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Физиологиялық жағынан алып қарағанда, баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып тиісті тітіркендірулерге жауап беруге даяр. Бала туғанда көптеген шартсыз рефлекстерімен туады. Шартсыз рефлекстердің ішінен, әсіресе ему шартсыз рефлексі күшті дамыған.
Біз жаңағы биогенетикалық заңдылықтың баланың келелі кездегі дамуына тигізетін әсеріне тоқталайық. Бұл заңдылық - тіршіліктің қалай дамитыны жайында аса құнды өзгешіліктің бірі. Бала ана құрсағынды жануарлар ата-тегі жүйке системасының дамуының қайталайтыны әлі күнге дейін терең шешілмеген. Бірақ осының өзі әр кімнің қазіргі кездегі биологиялық дамуы тек бүгінгі күннің жемісі емес, ұзақ филогенетикалық дамудың продуктысы екеніне дәлел болады. Жануарларға қарағанда биологиялық фактордың адам маймылдан бөлінгеннен кейін азая бастады дейді. Кейбір зерттеушілердің (Я.Я.Рогинский, М.Эррис) айтуынша, адамның психикалық дамуын биологиялық факторлар билемей, әлеумет ортасына тән жағдайлар билейді. Себебі тас дәуірінен бері (50-60 мың жылдай мезгіл өтті), адам ұрпағы (Home Sapіens ұрпағы) морофлогиялық және физиологиялық тұрғыдан ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Осылай деу биологиялық фактордың баланың психикалық дамуындағы ролін түгел жоққа шығармайды.
