- •Мазмұны
- •Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау
- •Өсімдіктер әлемінің биоресурстары
- •1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы
- •2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
- •3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
- •XV Балды өсімдіктер
- •Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары
- •Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және меңгеру тарихы
- •Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарынын болашағы
- •Дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу
- •Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері
- •Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы
- •Құрамында алкалойдтары бар дәрілік өсімдіктер
- •2.Пиролидинді және пирролизидинді алкалойдтар.
- •3. Пиридинді және пиперидинді алкалойдтар.
- •4. Конденсацияланған пирролидинді және пиперидинді сақиналы алкалойдтар.
- •5. Хинолизидинді алкалойдтар.
- •6. Хинолинді алкалойдтар.
- •7. Изохинолинді алкалойдтар.
- •8. Индольді алкалойдтар.
- •Қастауыштың эргоалкалойдтарының негізгі топтары
- •9. Хиназолинді алкалойдтар.
- •11. Дитерпен алкалойдтары.
- •Шыны майлы өсімдіктер және эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы
- •1. Seseli buchtormense (Бұқтырма либанотусы - порезник бухтарминский).
- •2. Ferula akitscҺkensis (ақышкен сасыр - ферула акичкенская).
- •3. Heracleum dissectum - (тілік балдырған - борщевик рассеченный).
- •1. Nepeta sibirica (Сібір көкжалбызы - котовник Сибирский).
- •Salvia sclarea (мускат шалфейі - шалфей мускатный).
- •3. Hyssopus macranthus - (ірігулді сайсағыз - иссоп крупноцветный)
- •4. Thymus marchallianus - (Маршалл жебірі - тимьян маршаллиевский).
- •5. Mentha arvensis (дала жалбызы - мята полевая).
- •1. Achillea millefolium (кәдімгі мыңжапырақ - тысячелистник обыкновенный).
- •2. Chamonillа recutita (дәрілік ромашка - ромашка обыкновенная).
- •3. Tanacetum vulgare (кәдімгі түймешөп - пижма обыкновенная).
- •4. Ajania fastigiata (калқан аяния - аяния щитковая).
- •5. Artemisia santolinifolia (Сантолин жапырақ жусан - полынь сантолиолистая).
- •Балды өсімдіктер
- •Әртүрлі өсімдіктер тозаңындағы витаминдер мөлшері
- •Кейбір өсімдіктердің тозаңдарының аминқышқылдарыны құрамы
- •Қайыңның тозаңымен пергасының құрамы (%)
- •Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының болашағы
- •5. Шығыс Қазақстан.
- •Қазақстан жануар әлемі және олардыҢ ресурстары.
- •Аңшылық жасаудың ресми нормасы (2006 жылы)
- •I. Насекомжегіштер отряды (Insectivora bowdicth, 1821).
- •II. Қолқанаттылар немесе жарқанаттылар отряды (Chiroptera blumenbach, 1779).
- •III.Кеміргіштер отряды (Rodentia bowditch, 1821).
- •Кәмшат (черный бобр) – Castor fiber Linneus
- •IV. Қоянтәрәзділер отряды (Lagomorpha Brandt, 1855).
- •V. Жыртқыштар отряды (Carnivora bowdich, 1821).
- •Иттер тұқымдасы (Canidae Carаy,1821).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursidae Ceray, 1826).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursus linnalus6 1758). Қоңыр аю (бурой медведь) (Ursus arctos Linnalus, 1758).
- •3. Жанаттар тұқымдасы (Procyonidae Banaparte, 1850).
- •Жанат - еноты (Procyon Storr, 1780).
- •4. Сусарлар тұқымдасы (Mustelidaе Fischer, 1817).
- •Сусарлар -куница (Mustelidai Fischer)
- •5. Мысықтар тұқымдасы.
- •1. Мысықтар туысынан терісі бағалы және сол үшін пайдалы аңдарға жататындары:
- •2) Қамыс мысығы (камышовый кот) – Felis chaus Guldenstaedt, 1776.
