- •Мазмұны
- •Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау
- •Өсімдіктер әлемінің биоресурстары
- •1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы
- •2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
- •3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
- •XV Балды өсімдіктер
- •Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары
- •Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және меңгеру тарихы
- •Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарынын болашағы
- •Дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу
- •Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері
- •Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы
- •Құрамында алкалойдтары бар дәрілік өсімдіктер
- •2.Пиролидинді және пирролизидинді алкалойдтар.
- •3. Пиридинді және пиперидинді алкалойдтар.
- •4. Конденсацияланған пирролидинді және пиперидинді сақиналы алкалойдтар.
- •5. Хинолизидинді алкалойдтар.
- •6. Хинолинді алкалойдтар.
- •7. Изохинолинді алкалойдтар.
- •8. Индольді алкалойдтар.
- •Қастауыштың эргоалкалойдтарының негізгі топтары
- •9. Хиназолинді алкалойдтар.
- •11. Дитерпен алкалойдтары.
- •Шыны майлы өсімдіктер және эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы
- •1. Seseli buchtormense (Бұқтырма либанотусы - порезник бухтарминский).
- •2. Ferula akitscҺkensis (ақышкен сасыр - ферула акичкенская).
- •3. Heracleum dissectum - (тілік балдырған - борщевик рассеченный).
- •1. Nepeta sibirica (Сібір көкжалбызы - котовник Сибирский).
- •Salvia sclarea (мускат шалфейі - шалфей мускатный).
- •3. Hyssopus macranthus - (ірігулді сайсағыз - иссоп крупноцветный)
- •4. Thymus marchallianus - (Маршалл жебірі - тимьян маршаллиевский).
- •5. Mentha arvensis (дала жалбызы - мята полевая).
- •1. Achillea millefolium (кәдімгі мыңжапырақ - тысячелистник обыкновенный).
- •2. Chamonillа recutita (дәрілік ромашка - ромашка обыкновенная).
- •3. Tanacetum vulgare (кәдімгі түймешөп - пижма обыкновенная).
- •4. Ajania fastigiata (калқан аяния - аяния щитковая).
- •5. Artemisia santolinifolia (Сантолин жапырақ жусан - полынь сантолиолистая).
- •Балды өсімдіктер
- •Әртүрлі өсімдіктер тозаңындағы витаминдер мөлшері
- •Кейбір өсімдіктердің тозаңдарының аминқышқылдарыны құрамы
- •Қайыңның тозаңымен пергасының құрамы (%)
- •Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының болашағы
- •5. Шығыс Қазақстан.
- •Қазақстан жануар әлемі және олардыҢ ресурстары.
- •Аңшылық жасаудың ресми нормасы (2006 жылы)
- •I. Насекомжегіштер отряды (Insectivora bowdicth, 1821).
- •II. Қолқанаттылар немесе жарқанаттылар отряды (Chiroptera blumenbach, 1779).
- •III.Кеміргіштер отряды (Rodentia bowditch, 1821).
- •Кәмшат (черный бобр) – Castor fiber Linneus
- •IV. Қоянтәрәзділер отряды (Lagomorpha Brandt, 1855).
- •V. Жыртқыштар отряды (Carnivora bowdich, 1821).
- •Иттер тұқымдасы (Canidae Carаy,1821).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursidae Ceray, 1826).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursus linnalus6 1758). Қоңыр аю (бурой медведь) (Ursus arctos Linnalus, 1758).
- •3. Жанаттар тұқымдасы (Procyonidae Banaparte, 1850).
- •Жанат - еноты (Procyon Storr, 1780).
- •4. Сусарлар тұқымдасы (Mustelidaе Fischer, 1817).
- •Сусарлар -куница (Mustelidai Fischer)
- •5. Мысықтар тұқымдасы.
- •1. Мысықтар туысынан терісі бағалы және сол үшін пайдалы аңдарға жататындары:
- •2) Қамыс мысығы (камышовый кот) – Felis chaus Guldenstaedt, 1776.
- •3) Сілеусін (рысь) - Felis Lynx Linnalus, 1758
- •2. Барыстар туысы (Uncia Gray, 1854).
- •3. Қабыландар туысы (Acinonyx Brooks, 1828).
- •VI. Жұптұяқтылар отряды.
- •1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
- •Арқар (баран) - Ovies ammon Linnacus, 1758.
