Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhol_lek_kaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385 Кб
Скачать
☆

5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.

“Жеке бас” деген ұғымға “Мен” деген мәніс те кіреді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда нендей орын алатындығын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтылық болғаны жақсы. Егер кіші оқушының өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмен келсе, ондай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзімен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте, өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.

Кіші оқушының жеке басы деген түсінікке оның сыпайылығы, керісінше, осыған қарама-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады. 7-11 жастағылар көбінесе ақкөңіл келетіндіктен, бұлардың көбі сыпайы болып келеді.

Кіші оқушының мінезіне: қиыншылыққа төзімділігі, берген уәдесінде тұра алуы, өзгелерге сүйкімді келуі, бір нәрсеге әуесқойлығы т.б. жатады. Осы жағынан алып қарағанда қыздар мен ұлдардың мінезінің осы түрлері бірдей болып келе бермейді. Мысалы, қиыншылыққа төзімді келіп, одан бас тартпау, табандылық т.б. ұлдарда көбірек кездесетін болса, өзгелерге сүйкімді, сыпайы, біреуге қамқорлық жасағысы келуі т.б. қыздарда басымырақ келеді. Мұның бұлай болып келуі тәрбиенің және кімнің қандай жынысқа жататынына байланысты.

Кіші оқушыда кейде ашуланшақтық қасиеті де болып тұрады. Баланы үй-іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда “жақсы”, “өте жақсы” деген баға алса, жұрттың көзінше оған қатты қуанғанын жасыра алмайды.

Кіші оқушының өз құрбыларымен қарым-қатынасы бастауыш мектептің әр сыныбында әртүрлі және осының өзі бұрын бала-бақшада өсті ме, әлде үйде өсті ме, соған байланысты. Бұлардың ұжымдық қасиетінің қалай қалыптасатынын алсақ, осының өзі 1 сыныпта әлі қалыптаспаған, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың бірқатары басқалардан бөлшектеніп, өзін сол ұжым мүшесі деп санамайтыны кездеседі. Бұлар бір-біріне жаны ашып, көмектесу дегенді білмейді. Тек өзіне басқалар кедергі жасамаса болғаны, бірақ 2-3 сыныптағыларда бұл қасиеттер жойылып, бұлар өзара достаса бастайды. Баланың бір-біріне көмектесуі әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлығы өзара достасып, бірі екіншісіне мейрімді бола бастайды.

6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың

негізгі түрлері.

Көбіне үш типті қиыншылық жиі байқалады.

Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.

Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, жанұяда болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірман бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.

Бірінші сынып оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.

Тәжірибелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке-дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының «астарына« көз жүргізіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі.

Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барды, кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісіп, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрды. Бірақ 1 сыныпта оқу процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасаған. Әдетте, мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне ықылас нашар қалыптасады. Мұғалімдер кейде материалға сырттай қызықты элемент енгізе отырып, оларды жеңуге тырысады. Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана ықпал етеді.

Сонымен, бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарынмен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс-әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады.

Жалпы лекция бойынша сұрақтар.

1.Кіші оқушының психологиялық сипаты.

2.Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.

3.Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.

4.Кіші оқушының таным процестері.

5.Кіші оқушының жеке басының дамуы.

6.1 сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.

11-Дәрісбаян. Жеткіншектік кезең

Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.

Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.

Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.

Жеткіншектің «Мен» деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.

Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.

Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.

Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.

Жекіншек жасындағыларды тиісті әдеттерде «қиын«, «өзгерілу«, ауысу жастары« т.б. деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында« жеткіншек баланың кезеңдерден ересек жасына ауысады.

Жеткіншек өзге жастарға қарағанда педагогтар мен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның спихикалық даму ерекшелігі жас бала мен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады: бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келеді.

Ал жеткіншектің бала кезінен ересек кезеңіне ауысуы психологиялық тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыған ауысудың себебі сол болып келген психикалық дамудың салдарынан: егер үлкендер жеткіншекті бала деп есептесе, керісінше олар өзін есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл келмеушілік қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете алады.

