Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биоресурс лаб. жинағы.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері

(квота-нормасы)

№

Өсімдіктер түрі

Шикізат түрі (дайындалатын бөлігі)

Барлығы тонна

1

Андыз тамыр, айр –Acorus calamus L.- Аир

Тамырсабақ

3,5

2

Ақезу бәрпі – Aconitum leucostomum –борец белоустый

Шөп

100,0

3

Дәрілік жалбызтікен – Althaea officinalis – алтей лекарственный

Тамырсабақ

2,0

4

Етжапырақ бадан – Bergenia crassifolia – бадан толстолистый

Тамырсабақ

5,0

5

Қара меңдуана – Hyoscyamus niger – белена черная

Жапырақтар

35,0

6

Қайың – Betula – береза

Бүршіктер, жас жапырақтар

2,5

7

Доланалар (алматы, Жоңғар және т.б.) - Crataegus – боярышник

Жемістер

20,5

8

Самарқан салаубасы – Helichrysum maracandicum бессмертник самаркандский

Гүлдер

5,0

9

Түркістан валерианасы – Valeriana turkestanica валериана лекарственная

Тамырлар

1,5

10

Жантақ – Alhagi – верблюжья колючка

Шөп

9,0

11

Кәдімгі адыраспан – Peganum harmala – гармала обыкновенная

Шөп

9,0

12

Шаян мойын таран – Polygonum bistorta - горец змеиный

Тамырсабақ

1.0

13

Бұрыш таран - Polygonum hidropiper – горец перечный

Шөп

3,0

14

Қызыл таспа – Polygonum aviculare – горец птичий

Шөп

4,0

15

Айланшөп таран – Polygonum percicaria – горец почечуйный

Шөп

2,0

16

Биік аңыз – Inula helenium – девясил высокий

Тамырсабақ

9,0

17

Дәрі түйежоңышқа – Melilotus officinalis – донник лекарственный

Шөп

4,0

18

Кәдімгі емен – Qercus robur – дуб обыкновенный

Қабық

1,0

19

Кәдімгі жұпаргүл, киікшөп – Origanum vulgare – душица обыкновенная

Шөп

12,0

20

Тор жеміс тегеурінгүл – Delphinium dictyocarpum – живокость сетчатоплодная

Шөп

2,0

21

Шілтержапырақ шайқурай - Hypericum perforatum – зверобой продырявленный

Шөп

12,0

22

Бунге киікоты – Ziziphora bungeana – зизифора Бунге

Шөп

3

23

Кәдімгі аюқұлақ Verbascum thapsus – коровяк обыкновенный

Гүлдер

1,0

24

Қосүйлі қалақай – Urtica dioica – крапива двудомная

Жапырақтар

12,5

25

Дәрі шелна – Sanguisorba officinalis – кровохлебка аптечная

Тамырсабақ

1,0

26

Мықсыр рапонтикум – Rhaponticum carthamoides –рапонтикум сафлоровидный

Тамырсабақ

0,2

27

Жөке ағаш – Tilia – липа

Гүлдер

3,5

28

Шоңайна – Arctium –лопух

Тамырлар

4,0

29

Таңқурай – Rubus – малина

Жемістер

2,0

30

Кәдімгі өгейшөп – Tussilago farfara –мать – и – мачеха обыкновенная

Жапырақтар

3,0

31

Азия жалбызы – Mentha asiatica – мята азиатская

Жапырақтар

4,0

32

Итшомырт шырғанақ – Hippophae rhamnoides – облепиха крушиновидная

Жемістер

50,0

33

Кәдімгі бақбақ – Taraxacum officinale – одуванчик лекарственный

Тамырлар

2,0

34

Кәдімгі жұмыршақ – Capsella bursapastoris – пастушья сумка

Шөп

2,1

35

Кәдімгі түймешетен – Tanacetum vulgare – пижма обыкновенная

Гүлдер

17,0

36

Таушымылдық – Patnia – пион

Шөп және тамырлар

3,0

37

Үлкен бақажапырақ Plantago maior – подорожник большой

Жапырақтар

3,2

38

Ащы жусан – Artemisia absinthium – полынь горькая

Шөп

5,5

39

Түркістан сасықшөбі – Leonurus turcestanicas – пустырник туркестанский

Шөп

3,0

40

Қызғылт семізоты – Rhodiola rosea – родиола розовая

Гүлдер

1,0

41

Дәрілік ромашка – Matricaria recutita – ромашка лекарственная

Гүлдер

1,0

42

Сібір шетені – Sorbus sibirica – рябина сибирская

