Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биоресурс лаб. жинағы.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу

  • Дәрілік өсімдіктерді зерттеудің мақсаты және міндеттері

  • Ерте заманғы елдердің (Қытай, Грекия және т.б) дәрілік өсімдіктерді пайдалануы және олар туралы еңбектері

  • Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындап әшкерелеудің жолдары мен әдістері

Мыңдаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі ауруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине, ол әрүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылды. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинақталды. XX ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеу үшін пайдалануға болатын жасанды препараттар өмірге келді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде - сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгеріп, яғни қызығушылық төмендеді. Соңғы 20-30 жылдың аумағында дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. ДДС ұйымының бағасы бойынша дүние жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Үндістан бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшілерінің емдері кеңінен пайдаланылады.

Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбі табиғи жолмен алынған дәрілерді артық көре бастады. Мысалы, Жапонияда 1974 жылдан 1989 жылға дейінгі 15 жылдың ішінде синтетикалық жолмен алынған препараттарды сатып aлy 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілерді пайдалану 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болды.

Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған нұсқауларының 25%-ы - өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде, сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Белгияда - 60%-ы, Англияда - 74%-ы қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болуы керек деген.

Қазақстан дәріханаларында сатылатын қымбат дәрілердің 90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде фармацевтикалық өндірістерді дамыту үшін, әрине көп уақыт және өте көп қаражат керек. Сондықтан мұңдай жағдайда біздің еліміз үшін дәрілік өсімдіктерден препараттарды алуды тезірек ұйымдастыру тиімдірек медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.

Экономикалық тиімді болу үшін халық саны 50 млн шамасында, шығарылған өнім жоғары сапалы болып бәсекелестікке түсетіндей болуы керек.

Соңғы жылдары осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, Қазақстан үкіметі республикалық ғылыми-техникалық бағдарламаға көңіл бөліп, қаржыландырып келеді.

Кейбір институттардың, акционерлік қоғамдардың және жеке кәсіпкерлердің белсенділігі нәтижесінде соңғы жылдары дәрілік өсімдіктен алынған шикізат мөлшері айтарлықтай артты. Дәрілік өсімдіктерден алынатын препараттарды жасау жолындағы жұмыстардың ауқымы кеңеюде. Әрине, бұл бағыттағы жұмыстардың, табиғат үшін, әсіресе кейбір дәрілік өсімдіктер үшін кейбір жақтары да жоқ емес. Осыған байланысты Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДС) дәрілік өсімдіктермен алынатын жасаудың нұсқауын жасады. Ол нұсқау барлық елдердің азаматтары үшін бұлжытпай орындалатын ереже болуы керек. Сондықтан ДДС ұйымының нұсқауын халыққа тезірек жеткізіп түсіндіру үшін академик Н.Д. Беклемишевтің басшылығымен біраз маман-ғалымдар К.Д. Рахимов, Ж.А. Сатыбалдиева, Г.Н. Суходоева, С.М. Адекенов, К.А. Тлемисова, Қазақстан Республикасының Фармакологиялық Мемлекеттік комитетінің ұсынысымен және мақұлдауымен 1999 жылы «Дәрілік өсімдіктер мен жұмыс жасаудың нұсқауы» деген арнайы жинақ шығарылдырылды. Бұл жинақта дәрілік өсімдіктерді зерттеуге байланысты халықаралық талаптар келтірілген.

Жинақ негізгі 4 бөлімнен тұрады:

1. Дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың ДДС ұйымы ұсынған нұсқауы.

2 .Өсімдіктен алынған дәрілердің қауіпсіздігін және ДДС зерттеудің нұсқауы.

3. Өсімдіктен алынған дәрілерді бағалаудың нұсқауы.

4. Жақсы өндірістік практика: дәрілік өсімдіктерден өнім өндіруге қосымша нұсқау.

Бұл жинақта келтірілген дәрілік өсімдіктерге қатысты халықаралық талаптардың ішіндегі біздің пәнімізге қатыстысы - ол ДДС ұйымының негізгі алғашқы талабы. Ол табиғаттағы дәрілік өсімдіктерді қорғап, сақтап, экологиялық тепе-теңдікті қалыптастыруға әрекет жасап жағдай туғызу.

