- •Мазмұны
- •Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау
- •Өсімдіктер әлемінің биоресурстары
- •1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы
- •2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
- •3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
- •XV Балды өсімдіктер
- •Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары
- •Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және меңгеру тарихы
- •Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарынын болашағы
- •Дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу
- •Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері
- •Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы
- •Құрамында алкалойдтары бар дәрілік өсімдіктер
- •2.Пиролидинді және пирролизидинді алкалойдтар.
- •3. Пиридинді және пиперидинді алкалойдтар.
- •4. Конденсацияланған пирролидинді және пиперидинді сақиналы алкалойдтар.
- •5. Хинолизидинді алкалойдтар.
- •6. Хинолинді алкалойдтар.
- •7. Изохинолинді алкалойдтар.
- •8. Индольді алкалойдтар.
- •Қастауыштың эргоалкалойдтарының негізгі топтары
- •9. Хиназолинді алкалойдтар.
- •11. Дитерпен алкалойдтары.
- •Шыны майлы өсімдіктер және эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы
- •1. Seseli buchtormense (Бұқтырма либанотусы - порезник бухтарминский).
- •2. Ferula akitscҺkensis (ақышкен сасыр - ферула акичкенская).
- •3. Heracleum dissectum - (тілік балдырған - борщевик рассеченный).
- •1. Nepeta sibirica (Сібір көкжалбызы - котовник Сибирский).
- •Salvia sclarea (мускат шалфейі - шалфей мускатный).
- •3. Hyssopus macranthus - (ірігулді сайсағыз - иссоп крупноцветный)
- •4. Thymus marchallianus - (Маршалл жебірі - тимьян маршаллиевский).
- •5. Mentha arvensis (дала жалбызы - мята полевая).
- •1. Achillea millefolium (кәдімгі мыңжапырақ - тысячелистник обыкновенный).
- •2. Chamonillа recutita (дәрілік ромашка - ромашка обыкновенная).
- •3. Tanacetum vulgare (кәдімгі түймешөп - пижма обыкновенная).
- •4. Ajania fastigiata (калқан аяния - аяния щитковая).
- •5. Artemisia santolinifolia (Сантолин жапырақ жусан - полынь сантолиолистая).
- •Балды өсімдіктер
- •Әртүрлі өсімдіктер тозаңындағы витаминдер мөлшері
- •Кейбір өсімдіктердің тозаңдарының аминқышқылдарыны құрамы
- •Қайыңның тозаңымен пергасының құрамы (%)
- •Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының болашағы
- •5. Шығыс Қазақстан.
- •Қазақстан жануар әлемі және олардыҢ ресурстары.
- •Аңшылық жасаудың ресми нормасы (2006 жылы)
- •I. Насекомжегіштер отряды (Insectivora bowdicth, 1821).
- •II. Қолқанаттылар немесе жарқанаттылар отряды (Chiroptera blumenbach, 1779).
- •III.Кеміргіштер отряды (Rodentia bowditch, 1821).
- •Кәмшат (черный бобр) – Castor fiber Linneus
- •IV. Қоянтәрәзділер отряды (Lagomorpha Brandt, 1855).
- •V. Жыртқыштар отряды (Carnivora bowdich, 1821).
- •Иттер тұқымдасы (Canidae Carаy,1821).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursidae Ceray, 1826).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursus linnalus6 1758). Қоңыр аю (бурой медведь) (Ursus arctos Linnalus, 1758).
- •3. Жанаттар тұқымдасы (Procyonidae Banaparte, 1850).
- •Жанат - еноты (Procyon Storr, 1780).
- •4. Сусарлар тұқымдасы (Mustelidaе Fischer, 1817).
- •Сусарлар -куница (Mustelidai Fischer)
- •5. Мысықтар тұқымдасы.
- •1. Мысықтар туысынан терісі бағалы және сол үшін пайдалы аңдарға жататындары:
- •2) Қамыс мысығы (камышовый кот) – Felis chaus Guldenstaedt, 1776.
- •3) Сілеусін (рысь) - Felis Lynx Linnalus, 1758
- •2. Барыстар туысы (Uncia Gray, 1854).