Жемістер

1,0

43

Жалаң мия - Gelycyrrhiza glabra – солодка голая

Тамыр

40,0

44

Орал миясы – Gelycyrrhiza uralensis – солодка уральская

Тамыр

40,0

45

Маршалл жебірі – Thymus marschallianus – тимян маршаллиевский

Шөп

4,1

46

Кәдімгі тмин – Carum carvi – тмин обыкновенный

Жемістер

1,0

47

Кәдімгі мыңжапырақ – Achillea millefolium – тысячилистник обыкновенный

Шөп

19,0

48

Кәдімгі цикории – Cichorium intybus – цикорий обыкновенный

Тамыр және шөп

2,0

49

Лобель тамырдәрі – Veratrum Lobelianum – гермерица лобеля

Тамырсабақ

2,0

50

Үштармақ итошаған – Bidens tripartite – череда трехраздельная

Шөп

4,5

51

Қаражидек – Vaccinium – черника

Жемістер

1,0

52

Үлкен сүйелшөп – Chelidonium majus –чистотел большой

53

Дала қырықбуыны – Eguisetum arvense – хвощ полевовой

Шөп

2,2

54

Кәдімгі құлмақ – Humulus lupulus – хмель обыкновенный

Жеміс шоғыры

0,9

55

Раушандар – Rosa alberti, R.beggeriana, R.majalis – шиповники

Жемістер

33,0

56

Жылқы қымыздық – Rumex confertus – шавель конский

Тамырлар

2,5

57

Қырықбуын қылша – Ephedra equisetina – хвойник хвощевой

Өркендер

800,0

58

Сиверс алмасы – Malus sieversii – яблоня сиверса

Жемістер

1000,0

Жерден күрекпен қазып алынған тамырларды және тамырсабақтарды сілкіп-сілкіп, тазалап жуып қағазға, матаға немесе таза жерге жайып кептіру керек.

Жалпы өсімдіктерді кептірудің 4 әдісі бар:

1. Табиғи, бұл жағдайда шикізатты қағаздың немесе матаның бетіне жайып қойып жиі-жиі аударып тұрады.

2. Көлеңкеде кептіру, бұл жағдайда жақсы желденетін жабық ғимараттың ішінде кептіреді. Табиғи нақыштары сақталады.

3. Күн түскен жерде кептіру, бұл жағдайда өсімдіктер қабығы, тамырлары, тамырсабақтары. тұқымдары және жидектері кептіріледі.

4. Жылулықта кептіру (қолдан жылыту арқылы), бұл жағдайда температураны реттеп тұруға болады, шикізат тезірек кебеді.

Дәрілік өсімдіктер түрлеріне байланысты әдебиеттерде олардың қайсысын қай мезгілде жинауға болатындығын көрсететін күнтізбесі болады. Сол күнтізбесіне байланысты жинау керек. Мысалы, кәдімгі еменнің (Quercus robur - дуб обыкновенный), ешкіталдың (Salix caprea - ива козья) шипалық қасиеті бар бөліктерін қабығын наурыз айында жинайды. Ал қотыр қайыңның (Betula pendula) және қара теректің (Populus nigra - тополь черный) бүршіктерін сәуір айында жинау керек. Қара андыздың (Inula helenium - девясил высокий) тамырларын, тамырсабақтарын; сасықтамырдың (Ferula foetida - ферула вонючая) түйнек- пиязшықтарын; кәдімгі бақбақтың (Taraxacum officinale. - одуванчик обыкновенный) тамырларын сәуірде жинау керек. Ал дәрілік қырмызыгүлдің (Calendula officinalis -календула лекарственная), орман құлқайырының (Malva silvestris - просвирник лесной) гүлдерін шілде айында жинау керек. Ал итшомырттың (Ніррорһае rhamnoides-Облепиха крушиновая) жемісін қарашада кәдімгі аршаның (Juniperus communis -можжевельник обыкновенный) бүрін-жидегін желтоқсанда жинау керек. Яғни, шипалы қасиеті бар ББЗ өсімдіктің қай мүшесінде жинақталады, олар қай кезеңде жақсы күйде болады, соған байланысты жылдың әр кезеңінде дәрілік. өсімдіктер жиналады. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің қайсы түрлерін қай мезгілде жинауға болатындығы туралы біздің «Лекарственные растения» деген кітабымыздың (Мухитдинов, Паршина, 2002) 288-301 беттерінде келтірілген.