Дәрілік өсімдіктерді зерттеу мақсаты мен міндеттеріне келетін болсақ, ол - биологиялық білім саласындағы ілімнің қазіргі замандағы жағдайын көрсету. Негізгі дәрілік өсімдіктермен, олардың таралу ерекшеліктерімен, медицинада пайдалануымен таныстыру. Бұл тақырыпты оқығанда сіздер мына мәселелер туралы хабардар болуларыңыз керек.

1. Әртүрлі систематикалық топтардың негізгі дәрілік өсімдіктері және олардың биологиялық белсенді заттары туралы.

2. Арнайы танылған-мойындалған дәрілік өсімдіктер туралы.

3. Қазақстанның жалпы белгілі дәрілік өсімдіктері туралы.

4. Дәрілік өсімдіктерді сақтаудың принциптері туралы.

5. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы.

Ерте заманғы жабайы адамдар жергілікті флорамен танысқанда өздері үшін көптеген пайдалы өсімдіктерді таба білген, оның ішінде, әрине шипалық қасиеті бар өсімдіктер де болған. Ол туралы әдебиетте мәліметтер жеткілікті. Мысалы, халықтың ауруға, аштыққа төзімділігін арттыру үшін Шығыс Азия халықтары - шай ішкен, Орталық Америка халықтары -какао ішкен, Оңтүстік Америка халықтары - мате жапырақтарын пайдаланған, Амазонка индеицтері гуарапуданы пайдаланған. Осы алынған өсімдіктердің бәрінде жалпы бір дәрілік зат - кофеин алкалоиды бар екендігі кейіннен анықталған.

Гельминттермен (паразит құрттар) күресу үшін Африка тұрғындары куссо гүлін, Азия тұрғындары камалу деген өсімдікті, ал Солтүстік халықтары папоротниктің тамыр сабағын қолданған. Бұл өсімдіктерде гельминтке әсер ететін заттар бір класқа жататын табиғи қосылыстар екендігі анықталған.

Көпжылдық байқау практика жүзінде қат-қабат тексерілген және ұрпақтан-ұрпаққа көп ғасырлар бойы берілген мәліметтердің нәтижесінде фармакогнозия деген фармацевтикалық ғылымның бір саласы өмірге келді. Фармакогнозия (гректің pharmakon - дәрі, және gnosis - зерттеу, білу) - дәрілік өсімдіктердің дәрілік қасиеті бар шығу тегі өсімдікке байланысты шикізатты және шығу тегі өсімдік пен жануарларға байланысты өнімдерді алғашқы өңдеуді зерттейтін ғылым.

Біздің дәуірімізге эрамызға дейін Таяу Шығыс халықтары (шумерлер, ассириялықтар, вавилондықтар) дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жинақтаған. Дегенмен, өсімдіктер туралы молырақ мәліметті грек әдебиеттерінен табуға болады. Гректер тек өз білімдерін ғана емес, сонымен қатар Египет, Таяу Шығыс халықтарының дәрілік заттарын кеңінен пайдаланған.

Ертедегі атақты дәрігер Гиппократ (460-377 жж. б.д.д.) медициналық шығарма құрастырды. Емдеу үшін ол, негізінен, физикалық және диеталық әдістерді пайдаланды. Дегенмен, оның еңбектерінде 230 дәрілік өсімдіктің сипаттамасы берілген. Өсімдіктерге көбірек көңіл бөлген ерте грек дәуірінде өмір сүрген философ, ботаник Теофраст (372-267 жж. б.д.д.) болды. Теофраст «Өсімдіктерді зерттеу» трактатының авторы.

Ертедегі Рим фармациясының және медицинасының өкілі К.Гален (131-201 жж.) өсімдіктерді дәрілік шикізат ретінде өте жоғары бағалады. Гален препараттарды экстракт әдісімен өндіруді ұсынып, іске асырды. Ол осы уақытқа дейін Гален препараттары деген атпен белгілі.

Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарында көптеген дәрілік өсімдіктер белгілі болды. Олардың ішінде ең ерте дамығаны Қытай медицинасы болды. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын Қытайда дәрілік өсімдіктердің 230 түрі пайдаланылған. Жануарлардан алынған 65 дәрілік зат дәрілік минерал болған. Қытайда жазу пайда болғаннан кейін ол мәліметтердің бәрі «Книга о травах» деген (Бень-Цао) кітапта жазған. Ең белгілі дәрілік өсімдіктер туралы «Травникті» Қытайда Ли-Ши-Чжен кұрастырды. Ол XVI ғасырда басылып шыққан. Бұл,«Травникте» 1892 объект, соның ішінде 900 дәрілік өсімдік жазылған.

Үндістан медицинасының да Қытайдікі сияқты өзіндік орны бар. Үндістанда ең белгілі еңбек - ол «Аюрведа» («Наука о жизни» - өмір туралы ғылым). Ол еңбек бірнеше рет қайта өнделген. Олардың ішіндегі ең белгілісі - ол үнді дәрігері Сушруттың (IV ғасыр б.д.д.) өңдегені. Ол еңбекте дәрілік өсімдіктердің 700 түрі келтірілген.

Тибет медицинасы Үндістан медицинасы негізінде пайда болған. Ол Тибетке буддизм арқылы енген. Тибет медицинасындағы белгілі еңбектердің бірі - ол «Джуд-Ши» («Сущность целебного» - «Шипалықтың мәні»), ол Үндістандағы «Аюрведа» негізінде жазылған.

Медицина және фармацияның даму тарихына араб ғалымдары үлкен үлес қосты. Джундишапур және Александрия қалаларында медициналық мектептер гүлденіп дами бастады. Бұл мектептерде Грецияда және Римде шыққан медициналық кітаптар араб тіліне аударылды. Тарихта көптеген араб дәрігерлерінің еңбектері туралы мәліметтер бар. Олардың ішінде, атап айтатын болсақ, Абу Мансур Мувафикті келтіруге болады. Ол 977 жылы фармакогнозия туралы кітап жазды. Ол кітапта 466 дәрілік өсімдік туралы мәліметтер бар. Бұл кезеңде ең белгілі, дүние жүзіне атағы жайылған тәжік халқының Ұлы Абу Али Ибн-Сина болды (Авиценна Бұқардан). Ол 980-1037 жылдары өмір сүрді. Абу Али Ибн-Синаның дүние жүзіне әйгілі болған еңбегі «Канон врачебной науки». Ол еңбек латын тіліне аударылған. Содан кейін көптеген тілдерге аударылған. Орыс тіліне 1954 жылы аударылған. Ол еңбек Европада ұзақ уақыт үлкен кұрметпен пайдаланылды. Сол еңбектің 2 және 5-томдарында фармация туралы мәліметтер қамтылған. Ибн-Сина шығу тегі өсімдік, жануар және минералдар болатын дәрілік заттарды, әсіресе өсімдіктен алынған дәрілік заттарды кеңінен пайдаланды.

Ибн-Синаның замандасы өзбек ғалымы, энциклопедист Хорезм шаһарынан Абу Райхан Бируни болды (973-1048). Бирунидің негізгі еңбегі — «Фармакогнозия в медицине» (Китаб ас-Сайдана Фит-т-Тибо). Европа ғылымына бұл еңбек 1902 жылға дейін белгісіз болды. 1932 жылдан бастап еңбек басқа тілдерге аударыла бастады. І973 жылы У.И Каримов бұл еңбекті бірінші рет орыс тіліне аударды. Бұл еңбек «Сайдана» деген атпен белгілі. «Сайданада» 1116 тарау бар, соның 880-тарауында дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жазылған.

Европада орта ғасырда медициналық білім төмен болды. XII ғасырдан бастап Европаға Испания, Сицилия арқылы Арабия медицинасы ене бастады. Арабтардың жоба-нұсқасы бойынша ауруханалар және дәріханалар ұйымдастырыла бастады. Медициналық еңбектерді араб тілінен латын тілдеріне аудара бастады.