- •3. Қабыландар туысы (Acinonyx Brooks, 1828).
- •VI. Жұптұяқтылар отряды.
- •1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
- •Арқар (баран) - Ovies ammon Linnacus, 1758.
- •Жабайы дала қойы немесе Үстірт арқары (муфлон) – Ovis orientalis Gmelin, 1774.
- •Бұғылар тұқымдасы (олени) – Cervidae Gray, 1821.
- •2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
- •3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
- •VII.Тақтұяқтылар отряды.
- •Ескекаяқтылар отряды – Pinni – Pedia Jlliger, 1811.
- •Қазақстанның негізі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу қажеттілігі туралы және оның тәсілдері
- •Ителгілерді маршруттық есепке алу нәтижелері (Березовиков,2003)
- •Ителгілерді автомобильмен есепке алу нәтижесі (Березовиков, 2003)
- •1996 Жылы 10 – 11 мамырдағы Маңғыстау облысындағы ителгілерді авиация көмегімен жүргізілген есептеудің нәтижелері (Березовников 2003)
- •2. Қазақстанның қазіргі ихтиофаунасының қалыптасуы.
- •Қазақстанның құстар әлемі
- •Биологиялық алуантүрлілік тепе-теңдікте сақтап пайдалану туралы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1996 Жылы 10 – 11 мамырдағы Маңғыстау облысындағы ителгілерді авиация көмегімен жүргізілген есептеудің нәтижелері (Березовников 2003)
№ |
Орны |
Маршрут ұзындығы, км |
Есепке алынды |
Барлығы |
|
Жұп |
Жеке дара |
||||
1 |
Қаратау |
328 |
1 |
5 |
7 |
2 |
Ақтау таулары |
256 |
2 |
3 |
7 |
3 |
Қасқыржал жотасы |
54 |
|
4 |
4 |
Барлығы |
638 |
3 |
12 |
18 |
|
Есептеушілердің аты, жөні |
|
||||
18 – кесте
Ұялар туралы карточкалар
-
1
Түр
2
Облыс, аудан
3
Менке-жайы
4
Координаттар
5
Биотоп
6
Ұяның орналасуы
7
Ұяны сипаттау
8
Ұяның молшері
9
Ұяның ішіндегісі
№6 ұя cалынған жердің толық сипаттамасы беріледі (ағаш түрі, жартастың көрінуі, шардың қуысы және т.б.). Жер бетінің биіктігі, экспозиция.
№7 ұяның құрылысы және төсеніш материалдарын сипаттайды.
№8 ұяның мөлшері келтіріледі. Сыртқы диаметрі, лотканың диаметрі, лотканың тереңдігі, ұяның биіктігі.
№9 ұяның тексеріп танысудың нәтижесі, күні, айы, жылы, қасында еркек құстардың барлығы, жұмыртқалар саны, балапандар саны, олардың ерекшеліктері, ұяда азықтық объектілердің (олардың түрлері) саны. Зерттеушілердің тегі, аты.
Жануарлардың санын есептеу.
Алғашқы мәліметтерді есептуге дайындау.
Ителгілердің санын есептеу кезіндегі кедергілерді кестедегі мәліметтер әр шатқал, жота немесе басқа есепке алынған. Территория бойынша жинақталады, сөйтіп тиісті қорытынды жасалады.
Ителгілердің санын есептеудің реті.
Түрдің санын есептеу. Есептеу ауданын анықтап барлық кездескен ителгілердің санын қосу.(19-кесте).
19-кесте
№р/с
|
Есептеу ауданының мөлшері, шаршы км |
Есепке кірген особьтар |
Особьтар тығыздығы (шаршы км) |
1 |
50 |
6 |
1,2 |
2 |
60 |
9 |
1,5 |
3 |
40 |
8 |
2,0 |
барлығы |
150 |
23 |
1,5 |
Зерттелген территорияда (жота, орман массивті және т.б.) ителгі популяциясының орташа тығыздығын анықтағаннан кейін, мекендейтін территориясының ауданы жеңіл анықталады. Ол нақты территориядағы ителгінің санын анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір регион немесе массив бойынша осылайша жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін 20-кестедегідей көрсету қажет.