Әдетте, жеткіншектерді тәрбиеге көнбейтін «қиын« жас деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны, біріншіден, бұрынғы кездегі психикасы, мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатынынан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін (бірақ өзгеріске ұшырау жеткіншектерде бір уақытта кездеспейді). Екіншіден, осындай психиканың жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды, уайым шегерді (оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды). Мұндай үлкен өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді.

Қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қоятын талап үнемі өзгеріліп отырады. Осы талапқа сай жеткіншек бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әр түрлі фантастикалық іске ұмтылдырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй-ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады. Егер тәрбие не оқу жұмысы жеткіншектермен жақсы жүргізілсе, ұнамсыз әдеттерден аулақ болады.

Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.

Бала жеткіншек жасында дене және физиологиялық даму жағынан үлкен өзгерістерге ұшырайды. Егер бастауыш сыныптарда баланың денесі белгілі бір мөлшермен біртіндеп өсетін болса, жеткіншек кезінде тез өседі.Бірақ өсуі бір мөлшермен іске аспайды. Кейде тым шапшаң, кейде баяу дамиды. Мұндай түрліше қарқынмен өсу 11-ден 16-ға дейін созылады да, кейін өз қалпына келеді. Қыздардың денесінің тез өсуі 13 жаста, ұлдарда 15 жаста кездеседі. Бұл кезде ересектердің сүйегі мен шеміршектері нығайып, бұлшық еттері күшейеді. Осының нәтижесінде 13 жастағы қыз күш жағынан шешесінен кем емес, 15 жастағы ұлдардың күші әкесінің күшіне жақындайды. Дене мүшелері біркелкі дамымайды: аяқтары, қолы, белі, мойыны тез өседі де, кеудесі кеш өседі. Осының нәтижесінде жеткіншек денесінің үйлеспеуінен ұялады.

Мұнымен қатар жеткіншектің қан айналыс системасы едәуір өзгерістерге ұшырайды. Жүрегінің көлемі тез өсіп, салмағы артады. Артериялық қан айналыс түтіктерінің диаметрі өсіп жарымайды. Осының нәтижесінде жүрек қанды көп айдайды да, түтіктің тесігінің көлемі (диаметрі) кішкентай болғандықтан, қанның қысымы көбейеді, сүйтіп жүрек жұмысын нашарлататын болады. Бірақ қан қысымының жоғарылығы көпке дейін созылмай, біраздан соң өз қалпына келеді. Дегенмен, қан қысымының көтерілуі нерв жүйесінің қызметіне әсер етіп, жеткіншектер қызба, ашуланшақ, ызақор болып келуі мүмкін. Сондықтан, осы дене шынықтыру сабағында еске алынуы тиіс.

Кейбір психологтар (З.Фрейд) бұл жастың өзіне тән ерекшелігін қызбалы келуін, тәрбиеге көнгісі келмеуін жыныс өміріне жеткіншектің даяр болуынан деп дәлелдейді. Бұл - қате пікір. Бірақ жеткіншектердің дамуына жыныс факторының ықпалын түгел жоққа шығаруға болмайды. Жыныстық өмірге қай кезде даяр болуды, жер бетіндегі ауа райының өзгешелігімен және ұлттық антографилық факторларымен байланыстыратыны кездеседі: оңтүстік елдерінің қыздары мен ұлдары жыныс жағынан солтүстік елдің балаларына қарағанда ерте жетіледі. Біздінше, осы – жете зерттелмеген мәселе. Рас болғанның өзінде де айырмашылығы бір жылдан аспауы тиіс.

Жеткіншектің бас миының көлемі ересектікіндей. Бірақ ми қабығы клеткаларының қабаттары өсуін әлі тоқтатпайды. Ми қабығы клеткалары тітіркендіргіштерге әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер ренжуге, не қуануға икем келуі мүмкін.

Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.

