Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биоресурс лаб. жинағы.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Қазақстанның қазіргі ихтиофаунасының қалыптасуы.

Қазақстанда палеозойдың соңында ірі негізгі тау жыныстарының жылжуы болған. Осы кезде жаңа тау жүйелері пайда болған, мысалы: Мұғалжар, Қаратау, Тянь-Шань, Жоңғар, Тарбағатай, Алтай және Орталық Қазақстандағы жоталар (Берг, 1908; Синицин, 1962).

Мезозойдың соңында және палеоценде құрлықтың төмендеп суға батуы басталады. Ол өзінің шегіне эоценде жетеді. Бұл кезде теңіз сулары алыс шығысқа, Қазақстанның оңтүстігіне жетеді Ташкент ойпатына, Шу аңғарынан Талас Алатауына және Қырғыз жотасына жетті. Теңіз солтүстікте де басты. Соның нәтижесінде Ырғыз-торғай ойпаты оңтүстік теңізі батыс Сібір ойпатын басқан солтүстік теңізімен қосылды. Дәл осы дәуірде (юра-мел) карптәрізділер (тұқытәрізділер) және карптер (тұқылар) (эоцен-палеоцен) пайда болған деген болжам бар (никольский, 1950).

Қазақстанда ІІІ дәуірдің ортасынан бері орталық Қазақстанда (қазақ шоқырлары) Балқаш және Зайсан региондарын теңіз суы басқан жоқ. Қазақстанның қалған региондары батыстан және солтүстіктен бастап оқтын-оқтын теңіз суы астында қалып отырды. Н.Г.Кассаның (1947) ойынша Балқаш ойпаты палеозойдың бері өз алдына бөлектеніп дамыған.

Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс региондарында олигоценде және миоценд тұщы сулардағы балықтардың негізгі туыстарының кеңінен тарағанын көптеген палеоихтиологиялық қалдықтардан көруге болады.

Бұл табылған палеоихтиологиялық қалдықтар Қазақстанның батыс регионынан басқа территорияларының олигоцен және миоценнен бері теңіз сулары астында қалмағанын көрсетеді. Барлық ертедегі трансгрессиялар (құрлықтың төмендеп, оны теңіз суларының басуы) тек Арал және Каспий фаунасының қалыптасуына әсер етті. Ал барлық Қазақстандағы басқа су қоймаларының ихтиофаунасы өз жолдарымен қалыптасты.

Демек, ІІІ дәуірдің ортасынан бастап Қазақстандағы барлық су қоймаларының алғашқы ихтиофаунасы бір типті болды, тек Балқаштан басқасы.

Одан бергі заманда жеке жүйелердегі ихтиофаунаның қалыптасуына ІІІ кезеңнің соңында және ІV дәуірде жалғасқан тектоникалық процестер әсер етті. Дәл сол кезеңдерде ескі Тянь-Шаньның, Жоңғарияның, Тарбағатайдың, Алатайдың 1км шамасында биікке көтерілу іске асты. Қазақ шоқылары және Мұғалжар салыстармалы аз көтерілді.

Дәл сол кезден, яғни Қазақстанның гидрографиялық жүйесі қазіргі заманға жақын күйіне келген кезден бастап, қазіргі ихтиофаунаның байланыстарын, іздерін табуға болады.

Каспий және Арал бассейнінің өзгерістері белгілі. Олардың Жерорта теңізімен байланыстары бірнеше рет қайталанған, соның нәтижесінде бұл бассейндердің фаунасында Атлантика теңізі элементтері пайда болған. Бірақ Арал бассейнінде теңіздік формалар кездеспейді. Оны екі жолмен түсіндіруге болады: 1) Арал бассейні бірнеше рет құрғап, кеуіп қалған, одан тек тұщы сулы өзендер арнасы ғана қалған, ал ол арналарда тек тұщы суда мекендейтін балықтар ғана қалған; 2) Арал мен Каспийдің бір-бірінен ажырауы Каспийге понтикалық элементтердің келуінен бұрын болған. Екінші гипотеза проф. В.П.Митрофановтың (1986) ойынша шындыққа жақынырақ сияқты. Дегенмен, екі гипотезада да кемшіліктер жеткілікті.