20-кесте
Территория аты |
Ауданы, шаршы км |
Есепке алынған |
|
Ұядағы жұп |
Территориядағы жұп |
||
Торайғыр, 1996 |
600 |
1 |
1 |
Малайсары, 1996 |
400 |
1 |
- |
Серектас,1996 |
400 |
1 |
- |
Анархай,1996 |
1000 |
2 |
1 |
Барлығы |
2400 |
5 |
2 |
Мәліметтерді сақтау реті.
Ителгілер туралы мәліметтерді сақтау үшін компьютерлік бағдарлама жасау керек. Ителгілер туралы барлық мәліметтер біріктіріліп, компьютердегі «Ителгі-сұңқар туралы мәліметтер банкінде» жинақталады.
Бір ескертетін нәрсе, ителгі коммерциялық қызығушылық көп болғандықтан, ол мәліметтер жабық болуы керек.
Есеп құрастыру.
Есеп мынандай бөлімдерді қамтуы керек.
Жалпы бөлім.
Түрдің санын есептеу.
Түрдің экологиясы және мекендейтін жайлары туралы мәліметтер.
Нәтижелерін талқылау.
Тұжырымдар.
Қосымша.
Жалпы бөлімде есепке алу жұмыстары туралы негізгі мәліметтер болу керек. Есепке алу уақыты, ауданы, есептеушілер құрамы, ауа райы жағайы, есептеу тәсілін таңдаған туралы дәлелдеу. Маршруттар ұзақтығы кездескен ұялар, территориялық жұптар туралы көрсетілуі керек.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Сирек кездесетін жануарларын есепке алу
Кәсіптік ауланатын жануарлар туралы түсінік
Арқарды есепке алу тәсілдері
Есепке алуды жүргізу мерзімдері
Далалық жұмыстарды жүргізу тәртібі
ақбөкенді есепке алу тәсілдері
Ителгіні есепке алу әдістері
Жануарлар дүниесінің кадастрі туралы түсінік
Ақбөкендер популяциясының ареалы
Арқарлардың іздері бойынша есепке алу мерзімдері
№15 тақырып
Қазақстан балықтары. Құстар әлемі
Қазақстан ихтиофаунасын зерттеудің қысқаша тарихы.
Қазақстанның қазіргі ихтиофаунасының қалыптасуы
Қазақстан территориясын ихтогеографиялық бөлу (облыс бөлімшесі, провинция, округ, учаске)
Қазақстандағы құстардың түрлер саны, Қызыл кітапқа енген құстар түрлері.
Қазақстан облыстарында құстардың таралуы.
Қазақстанда ұя салатын, қыстайтын, кездейсоқ келетін, Қазақстан арқылы ұшып өтетін құстар.
1. Қазақстан су қоймаларында мекендейтін балықтарға зерттеу ХVІІІ ғасырда Палластың (1741-1811) 1768-1778 жылдары жүргізген жұмыстарынан басталады. Паллас Петербургтен Еділ, Орал, Терек, Обь, Ертіс, Енисей өзендерін және теңізін зерттеді.
Ал Арал теңізін мекендеген балықтар туралы ғылыми мәліметтерді Г.Мейндорф 1820 жылы берді.
Балқаш-Іле және Алакөл ихтиофаунасы туралы А.И.Шренктің еңбектерінен көруге болады. 1840ж. Қазақстан ихтиофаунасын білуге белгілі ғалым-саяхатшылар Н.А.Северцов (1827-1885) және А.Н.Федченко (1844-1879) еңбектері әсерін тигізді.
Н.А.Северцов 1857-1879 жылдары Қазақстанға және Орта Азияға саяхат жасады, А.П.Федченко 1869-1871 жылдары Азияға 4 саяхат жасады Северцов Сырдария, Орал, Шу, ал А.П.Федченко Сырдария бассейнінің балықтарын жинады.