«Мен« дегеннің мәнісі ол енді кішкентай емес, есейді, енді үлкен адамдар оны азамат деп санауы тиіс. Егер бірде жеткіншекке «Сен баласын« десе, ол жәбірленіп, жылап жібере жаздауы мүмкін. Себебі ол бала болғысы келмейді. «Бала« деген сөздің мағынасы оның түсінігінше, ешқандай өзбеттілігі жоқ, тек үлкендердің қамқорлығымен күн көтеретін дегенді білдіреді.

Балалық әр жас кезіне көшкен сайын оның «Мен« деген қасиеті өзгеріп, үнемі жаңа мазмұнға ие болып отырады.

Біз жеткіншектің «Мен« деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортадағы кездесетін қайшылықтарына тоқталайық. Қайшылық жеткіншектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған әлі бала деп қарауының келіспеушілігінен болғандықтан, біз осыны ілгеріде әдейі ескерттік. Ал қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс деп атадық. Дағдарыс («кризис«) дегеннің мағынасы қиын жағдайда тап болған кезде одан қалай шығуын білмеуді білдіреді. Дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай келмейді, онымен үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болды дейді.

Жеткіншек үлкендердің өзінің есейгенімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен, орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған-туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегенінен емес, оны «бала« деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр«,- дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек мен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегісуге, не негативтік халде болып, үлкендер не айтса да, соны орындамауға тырысады.

Екі арадағы қайшылық кім жеңеді дегенде, жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан, сол жеңеді деуге болады (себебі диалектикалық заңы бойынша, жаңа нәрсе көнені жеңеді). Ал осы қалай іске асады? Бұл әуелі жеткіншек үлкен адаммен қарсыласып, оның сөзін тыңдамайды. Үлкендер әуелі жеткіншектерді тәртіпке шақыруға тырысады: тіпті жазалауы да ықтимал. Бірақ осыған жеткіншектің кейбіреулері көнбей, түбінде үлкендер шаршап «енді сенің айтқаның бол қойсын« деуі мүмкін деген ойда болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологы К.Левин «ойлық бөгет« деп атаған. Мұны солай деуінің себебі жеткіншек пен үлкендер арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң, енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек, ал бөгетті жою оңай емес.

Сонымен қатар өзін-өзі бағалап, мүмкіндігін сезе алу, жеткіншектің өзі меңгере алуына көмегін тигізеді. Жеткіншек азамат қатарына көшуді талап еткендікпен, осы мақсатқа жету үшін, мінезінің, не ісінің қолайсыз жақтарымен күресіп, қолайлы жақтарын онан әрі дамытып, сөйтіп, өзгелердің алдында жақсы көрінгісі келеді.

Ал жеткіншектің өзін қаншалықты дұрыс бағалай алуын алсақ, бұл түрліше келеді. Өзінің мүмкіндігін объективті түрде бағалай алмайтындар мақтаншақ келеді. Бірақ бұл қасиет бірте-бірте жойылып, жеткіншек өзін объективті түрде бағалауға үйренеді. Осыған негізгі түрткінің бірі - құрбыларымен әңгімелескен мінез-құлықтың қандай түрі жақсы, нендейі қолайсыз екені туралы пікір алысуы. Кейін осыған қатысушылар өзінің мүмкіндігін дұрыс бағалауға үйренеді.

Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.

Жеткіншектің өз құрбыларымен қарым-қатынас жасауына көшелік. Жеткіншектің үлкендердің қамқорлығынан құтырғысы келуі, өз құрбыларынмен қарым-қатынас жасап, жолдас-жораларымен байланыста болуына итермелейді. Біз ілгеріде әркімнің өзінің алға қойған мақсаты, тілегі болады дедік. Бұрын бала әке-шешесіне айтып, осы жөнінде олардың пікірін тыңдаған жеткіншек өзінің імкі сырын тек ең жақын достарын айтады. Себебі жеткіншектің момын, уайымын туысқандардан гөрі жақын достары жақсы түсіне алады. Себебі құрбылары да осы бала сияқты туғандарымен келіспеушілікті талай рет басынан кешірген.