- •3) Сілеусін (рысь) - Felis Lynx Linnalus, 1758
- •2. Барыстар туысы (Uncia Gray, 1854).
- •3. Қабыландар туысы (Acinonyx Brooks, 1828).
- •VI. Жұптұяқтылар отряды.
- •1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
- •Арқар (баран) - Ovies ammon Linnacus, 1758.
- •Жабайы дала қойы немесе Үстірт арқары (муфлон) – Ovis orientalis Gmelin, 1774.
- •Бұғылар тұқымдасы (олени) – Cervidae Gray, 1821.
- •2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
- •3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
- •VII.Тақтұяқтылар отряды.
- •Ескекаяқтылар отряды – Pinni – Pedia Jlliger, 1811.
- •Қазақстанның негізі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу қажеттілігі туралы және оның тәсілдері
- •Ителгілерді маршруттық есепке алу нәтижелері (Березовиков,2003)
- •Ителгілерді автомобильмен есепке алу нәтижесі (Березовиков, 2003)
- •1996 Жылы 10 – 11 мамырдағы Маңғыстау облысындағы ителгілерді авиация көмегімен жүргізілген есептеудің нәтижелері (Березовников 2003)
- •2. Қазақстанның қазіргі ихтиофаунасының қалыптасуы.
- •Қазақстанның құстар әлемі
- •Биологиялық алуантүрлілік тепе-теңдікте сақтап пайдалану туралы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және меңгеру тарихы
• Қазақстандағы ресурстану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының алғашқы бағыттары, П.С.Массагетов және А.П.Марков еңбектері
• Академик Н.И. Павловтың өзінің құндылығын осы уакытқа дейін жоғалтпаған негізгі еңбектері
• Қазақстанда алғашқы анықталған құрамында 15%-дан жоғары таниндер бар өсімдік түрлері және олардың ерекшеліктері
• Қазақстандағы шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің кезеңдері (профессор М.Қ. Кукенов)
Қазақстанда табиғи-климаттық жағдай әртүрлі шығыстан батысқа дейін, яғни Алтайдан Каспийге дейін және Оңтүстік Қазақстаннан (Шымкент) Солтүстік Қазақстанға (Петропавловск) дейінгі аралықтарды көз алдарыңа елестетсеңдер, Қазақстанның табиғаты, топырағы, климаты әртүрлі екендігін түсіну қиын емес. Топырағы және климат жағдайы әртүрлі Қазақстан пайдалы өсімдіктерге өте бай. Оларды зерттеу және игеру тарихы ертеден басталады. Әрине, көптеген пайдалы өсімдіктер топтарының өзектілігі қазір бұрынғыдай емес. Өйткені олардың орнына синтетикалық жолмен алынған заттар пайдаланылады. Мысалы, гуттаперчалы, көксағызды өсімдіктер бұрынғы бағасын жоғалтты. Ал дәрілік, хош иісті, тағамдық және кейбір басқа да өсімдік топтары өздерінің бағасын жоғалтқан жоқ. Керісінше олардың, әсіресе дәрілік өсімдіктердің бағасы, өзектілігі күннен-күнге арта түсуде. Академик Н.В. Павловтың (1942) ұсынған пайдалы өсімдіктердің 22 тобының жартысы өздерінің маңызын жоғалтты деп айтуға болады. Бұл әрине химия ғылымының жетістіктеріне байланысты және өсімдіктер шикізатын өндеу технологиясының жетілдірілуі өсімдіктер селекциясының табыстарына байланысты. Сондықтан бұрын пайдаланылып жүрген кейбір өсімдіктер экономикалық жағынан тиімсіз болғандығына байланысты қазір пайдаланылмайды.
Халық шаруашылығы талабына сәйкес Қазақстан ресурстанушылары барлық уақытта республикадағы алуан түрлі өсімдіктерді зерттеу және тиімді иайдалану бағытында өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге тиісті еңбек етуде.