Орта ғасырдың соңғы кезеңдерінде дәрілік өсімдіктер туралы ғылымның дамуына атрохимия (қазіргі заманғы фармацевтикалық химияның бастамасы) көп ықпал етті. Ятрохимияның негізін салушылардың бірі - Теофраст фан Гогенгеим (1493-1541). Ол Парацельс деген атпен белгілі. Бұл дәуірден Сигнатура деген ілім қалды. Сигнатураның мәні -дәрілік өсімдіктерді емдік мақсатта олардың сыртқы белгілерінің ерекшеліктеріне қарай ұсыныс жасау (лат. Signa naturae - знаки природы). Осы түсініктерге байланысты:

1) шайқурай (зверобой - Hypericum), мысалы ұрылған жараларға (көптеген қызыл-қоңыр нүктелері күлтелеріңде бар);

2) сары ауруға қарсы - айқын сары гүлдері бар салаубас (бессмертник - Helichrysum) ұсынылды;

3) тікенекті өсімдік-түйетікен (чертополох - Cardus) асқазандағы шаншу ауруына қарсы пайдаланылды;

4) женьшень, мандрагора деген өсімдіктер формасы адам фигурасына ұқсастығына байланысты барлық ауруға ем ретінде қолданылды.

Бұл бағыт мистикалық түсінік және өтірік көзқарастар екендігіне қарамастан өсімдіктер туралы морфологиялық, систематикалық мәліметтер жиналуына себепші болды.

Парацельстің өсімдіктерде бір әсер ететін бастаманың, күштің бар екендігі туралы түсініктері XVII-XVIII ғасырларда өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеудің қажет екендігіне алып келді. Ол өз кезегінде фармакогнозияның саласында фитохимияның ашылуына алып келді.

Фармацевтер өсімдіктерден әртүрлі әсер ететін заттарды ажыратып алуды бастады. Ең алғаш алкалойдты морфиннен француз фармацевті Серпорнер бөліп алды.

Патшалық Ресейде фармакогнозияның және фармацияның дамуына I Петр үлкен үлес қосты. Петр патшаның жарлығымен Ресейде дәріханалар және дәріханалық бақшалар ұйымдастырылып салына бастады. Бұл саланың дамуына 1724 жылы ұйымдастырылған Ғылым Академиясының да әсері мол болды. КСРО-да отандық дәрілік өсімдіктер каталогын жасау және дәрілік өсімдіктерді жинау, оларды шикізат ретінде пайдалану фармакогнозияның алдына бірқатар маңызды мәселелер қойды: химиялық, ресурстық, тауартанушылық салаларында. Бұл өз кезегінде фармакогнозия бағдарламасында үлкен теориялық білімнің пайда болуына, ал практикалық тұрғыдан морфологиялық-анатомиялық практикумнан басқа дәрілік өсімдіктерге химиялық анализ жасау туралы лабораториялық сабақтары және тауартанушылық практикумдары ендірілді.

Методикалық тұрғыдан әртүрлі жүйелер, классификациялар сыналды. Соның нәтижесінде бүкіл КСРО-дағы фармакогнозия саласындағы мамандар бір тұжырымға келді. Ол бір классификацияны, яғни химиялық классификацияны мойындап қабылдау туралы шешім қабылданды. Яғни, шикізаттағы әсер ететін биологиялық белсенді заттың құрамына қатысты.

Кеңестік фармакогнозияның қалыптасып дамуы - ол бүкіл КСРО-дағы фармакогностар қауымы еңбектерінің нәтижесі. Әсіресе, бұл салаға еңбек сіңірген профессорлар А.Ф. Гаммерман, Д.М. Щербачев, А.Я. Томингас және т.б.

Әсіресе Гаммерман Адел Федоровнаның (1888-1978) еңбегі ерекше. Ол 30 жылдан астам уақыт Ленинград химия-фармацевтикалық институтында фармакогнозия кафедрасын басқарды. Ол кісі дәрілік өсімдіктер шикізатының диагностикалық курсын жасап шығарды. Сонымен қатар ол кісі оқу бағдарламасына тауартанушылық және фитохимиялық анализ жасауды ендірді.