Heгe Арал бассейні осетр балықтарына кедейленіп кеткен? Бұл сұраққа жоғарыдағы екі гипотеза да жауап бере алмайды. Heгe Аралда III дәуірдің соңынан бастап Каспий бассейнінде мекендеген осетр балықтарының көбі сақталмады?

Бұл сұраққа жауап әртүрлі. Бірақ ол жауаптар белгілі бір ғылыми жүйеге келтірілген жоқ. Бұл мәселелер туралы үшінші көзқарас бар: 3) үшінші көзқарас бойынша Амудария су мөлшерінің кебеюіне байланысын Арал суы тұщыланған, оған қосымша кезінде Арал теңізше солтүстіктен үлкен бір өзен келіп құйған. Ғалымдар болжамы бойынша ол Ертіс болуы мүмкін. П.Л.Пирожниковтің (1937) ойынша, Арал бассейніне тек Ертіс емес, III кезеңде бүкіл батыс Сібір өзендері келіп құятын болған. Соның нәтижесінде Арал бассейнінің суы тек тұщыланып қана қоймай, салқындаған, соған байланысты оның ихтиофаунасы да өзгерген. Солтүстік өзендері Аралға келіп құйылуы тоқталғаннан кейін, Арал суының тұздануы арта түсті. Жалпы, Арал бассейні ихтиофаунасының өзгеруі және дамуы бір кешеннің екінші кешенмен ауысуы процестерімен сипатталады. Өткен кешендерден біраз түрлер сақталған. Ең ертеден қалған қалдықтар ретінде тасбекірені (лжелопатокос), шортан тәрізді ақмарқа (щуковидный), бекіре (осетр) туыстары өкілдерін айтуға болады. Ол балықтар бұл бассейнде III дәуірден бері сақталған. Сосын Жерорта теңізі кешені, таулы-Азия кешені түрлері кездеседі. Бұл процестер сол ІV дәуір бойында болып, осы уақытқа дейін жалғасуда. Мұзды дәуірде мұнда мұзды мұхит кешені өкілдері бұзау бас балықтары (бычка) және лосостар (лососовые) енді. Гидрологиялық өзгерістер балықтарды іріктеп, тұщы сулық формаларын сақтады. Ал тау жүйлерінің көтерілуі таулы-азиялық және Понто-Каспий-Аралдық балықтары түрлерін бөліп ажыратты.

Қазақстанның солтүстігіндегі су қоймаларының ихтиофаунасына келетін болсақ, ерте Зайсан ойпатына карптардың (тұқылардың) келуі теңіз кеңістіктері арқылы өзен жүйелер арқылы іске асқан, өйткені балықтардың қазба қалыдықтары ішінде теңіз балықтары кездеспейді.

Бор дәуірінен осы уақытқа дейін балықтардың тұщы сулық формаларының ауысып отыруын айқын бақылауға болады. Палеоценде көксерке (судак), алабұға (окунь), шортан (щука) балықтардың саны миоценде көбейді. Кейінірек шамамен миоценнің ортасында карптар (тұқылар) қосылды. ІV дәуірдің басында Ертіс бассейнінде карптардың барлық туыстарының өкілдері болды. Каспиймен, Аралмен және Зайсанмен салыстырғанда Балқаш-Алакөл бассейнінің геологиялық тарихы жеткіліксіз сипатталған.

ІV дәуірде кеуіп қалған плеистоценде және голоценде Балқаш пен Алакөл арасында ешқандай байланыс болмаған. Л.С.Бергтің (1958) ойынша, мұз дәуірінен кейін Балқаш суы тартылып қалған, қазіргі жағдайы кейін Балқаш суы тартылып қалған, қазіргі жағдайы кейін қалыптасқан. Сондықтан Балқаш – салыстырмалы жас көл. Бұл Қазақстандағы қарағанда Балқаштың қазіргі кездегі ихтиофаунасы Қазақстандағы ең жас ихтиофауна деп саналуы керек. Дегенмен, қазіргі кезде Балқашта кезедесетін балықтардың қайсысы қайдан келгені туралы бірізділік жоқ, әр ғалым әртүрлі айтады. Дәлеледенген бір шешімге келу үшін әлі көп жұмыстар жасалуы керек.

