Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биоресурс лаб. жинағы.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Жанат - еноты (Procyon Storr, 1780).

4. Сусарлар тұқымдасы (Mustelidaе Fischer, 1817).

Сусарлар (куница) тұқымдасы өкілдерінің практикалық маңызы өте зор. Терісі бағалы, кейбіреулері қолда, фермаларда өсіріледі. Зиянды кеміргіштермен, насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректеніп, ауыл шаруашылығына едәуір пайда келтіреді. Қазақстанда тұқымдастың 6 туысына жататын 14 түрі мекендейді.

1. Аққалақтар мен күзендер туысына терілері бағалы аңдар ретінде мыныларды атауға болады:

1) ақкіс (горнастай) – Mustela erminea Linnaeus, 1758;

2) аққалақ (ласка) – Mustela nivalis Linnaeus, 1766;

3) сары күзен (колонок) – Mustela sibirica Pallas, 1773;

4) сарғыш күзен (солонгой) – Mustela altaica Pallas, 1911;

5) сасық күзен (степной хорь) – Mustela eversmanni Lesso, 1827;

6) Европа қара күзені (европейская норка) – Mustela Lutreola Linnaeus, 1761;

2. Сусарлар туысынан – Martes Pinel, 1792;

Терісі аса бағалы бұлғынды (соболь) – Martes zibellina Linnaeus, 1718,

  1. Күну туысынан (куница) – Gulo Storr, 1780, күнуді (росомаха) – Gulogulo Linnaeus, 1758.

  2. Борсықтар туысынан – Meles Brisson, 1762, борсықты – Meles meles Linnaeaus, 1758,

  3. Құндыздар туысынан (выдра) – Lutra brisson, 1762, Құндызды – Lutra Linnaeus, 1758, атап көрсетуге болады.

Сусарлар -куница (Mustelidai Fischer)

5. Мысықтар тұқымдасы.

Мысықтар орман, тау, шөл аймақтары мен өзен бойларында кездеседі. Қорегі – ет, негізінен тастақты қуыстарды, өте сирек інде тіршілік етеді. Қазақстанда тұқымдастың 3 туысына (мысықтар, барыстар, қабыландар) жататын 8 түрі кездеседі.

1. Мысықтар туысынан терісі бағалы және сол үшін пайдалы аңдарға жататындары:

1) Шұбар мысық немесе дала мысығы – Felis libys Forster, 1788.

Шөлді аймақтарды мекендеуге бейімделген – жабайы мысық. Осы аймақтардағы өзендердің бойындағы тораңғы, жиде, жыңғыл, шеңгел, қарасора өскен ну тоғайларда тіршілік етеді.

2) Қамыс мысығы (камышовый кот) – Felis chaus Guldenstaedt, 1776.

Қамыс, қоға мен тал өскен өзен бойындағы тоғайларда мекендейді.

3) Сілеусін (рысь) - Felis Lynx Linnalus, 1758

Таулы орманды жерлерде жатақ жасап мекендейді. Іле, Күнгей, Жоңғар Алатауларында бұл жыртқыштың саны едәуір. Мысықтар туысына жататын қарақұлақ (қаракөл) – Felis caracal, сабаншы (манул) – Felis margaritra Pallas, 1776 және шағыл мысығы (барханная кошка) – Felis mardarita Lochl, 1858, сандарының азаюына байланысты Қазақстан «Қызыл кітабына» енгізілген.

Мысық тұқымдастары. Жоғарғы қатар, солдан оңға: арыстан (лев), ягуар, леопард. Төменгі қатар, солдан оңға: жолбарыс (тигр), қар барысы (снежный барс), пума

2. Барыстар туысы (Uncia Gray, 1854).

Барыс - Uncia Schreber, 1775.

Қазақстанда барыс оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарында таралуда. Піскем мен Өгем жоталарында, Талас пен Қырғыз, Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында, Кетпен жотасында, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Оңтүстік Алтайда таралған.

Бұрынғы кездері кәсіптік маңызы бар аңдардың қатарында болған, яғни бұл аңның терісі дайындалып тұрған. Одан кейін бүкіл дүние жүзінде саны азайып кетуіне байланысты халықаралық табиғи қорғаудың «Қызыл кітабына» тіркелген.