Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биоресурс лаб. жинағы.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының болашағы

• Қазақстан өсімдіктерінің ресурстық потенциалын территориялық белгілері бойынша аудандарға бөлу

• Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан регаондарының ресурстық ерекшеліктері және ол региондардың бағалы өсімдіктер қоры

Қазақстанның ресурстық потенциалын территориялық белгілері бойынша мынадай аудандарға бөлуге болады (Кукенов, 1999): 1) Солтүстік Қазақстан, 2) Батыс Қазақстан, 3) Орталық Қазақстан, 4) Оңтүстік Қазақстан, 5) Шығыс Қазақстан.

Енді осы региондарға қысқаша тоқталып өтейік.

1. Солтүстік Қазақстан. Бұл аудан өте үлкен территорияны алып жатыр. Бұл ауданға Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, территориялары жатады. Бұл аудан, бір жағынан, Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі, ал екінші жағынан, Орталық Қазақстан ұсақ шоқыларының және Торғай үстіртінің Солтүстік шеті болып табылады. Табиғи аудандастыруда бұл район екі аймақта орманды далада және дала аймақтарында орналасқан. Бұл аудан теңіз денгейінен оңтүстігінде 160-180м, ал солтүстігінде 120-130м биіктікте орналасқан. Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігінде - Орталық-Көкшетау, шығысында - Баянауыл таулары, батысында - Торғай үстірті. Бұл ауданның территориясында Есіл, Тобыл, Ертіс сияқты үлкен өзендер бар.

XX ғасырда дала, құрғақ дала және жартылай шөл аймақтарында қарқынды жер жырту жұмыстары іске асырылды. Соның салдарынан табиғи өсімдіктер өсетін жерлер көлемі азайып кетті.

Тың және тыңайған жерлердің негізгі массивтері Солтүстік Қазақстанның дала аймақтарында орналасты. Бұл дала аймақтарында, негізінен, астықтұқымдастар, бетегелі-тау өсімдіктері қауымдастары басым өсетін еді. Бұл далаларда пайдалы өсімдіктердің көптеген түрлері кездесетін. Мысалы, шілтер жапырақ шайқурай, кәдімгі жұпаргүл, кәдімгі мыңжапырақ, көк гүлкекіре, дәрілік ромашка және т.б. барлығы 20 шамасында дәрілік өсімдіктер.

Солтүстік Қазақстан территориясында XX ғасырдың соңында 10 жыл бойы пайдалы өсімдіктердің 1600 түрі зерттелген. Олар 67 тұқымдас және 284 туыс өкілі. Бұл зерттелген өсімдіктердің 263 дәрілік өсімдік түрі екендігі, оның ішінде 86 дәрілік өсімдік түрінің ареалдары анықталып, картаға түсірілген. Солтүстік Қазақстан регионында доминант түрлер қатарына кәдімгі мыңжапырақ (Achillea millefolium -тысячелистник обыкновенный), кәдімгі бақбақ (Taraxacum officinale - одуванчик обыкновенный), кәдімгі түймешетен (Tanacetum vulgare - пижма обыкновенная), ащы жусан (Artemisia absintium - полынь горькая), шыралжын (Artemisia dracunculus - полынь эстрагон), жұқажапырақ көкбас (Eryngium planum - синеголовник), Алқалар (Solanum - паслен), қосүйлі қалақай (Urtica dioica - крапива двудомная), раушан (Rosa - шиповник), жалаң мия (Glycyrrhiza glabra – солодка голая), кәдімгі жұмыршақ (Capsella bursa-pastоris - пастушья сумка обыкновенная) және т.б.

Зоркинаның (1994) мәліметі бойынша Солтүстік Қазақстан регионында келешекте зерттеп пайдалануға болатын перспективасы бар өсімдіктерге оносма (Оnosma), жалаң жарықдәрі (Неrnіагіа glabra - грыжик гладкий), бұйырғын (Anabasis - ежовник), сораңдар (Salsola - солянка), кәдімгі маралоты (Thalictrum simplex - василистник простой), улы термопсис (Thermopsis lanceolatа - термопсис ланцеeный), томар бояу кермек (Limonium gmelinii –кермек гмелина) және т.б. жатқызуға болады.