Жеткіншектің өз құрбыларымен қатынасы түрлі дәрежеде кездеседі. Сыныптағы бір баламен тек достық қатынаста болса, өзгесімен жолдастық қатынаста болады. Достық қатынас бірнеше жағдайда болады. Мысалы, жеткіншек бәлендей құрбысымен дос болғанның өзінде де соған өзінің ішкі сырының бәрін айтпай, достарының ішіндегі ең жақын досына айта алады. Бір-екі бала достық қатынаста бола алады. Мұны әлеумет психологиясында микротоп деп атайды. Кімдер микротопқа яғни жақын достық қатынаста болатынын анықтау үшін осыны былайша білуге болады: мысалы, екі бала сырласып тұрғанда, қасына үшінші бала келе қалса, әңгімелерін тоқтатып, өзге мәселеге көшеді. Себебі, келген балада олардың досы болғанымен, кейбір сырларды оған айтуға болмайды. Достық қатынас дегеннің өзі екі жақты процесс: жеткіншек кім болса сонымен дос бола алмайды.

Ал жеткіншек өзіне дос таңдау үшін оған қандай талаптар қояды? Талап түрліше келеді. Егер кіші оқушы өзіне досты көбіне сабақ үлгеріміне қарай қалайтын болса, жеткіншек оның құрбысының ниеті қандай, шынымен дос болғысы келе ме, қорқақ не батыр ма, қиыншылық жағдайда оны тастап кете ме, кетпей ме,- осы сияқты сапаларға ерекше мән береді. Осымен қатар жеткіншектердің арасында беделдісі, кеңес беруге бейімдісі кездеседі. Мұндай жеткіншек, мысалы, екі бала ренжіскенде, кім кінәлі,- осыны шешуші (орбитр) ролін атқарады. Осындай баланы әлеумет психологиясында көсем («лидер«) деп атайды. Мұндай жеткіншек епті және ұйымдастырушылық қабілетінің болуынан сынып жетекшісі оны староста т.б. етіп сайлайды. Бірақ жақсы оқитындардың бәрі сыныпта беделді емес.

Мұнымен қатар жеткіншек жасындағылар тобында «моральдық кодекс« дейтін кездеседі. Мұны солай деп атайтыны жеткіншектердің нені жақсы, нені орынсыз дейтіні көбіне үлкен адамдардыкіндей емес, үлкендердің істерді моральдық жағынан бағалауы жеткіншектің осы жөніндегі бағасына дәл келмейді. Мысалы, жеткіншек досының ұнамсыз қылықтарын, не біреудің жасаған қолайсыз ісін өзгелерге (әсіресе үлкендерге) айтып қоюын кодекске дәл келмейді деп санайды. Сол сияқты бір оқушы жақсы баға алу үшін мұғалімдердің алдында жақсы көрінгісі келсе, мұндай әдетті де жеп көреді. Ал бір бала өзге баламен дос болып жүріп, кейін оны «сатып« кетсе, осы да кодекстің талабына сай келмейді.

Жеткіншектің достықты қалай бағалайтынына келсек, осының өзі тым терең мағынада кездеседі. Егер достығы терең болған жеткіншектер бір-біріне ренжісіп, өзара сөйлеспесе онда осы оқиғаны әр жағы қатты қайғыға алып, көпке дейін уайымдауы ықтимал. Сонымен қатар біз оқу жеткіншектің негізгі әрекеті десек те, кейде баланың досымен бірігіп тиісті іске құмарлануы осындай, ол тіпті оқу тапсырмасын орындауды ұмытып кетуі мүмкін. Жалпы алғанда жеткіншек үшін кейде досының айтқан сөзі не кеңесі үлкендердікінен басым келіп, соны орындаудан бастарпайтын болады.

Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.