Дәрілік өсімдіктер шикізаты құрғақ, қараңғы, таза, температурасы 180°С дейін болатын жайда сақталуы керек. Әрине, дәрілік өсімдіктерді сақтау қағидасы техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.

Өсімдік өркендерін, жапырақтарын, гүлдерін, бүршіктерін сақтау 2 жылдан аспауы керек, ал тамырларды, тамырсабақтарды және қабығын сақтау - 3 жылдан аспауы керек. Көрсетілген мерзімнен ұзағырақ сақтағанда дәрілік шикізат өзінің белсенділігін жоғалтады. Жалпы. орташа алғанда шикізат шамамен 2 жыл сақталуы керек. Кейбір жағдайларда ол мерзімді қысқартуға немесе керісінше ұзартуға болады:

• Улы және әсері күшті шикізаттар.

• Эфир-майлы шикізаттар.

• Жемістер және тұқымдар.

Бір-бірінен бөлек жеке жайларда сақталуы керек. Шикізаттар сөрелерде (стеллаж), қатарларда (штабель) сақталады. Сөрелер мен еденнің арасы 25 см-ден кем болмауы керек. Қатарлар арасы 80 см-ден аз болмауы керек. Қатарларға шикізат атын, жиналған жылын, айын көрсетіп, этикетка жабыстырып қою керек. Жайдың ішін және сөрелерді жыл сайын дәрілеп (дезинфекциялап) тұру керек.

Әрине, әдебиеттерде келтірілген дәрілік өсімдіктерді жинау күнтізбесін биологиялық тұрғыдан дұрыс түсінген жөн. Дәрілік өсімдіктердің шикі заттық бөліктерін жинау олардың вегетациялық өсіп-дамуының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Қандай вегетациялық күйде жинау - ол ББЗ қай кезеңде мол жиналатынына байланысты. Өсімдіктерді онтогенездік тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің әрбір түрінің ең тиімді жинау кезеңдері анықталады. Әрине өсімдікті жинаудың нақтылы күнтізбесі мемлекетіміздің географиялық аймақтарына, климат жағдайларына бағынышты. Мысалы, зире (Carum -тмин) және жемістері оңай шашылатын өсімдіктердің жемістерін, тұқымдарын «шық» (роса) кеппей таңертеңгісін ерте жинайды, ал жер үсті мүшелерін, керісінше «шық» кепкеннен кейін жинайды. Осыған байланысты дәрілік өсімдіктің әрбір түріне байланысты олардың шикізатын жинау ережесі бар.

Шөптер.

Табиғат жағдайында шикізат жинаушылар, егерде өсімдік сиректеу кездесетін болса, оны пышақпен, ал егерде өсімдік көп, жиі топтала кездесетін болса, орақ, секатор арқылы жинайды. Егер өсімдік көпжылдық болса, оны жер асты мүшелерімен қоса қопарып, жұлып алуға болмайды.

Жапырақтар.

Сағақтарымен, сағақсыз шикізаттың сипатына байланысты қолмен кыршып жинайды.

Егерде шикізаты сабақсыз өсімдіктердің жапырақтарында (розеточные) болса, онда оларды пышақпен тамырына зақым келтірмей кесіп алады. Ірі шөптесін өсімдіктердің қос жапырақтарының тек ірі жақсырақ дамып жетілгендерін жинайды.