Солтүстік Қазақстан регионында жеткіліксіз зерттелген, яғни өсімдіктер шикізатын аз пайдаланатын аудандарға бұл регионның батысында Мұғалжар және Орталық Қазақстан ұсақ шоқыларындағы Баянауыл және Көкшетау таулары жатады.

2. Батыс Қазақстан.

Батыс Қазақстан регионына Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Актөбе облысының шамалы бөлігі енеді. Бұл регионның территориясы Европа және Азияның тоғысқан немесе қиылысқан жерінде орналасқан. Бұл регионға жеткілсіз жауынның, аз қардың өзін жел ұшырып кету ауаның және жердің құрғақтығы, кебудің қарқынды жүруі, бүкіл вегетациялык, кезеңде күн сәулесінің мол болуы тән. Қысы құрғақ және өте қытымыр. Көктемі құрғақ, жауын-шашын әрқалай, жазы ұзақ, ыстық және құрғақ. Жылында жауын-шашынның екі максимумы бар, біреуі - сәуір айында, екіншісі - қазан айында. Бұл, регионның негізгі өзендері Орал, Ембі, Оp, Қобда, Ойыл, Ырғыз, Сағыз және т .б. Олар, негізінен көктемдегі қар еруінен басталады.

Батыс Қазақстан регионы үш табиғи аймақ - құрғақ дала, жартылай шөл және шөл шеңберінде орналасқан. Өсімдіктер жабыны кешенті: астықтұқымдастар оңтүстігінде жусандармен кезектесіп кездеседі.

Өсімдіктердің шөлдік типі бүкіл регион бойынша басым. Өсімдіктердің шөлдік типін, негізінен сораңды жусандар және жусанды сораңдар ценоздары құрайды, олар Каспий аймағы ойпатында, Үстірт жотасында және жартылай арал Маңғыстауда кеңінен таралған.

Бұл регионда пайдалы өсімдіктер ресурсын зерттеп игеру үшін болашағы зор региондар - Орал өзенінің аңғары және Мұғалжар таулары.

Орал өзені аңғарында өте бағалы пайдалы өсімдіктер кездеседі. Мысалы, М.Қ.Кукеновтің (1990) мәліметтері бойынша бұл жерде алқызыл долана (Crataegus sanguinea - боярышник кровавокрасный), жалынгүлдер (Согопагіа -горицвет), payшан (Rosa - шиповник), шілтер жапырақ шайқурай (Hypericum perforatum L - зверобой продырявлиный), жалаң мия (Glycyrrhiza glabra - солодка голая), сортаң айбатмия (Sphaerophysa salsula - сферофиза солонцовая). Өкініштісі жоғарыда көрсетілген өсімдіктердің көбісі сирек кездеседі. Бұл регионда дәрілік өсімдіктер флорасындағы нағыз байлық -әрине жалаң мия (Glycyrrhiza glabra - солодка голая). Ол өзен аңғарларында, өзендер аралықтарында, жартылай шөлдерде өседі. Өзен аңғарларында жалаң мия шабындықтардың әртүрді типтерінде, мысалы мезофильді, ксерофильді, гидрофильді, галофильді типтерінде кездеседі. Жалаң мияның формациялары болады және басқа топтарда да кездеседі.

Жалаң мия популяциялары Орал облысында 32,4 мың гектар жерді алып жатыр, ал құрғақ тамырдың өндірістік қорының мөлшері - 44,7 мың тонна. Ақтөбе облысында миялы шабындықтардың көлемі - 0,8 мың гектар, ал қоры 3,3 мың тонна құрғақ тамыр болады.

Мия түрлерінің табиғаттағы қорын анықтаумен қатар оларды мәдилендіру бағытында жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстар Чапаев ауданында тұзы жоқ топырақтарда, ал Фурманов ауданында тұзды топырақтарда жүргізілді. Эксперименттік жұмыстың нәтижесінде бұл топырақтардың екеуінде де миялар өсіруге болатындығы анықталды.