Шикізаттық өсімдіктердің бір топтары жеткілікті зерттелген, ал екіншілерін зерттеу жалғасуда және солармен бірге үшінші бір топтарын шаруашылықта игеру мәселелерін шешу мақсаттары туындауда.
Өте жиі жақсы зерттелген пайдалы қасиеттері белгілі өсімдіктердің басқа пайдалы қасиеттері ашылуда. Мысалы, құрамында глициризин қышқылы бар мия туысы (Glycyrrhiza) өсімдіктерінің медицинада пайдалануға болатын жаңа мүмкіншіліктері ашылуда. Қазір мия туысы өсімдіктері өзінің шипалық қасиеті жағынан бірінші орында тұр деп айтуға болады. Соңғы жылдардағы шетелдік ғалымдардың мәліметтері бойынша миядан алынған кейбір препараттарды СПИД-ке қарсы пайдалануға болады екен. Демек, Қазақстанның өсімдіктер әлемінің әлі ашылмаған потенциалдық мүмкіншіліктері өте мол, оларды зерттеп ашу - келешектің мәселесі. Қазақстанның өсімдіктер ресурстарын жоспарлы түрде зерттеуді 1920 жылдары П.С. Массагетов бастады. Массагетов тиімді пайдалану варианттарын іздеді. 1921 жылы Массагетов Алтайдан Жетісу арқылы Өзбекстанға дейін дәрілік және улық қасиеттері бар өсімдіктерді іздестірді.
Массагетов 1926 жылы дермене жусанының (Artemisia cina) және бұйырғының (Anabasis) популяцияларын зерттеді. Массагетовтің көпжылғы экспедицияларының нәтижесінде құрамында анабазин, эфедрин, поликардин, элатин және т.б. пайдалы заттар бар шикізаттар өндіріске енгізілді. Ол нәтижелі бірнеше еңбектер жазып қалдырды. Мысалы, 1947 жылы "Поиски алкалойдоносных растении", 1975 жылы "Заветные травы".
Қазақстандағы ерте кезеңдегі жүргізген жұмыстардың тағы бір бағыты - ол илік өсімдіктерді жан-жақты зерттеу. Қазақстанда оларды зерттеуді алғаш бастаған 1917 жылы В.П. Марков болды. Марковтың зерттеген илік өсімдіктерінің ішіндегі ең маңыздысы Алтайда өсетін бадан (Bergenta), тасжарғандар (Saxifragaceae - камнеломковые) тұқымдасынан. Құрамында илік заттар бар өсімдіктер туралы алғашқы ғылыми еңбек жазғандар:
1) Марков В Л. (1923) Исследования дубильных растении центрального Алтая. - Т. 43. Выл 1. Изв. Томского технологического института. - С.40-56.
2) Каримов А.С. Дубильное растения Казахстана. Алма-Ата, 1932.-47с.
Кейінірек 1950-1970 жылдары илік затты өсімдіктерді зерттеу ботаникалық ресурстану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарының бірі болды.
1930 жылдары отанымызда көксағызды (каучук) өсімдіктер өте қажет болды. Соған байланысты 1930 жылы С.С. Зарецкий күрделі гүлділер тұқымдасынан жергілікті жердің тұрғыны Дайрбеков Тұрғанның көмегімен таусағыз (Scozoneza L) өсімдігін Оңтүстік Қазақстан облысынан (Сырдария Қаратауында) тауып ұсынды.
1930 жылдары талшықты өсімдік ретінде Кендір (Arocynym) туысы өсімдіктері кеңінен зерттеліне бастады. Соңғы жылдары бұл туыстың өсімдіктерінен жүрек гликозидтері алынатын болды.
Кендір өсімдіктері туралы жазылып, жарық көрген Ф.Н. Русановтың (1930) және Е.Тюрктің, Ф.Н. Русановтың (1934) мақалаларын атауға болады.