Н.А.Северцовтың Сырдариядан жинаған балықтары профессор К.Ф.Кесслер өңдеп, 1872 жылы «Ихтиологическая фауна Туркестана» деген еңбегінде жариялады, Кесслер А.П.Федченконың жинаған балықтарын өңдеп 1874 ж. жариялады.
Қазақстан балықтарын зерттеуге өз үлесін Н.М.Пржевальский де қосты. 1876-1877 жылдары Н.М.Пржевальский Жоңғар саяхатында Іле бассейні балықтарын жинады.
1877 жылы Балқаш-Іле бассейнінен А.М.Никольский және Л.С.Берг балықтар жинады. Қазақстан су қоймаларын, балықтарын зерттеуге 1917 жылға дейін Л.С.Берг, П.Г.Игнатов, В.В.Черепанов өз үлестерін қосты.
1929 жылы бүкіл одақтың балық шаруашылығы институты Арал теңізінде стационарлық балық шаруашылығы станциясын ұйымдастырды. Осы станция базасында көптеген ғалымдар еңбек етіп, Арал теңізі гидрофаунасын тереңірек зерттеді (А.Л.Бенинт, Н.А.Гладков, В.Я.Панкратова, Н.З.Хусайнова және т.б.).
Арал теңізі-бассейнінің ихтиофаунасын зерттеуге КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Г.В.Никольский үлкен үлес қосты (1931 жылдан 1940 жылдар арасында).
Балқаш бассейнінде ең ірі Кеңес балық шаруашылық экспедициясы 1928-1931 жылдары зерттеулер жүргізді. Экспедиция Балқаш көліндегі балықтар қорын анықтады.
Н.Г.Некрашевич 1939-1945 жылдары Алакөл ихтаофаунасын толық зерттеді.
Талас өзені бассейні ихтиофаунасын 1926 жылы Д.И.Кашкоров зерттеді. Зерттеу мәліметтерін 1928 жылы «Экологический очерк района озер Бишкю-куль, Ак-куль және Аше-куль Аулиатинского уезда» деген еңбегінде жариялады.
Орталық және Солтүстік Қазақстан көлдері ихтиофаунасын 1930 жылдары П.И.Усачев және т.б. зерттеді.
1940 жылдары П.З.Хусайнова және Т.И.Синца Тянь-Шань тауы көлдерінің ихтиофаунасын зерттеді.
1931-1933 жылдары Солтүстік Каспийде бүкіл каспийлік ғылыми балық шаруашылығы экспедициясы зерттеулер жүргізді. Ол экспедиция балықтар қорын, олардың миграциясын және пайдалану жолдарын зерттеді.
Қазақстан ихтиофаунасын зерттеудің келесі кезеңі Ұлы Отан соғысынан кейін басталды. Қазақстан Ғылым академиясының Зоология институтында ихтиология және гидробиология секторы, сосын бөлімі ашылды. Ол бөлімнің жұмысы Арал (директоры - А.В. Володкин) және Балқаш (директоры -И.П.Серов) бөлімдері директорларының және Алтай базасының (меңгерушісі - В.И, Ерещенко) жұмыстарының нәтижесінде күшейеді.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары стационарлық зерттеу жұмыстары, негізінен, үш балық өндірістік райондарда - Аралда, Балқашта және Зайсанда жүргізілді. Бұл жүргізілген жұмыстарды, бағалы өндірістік балықтар қорына және оларды тиімді өндіру жұмыстарына көбірек көңіл аударылды. Ғалымдар қысқа уақыт қана балық ауламай гидробиологтармен, ихтиологтармен бірге ұзақ стационарлық зерттеу жұмыстарымен айналыса бастады.
1959-1975 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Зоология институтының, Ихтиология және балық шаруашылығы институтының, Қазақ мемлекеттік университетінің, Қазақ қыздар институтының қызметкерлері жүргізген экспедициялар нәтижесінде Қазақстан су қоймаларының көбісіне бонтировка (құндылығын анықтау) жасалды.