Жеткіншек кіші оқушыға қарағанда оқуға едәуір төселіп қалады. Бұлардың арасында сабақты жақсы игеретіні жиі кездеседі. Бірақ осылардың оқуы кейде ойдағыдай жүзеге аспайтыны болады. Осының бірнеше себептері бар: біріншіден, егер осы уақытқа дейін төменгі сыныптарда бір мұғалім оқытып келсе және олар үшін мұғалім беделді болса, орта сыныптарда жеткіншектерді ең кемінде 5-6 мұғалім оқытады. Бұл мұғалімдермен жеткіншектердің бұрын кездесіп көрмеген. Екіншіден, төменгі сыныптағылар үшін оқу көбінесе қызық болып келсе, орта сыныптарда барлық сабақтың тапсырмалары күрделеніп қиындай бастайды. Сондықтан бұларды игеру қиынға соғады. Үшіншіден, бұрын бастауыш сыныптағылар мұғалімнің сөзі мен ісіне сын көзімен қарамайтын болса, енді жеткіншектер сабақты мұғалім қалай түсіндіргеніне мән береді. Төртіншіден,жеткіншектің ілгеріде айтылғандай құрбыларымен достығы үстем орын алып, осының нәтижесінде оқу оның өміріне негізгі роль атқара алмауы мүмкін.

Жеткіншектің оқуға ықыласы (мотивтерін) алсақ осының өзі кейде мұғалімдерге де байланысты. Егер оқушы мұғалімді жек көрсе, оның сол жүргізетін пәніне онша даярланбайды. Бірақ алдағы (7-8) сыныптарға бала мұғалімді ұнатпаса да, өзінің келешегі туралы ойланып, жақсы баға алуы үшін сабақтың бәрін «жақсы«, «өте жақсы« деген бағаларға үлгергісі келетіні жиі кездеседі.

4-5 сыныптардағы жеткіншектер мұғалімнің бағаға сараң болмағандығын қалайды. Бірақ жоғары сыныптарда бұл қасиеттерді жеткіншек барлық жағдайда ұнатпайды. Оқу материалын қалай түсіндіргеніне, ұстазының әділеттілігіне, әр саладан хабардар болуына ерекше мән беріп, олар мұғалімдерді «уақытты бос өткізетіндерге«, «үнемді етіп өткізетіндерге« бөледі.

Біз ілгеріде жоғары сыныптарда жеткіншек сабақтан тыс мерзімде программада көрсетілмеген әдебиеттерді оқып, осы арқылы білімін молайтады дедік. Төменгі сыныптардағы оқушы балалар өздігінен талпынбайды. Мұның себебі, қазіргі өскелең дәуірде техника, не ғылым саласының жаңалықтары жеткіншекті қызықтырады. Бірақ осылар оқу программасына әлі енбеген. Техника мен ғылым жаңалықтары балаларға арналған фантастикалық, не ғылыми көпшілікке арнаған журналдар мен кітаптарда жеңіл тілмен беріледі. Осы жаңалықтарды білу бір жағынан жеткіншектің білім дәрежесін көтеру үшін жақсы келсе, екінші жағынан мектептегі сабақтарға баланың ықыласын тудыруға кедергі жасайды. Себебі жеткіншек үнемі қызық нәрселерді оқуға үйреніп, кейін сабақтағы «құрғақ« тілмен баяндалатын мазмұндарға терең көңіл бөлгісі келмейді. Ал осы техника мен ғылым жаңалықтарының көбі қазіргі ұстаздардың терең білмеуіде ықтимал. Сондықтан ілгерідегі жеткіншек ұстазынан қазіргі жаңалықты көп біледі деуінің себебі осыдан.

Күнделікте оқу материалын ұғыну қабылдаудың басталынады. Қабылдау тек бірдемеге қарау, не соны тыңдау ғана емес, баста бар бейнелермен объектілерді салыстырып түсіну. Сондықтан қабылдау оқу процесінде ойлануды талап етеді. Орта сыныптарда өтетін математика, физика, химия сабақтары тек тыңдауды ғана талап етпейді, сонымен қатар оқу материалының мазмұнының мәнісіне терең түсініп, берілген тапсырманы орындап отыруы тиіс.