Л.С.Берг (1962) палеарктиканы ихтиогеографиялық бөліп көрсеткен. Берг бойынша Орталық Қазақстандағы Қазақ шоқылары территориясында үш облыс шекаралары түйіскен:

1) циркумполярлық

2) жерортатеңіздік

3) таулы-азиялық.

Мұндағы циркумполярлық облысқа 1 провинция - мұзды теңіз жатады, ал Жерорта теңізі облысына 2 провинция: 1) Понто-Каспий-Арал, 2) Түркістан, ал үшінші Таулы-Азия облысына 1 провинция - Балқаш жатады.

Сонымен, үш облыс 4 провинцияға бөлінеді. Ал 4 провинция 7 округке, өз кезегінде 7 округ 15 учаскеге бөлінеді

Қазақстанда тұщы сулардағы, өтпелі және тұзды сулардағы жергілікті балықтарды 9 отрядқа, 17 тұқымдасқа және 50 туысқа жатқызуға болады, негізінен ол балықтар Понто-Каспий-Арал және солтүстік-жазықтық фауна кешендерінің өкілдері, Бірақ III дәуірдің тұщы суларының және жас Таулы-Азия кешенінің өкілдері де айтарлықтай орын алады.

Түрлік жағынан салыстырғанда, ең көп кездесетіндері шамамен 50%, ол тұқы тұқымдасы (карповые) өкілдері.

Қазақстан ихтиофаунасында кездесетін түрлердің нақты санын айту қазіргі кезде қиындау, өйткені ихтиологтар жаңа түрлерді уақытына байланысты әрқалай анықтады. Яғни, тәсілдері бірдей болмады. Кейбір түрлер уақытша жасалған, қазір жойылып кеткен су қоймаларында сипатталды.

Дегенмен, шамамен айтуға болады. Каспий теңізінен басқа Қазақстан су қоймаларында жергілікті балықтардың 100 шақты түрі және акклиматизацияланған (жерсіндірілген) 20 түрі бар деп айтуға болады.

Қазақстанда кездесетін балықтардың түрлері «Рыбы Казахстана» деген 5 томдық еңбекте сипатталған, авторлары - профессор В.П.Митрофанов, Г.М.Дукравец және т.б. Ол еңбектер 1986-1990 жылдары «Наука» баспасынан шығарылды.

Қазақ тілінде «Қазақстанның балық тәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтауышын» «Қазақ университеті» баспасынан 1999 жылы А.А.Баймбетов және С.Р.Тимирханов шығарды.

Қазақстаңда балықтардың шамамен 100 түрі кездеседі деп жоғарыда айтылды. Оның бәрінің таралуын, биологиялық ерекшеліктерін, өсімталдығын, санын және шаруашылықтағы маңызын толық сипаттаудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. Сондықтан тек шаруашылықтағы өте маңызды саналатын кейбір туыс өкілдеріне семинар сабақтарында баяндамалар жасалынып талқыланады. Семинар сабақтарында:

1) қортпа (Huso Brandt, 1862* - белуга);

2) бекіре (Acipenser Linne, 1758 - осетр);

3) лосось (Salmo Linee, 1758);

4) плотва (Rutilus Raginesgue, 1820);

5) ақмарқа (Aspius - жерех);

6) қаяз (Barbus Cuvier, 1817 - усач);

7) табан балық (Abramis Cuvier, 1817 - лещ);

8) сазан (Cyprinus, 1758 - сазан);

9) алабұға (Регса Linne, 1758 - окунь);

10) көксерке (Stizostedion Rafinesquer 1820 - судак) және тағы басқа туыстар өкілдері қарастырылады.

Бұл жерде шаруашылықта маңызы зор бір туыс балықтарын мысал ретінде сипаттап өтейік. Семинар сабақтарында студенттер осы жоба бойынша дайындалып, баяндамаларын жасауы керек.

Сазан - Cyprinus туысы.

Сазан Cyprinidae - карповые - тұқытектестер тұқымдасына жатады. Сазан туысынан Cyprinus carpio - сазан түріне сипаттама беріп өтейік. Бұрынғы КСРО территориясында 3 түрде, ал Қазақстанда 2 түрде кездеседі. Оның бірі: Cyprinus carpio aralensis Spitcshakov - Арал сазаны. Таралуы - Қазақстан (Батыс Қазақстаннан басқа) су қоймаларында кең таралған. Ұзындығы - 40-45 (80) см, салмағы - 2-2,5 (22,5) кг. Кәсіптік түрі Қазақстанда Орал, Каспий және Ембіден басқа барлық су алаптарында мекендейді. Ал Орал, Каспий және Ембі су алаптарында европалық сазан мекендейді.