Ихтиологиялық және гидробиологиялық жұмыстарды республикамызды ары қарай тереңірек жүргізу үшін мамандар жетпеді. Сондықтан 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде проф. Н.З.Хусайнованың белсендігінің нәтижесінде гидробиология және ихтиология кафедрасы ашылды. Бұл кафедраның қызметкерлері, аспиранттары В.П.Митрофанов, А.Ф.Сидоров, Г.А.Дукрацев, А.П.Фаломеева, А.Б.Баймбетов, Р.Х.Мамилова және т.б. ғылыми және балық шаруашылығына қатысты мәселелермен белсенді айналысты. Келешекте осы ұжымнан мықты мамандар топтары құрылып, олар университетте, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтында, республикалық балық шаруашылығы министрлігінде және басқа балық өсіретін шаруашылықтарда қызмет жасады.
1963-1968 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің экспедициялық отрядтары Қазақстанның жеті облысындағы: Павлодар -1963ж. (А.Ф.Сидорова, А.А.Баймбетов, Р.Х.Мамилова), Қызылорда -1964ж, (Г.М.Дукравец, А.А.Баймбетов, Р.Х.Мамилова), Ақтөбе – 1965ж. (А.А.Баймбетов, Г.М.Дукравец, Р.Х.Мамилова), Алматы – 1966ж. (В.П.Митрофанов, Г.М.Дукравец), Семей -1967ж (Г.М.Дукравец, А.П.Фаломеева) және Орал - 1968ж. (Г.М.Дукравец, А.П.Фаломеева, Г.А.Меркулов) су қоймаларында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Республикамыздың көптеген су қоймалары Қазақстан балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының И.К.Иванов басқарған 1963-1966 жылдардағы экспедициялары нәтижесінде зерттелді. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтаусыз жүргізіліп жапы, мысалы 1964-1971 жылдары И.А.Пивневтің жетекшілігімен Жамбыл облысында (В.С.Башунов, Г.М.Сечной), Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарында (Н.Ф.Лысенко, М.И.Сираткин, А.С.Фокина). 1971-1974 жылдары Д.А.Аманғалиевтің жетекшілігімен Орал облысында (Л.А.Аксаментова, С.А.Попова, Г.С.Трофимов). 1971-1974 жылдары Г.М.Дукривец жетекшілігімен Қызылорда облысында (А.И.Мичулин, Л.И.Сумбаева, Л.И.Шарапова және т.б.), Қарағанды, Целиноград, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарында (Ю.А.Бирюков, Л.О.Пичкили, Л.И.Шарапова және т.б.). 1972-1975 жылдары Қазақ ғылыми - зерттеу балық шаруашылығы институты ұйымдастырған экспедициялар Ақтөбе облысында (К.П.Циба), Торғай облысында (Н.Ф.Ефимова, Г.С.Трофимов) Қазақстан су қоймаларын бокитировкалау жұмыстарын бітірді.
20 шақты жылға созылған бұл жұмыстардың нәтижесінде көптеген есептер, мақалалар жазылды. Ол жұмыстар республика су қоймаларының тұрақсыздығын көрсетті. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көптеген су қоймаларының гидрохимиялық, гидробиологиялық және ихтиологиялық ерекшеліктері анықталды. Ихтиофауна құрамының су деңгейінің өзгеруіне байланыстылығы анықталды. Мысалы, Горюнова (1962) мәліметтері бойынша далаларда, су қоймаларында су азайғанда, тіршілік жағдайы нашарлағанда бір жынысты аналықтар популяциялары (күміс табан балығы - серебристый карась) арасында аталықтардың пайда болатындығы көрсетілді.
Бонитировка материалдары негізінде су қоймаларында балыққа қатысты мелиоративтік шаралар жүргізу ұсыныстары жасалды. Су қоймалары балықтарын тиімді пайдалану жобалары ұсынылды.