Сол Гаммерманның мектебінен профессорлар К.Ф. Блинова, Г.П. Яковлева, Л.И. Эристива, Д.А. Муравьева және т.б. шықты. Фармакогнозияның дамуына проф. ДМ. Щербачев үлкен үлес қосты. Щербачев - КСРОдағы ең бірінші фармакогнозия оқулығының авторы (1930). Ол оқулық химиялық классификация негізінде жасалған. Ол көп жылдар Мәскеу фарма-цевтикалық институтында фармакогнозия кафедрасын басқарды. Ол дәрілік өсімдіктер шикізатынын диапюстикалық әдістерін жасауға көп үлес қосты.

ТАРГУ университетінде А.Я. Томингас дәрілік өсімдіктер химиясын және олардың филогенетикалық байланыстарын зерттеумен айналысты. Кейінірек бұл бағытты И.К. Томмеорг (1929-1986) жалғастырды. Украинада фармакогнозияны дамытуға Харьков фармацевтикалық институтының профессоры Ю.Г. Борисюк еңбек сіңірді. Кавказда фармакогнозияның дамуы Тбилиси медицина институтының профессорлары Э.Я. Аболяға және В.Е.Шотадзеге байланысты. Фармакогнозияның дамуы Әзірбайжанда профессор И.А. Дамиров, Өзбекстанда профессор Р.Л. Хазанович және профессор Х.Х. Халматов, Томскіде профессор Л.Н. Березнеговский еңбектеріне тікелей байланысты.

Қазіргі кезде Қазақстанда фитохимиялық зерттеу жұмыстары Қарағандыдағы фитохимия (проф. СМ. Адекенов), Шымкент химфарм заводында, ҚазҰУ-дың химия факультетінде табиғи қосылыстар химиясы кафедрасында кеңінен жүргізілуде.

Мамандардың мәліметі бойынша, біздің планетамызда гүлді өсімдіктердің 250-300 мың түрі кездеседі. Қазақстанның өзінде 6000 түрі бар. Оның ішінде әлі толық зерттелмеген шипалы өсімдіктер жеткілікті. Бірақ осы уақытқа дейін бұл мәселе әлі толық зерттелген жоқ. Сол 6000 өсімдіктің ішінен жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындап әшкерелеудің бірнеше әдістері бар:

1. Халықтық медицина тәжірибесін зерттеу. Өйткені осы кездегі қолданылып жүрген барлық дәрілік өсімдіктер сол халықтық медицинадан алынған. Халықтық медицинамен танысудың бастапқы этапы ол:

а) арнайы экспедициялар ұйымдастырып, халық арасындағы тәуіптер, ақсақалдармен, әжелермен сөйлесіп мәліметтер жинау.

б)жиналған мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, әдебиеттермен танысып, олардың каталогын жасау.

2. Ғылыми медицинада пайдаланып жүрген дәрілік өсімдіктерді тереңірек зерттеу. Қазіргі материалдарды, ғылыми жетістіктерді пайдаланып ревизия жасау. Алынған мәліметтерді халықтық медицинадағы мәліметтермен салыстыру. Мұндай жұмыстың нәтижесінде кейбір дәрілік өсімдіктердің медицинада колданылу бағыты өзгеруі мүмкін.

3. Филогенетикалық әдіс. Ботаникалық тұрғыдан туыс өсімдіктердің химиялық құрамы ұқсас болуына байланысты ол өсімдіктердің фармакологиялық әсері де ұқсас болуы мүмкін. Олардың мұндай биологиялық заңдылықтарын білу арқылы бұл бағыттағы жұмысты белгілі бір мақсатпен тиімді жүргізуге болады. Бұл - әсіресе Орта Азияда, Қазақстанда өте өзекті мәселе. Өйткені біздің Қазақстанда Европада, Ресейде дәрілік қасиеті дәлелденген өсімдіктердің көптеген түрлері кездеспейді, бірақ оларға өте жақын түрлер сол туыстың өкілдері кездеседі. Соларды тереңірек зерттеп, қажетті түрлерді тауып өндіруге болады.