Гүлдер.

Гүлдерді жинау техникасы ол гүлдің мүшелеріне орналасуына байланысты (жеке ме, жоқ әлде гүл шоғы түрінде ме). Аюқұлақ (Verbascum - коровяк) күлтелерін жай гүлдерден жұлып алуға болады; ақбадамның (Sambucus - бузина) гүлдерін қалқан сияқты кесіп алуға болады; дәрілік түймедағының (Matricaria recutita - ромашка лекарственная) себеттерін (корзинка) қыршып жинауға болады. Дәрілік ағаш өсімдіктерінің гүлдерін, мысалы, жөке ағашының (Tilia - липа) гүлдерін сатыға шығып гүлдері бар өркендерін қайшымен кесіп алу керек.

Жемістер және тұқымдар.

Шөптесін өсімдіктердің құрғақ жемістерін және тұқымдарын жер үсті мүшелерін орақпен кесуге болады. Жидектерді қолмен жинап алады. Шырынды жемістерді (шетен – Sorbus - рябина, мойыл – Padus - черемуха) соплодии түрінде (гүлшоғы) бақша секаторымен кесіп жинайды.

Тамырлар, тамырсабақтар, түйнектер.

Жер асты мүшелерін жинау үшін күрек, қайла (кирка), кетпен, шот (матыга) арқылы топырақтан қазып алады. Құралды таңдау өсімдіктің өскен жерінің топырақ ерекшеліктеріне байланысты. Мемлекеттік немесе жеке меншік шаруашылықтарда өсімдіктердің тамырларын, тамыр сабақтарын жинау механикаландырылған. Мысалы, мия тамырдың (Gelycyrrhisa uralensis - солодка уральская) тамырын ол өскен жерлерден топыраққа терең енетін соқаларды пайдаланып, трактордың көмегімен қазып алады.

Қабық.

Өсімдікті шырыны қозғалысқа келген кезеңде жинайды. Өйткені бұл кезеңде қабықты ксилемадан оңай ажыратып алуға болады.

Жас ағаштар және бұталардың бұтақтарынан, діңдерінен бақша пышағымен жартылай шар немесе шар тәріздес көлденең бірінен-бірі 20-25 см қашықтықта кесіп-тіліктер жасайды. Сосын ең жоғарғы көлденең кесіктен бастап ұзына бойы 2-3 кесік жасайды. Соның нәтижесінде пайда болған қабық жолақтарын төменгі кесікке қарай тартады, бірақ оған жеткізбейді. Сол күйінде қабық жолақтары біраз уақытқа қалдырылады. Шамалы солып, кебіңкірегеннен кейін сыпырып алады.

Бүршіктер.

Әртүрлі әдістермен жиналады:

-қарағай (Pinus) бүршіктерін коронканың астынан кесіп жинайды;

-қайың (Betula) бүршіктерін, әдетте сыпырғы дайындағанда бұтақтарды кесу арқылы жинайды;

-теректің (Populus) бүршіктерін бұтақтардан ақырын жоғарыдан төмен қарап басу арқылы ажыратып алады.

Осылайша шикізат ретінде жиналған өсімдіктің мүшелерін алғашқы өңдеуден өткізу қажет. Олардың барлығы әртүрлі қоспалардан тазартылады. Содан кейін кептіруге дайындалады.

Қалай кептіру керек екендігі туралы жоғарыда айтылды.

Кептірілгеннен кейін дәрілік шикізаттар стандарт күйге келтіріледі. Яғни, сапасы жағынан ГОСТ, ФС, ВФС стандарттарының талабына сай болуы керек. Дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасы Мемлекеттік органдар бекіткен стандарттардың талабына міндетті түрде сәйкес болуы керек.

-ГОСТ дегеніміз - бұл КСРО кезінде бекітілген мемлекеттік стандарт.

-ФС дегеніміз - фармакопеялық статья.

-ВФС дегеніміз - временная фармакопейная статья.