Батыс Қазақстанның барлық территорияларында тағамдық өсімдіктер болатындығы анықталды. Мысалы, құмаршық (Agriophyllum - кумарчик), қойжелкек (Tragopogon - козлебородник), пияз (Allium - луки), түйнекөлең (Bolbashoenus - клубнекамыш), шылым (Тгара - водяной орех), Шобер ақтікені (Nitruria schoberi - селитрянка шобера), түйежапырақ (Rheum tatricum - ревень татарский) және т.б. Кешенді пайдаланатын техникалық өсімдіктер қатарына бұл регионда кең тараған ақ ший (Acһnаterum splendens - чий блестящий) және кәдімгі қамыс (Phragmites commonis - тростник обыкновенный) жатады.

Бұл регионда жусанның көптеген түрлері тек малазықтық қана емес, оған қосымша флаванойдтардың, кумариндердің, эфир майларының көзі ретінде де маңызы зор. Жергілікті халық отын ретінде итсигек бұйырғын (Anabasis аphillа – Ежовник базлистный), Көкпек (Atriflex - лебеда), теріскен (Eurotia - терескен), сарсазан (Halochnemum - сарсазан), қарабарық (Holostachys) өсімдіктерін пайдаланады.

Бұл регионда жантақ, (Alcһagi - верблюжья колючка), ақшеңгел (Halimodendron halodendron - шенгил серебристый), қызыл жүзгін (Calligonium aphyillum - жузгун безлистый) және аққабық жүзгін (С. Leucocladum - жүзгүн белoкорий), тікенді түйесіңір (Atraphaxis spinosa - курчавка шиповатая), дәрі түйежоңышқа (Mellilotus officinalis - донник лекарственный) сияқты өте бағалы балды өсімдіктер таралған.

Шикізат қоры ретінде екінші қызықты және маңызды район - ол Мұғалжар таулары. Мұғалжар тауларындағы дәрілік өсімдіктер түрлерінің саны - 272. Олардың ішіндегі ең бағалы маңыздылары туралы биоэкологиялық және ресурстық сипаттамалары жасалған.

3. Орталық Қазақстан.

Бұл регионға Қарағанды облысы және бұрынғы Жезқазған облысы кіреді. Олар Орталық Қазақстан ұсақшоқылары территориясында орналасқан.

Бұл регионның флорасының әртүрлілігі жалпы ұсақ шоқының және Ерейментау, Ұлытау, Қарқаралы, Кент және т.б. биік емес таулардың кескіні анықтайды. Бұл регионның көп территориясында бұталы-астықтұқымдасты құрғақ далалар кездеседі.

Орталық Қазақстан өсімдіктері толық зерттелген деп айтуға болады. Өйткені КСРО Ғылым академиясы Ботаника институтының қызметкерлері көп жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 1975 жылы Орталық Қазақстан ұсақшоқыларының өсімдіктер тобының картасын толық жасады. Одан кейінірек Қазақ КСР Ғылым академиясы Ботаника институтының ғалымдары толық флористикалық зерттеулер жүргізді.

Бұл регион әртүрлі антропогендік және экологиялық факторлардың әсеріне душар болды. КСРО кезінде Орталық Қазақстан көмір, ауыр және түсті металдар өндіретін өндіріс орталығы болды. Оған көп жылдан бері жұмыс істеп тұрған Байқоңыр ғарыш айлағында және шығыс жағынан Семей полигонының әсерін айтуға болады. Осының барлығы бұл регионның өсімдіктер және жануарлар әлеміне экологиясына өзінің зиянын көп тигізді. Сондықтан бұл регионның тек кейбір өсімдіктер түрлері ғана емес, түгел табиғи кешендері қорғауды қажет етеді.

Бұл регионда ресурстары жағынан ең маңыздылары - Қарқаралы таулары, Ұлытау және өзендердің алқаптары.

Қарқаралы тауларында кәдімгі қарағай (Pinus silvestris -сосна обыкновенная) кездеседі. Бұл оның ареалының ең оңтүстік шекарасы, сирек те болса қарқаралы бөріқарақаты (Berberis karkaralensis - барбарис каркаралинский), Сібір бөріқарақаты (Berberis sibirica - барбарис сибирский), қызыл қайың (Betula kirghisorum - береза киргизское) және құртқашаш (Ігіs - касатник) кездеседі.

