- •Психология ғылым ретінде
- •2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •3. Психология салалары
- •Қайталау және бақылау сұрақтары:
- •Психика. Сана. Тән мен жан
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •Қайталау және бекіту сұрақтары:
- •Психикалық танымдық процестер:
- •3. Түйсік түрлері
- •4. Түйсік қасиеттері
- •2. Қабылдаудың қасиеттері
- •3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •4. Қабылдау формалары
- •5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Елес және ес. Ойлау
- •3. Ес теориялары
- •4. Ес түрлері
- •5. Ес процестері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •1. Ойлау жөнінде түсінік
- •2. Ойлау формалары
- •3. Ой қызметтері
- •5. Ойлау және жеке адам.
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Зейін түрлері
- •3. Зейіннің физиологиялық негізі
- •4. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •2. Қиялдың физиологиялық негіздері
- •3. Қиял түрлері
- •4. Шығармашыл қиял әдістері
- •5. Қиял және жеке адам
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Тұлѓаның даму себептері
- •4. Тұлғаның бағыт-бағдары
- •4. Өзіндік сана
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •4.Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
- •1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
- •Даму психологиясы пәні. Даму психологиясының негізгі категориялары
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
- •6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
- •Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
- •Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •Дәрістің жоспары:
- •Дәрістің жоспары:
- •Әдебиеттер:
Қайталау және бекіту сұрақтары
Қабілет мәні және оған бүгінгі ғылым тұрғысынан берілген сипаттама қандай?
Жеке адам қабілетінің қалыптасуына ықпал етуші факторлар сипаты қандай?
Ерік құбылысының мән-мағынасын қалай түсінесіз?
Еріктің ырықты және ырықсыз әрекеттермен байланысы қандай?
Ерік сапаларына қандай бірліктер кіреді?
Жеке адамның ерік қасиеттерінің түрлері және оларды қалай тәрбиелеуге болады?
Темперамент мәнін қалай түсінесіз?
Темперамент түрлерінің сипаттамасы қандай?
Темперамент және іс-әрекет арасындағы байланыстар мәні қандай?
Мінез анықтамасы қандай және оны қандай дәлелдермен түсіндірер едіңіз?
Мінез қалыптасуына ықпал етуші факторлар түрі қандай?
Мінез бітістері және олардың темперамент, сезім, сана қасиеттерімен арақатынасын қалай түсіндіресіз?
1. Тұлға жөнінде түсінік.
2. Тұлғаның даму себептері.
3. Тұлғаның бағыт-бағдары.
4. Өзіндік сана.
5. Адамның психологиялық қорғанысы.
1. Тұлға жөнінде түсінік
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - тұлға болып сипатталады.
"Тұлѓа" (личность) түсінігімен қатар біздің қолданымы-мызда "адам", "дара адам (индивид)", "даралық (инди-видуальность)" терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыралады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігімін - "адам" түсінігі қамти-ды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алай-да, адам әлеуметтіктектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде - дара адамдық (индивид) сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.
Дара адам - "homo sapіens" тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі - нақты адам.
Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.
Т±лѓа көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық ??рылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі - қажеттік- себеп аймағы - дара адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, т±лѓа үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс-?рекеттҢк икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.
Биологиялық құрылым иесі - адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана т±лѓа дәрежесіне көтеріледі.,
Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіктерін арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухи мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді.
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігі мен ерекшелігіне ие.
Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы - рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Т±лѓаның рухани жетілгендігі - бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады.
Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.
Дара адамның т±лѓа санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация - дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация - дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз "Мені" негізінде қатынас түзеді. "Мен" ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адам-ның өзіне өзі берген бағысының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.
Адам өмірі нақты тарихи-әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниеліқ жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді.
Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын, жеке қүндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін түзіп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудің бағдарына айналады. Әлеуметтік құнды салт-бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі, рухани-этикалық, рухани-эстетикалық дүниетанымы туындайды. Адам өмірі, осыдан, бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі заңдылықты ниет-себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы ба?ытта жасау мүмкіндігін алады.
Әрбір т±лѓа Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады, ал оның барша ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік-мәдени сапаларының бірлігінен қалыптасады.