Бұл жоғарыда келтірілген талаптар біздің Қазақстанда күшін жойған жоқ. Өйткені дәрілік шикізат дегеніміз - ол бүкіл дүниежүзілік маңызы бар нәрсе. Сондықтан оған қойылатын талап өте жоғары болуы керек. Яғни, Халықаралық деңгейдегі талапқа сәйкес болуы керек. Дәрілік өсімдік шикізаты туралы фармакопеялық мақала жазылғаннан кейін оның ішіндегі шипалық қасиеті жоғары болады. Медициналық практикада ендірілгендері Мемлекеттік фармакопеяға ендіріледі.

Дәрілік өсімдік шикізатына қатысты жасалған ФС және ВФС белгілі бір талаптарға сәйкес жасалуы керек.

ФС және ВФС-ті дәрілік өсімдіктер шикізатына қатысты былайша хаттау керек. Мақаланың (ФС) басында шикізаттың аты латынша, орысша, қазақша беріледі. Одан кейін сол шикізатты беретін өсімдікке және оның қай тұқымдасқа жататыны (орысша, қазақша, латынша) беріледі, шикізаттың жиналған уақыты, қандай ауруларға арналғаны көрсетіледі. Одан кейін белгілі бір тәртіппен жазылады:

Шикізатты кесу - шикізаттың бөлшектеу мөлшері және оның сипаттамасы;

Микроскопиясы - шикізаттың диагностикалық белгілері;

Сапалық реакциясы - микрохимиялық реакциясы, хромаграфиялық сынағы;

Сандық көрсеткіштері - ББЗ-дың пайыздық мөлшері, экстракті затардың, ылғалдың, күлдің, шикізаттың бөлшектерінің мөлшері және оның ауытқу мүмкіндігінің шегі, органикалық және минералдық қоспалары көрсетіледі:

- бақылау әдістері;

- буып-түю немесе орау;.

- таңбалау, тасымалдау, сақтау;

- жарамдылық мерзімі;

- негізгі фармакологиялық әсері (медицинада қолданылатын өсімдік шикізаты үшін).

ФС және ВФС бекітілгеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеледі. Меншіктілігі көрсетіледі, ол меншіктікте министрлік индексі, тіркелген нөмірі және бекітілген жылдың соңғы екі саны көрсетіледі. Меншіктілікті көрсету мысалы:

ФС 52-208-99; мұнда 52 - министрлік индексі, 208 - тіркеуге алынған нөмірі, 99 - құжаттың бекітілген жылы.

Дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығару – өте жауапты мәселе. Өйткені шикізат - дүниежүзілік сұранысты қажет ететін өнім. Сондықтан оған мұқтаждық тұрақты болатын нәрсе. Шикізат - табиғаттың бізге тегін берген сыйы. Соған байланысты біздер дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығарғанда еліміздің экономикасына зиян келтірмей, керісінше пайда келтіру туралы ойлауымыз керек. Жас, жаңадан аяғынан тұрып келе жатқан біздің елімізде бұл мәселе әлі заңды түрде бір жақсы жүйеге келіп үлгермей жатыр. Сондықтан бұрынғы КСРО кезінде бұл мәселе қалай болып еді соған кысқаша тоқталып өтейік.

Дәрілік шикізатты шетке шығару КСРО-да 1922 жылдан басталды. Жеке меншік фирмалардың орнына кеңестік әртүрлі ұжымдар келді: Госмедторгпром, Госторг, Юготрава, Центросоюз және т.б.

Көптеген дәрілік өсімдік шикізаттарын шетке шығару бұрынғыдай қалпына келтірілді. Олардың ішінде түймедағы (ромашка), жөке ағашы (липа) гүлдері, мия (солодка) және т.б.