- •Жабайы дала қойы немесе Үстірт арқары (муфлон) – Ovis orientalis Gmelin, 1774.
- •Бұғылар тұқымдасы (олени) – Cervidae Gray, 1821.
- •2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
- •3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
- •VII.Тақтұяқтылар отряды.
- •Ескекаяқтылар отряды – Pinni – Pedia Jlliger, 1811.
- •Қазақстанның негізі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу қажеттілігі туралы және оның тәсілдері
- •Ителгілерді маршруттық есепке алу нәтижелері (Березовиков,2003)
- •Ителгілерді автомобильмен есепке алу нәтижесі (Березовиков, 2003)
- •1996 Жылы 10 – 11 мамырдағы Маңғыстау облысындағы ителгілерді авиация көмегімен жүргізілген есептеудің нәтижелері (Березовников 2003)
- •2. Қазақстанның қазіргі ихтиофаунасының қалыптасуы.
- •Қазақстанның құстар әлемі
- •Биологиялық алуантүрлілік тепе-теңдікте сақтап пайдалану туралы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы
•Алғашқы және екінші биосинтез заттары
•Әрекеттегі бірлесіп еріп жүретін және балластық заттар
•Өсімдіктердегі табиғи қосылыстардың негізгі топтарына қысқаша сипаттама
Өсімдік организмі өзінің химиялық құрамы және атқаратын қызметі жағынан өте күрделі. Табиғатта тек өсімдіктер ғана органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алады, ал оларсыз адамдардың және жануарлардың тіршілік етуі мүмкін емес. Өсімдіктер таңғаларлық әртүрлі зат алмасу процесінен және көмірқышқыл газынан, судан және органикалық емес зат қосылыстарынан алуан түрлі қосылыстарды синтездеуге қабілетті.
Қорыта айтқанда, барлық өсімдіктер судан және құрғақ заттардан тұрады, судың мөлшері жалпы салмағының 70 % шамасында болуы мүмкін. Су - бұл орта, ал ол ортада барлық биохимиялық процестер жүреді.
Құрғақ заттарды былайша бөлуге (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) болады.
Әр өсімдік организмінде заттардың пайда болуы және жинакталуы көптеген факторларға бағынышты: қоршаған ортаға, жасына, тіршілік жағдайына, дамуына, қоректенуіне. Динамикалық процесс жоғарыға аталған факторларға және басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Оған қосымша әрбір өсімдік онтогенез процесінде вегетациялық түрлену, гүлдену, жемістену және тыныштық фазаларынан өтеді. Онтогенез барысында өсімдіктердегі заттар мөлшері оның әртүрлі мүшелерінде әрқалай болуы мүмкін.
Өсімдіктер құрамында 21 химиялық элемент табылған (Муравьева. 1991). Олардың 16 элементі (Н, С, J, Р, S, Na, К, CI, Mn, Fe, Со, Сu. Zn) барлық өсімдіктерде кездеседі, ал 5 элементі (В, Al, V, Mo, J) тек кейбір түрлерде ғана кездеседі. Сандық құрамына байланысты оларды макро (К, Са, Ms, Na, CI, P, Si) және микро (Си, Zn. J. Co, Mn, Mo, AL, S, Fe) элементтерге бөледі. Қарапайым органикалық емес қосылыстар (Со2, H2O, NOз, S04 -2 және PO4) өсімдіктерге 6 негізгі элементті береді: С, Н, О, N, S, Р, ал олардан ұлпалардың көптеген компоненттері құрамында белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер және т.б қарапайым қосылыстар негізінде өсімдіктерде күрделі қосылыстар синтезделеді (алкалойдтар, фенолды қосылыстар, терпенойдтар және т.б.). Өсімдіктер құрамында болатын (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) заттар таза клетчатка - суда ерімейтін және әдеттегі еріткіштерде ерімейді. Қабықта, тамырда, сүйектерде ағаштанған клетчатка болады. Өсімдік клетчаткасы қабықшасының негізгі құрам бөлігі.
Целлюлоза - өсімдіктер клеткалары қабырғаларының сүйегі, сүйеніші.
Пектинді заттар - өсімдіктер мүшелерінің клеткааралық заттары. Өсімдікті қайнатқанда пектинді заттар суға ауыспайды, салқын суда ерімейді.
Салқындатқанда мөлшеріне байланысты сілікпе немесе қою коллоидты ерітінді пайда болады.