Қазақстанда өсімдіктер ресурстары жүргізілген алғашқы жинағы болып Н.И. Рубцов (1934) жұмысы саналады. Ол жұмыстың аты – «Дикорастущие лекарственные, технологические пищевые растения Западного Казахстана».
1938 жылы В.С.Корпилова Шығыс Қазақстанның дәрілік өсімдіктерін зерттеуді бастады.
Жалпы, КСРО Ғылым академиясының Қазақстан филиалының Ботаника секторында Н.В.Павловтың бастамасы бойынша 1932 жылы Республиканың пайдалы өсімдіктерін жоспарлы зерттеу жұмыстары басталды. Сол жұмыстардың нәтижесінде Н.В. Павлов 1942 ж. «Дикие полезные и технические растения СССР» деген 640 беттік кітапты Мәскеуден шығарды, ал одан кейін 1947 жылы «Растительные ресурсы Южного Казахстана» деген кітабын, сол
жылы «Растительное сырье Казахстана» деген 550 беттік монографиясын Мәскеуде, Ленинградта бастырып шығарды. Н.П. Павловтың жазған бұл монографияларда өте бағалы өзінің құндылығын осы уақытқа дейін жоғалтпаған мәліметтер келтірілген.
Н.В. Павлов «Растительное сырье Казахстана» деген 1947 жылы шыққан монографиясы үшін мемлекеттік сыйлық алды.
А
кадемик
Н.П.Павловтың қалдырған
үлкен ғылыми мұрасы Қазақстанда
Ботаникалық ресурстану
ғылымының
ары қарай
қарқынды дамуына негіз болды. Соның
нәтижесінде 1956
жылы Қазақ
Ғылым академиясының Ботаника
институтының
құрамында арнайы бөлім ашылып, оның
ұйымдастырушысы және 20
жылдай
басшысы Н.В. Павловтың шәкірттерінің
бірі проф.
Михайлова болды. Осы жылдары илік
затты өсімдіктерді кеңінен зерттейтін
құрамында 15%-дан жоғары таниндері бар
өсімдіктердің
95 түрі
анықталды, олардың негізгілері -
таран (Polygonum - борец), рауғаш
(Rheum -
ревень), қымыздық
(Rumex -
щавель) туыстарының
өкілдері.
Таниндердің биологиялық ерекшеліктерін сандық және сапалық құрамын табиғи популяцияларының болуын есептеп, ең бағалы иліктер - таран (Polygonium coriarium Gridu - горец дубильный), Бұқара тараны (Polygonium bucharifum Gridu -Горец бухарский), Тянь-Шань қымыздығы (Rumex tianchanicus A.Los - щавель тянь-шаньский), татар рауғашы (Reum tataricum L. - ревень татарский).
Алғашқы 3 түрдің өндірістік өсірілуі мүмкін екендігі дәлелденді. Өйткені олардың жер асты мүшелерінің түсімділігі артып, олардың құрамындағы илік заттардың мөлшері жоғары болады.
Polygonaceae тұқымдасы өкілдерінің тамырларында болатын илік заттардың химиялық құрамы кеңінен зерттелді (Чумбалов және т.б. 1962, Чумбалов, Мухамедиярова, 1962, Нургалиева, 1968, Байгозина, 1968). Тамырлық илік заттармен қатар Қазақстан флорасында жапырақтарында илік заттары бар өсімдік түрлері бар. Мысалы, дөңшіл қазтамақ (Geeranium collinum Steph - герань холмовая). Құрамында танинді заттары бар өсімдіктерді көпжылдық зерттеу нәтижелері В.П. Михайлованың (1968) және А.С. Алюкинаның (1977) монографияларында жарияланды.