Жеткіншектің зейініне келсек, бұлардың осы қасиеті бастауыш сыныптардікіндей тек қызық объектіге назар аударумен шектелінбейді. Бұлардың ой-өрісі қалыптасып қалғандықтан, қызық емес нәрсеге де зейін қойып, назарын сол объектіге арнайы түрде бөле алады. Бірақ жжжеткіншек сабаққа кейде бір нәрсені үйренейін деп келмейді, көбінесе достымен кездесуі үшін келетіні болады. Ондай оқушылар сабаққа зейінді келмей, сабақ үстінде әңгімелесіп отырады. Жеткіншек зейіні сабаққа қалыптасса, онда ол назарын бір объектіден екінші объектіге аударып отыруға толық мүмкіншілігі бар.

Кіші оқушыларға қарағанда жеткіншектің жаны мен есі едәуір дамыған. Жеткіншектің бұлардан айырмашылығы сол, кіші оқушы мазмұнды жадында сақтап алуды жақсы көреді, жеткіншек мұны тек көріп, мазмұнды мағынасына қарай есінде қалдыруды ұнатады. Сонымен қатар, ол есіткенін көпке дейін есінде сақтап, қажет деген мезгілде есіне жақсы түсіре алады.

Психологтардың бірқатары жеткіншек шындыққа сүйенуіне қарағанда қиялдануды көп ұнатады, өз-өзімен болып мұң не фантазияның сан алуан түрлеріне беріледі дейді. Осындай деу жеткіншектің жан-дүниесіне терең түсінбегендіктен айтылып отыр. Бірақ жеткіншек ересектерге қарағанда кейде қажеті жоқ істермен айналысып, осы соларға мұң болатыны кездеседі.

Жеткіншектің оқуында ойлану процесі негізгі роль атқарады. Ойлану арқылы жеткіншек тиісті мәселенің шындығын не қате екенін шешеді. Шындықты ажыратудық көптеген тәсілдері кездеседі. Солардың бірін формальдық операция деп атайды.

Жеткіншек жасында жеке заттарды ұғымға жатқызып, оларды топтастыру, нәрселердің себебі және одан шығатын нәтиже мен олардың өзара байланысын білу бұларда кеңінен өріс ала бастайды.

Кейбір психологтар (В.В.Давыдов т.б.) баланың абстрактық ойының дамуына ерекше мән береді. Абстрактық ой дегеніміз нақты заттарға мән бермей (ұмытып), солардың негізгі белгілерін біріктіріп, жалпылап бейнелеу. Жеткіншекте осы тәсіл кеңінен өріс алғанымен, оның бұрын болып келген нақты роль бірден жоқ болып кетпейді. Сонымен қатар жеткіншек жекеден жалпыға (индукция), жалпыдан жекеге (дедукция) ой үстінде көшіп отырады.

Қорыта келгенде, ой арқылы мәселені шешу қабілеті жеткіншектерге едәуір қалыптасып қалған. Осының өзі алдыңғы сыныптарда (9-10 сыныптарда) ой-өрісінің онан әрі дамуына мүмкіндік туғызады.

Жалпы лекция бойынша сұрақтар.

1.Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.

2.Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.

3.Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.

4.Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.

5.Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.

12-Дәрісбаян. Жасөспірім кезеңі

● Жасөспірімдік жасының жалпы сипаттамасы.

● Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.

● Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы.

Жасөспірімдік жасының жалпы сипаттамасы.

Жас ерекшелігі психологиясында жасөспірімдік шақ жыныстық толасудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады.

Акселерацияның, яғни дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі екен. Жыныстық толасу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға: препубертаттық, пубертаттық және постпубертаттық фазаларға бөліп қарастырады.

Балаң жастық – адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқуы шамамен 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқуы шамамен 10 ай). Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылданумен байланысты. Спорттың кейбір түрлеріне балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.

Жыныстық даму жағынан жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.

Жасөспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасы құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді.

Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдетті қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді.

Жасөспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығын (енді бала болмағанымен, ересек те емес), өмірлік іс-әректтің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы- осының бәрі қосыла келіп жасөспірімдік шақта бағалаушылық – бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады. Әңгіме өз қасиетін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға біршама ден қояды да, өзінің мінез-құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады. Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]