Шырыштар (слизи) - табиғаты полисахаридті зат.
Крахмал - полисахарид, дән тәрізді клеткадағы заттар өте жиі тамырларда, тамырсабағында, тамыржемісте, кейбір тұқымдарда болады. Салқын суда ерімейді. 60°С-тан жоғары болғанда жабысқан коллоидты ерітінді түзіледі, глюкоза босап шығады.
Көмірсулар - моно-ди- олиго- және полисахаридтер. Өсімдіктердің бәрінде, барлық мүшелерінде болады, әсіресе жемістерде, суда оңай ериді.
Белокты заттар барлық өсімдіктерде, өте мол тұқымдарда болады.
Шыны майлар - қорлық және қаптап орап алатын заттар. Жапырақтарда пайда болып, сосын өсімдіктің барлық басқа мүшелеріне ауысады. Қорлық зат ретінде тұқымдарда кейінге қалдырылады.
Пигменттер - барлық өсімдіктерде болатын заттар, жасыл бөліктерінде - хлорофилл, қызыл, қызыл-қоңыр, сары каратинойдтар, флаванойдтар, антрахинондар, антоциандар. Олардың ең көп мөлшері гүлдерде, жемістерде жинақталады. Көмірсулармен, органикалық қышкылдармен және белоктармен қатар органикалық қышқылдар өсімдіктер мүшелерінде ең көп кездесетін заттар қатарына жатады, олар көп мөлшерде шырынды жемістерде жапырақтарда, азырақ мөлшерде өсімдіктердің басқа мүшелерінде кездеседі.
Өсімдіктердегі минералды заттар екі топқа бөлінеді: 1) макроэлементтер; 2) микроэлементтер, олар туралы жоғарыда айтылды. Дәрілік өсімдіктердегі минералдық элементтердің болуы олардың күліне байланысты болады. Шикізаттың түріне байланысты күлінің мөлшері 3%-дан 25%-ға дейін болуы мүмкін (Муравьева, 1991).
Липидтер - жоғары май қышқылдарының және глицериннің немесе басқа көпатомды (жоғары молекулалық) спирттердің күрделі эфирлері. Өсімдіктерде липидтер барлық ұлпаларда болады, әсіресе көп мөлшерде тұқымдарда және жемістерде.
Балауыз (воск) - май қышқылдарының және бір атомды жоғары молекулалық спирттердің күрделі эфирлері.
Глиюкозидтер және көмірсулар фрагменттерінің табиғатымен С-О-С, С-С және C-S байланыстарымен анықталады.
Өсімдіктердің фармокологиялық белсенді заттарына, негізінен, екінші синтез заттары (алкалойдтар, сапониндер, жүрек гликозидтері, флаванойдтар және т.б) сонымен қатар кейбір бірінші синтез заттарын да (витаминдер, липидтер, көмірсулар) жатқызуға болады.
Өсімдіктердегі барлық заттарды әрекеттегі бірлесіп еріп жүретін және балластық деп бөледі.
Дәрілік өсімдіктердің пайдаланылатын мүшелерінде немесе жеке бөлшектерінде фармакологиялық белсенді заттардың көптеген түрлері, яғни кешені болады. Солардың арасынан бір немесе бірнеше өсімдіктің медициналық қажеттігін анықтайтын негізгі фармакологиялық белсенді заттарды ажырату қажет. Осындай негізгі фармакологиялық белсенді заттарды әрекеттесуші (действующие) заттар деп атайды.
Осындай әрекеттесуші заттардан басқа заттардың барлығын «бірлесіп еріп жүретін» (сопутствующие) заттар деп атайды. Мұндай бірлесіп еріп жүретін заттардың рөлі және маңызы әрқалай болуы мүмкін. Ол заттардың кейбіреуі организмге пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, витаминдер, органикалық қышқылдар, минералды заттар, қанттар және т.б. Кейбір бірлесіп еріп жүретін заттар әрекеттегі заттардың фармакологиялық әсеріне, сапасына тиімді әсер етуі мүмкін. Мысалы, сапониндер наперстянка өсімдігі жапырағының құрамында кездесетін жүрек гликозидтерінің тезірек еріп сіңірілуіне және олардың әсерін тездетуге қолайлы жағдай жасайды. Ал еритін немесе ісінетін полисахаридтер, илік (дубильные) заттар, керісінше, әрекеттегі заттардың шипалық тиімді әсерінің мерзімін ұзартуына алып келуі мүмкін.