Кәдімгі қамыс (Phragmites communis Trin - тростник обыкновенный) бағалы шикізаттық өсімдіктер қатарына жатады. Оның жер бетіндегі мүшелерінің малазықтық қасиеті бар, кұрылыс материалы ретінде пайдаланылады және қағаз шығару үшін целлюлоза алу үшінде қолданылады. Оның осындай пайдалы өсімдік екендігіне байланысты оны зерттеу жұмыстары Сырдария, Шу өзендері аңғарларында және Алакөл, Сасықкөл көлдерінің жағалауларында жүргізіледі. Әсіресе егжей-тегжейлі кәдімгі қамыс Сырдария өзенінің аңғарларында зерттелді. Оның биологиялық ерекшеліктері, фенологиясы, көбею тәсілдері және түсімділігінің динамикасы анықталды. Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде шаруашылық мекемелерінде кәдімгі қамыстың популяциясын сақтау және тиімді пайдалану туралы ұсыныстар берілді. Мысалы, Исамбаевтың докторлық диссертациясы(1994).
1960 жылдан бастап дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеу басталды. Алғашқы зерттелген дәрілік өсімдіктер қатарына, мысалы, қырықбуын қылшаны (Ephedra equisetina - хвойник -хвощевой), тегеурінгүлді (Delphinium - живкость), кәдімгі адыраспанды (Peganum narmala - гармала обыкновенная) және коянжапырақты (Lagochillis - заяцегуб) жатқызуға болады.
1966-1972 жылдары Алматы облысының таулы және шөлді дала аудандары флорасындағы дәрілік өсімдіктерде биологиялық белсенді заттардың бар-жоқтығын зерттеудің нәтижесінде болашағы бар алкалойдты, флаваноидты, кумаринді өсімдіктер табылды, ол мәліметтер 1972 жылы «Лекарственные растения» деген кітапта жарияланды.
1958 жылдан бастап мия туысының дәрілік және техникалық түрлері жоспарлы түрде терең зерттеле бастады. Мия тамырына сұраныс артуына байланысты Республика территориясындағы мия тамырларының қоры ашылды. Мия популяцияларының жалпы ауданы сол зерттелген кезеңде 52 мың гектар, ал құраған тамырының өндірістік қоры 140 мың тонна екендігі анықталды (Худайбергенов, Кузьмин, Исамбаев, Кошкарова, 1976). Мия популяциясының ең мол алабы Орал және Сырдария өзендері жайылмалыларында екендігі дәлелденді.
1980 жылдардағы қайта зерттеу жұмыстары мия популяцияларының ауданы екі есе азайып кеткендігін көрсетті. Соған байланысты мияның қажетті түрлерін мәденилендіру жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл жұмыстардың нәтижелері талданып, қорытылып жарияланды:
1. Кузьмин Э.В. Биоэкологическое возобновление и культура солодки в долине р. Урал / Автореферат дисс. канд. биол. наук. -Алма-Ата, 1979. - 24 с.
2. Худайбергенов Э.П. Солодки Казахстана. Алма-Ата, 1979. - 127 с.
3. Солодки в Казахстане и ее использование. Алма-Ата, 1986 ж. және т.б. мақалаларда.
1991 жылы Қазақстан Ғылым академиясының Ботаника институтының "Өсімдіктер ресурстары" лабораториясы қызметкерлері мияға байланысты ІҮ Бүкілодақтық симпозиум өткізді. Ол симпозиумда Мәскеуден, Ленинградтан, Ташкенттен, Ашхабадтан, Бакуден, Уфадан және бұрынғы КСРО-ның басқа да қалаларынан 70-тен астам ғалымдар баяндама жасады.
1972 жылы Қазақстанда техникалық өсімдік шииді (Achnatherum-ши) кешенді зерттеу жұмыстары аяқталды. Шии өсімдігі кұрылыс материалы ретінде, малазықтық, тоқыма өсімдігі ретінде және жиһаз толтыруға пайдаланады. Алматы, Шығыс Қазақстан, Талдықорған және Семей облыстары территориясында шии популяцияларының аудандары, шикізаттық қоры, түсімділігі анықталған. Одан кейінгі жылдары ресурстық жұмыстардың бағыты өзгерді. Жеке ботаникалық-географиялық региондар мен жобалардан ресурстық-инвентаризациялық зерттеулер басым бола бастады. Бұл жұмыстардың барысында пайдалы өсімдіктердің түгел топтары, ең алдымен дәрілік, тағамдық, хош иісті және т.б. өсімдіктерге ерекше көңіл бөлініп, зерттеле бастады.