Балық өнімін арттыру және өнімнің сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан су қоймаларына 1957 жылдан бастап балықтарды акклиматизациялау жұмыстары жүргізіле бастады. Мысалы, Балқаштан сазанды Зайсан көліне, арал теңізінен пілмайды (щип), қаязды (усач), табан балықты (лещ) Балқаш көліне және бекірені (севюрга) Еділ және Жайық өзендерінен Сырдарияға жіберіп, зерттеле бастады. Балқашты мекендейтін кейбір балық түрлеріне монографиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мысалы, қаракөз балыққа (вобла) – В.С.Пащунов (1974), ақмарқаға (жерех) –Н.Н.Пащунов (1974), табан балыққа (лещ) – К.П.Циба (1975), жайын (сом) – Н.Ф.Лысенко (1976) және т.б.
Г.М.Дукравец (1962, 1964, 1965, 1966 және т.б.) Талас өзені бассейнінің көлдері ихтиофаунасын реконструкциялау нәтижелеріне талдау жасады, сосын Іле бассейнінде (1967, 1968, 1975 және т.б.) жүргізген жұмыстарында ақ амур балығының ерекшеліктерін зерттеді.
А.Ф.Сидорова (1973, 1978) 1964 жылдары бір топ ҚазМУ бітірушілерімен бірге радужная форель балығын Оңтүстік Шығыс Қазақстан тауларына су қоймаларына акклимитизациялау жұмыстарымен айналысты.
В.П.Митрофанов (1971, 1980 және т:б.) және Г,М.Дукравең (1977, 1982 және т.б) өздерінің жариялаған еңбектерінде Қазақстан су қоймаларында әр түрлі балықтардың акклимитазациялау процесіндегі морфобиологиялық өзгеру ерекшеліктерін сипаттады. А.А.Баймбетов (1975, 1977) және т.б. ғалымдар Балқаш бассейнінде ластаушы (сорные) балықтарды зерттеді.
Республикамызда су қоймаларының көбеюіне (мысалы, Бұқтырма, Шардара, Қапшағай, т.б.) байланысты оларды балық шаруашылығын дамытуда тиімді пайдалану үшін 1975 жылы Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында су қоймалары лабораториясы ашылды.
Қазақстанда негізгі су қоймалары ихтиологиялық тұрғыдан мұқият зерттеледі.
Су қоймаларының ихтиофаунасын, мысалы Өскемен cу қоймасын Чабан (1965) зерттеді, Бұқтырма су қоймасында мекендейтін сазанды Федорова (1973), шортанды (щука) Солонинова (1974), табан балықты (лещ) және көксеркені (судак) Исмуханов (1981) зерттеді. Ертіс - Қарағанды каналы су қоймасы ихтиофаунасының қалыптасуында балық шаруашылығын дамыту бағытында Кузнецова-Короткова (1981) жұмыстар жүргізді. Шардара су қоймасының ихтиофаунасын В.И. Ерещенко (1970) зерттеді.
1960 жылдары балықтарды табиғи су қоймаларында жасанды өндірумен айналысудың қажет екендігі белгілі болды. Ол бағытта биотехнологтар, генетиктер, селеционерлер тоған шаруашыығында балықтарды жасанды өндірумен айналыса бастады.
Қазақстан су қоймаларының биологиялық өнімділігі заңдылықтарын зерттеу жұмыстары алғаш рет проф. Н.З.Хусайнованың, сосын проф. В.П.Митарофановтың жетекшілігімен жүргізілді.
1966-1970 жылдары халықаралық биологиялық бағдарлама аясында олар әртүрлі трофикалық дәрежеде Іле өзені бассейнінде, Қаракөл көлінде биоөнімнің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеді (Хусайнова, 1970; Мамилова, 1970; Шарапова, 1971 және т.б.). Бұл зерттеулердің нәтижелері өте жоғары бағаланып, нәтижесінде ҚазМУ-да дала және жартылай шөл су қоймаларының биоөнімділігін зерттейтін проблемалық лаборатория ашылды.
Ихтиологиялық зерттеулермен қатар Қазақстанда балықтардағы паразиттер фаунасын зерттеуге де көңіл бөліне бастады. Республика аймағында көпжылдық жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ҚазМУ-дың профессоры В.П.Митрофановтың жетекшілігінен 1986-1990 жылдары бес томдық «Рыбы Казахстана» деген кітап шығарылды.