Пайдалы әрекеттегі заттармен қатар кейбір дәрілік өсімдіктерде зиянды заттар да болуы мүмкін. Мысалы, жаңа жинаған итшомырт (крушина-Frangula) қабығында - антропол кенедән (клещевина-Ricunus) құрамында - токсильбумин және т.б. кездеседі.
Сондықтан пайдалы және зиянды бірлесіп еріп жүретін заттарды ажырата білу керек.
Кейбір өсімдіктер құрамында негізгі әрекеттегі заттардың сапасына әсер етпейтін фармакологиялық бейтарап заттар да кездеседі. Мұндай заттарды балластар деп атайды. Бірақ та «балластық заттар» деген ат тек шартты түрде ғана. Өйткені қазіргі заманда әрбір өсімдікті экономикалық тұрғыдан 100% тиімді пайдалану керек. Яғни, өсімдік шикізатының барлық пайдалы заттарын пайдалана білу керек. Мысалы, кейбір дәрілік өсімдіктің ББЗ-сын алып медицинада қолданумен шектелмей, ол өсімдік құрамындағы ағаштанып кеткен клетчатканы қағаз, кардон алуға пайдалану керек.
Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы алуан түрлі. Олардың құрамында көптеген биологиялық (фармакологиялық) белсенді, индиферентті (бейтарап) және балласты заттар бар.
Шындығына келгенде, табиғатта адам организмі үшін абсолютті бейтарап өсімдік жоқ. Мәселе олардың әсер ету күйінде сипатында мөлшерінде. Соған байланысты кейбір белгілі өсімдіктер дәрілік өсімдіктер қатарына жатқызылады. Бірақ көптеген дәрілік өсімдіктерге жатпайтын, дегенмен тамақ ретінде халықтық медицинада қолданылатын өсімдіктер де жеткілікті. ТМД елдерінде, соның ішінде, әсіресе Ресейде бұрыннан белгілі 2000 дәрілік өсімдік түрінен 500 дәрілік өсімдікке ғана осы уақытқа дейін толық фитохимиялық анализ жасалды. Қалған дәрілік өсімдіктер туралы тек жалпылама, яғни оларда қандай әсер ететін заттар бар екендігі туралы ғана мәліметтер бар. Демек, олардан ББЗ-ны бөліп алғанымен, олардың химиялық құрылымына толық анализ жасалмаған.
Дәрілік өсімдіктердің биологиялық белсенділігінің спектрі оларда әртүрлі химиялық кластарға, топтарға жататын заттардың болуына байланысты, мысалы эфир майларының, флавоноидтардың, полифенолдардың, полисахаридтердің және т.б.
Дәрілік өсімдіктердегі әртүрлі заттардың саны оннан бірнеше жүзге дейін болуы мүмкін. Өсімдіктің фармакологиялық әрекеттілігі сол нақты өсімдіктің нақты химиялық кұрамына тікелей байланысты.
Сонымен, заттардың, дәрілік өсімдіктің шипалық қасиеті жоғарыда келтірілген заттардан, басқа кейбір әлі толық анықталмаған фармакологиялық әсері бар заттардың болуына (антрогликозидтер, алкалойдтар, стереойдты қосылыстар және т.б.) байланысты. Мұндай заттар тек кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерінің құрамында ғана кездеседі, ол заттар бұл өсімдік түрлеріне өте тар белгілі биологиялық белсенділік береді (мысалы, кардиотопикалық, нейротроптық, адаптогендік және т.б.). Мұндай заттардың белсенділік дәрежесі мен сипатына байланысты кейбір дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктер қатарына жатқызады.
Дәрілік өсімдіктерді ББЗ-ға топтастыруға болады. Яғни, әртүрлі химиялық кластарға жатқызуға болады: терпенойдтар, фенолды қосылыстар, алкалойдтар, липидтер, моно- және полисахаридтер және т.б. Бұлайша болу ғылыми тұрғыдан дұрыс, бірақ практикаға берері шамалы. Сондықтан әрбір кластар химиялық топтарға және топтар тармақтарға бөлінеді.
Өсімдік - химиялық құрамы жағынан өте күрделі жүйе. Енді өсімдік химиясының негізгі зерттеу объектілері болып саналатын кейбір органикалық қосылыстарға кысқаша сипаттама беріп кетейік (Мамонов. Музычкина, Корулькин, 2008).