Басқа су қоймаларында Арал сазаны жерсіндірілген және республикадағы су алқаптарына таралу үшін Шу өзеніндегі сазандар пайдаланылған. Мысалы, XIX ғасырдың соңында Шу сазаны Балқаш бассейніне жіберілген, ал XX ғасырдың басында Талас бассейніне жіберілді. Ал 1930 жылдары сазан Балқаштан Алакөл және Зайсанға, Ертіс бассейніне, ал 1940 жылдары Нұра, өзеніне жіберілді. Кейінірек сазан Есіл, Тобыл, Ертіс, Торғай өзендеріне және Ертіс - Қарағанды су қоймаларына жіберілді. Көбеюі, өсуі және жасы.

Арал сазаны 3-7 жылда (2-6) жыныстық пісіп-жетіледі. Ареалының оңтүстігінде солтүстікке қарағанда тезірек пісіп-220 жетіледі. Мысалы, ертерек пісіп-жетілуі (2-4 жылда дене ұзындығы 20-25 см болғанда) Шардара су қоймасында және бүгін де байқалған, Балқаш көлінде, Бұқтырма су қоймасында Арал сазанның пісіп-жетілуіне 4-6 жыл қажет. Соңғы су қоймаларында аталық балықтар дене ұзындығы 16-30 см болғанда 3-4 жылда пісіп-жетілді, ал аналықтары ұзындығы 34 см болғанда 5 жылда пісіп-жетілетіндігі анықталған.

Сазанның жеке өсімталдығы (плодовитость) 12800-ден 2534000-ға дейін уылдырық болуы мүмкін. Сазанның жалпы өсімталдығы арал теңізінде және Сырдария су қоймаларында өте жоғары. Ал Талас, Шу, Сарысу, Іле өзендерінде өсімталдығы төмен. Бірақ та барлық су қоймаларында сазанның өсімталдығы балық денесінің мөлшеріне және жасына тікелей байланысты екендігі анықталған. Мысалы, Балқашта жоғары өсімталдығы 12-16 жылда болатындығы дәлелденген.

Арал сазанының өсу қарқындылығы оның мекендеген жағдайына, ең алдымен су қоймасында қоректік заттардың болуына тікелей байланысты. Арал сазанының жасының жоғарғы шегі Балқаш көлінде (Иванов, 1971) – 19 жас, Арал теңізінде 17 жас (Никольский, 1940), Бөген су қоймасында (Кузнецов, 1975), Шардарада (Дукравец, 1986) -15жас, Алакөлде (Стрельников, 1974)-13 жас. Қазақстанның басқа су қоймаларында арал сазанының жасы 10 жылдан аспайды.

Қоректенуі.

Су қоймасының жем-шөптік құрамының жағдайына байланысты Арал сазаны өзінің қоректену спектерін өзгерту қабілеті. Қазақстанның көптеген су қоймаларында Арал сазанының ең ұнатып жейтін тамағы – ол жануарлар, әсіресе насекомдардың личинкалары, ең алдымен хиронамодтар. Оларға қосымша зоопланктонмен қоректенеді. Арал сазаны жасы ұлғайған сайын, негізінен жануарлардан және өсімдіктерден пайда болған әртүрлі жем-шөптермен қоректенеді.

Саны және шаруашылықтағы маңызы.

Қазақстанда сазан балығы бекіре және лосось балықтарынан кейін ең бағалы кәсіптік балық болып саналады. Тамаққа, негізінен, жаңа ауланған кезінде пайдаланылады, сазан спорттық балық аулау объектісі. Ыстық қақталған немесе сүрленген сазан жақсы гастрономиялық сапасымен ерекшеленеді.

Сазанның қолға үйретілген формасы - карп (тұқы) балығы ұзақ жылдар бойы тоғандық балық шаруашылығының жалғыз объектісі болып келді. Өзінің осы негізгі орнын болашақта да сақтауы мүмкін.