Ұлытауда жеткіліксіз зерттелген өсімдіктер түрлеріне Торғай бұйырғыны (Anasasis turgaica - ежовик тургайский), Ұлытау түймешетені (Tanecetum ulutavicum - пижма улытауская), салалы гүлкекіре (Centaurea bipinnatifidia - василек двоекоперистый) жатады. Ұлытауда және Жезқазған өңірінде ресми қабылданған бағалы өсімдік - құмдық салаубас (Helichrusum arenarium - цимин (бессмертник) песчаный) түгел жойылып кетті деуге болады. Антропогендік факторлар әсерінен жойылып бара жатқан түрлер қатарына Дмитриева (1974) мәліметі бойынша Шренк қызғалдағын (Tulipa schrenkii - тюлпан шренка), кіші сепкілгүлді (Fritillaria meleagroides - рябчик малый), татар шөпжиярын (Jxiolirion tataricum - иксиолирион татарский) жатқызуға болады, Бұл регионда перспективалы ауданда Сарысу өзені алқабын жатқызуға болады. Бұл жерде пайдалы өсімдіктер ішінде малазықтық 100, ал дәрілік 50 өсімдік түрі кездеседі. Оларға қосымша тағамдық, балды, сәндік және басқа да шаруашылық үшін бағалы өсімдіктер кездеседі.

4. Оңтүстік Қазақстан.

Бұл регион республиканың 26% территориясын алып жатыр, топырақ - климаттық жағдайының әртүрлілігімен сипатталады. Бұл регионға Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Оңтүстік және Шығыс жағы Тянь-Шань тауымен шектеледі. Бұл регионда климаттың айырмашылығы өте айқын көрінеді. Ол әрине салыстырмалы биіктіктерінің өзгеруіне тікелей байланысты, өйткені Оңтүстік жағындағы Жоңғар, Іле Қырғыз, Талас, Күнгей және Теріскей Алатау таулары ауа ағымдарына тосқауыл болып, олардың бағытын өзгертеді. Осының нәтижесінде әртүрлі экологиялық жағдай және экожүйелер қалыптасады. Тянь-Шань тауының, солтүстік жағында дала жартылай шөл және шөл аймақтары орналасады.

Осындай физика-географиялық ала-құлалыққа байланысты бұл регионның флорасы өсімдіктер ресурстарына бай, бірегей аймақ. Қаратау жотасын ерекше атап айтуға болады. Өйткені Қаратауда эндем және сирек кездесетін өсімдіктер түрлері өте көп. Тек Оңтүстік Қазақстанда өндірістік маңызы бар кейбір бағалы пайдалы өсімдіктер популяциялары кездеседі.

Мысалы, дәрмене жусан (Artemisia cina - полынь цитварная), сүйекті аққурай (Psoralea drupacea - псоралея костянкавая), Северцов унгерниясы (Ungernia severzowii - унгерния Северцова), итсигек бұйырғын (Anabasis aphylla - ежовник безлистный) және т.б. Ең белгілі дәрілік өсімдік қырықбуын қылшаның (Ephedra equsetina - хвойник хвощевой) өндірістік популяциялары осы регионда кездеседі. Оңтүстік Қазақстан Шымкенттегі химфарм заводын дәрілік өсімдіктер шикізатының қамтамасыз ететін регион болып саналады. Осы регионда кейбір жергілікті және сырттан әкелінетін өсімдіктерді мәденилендірумен айналысатын арнайы шаруашылықтар бар. Мысалы, Solanum және т.б. туыстар түрлері.

Оңтүстік Қазақстан флорасының және өсімдіктер ресурстарының ерекшеліктерін көптеген зерттеушілер кезінде көрсеткен. Мысалы, П.С.Массагетов (1932), А.А.Иващевко (1978), Н.Х.Карамышева (1982), Зарипов (1985), Р.В.Камелин (1990) және т.б.

Академик Н.В.Павлов бұл регионға өзінің іргелі монографиясын арнап жазды. «Растительные ресурсы Южного Казахстана» (1947). Бұл регионға қатысты Л.К.Клышев (1961) «Биология алабазиса безлистного» деген монография жазды.