(

Халық медицинасымен танысқанда тек өз халқымыздың ғана емес басқа да Арабия, Қытай, Тибет халықтары медициналарымен танысқан дұрыс. Орта Азияда, Қазақстанда бүкіл дүние жүзіне әйгілі Шығыс медицинасының, ертедегі Араб медицинасының, Бурятияда Тибет медицинасының іздері қалған. Соларды тауып толық таныс үлкен маңызды мәліметтер береді. Өсімдіктерден алынған экстрактілер медицинада клиникалық сынақтан өткеннен кең медицина практикасына ендіріледі.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Дәрілік өсімдіктерді зерттеудің мақсаты және міндеттері

  2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының фитотерапияға көзқарасы

  3. Ерте заманғы елдердің дәрілік өсімдіктерді пайдалану

  4. Аромотерапия – ежелден келе жатқан емдеу тәсілі ретінде

  5. Ежелгі ойшылдардың шина өсімдіктер туралы еңбектері

  6. Дәрілік өсімдіктерді айқындау жолдары

  7. Үндістанның дәстүрлі емес медицинадағы орны

  8. Емдеу саласындағы физикалық және диеталық әдістері

  9. Дәрілік өсімдіктерді айқындауда «Елек» әдісі туралы түсінік

  10. Дәрілік препараттарды табиғи және синтетикалық жолдармен өндіру

Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау

• Дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру

• Өсімдік шикізатын жинау күнтізбесі

• Дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығару және шеттен алып келу

Дәрілік өсімдіктері жинау әдістері және уақыты ол өсімдіктердегі шипалық әсері бар заттардың ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Биологиялық белсенді заттар (ББЗ) өсімдіктердің әртүрлі түлерінде немесе тек бір мүшесінде жинақталуы мүмкін. Сондықтан дәрілік өсімдіктердің барлық бөліктерінің түгел шипалық қасиеті бар деп айтуға болмайды. ББЗ белгілі бір өсімдік түрінің қай мүшесінде жинақталатынын біліп алып, содан кейін ғана нақты қажетті мүшелерін жинау керек. Қазақстандағы кейбір дәрілік өсімдіктерді жинаудың жылдық мөлшері туралы мәлімет (Егеубаева, Аверина, 1999) №1 кестеде келтірілген. Жалпы, дәрілік өсімдіктің жер үсті мүшелері тек ауа райы кұрғақ кездерде ғана жинайды.

Ескеретін нәрсе, шаң басқан, әртүрлі насекомдармен жарақаттанған немесе тақ саңырауқұлақтарымен ауырған дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды.

Бүршіктерді ерте көктемде, яғни наурыз-сәуір айларында әлі таралмаған ісінген кезінде жинаған дұрыс.

Медициналық мақсатпен өсімдік қабықтарын тек жас бұлақтардан алған дұрыс.

Шөптесін өсімдіктерді гүлдеген кезінде жинайды, оларды төменгі жапырақ деңгейде алады. Жапырақтарды гүлдеу алдында және гүлдеу басталғанда немесе толық гүлдегенде жинайды. Өсімдік өліп қалмау үшін жапырақтардың көбісін жинамай қалдырады.

Гүлдерді гүлдеу енді басталғанда жинаған дұрыс.

Медицинада шырынды және құрғақ жемістерді пайдаланады. Оларды тек піскен кезде ғана жинаған дұрыс. Шырынды жемістерді таңертең ерте немесе кешке жинайды. Оларды жинағанда үлкен сақтықпен езіп алмай жинап, ішінде тартып-көріп қойған қалта немесе қабы бар бетке салады. Тез түсіп шашылып қалатын жемістері бар өсімдіктердің жемістерін жинағанда олардың гүлшоқтарын кесіп алып бауға (сноп) байлап, көлеңке жерге жемістері пісіп-жетілгенше іліп қою керек. Сосын сондай кептірілген бауларды өңдеп жемістерін алады.

Тұқымдарды піскеннен кейін жинайды, қыста зең (плесень) пайда болмас үшін шаңнан, әртүрлі қоспалардан тазартады, таза ауада кептіреді. Тамырлар және тамырсабақтарды күзде өсімдіктің жер үсті мүшелері сола бастағанда дайындайды.

1-кесте