Сазан көп уақыт бойы негізгі кәсіптік балық болған көптеген тұщысулық және тұздысулық балықтардың бірі болып келді, Мысалы, 1958 жылдан 1965 жылға дейін Қазақстанда сазанды аулаудың мөлшері 150 мың тонна шамасында болды. Бұл өте үлкен көрсеткіш, яғни барлық басқа балықтарды қосқанда, шамамен сол сазанның мөлшеріндей ғана деп айтуға болады.

Орал - Каспий бассейнін мекендейтін европалық сазан да кәсіптік балық қатарына жатады. Оның аулану мөлшері әр жылдары әр қалай. Мысалы, 1932-1951 жылдары европалық сазанды аулау мөлшері 2 мыңнан 17,6 мың тоннаға дейін өзгеріп отырды.

Арал сазанын өзінің аналық бассейнінде аулау ерте заманнан бері жүргізілді. Кеңес үкіметі кезінде сазанды аулау мөлшері 1932 жылы 3,5-9,6 мың тонна болса, соғыс алдындағы жылдары 4,5-12,5 мың тонна шамасында болды. Орта жылдық мөлшері 1932-1941 жылдары 9,3 мың тонна шамасында, 1952-1961 жылдары 8,3 мың тонна болды. 1972-1978 жылдары Сырдария және Амудария өзендерінің суы теңізге құйылуы азайғанда Аралдан сазан аулау мөлшері 30-1500 тонна ғана болды. Арал бассейнін қатысты су қоймаларында сазанды аулауды былайша сипаттауға болады. Бөген су қоймасында 1967-1977 жылдары 200-700 тонна шамасында, Шардара су қоймасыңда 1970-1975 жылдары 122-1400 тонна шамасында болды.

Ал енді басқа су қоймаларын қарастыратын болсақ, олардағы сазанды аулауды былайша сипаттауға болады. Шу өзенінің төменгі ағысында жылына 200-250 тонна, Талас өзені бассейнінде жылына 1000-1300 тонна шамасында ауланды. Балқаш-Іле бассейнінде 1929-1943 жылдары сазанды аулау мөлшері жылына орташа 10700 тонна шамасында болды. Қапшағай теңізі салынғаннан кейін Балқаш көлінің жағдайы нашарлай бастады, соған байланысты 1970 жылдары сазанды аулау мөлшері 2600 тоннаға немесе 2,3 есе азайып кетті.

Қапшағай теңізі салынғаннан кейін Іле өзенінің өзіндегі сазандарды аулау 1971 жылдары 210-650 тонна болса, 1984 жылы бар болғаны 40 тонна ғана болды. Қапшағай теңізінен сазанды аулаудың жылдық мөлшері орташа 18-253 тонна аралығында болды (Мельников, 1985).

Алакөл көлінде сазанды кәсіптік аулау 1934 жылы басталды. Сол 1936 -1971 жылдар арасында жылына орташа 29-3358 мың тоннадай болды.

Зайсан –Бұқтырма бассейнінде сазанды кәсіптік аулау 1949 жылы басталды. Орташа жылдық мөлшері көлде 30-760 тонна, ал су қоймасында 20-300 т шамасында болды.

Қазақстанның кішкентай су қоймаларында, мысалы Сергеевскіде - 4,6-30 тонна, Вячеславкіде – 3-16 тонна, Қаратомарда -2-4 тонна, Ертіс-Қарағандыда - 14-20 тонна, Орал облысы су қоймаларында, - 5-10 тонна, Ақтөбе облысы су қоймаларында 256-676 тонна, Торғай – 30-97, Жамбыл – 100-150 т, сазан ауланды.

Кезінде сазанды акклиматизациялау Қазақстанның су қоймаларынан кәсіптік балық аулаудың мөлшерін ұлғайтты. Бірақ соңғы жылдары су қоймаларының гидрологиялық жағдайының нашарлауына және ол су қоймаларына басқа, сазанға жем - шөпке бәсекелес балықтарды акклимитизациялау жұмыстары (мысалы, табан балық, лещ) сазанның жағдайын нашарлатып, ол кәсіптік аулауға жеткіліксіз болып барады. Сазанның Қазақстан қоймаларындағы қорын қалпына келтіру үшін су қоймаларының экологиялық тұтастығын сақтайтын шаралар қажет. Сазанның қорын қалпына келтіру үшін жасанды көбейтумен де айналысуға болады.