Алкалойдтар және гликоалкалойдтар. Алкалойдтарға белгілі физиологиялық белсенділігі, құрамында азоты бар органикалық заттар жатады. Өзінің атын бұл заттар Alkaly (сілті-шелоч) деген латын сөзінен алады. Бірақ барлық алкалойдтардың бірдей сілтілік сипаты болмайды.
Өсімдіктерден әртүрлі мәліметтер бойынша 4000-нан 10000-ға дейін алкалойдтың фармакологиялық қасиеттері зертгелген. Басқа ББЗ-мен салыстырғанда алкалойдтар өздерінің өте улы әсерімен ерекшеленеді. Сондықтан құрамында алкалойдтары бар өсімдіктерді өте үлкен сақтықпен аз мөлшерде пайдалану керек.
Гликоалкалойдтар - бұл циклопентанопер, гидро-фенантрененнің туындылары, қасиеттері жағынан стереойдты. Кеңінен және молынан алкалойдтар қосжарнақтылар: өкілдерінде болады. Қосжарнақтылар арасында алкалойдтарға өте бай тұқымдастар: көкнәрлер (Papaveraceae Juss). сарғалдақтар (Ranunculaceae Juss), бұршақтар (Fabaceae). бөріқарақаттар (Berberidaceae Juss), алқалар (Solanaceae), кендірлер (Apocynaceae Juss) және т.б.
Аминқышқылдары, белокты кешендер, бетаниндер.
Бұл алғашқы синтез заттары, олар өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады. Амин және карбоксил топтарының бір-біріне қатысты орналасуына байланысты а, b, γ және т.б аминқышқылдарын ажыратады. Олардың ішінде кең таралғандары - a, b және γ. Барлық аминқышқылдары қышқыл және сілті ерітінділерде ериді, нәтижесінде спиртте - су органикалық ерітінділерде тұздар пайда болады.
Бетаниндер суда және су-спирт ерітінділерінде жақсы ериді. Аминқышқылдары сияқты бетаниндер биполярлық иондар түрінде болады. Сілті және қышқыл ерітінділерде ериді.
Белоктар - барлық өсімдіктер құрамында болатын компоненттер белоктар, биополимерлер. Белоктар - химиялық элементтер: көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт, фосфор және т.б. бірқатар элементтерден құралған күрделі органикалық қосылыс. Белоктар қарапайым (гидролиз болғанда тек аминқышқылдарын береді) және күрделі түрінде белоктар табиғаты белок емес заттармен байланысқан: нуклеин қышқылдарымен (нуклепротейдтер, полисахаридтер, гликопротейдтер), липидтермен (микропротейдтер), пигменттермен (хромопротейдтер), металл иондарымен (металопротейндер), фосфор қышқылының қалдықарымен (фосфопротейдтер) және т.б.
Нуклеин қышқылдары - бүкіл тірі жүйенің тұрақты және қажетті кұрам бөлігі, нуклетидтердің өте көп қайталануынан кұралған бөлімшелер, өсімдіктер нуклеин қышқылы медицинада емдеу үшін қолданылмайды.
Ферменттер - биохимиялық реакциялардың катализаторлары, белокты бөліктен (апоферменттер) және белоксыз бөліктен (коферменттерден немесе коэнзимнен) тұрады.
Антроценді заттар - үш конденсацияланған сақинасы бар табиғи заттар тобы, жалпы формуласы - С6- С2- С6.
Антрахинондардын әртүрлі - туындылары, негізінен, Rubiaceae Juss, Rhamnaceae Juss, Polygonaceae Juss, Fabaceae Lidl, Liliaceae Juss тұқымдастары өкілдерінде жиірек кездеседі.
Витаминдер - әртүрлі химиялық құрылымды, организмнің дұрыс тіршілік етуіне өте қажетті төменгі молекулалық органикалық қосылыстар тобы.
Осы уақытқа дейін белгілі витаминдердің көбі жануарлар және адамдар организмінде синтезделмеді. Олардың 20-дан астамы өсімдіктерден жасалған тамақпен келеді, дайын витаминдер немесе провитаминдер түрінде, көп жағдайда, олар коферменттер. Витаминдерге ұқсас қосылыстар да бар: кейбір флаванойдтар (рутин және т.б), каротинойдтар, холин иназит, липоев, никотин оотов және пангамов қышқылдары және т.б.