Бұл бағыттағы жұмыстар 1929 жылы түбегейлі жақсарды. Өйткені көптеген ұжымдардың орнына бір ғана «Лектехсырье» пайда болды. Осы ұжым ғана шикізаттарды жинаумен, дайындаумен және шетке шығарумен айналысатын болды. «Лектехсырье» КСРО-да бірнеше (Ленинградта, Одесса да, Новосибирскіде және Владивостокта) үлкен экспорттық базалар ұйымдастырды. Осы базаларға КСРО-ның әртүрлі региондарынан тауарлық массалар келіп, осы базаларда ол шикізаттарға лабораториялық анализдер жасалып, шикізаттар қосымша жөнделіп экспорттық кемелге жеткізілді. Бұл базаларда тиісті сорттаушы, буып-түюші, таңбалаушы машиналар болды.

1937 жылы «Лектехсырье» ұжымы «Разноэкспорт» ұйымының бір конторасы болып өзгерді. Ал 1960 жылы Сыртқы Сауда Министрлігінің қарамағында арнайы «Медэкспорт» бірлестігі құрылды. Сол 1960 жылдан бастап барлық дәрілік шикізаттарды, медикаменттерді шетке шығару және шеттен әкелу операцияларын осы «Медэкспорт» бірлестігі жүргізді.

XX ғасырдың екінші жартысында дәрілік шикізатты шетке шығарудың сипаты өзгерді. Шетке КСРО-да онша қажеттігі жоқ шикізаттарды шығара бастады. Мемлекет ішінде қажеттігі бар шикізаттарды сыртқа шығаруға бірте-бірте тыйым салынды. Мысалы, мияны (солодка) ішкі мұқтаждыққа пайдалана бастады. Оны ішкі өндірісте фармацевтикалық тамақ және басқа өндірістік салаларда кеңінен пайдалана бастады. Сонымен қатар дәрілік эфир-майлы шикізаттар (Жалбыз; Дәуаскөк), құрамында жүрек гликозидтері бар (Жалынгүл, Наперстянка) және т.б. пайдаланыла бастады. Өндірістің мүмкіншіліктері қазіргі кезде тек шикізат қана емес, сонымен қатар шығу тегі өсімдіктерге байланысты препараттарды шетке шығаруға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезде ТМД мемлекеттерінде ендірілген фитопрепараттарды көптеген мемлекеттердің дәріханаларынан көруге болады.

Патшалық Ресейде фармаюпеяны басып шығарудың кешендеуіне себеп болған ол көптеген дәріханалардың қожайындарының шетел азаматтары әсіресе немістер болуына байланысты. Бұл дәріханалар XIX ғасырдың ортасына дейін шетелдік дәрілік шикізаттарға тәуелді болды. Дәріханалар Ресейде көптеген дәрілік өсімдіктердің бар екендігіне қарамастан шикізаттарды шетелдерден, әсіресе Германиядан алдырып отырды. Ол шикізаттардың көбі Ресейде өсетін, өсімдіктерден алынғанына қарамастан, олардан алынған препараттар Ресейде қымбат бағаға сатылып отырды. Мысалы, сантонин алынатын шикізат тек Ресейде өсетін өсімдіктен алынады.

1925 жылы КСРО-да мемлекеттік фармоюпеяның (МФ) VII басылымының шығуы бірінші қадам еді ал 1946 жылы фармокопеяның VIII басылымының шығуы ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерді регламенттеуге дұрыс өзгеріс жасады.

VIII МФ-ден бастап фармакопеяға ендірілген өсімдік шикізатының бәрінің шығу тегі отандық болды. Тек кейбір экзотикалық дәрілік шикізаттар ғана шеттен келетін болды. Мысалы, Чиебухи, Строфанты тұқымдары, хнаның қабығы, Инеккуана тамыры.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Дәрілік өсімдіктерді жинау тәсілдері

  2. Өсімдік шикізатын жинау күнтізбесі

  3. Дәрілік өсімдіктерді сақтау жолдары

  4. Дәрілік шикізатты шетке шығару тәртібі

  5. Қазақстанда дәрілік шикізат дайындау мөлшері

  6. Дәрілік өсімдіктерді кептіру әдістері

  7. Дәрілік өсімдіктердің шикізаттық мәні бар мүшелері

  8. Фитотерапия саласындағы мемлекеттік стандарттары

  9. фармотерапиялық статья туралы түсінік

  10. Дәрілік өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерін жинау әдістері