Құрамында флавонойдтары бар, эфир майлы өсімдіктердің ресурстық сипаттамасы М.Қ.Кукеновтің (1984) «Фловонойд-содержающие растения Юго-Востока Казахстана» және М.Қ.Кукенов, Р.А.Егеубаева, В.Ю.Аверина және т.б. (1990) «Эфирномасличные растения Казахстана и их рациональное использование» деген монографияларында берілген.

Бұл регионда дәрілік қасиеті бар өсімдіктер саны 60-тан астам екендігі анықталған. Шығыстан батысқа жылжыған сайын дәрілік өсімдіктердің бір түрлері екіншілерімен ауысып отырады. Тағамдық өсімдіктерде солай.

Мысалы, Алтай доланасы (Crataegus altaica - боярышник алтайский), Жоңғар доланасы (С. songarica - боярышник джунгарский), Алматы доланасы (С. Almaatensis - боярышник алматинский) шығыстан батысқа жылжыған сайын бірте-бірте Түркістан доланасына (С. Turcestanica - боярышник туркестанский) және понтий доланасы (С. Pontica - боярышник понтийский) түрлеріне ауысады.

Осындай жағдайды раушанның түрлеріне қатысты да байқауға болады. Мысалы, Альберт раушаны (Rosa alberti -шиповник Альберта), Беггер раушаны (Rosa beggeriana - шиповник беггеровский) түрлері Федченко раушаны (R. Fedtichenkoana - шиповник федченский) мен Коканд раушаны (R. Kokonica - шиповник кокандский) түрлеріне ауысады.

Сол сияқты құмдық салаубас (Helichrusum arenarium - цмин песчаный) Самарқанд салаубасына (H.maracandicum - цмин самаркандский) ауысады.

Шілтер жапырақ шайқурай (Hyperiсum рerforatum) бұдыр шайқурайға (Н.Scafrum) ауысады.

Ал кәдімгі жұпаргүл (Origanum vulgare - душица обыкновенная) көкбас жұпаргүлге (O.Tyttauthum - душица мелкоцветковая), биік андыз (Inula helenium) үлкен андызға (I.macrophilla) алмасады.

Тау бөктерлерінде және шөлді далаларда кәдімгі адыраспан(Peganum harmala - гармала обыкновенная), қоянжапырақтар (Lagochilus), сүйелжазарлар (Heliotropium - гелитроп) және т.б. өсімдіктерінің мол популяциялары кездеседі. Шөлдерде жантақтың (Alhagi - верблюжья колючка) үлкен алаптары бар. Бұл өсімдік қазіргі кезде өте бағалы, өйткені ғалымдар жантақтан ісікке қарсы препарат алған.

Оңтүстік Қазақстанда өндірістік масштабта жинауға болатын бағалы өсімдіктер қорлары баp. Мысалы, долана (Crataegus - боярышник), раушан (Rosa - шиповник), шайқурай (Hypericum - зверобой), жұпаргүл (Origanum - душица), салаубас (Helichrysum - цмин), мыңжапырақ (тысячелистник), мия (солодка), қырықбуын қылша (Ephedra equsetina), андыздар (Inula), киікоты (Ziziphora), орта патриния (Patrinia intermedia) және т.б. өсімдіктердің жинауға жеткілікті қорлары бар.

Жалпы бұл регионның флорасы эфир майлы өсімдіктерге өте бай. Әсіресе: 1) Lamiaceae - Mentha (мята), Salvia (шалфей), Dracocephalum (жыланбас); 2) Apiaсeae: Carum (тмин), Anisum (анис); 3) Asteraceae: Artemisia (жусандар), Tanacetum (пижма -түймешөптер), Achillea (тысячелистник – мыңжапырақтар).

М.Қ.Кукеновтің мәліметі бойынша Оңтүстік Қазақстанда эфир майлы өсімдіктер саны 100-ден астам. Сол сияқты жоғары өнімді тағамдық, малазықтық, техникалық және басқа да шикізаттық өсімдіктер мол кездеседі.