Өсімдіктер түріне витаминдер мен витаминдерге ұқсас қосылыстар мөлшері бірдей емес. Өсімдіктердің кейбір түрлерінде витаминдер мол болуы мүмкін. Тағамдық өсімдіктер және олардан алынатын препараттар авитаминоздан сақтану үшін пайдаланылады. Мысалы, раушан (Rosa - шиповник), қалақай (Urtica - крапива), жеміс ағаштары, цитрустар.
Гликозидтер - кұрамында әртүрлі агликондар және көмірсулар фрагменттері бар көптеген биологиялық белсенді қосылыстар тобы.
Барлық гликозидтер суда, спиртте, су-органикалық ерітінділерде жақсы ериді. Гликозидтердің агликондары алкалойдтар, фенолдар, фенолқышқылдары, бензофенолдар, стильбендер, хромондар, кумариндер, ксантондар, флавондар, антроцендер және басқа да заттар бола алады.
Гликозидтердің ең көп таралған типтері: гликоалкалойдтар, антрацендер, кумариндер, жүрек гликозидтері, сапониндер, фенолдар, фурастанолдар, флаванойдтар.
Гликозидтер физика-химиялық қасиеттеріне байланысты екіге бөлінеді: 1) гидрофильді, 2) гидрофобты.
Терпенойдтар гликозидтерін терпенді сапониндер, ал стереойдтар гликозидтерін стереойдты сапониндер деп атайды.
Сапониндер - бір молекулада гидрофильді және гидрофобты қалдықтар болуына байланысты зор беттік белсенділігі бар заттар.
Сапониндер екі топқа бөлінеді: бейтарап (стереойдты тип) суда оңай ериді және қышқыл (трипенді) суда қиын ериді, сілтілер ерітіндісінде оңай ериді.
Сапониндер сулы ерітінділерде көпіршіктенеді, сұйықта ериді, метанолда және этонолда 70%-ға, ал қайнатқанда 90%-ға дейін салқындатқанда тұнбаға түседі.
Жүрек гликозидтері - жүрек бұлшық еттеріне таңдамалы кардиотоникалық әсер ететін табиғи биологиялық белсенді заттар тобы. Бұл қосылыстардың агликоны циклопентан-пергидрофенан болып саналады. Кәдімгі қанттардан басқа глюкоза, фруктоза, рамноза, жүрек гликозидтерінде ерекше дезоксиқанттар (дигитоксоза және цимороза) болады. Көптеген гликозидтер этил эфирінде, хлороформда, петролеид эфирінде және суда аз ериді, ал метил және этил спиртінде жақсы ериді.
Флороглюцидтер - флороглюциннің немесе пиронның моно, ди, үш және т.б туындылары. Аз зерттелген табиғи қосылыстар мол мөлшерде усасыр (Dryopteris щитовник) туысы өкілдерінде кездеседі.
Иридойдтар химиялық құрамының табиғатына қарағанда, бұл топ гликозидтерге жатады. Иридойдтар, негізінен, «қышқыл» өсімдік түрлерінде болады. Олар суда және төменгі-спирттерде (метил және этил) оңай ериді, органикалық ерітінділерде (бензол, хлороформ) нашар ериді.
Илік заттар дегеніміз - бұл ерекше «илегіш» қасиеті бар органикалық заттар, табиғаты полифенолды. Практикалық тұрғыдан барлық өсімдіктерде гидролизденетін, конденсацияланған немесе аралас илік заттар болады. Илік заттар өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінде жинақталады: өте жиі қабығында, тамырларында, тамырсабағында, сирегірек жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінің қабығында. Өсімдіктер ұлпаларында илік заттар еріген күйде болады.
Изопренойдтар - изопрепеннің биогендік ауысуының өнімі, табиғи қосылыстар. Изопренойдтарға әртүрлі терпендер, олардың туындылары терпенойдтар және стереойдтар жатады.
Эфир майлары - алифатикалық, моноциклдік бицклдік терпен қосылыстарының жиынтығы. Өсімдіктер гүлдерінің, жемістерінің және басқа мүшелерінің иістері - осы эфир майлары, сондықтан олар тек медицинада ғана емес, оған қосымша парфюмерияда, кондитер өндірісінде, әртүрлі ішімдіктер өндіруге пайдаланылады.
Каратинойдтар - сары және қызғылт сары табиғи пигменттердің үлкен тобы. Химиялық табиғаты бойынша олар - тетротерпендер. Олар, негізінен, жемістерде, гүлдерде кейде жер асты мүшелерінде жинақталады. Каротиндер және каратинойдтар, «А» витаминінің провитаминдері А витаминінің белсенділігіне ие, дәрілік шикізат ретінде қолданылады, поливитаминдер жинағына кіреді.
Стереоидтар - молекуласында циклопенганпертидрофенантрен қаңқасы бар қосылыстар класы. Стереойдтардың негізін салушы - тритерпен сквален. Стереойдты стериндер: Д тобының витаминдері, өт қышқылдары, стереойдты сапониндер, кардиотоникалық стереойдтар, стереойдты алкалойдтар және стереойдты гормондар болып бөлінеді.
Өсімдіктер стериндері немесе фитостериндер құрамында 28 -30 көмірсу атомы болады. Олардың кейбіреулері медицинада қолданылады. Таза күйінде бөлінген стериндер стереойдтық дәрілік заттар - стереойдтық гормондарды, Д витаминін және т.б. алуға пайдаланылады.
Стереойдты сапониндер құрамында 27 көміртегі атомы болады. Құрамында стереойдты сапониндер бар өсімдіктер антискелеротикалық заттар ретінде пайдаланылады, өйткені олардан стереойдты гормондар алу үшін таза жартылай синтетикалық заттар бөліп алады.
Кардиотоникалық стереойдтар, кардиотоникалық немесе жүрек гликозидтері, Олар медицинада миокардтың қысқаруын ынталандыру үшін қолданылады. Барлық стереойдтар биологиялық белсенді.
Карбон қышқылдары қосылыстарына тән ерекшелік - ол оларда карбоксил тобының (СООН) болуы. Сондай топтардың санына байланысты бір, екі және көпөсті қышқылдар деп бөлінеді.
Липидтер - жоғарыда бұлардың қысқаша сипаттамасы берілген.
Көмірсулар - көмірсулардың сипаттамасы жоғарыда берілген.
Инулин - суда еритін жоғары молекулалы фруктоза, негізінен жер асты мүшелерінде жинақталады (бақбақ - Taraxacum -одуванчик, цикори - Cichorium, андыз - Inula - девясил және т.б.).
Сілемейлі шырыш (слизи) химиялық табиғаты жағынан камедилерге ұқсас, бірақ айырмашылығы құрамында пектозандар көп және суда жақсы ериді.
Камедь (шырыш) гетересахаридтерден тұрады. Суда еруіне байланысты жақсы еритін және нашар еритін болып бөлінеді, бірақ суда ісінеді. Олар шырыш жолдарында, бездерде және тағы басқа да өсімдіктердің секрет жүйелерінде түзіледі. Кейбір камедилер тамақ өндірісінде және медицинада пайдаланылады.
Полисахаридтер зат алмасуда үлкен рөл атқарады, ісікке. қабынуға қарсы белсенділігі бар. Сахароза, крахмал, пектиндер тамақ өндірісінде целлюлоза - қағаз, тоқыма, химия өндірісінде пайдаланады.
Фенолды қосылыстар - өсімдіктер ұлпаларында кездесетін хош иісті заттардың үлкен тобы. Өсімдіктерде фенолды қосылыстар мономер, димер, олигомер және полимер түрлерінде кездеседі. Мұндағы олигомерлер зат алмасу процесіне белсенді қатысады. Ал полимер әдетте клетка қабырғаларында қалады, лигнинде немесе вакуольдерде жинақталады, таниндер, ал бос күйінде гликозидтер түрінде болады.
Әрине, жоғарыда келтірілген классификация және биологиялық белсенді заттарға берілген сипаттамалар толық емес, тек біз дәрілік өсімдіктерге қатысты кейбір жиі кездесетін заттарды ғана келтірдік.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Алғашқы және екінші биосинтез заты
Сіңімді және балластық заттар
Өсімдіктегі заттардың химиялық құрамына орта факторлардың әсері
Өсімдіктегі құрғақ заттың үлес салмағы
Табиғи қосылыстар туралы түсінік
Өсімдіктегі минералды заттардың 2 тобы
Фармакологиялық белсенді заттар туралы түсінік
Гликозидтердің алуантүрлілігі және атқаратын қызметі
Өсімдік – күрделі органикалық қосылыстардан құралған жүйе
Гликозиттер –биологиялық белсенді қосылыстар тобы