Мысалы, дәрілік өсімдіктердің алуантүрлілігіне ресми қабылданғандарына көңіл аударылып, белгіленіп отырды. Сол ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерге туыс (яғни сол туыстан) өсімдік түрлеріне анализ жасалып, олардың биологиялық белсенді заттарының құрамы анықтала бастады. Мұндай жұмыстың мақсаты - жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін табу.
Соңғы жылдары зерттелген региондардың ресурстық потенциалы жан-жақты бағаланады. Мысалы, М.Қ. Кукенов (1999) бойынша соңғы жылдары жүргізілген жұмыстарды атауға болады:
1) Батыс Тарбағатай (Аталыкова, 1986), Ілe Алатауы (Гемеджиева 1994), Қазақстанның бүкіл таулы шығысын (Кукенов 1989), Жоңғар Алатауы (Айдарбаева, 1996), Кетмен (Мусаев, 1988). Басқа ғылыми жұмыстарда жеке кейбір дәрілік және техникалық өсімдіктерді интродукциялау жұмыстары белсенді жургізілді. Олармен бірге өсімдіктер әлемінде ісікке, СПИД-ке және жүрек-қан тамырлары ауруларына шипалық әсері бар препараттар алу жолында жұмыстар жасалуда.
Сонымен, ботаник-ресурстанушылар пайдалы өсімдіктерді жан-жақты зерттеп, оларды тиімді пайдалану жолында өзекті мәселелермен айналысуда.
Жалпы, Қазақстандағы шикізаттық өсімдіктерді зерттеуді проф. М.Қ. Кукенов (1999) мәліметтері бойынша 5 кезеңге бөлуге болады:
1 -кезең (1920-1950 жылдары).
2-кезең ( 1950-1970 жылдары).
3-кезең (1960-1980 жылдары).
Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның таулық экожүйелерының дәрілік өсімдіктерін жүйелі зерттеудің басталуы. Құрамында флавоноидтар, алкалойдтар, эфир майлары бар өсімдіктерді бағалау. Перспективалы өсімдіктерді интродукциялау.
4-кезең (1980-1990 жылдары).
Жеке ботаника-географиялық региондарды (жоталарды) ресурстық-инвентаризациялық зерттеулер. Дәрілік, хош иісті, тағамдық ресми қабылданған өсімдіктерді фитохимиялық зерттеулер.
5-кезең (1990-2000 жылдары).
Флорадағы дәрілік өсімдіктердің әралуандылығын, әртүрлілігін тікелей зерттеп, кейбір ерекше шипалыларын тереңірек зерттеу.
Практика жүзінде өте бағалы түрлерді егіп, онтоморфогенездік тұрғыдан сипаттап, технологиясын жасау, структуралық диагностикалық белгілерін анықтау. Қазақстан флорасындағы дәрілік өсімдіктер туралы далалық, эксперименталдық және этноботаникалық мәліметтерді талдап қорытынды жасау. Зерттелген региондардың ресурстық популяцияларына жан-жақты баға беру.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Ресурстану саласының алғашқы бағыттары
П.С.Массагетов – Қазақстанның алғашқы ботаникалық ресурстанушы ретінде
А.П.Марковтың еңбектері
Павловтың илік затты өсімдіктерді зерттеуге қосқан үлесі
Мия популяцияның дәрілік және техникалық түрлері
Талшықты өсімдіктердің шикізаттық маңызы
Ресурстық – инвентаризациялық зерттеулердің маңызы
15 % жоғары таниндері бар өсімдік түрлері
Қазақстандағы шикізаттық өсімдіктерді зерттеу кезеңдері
М.Қ.Кукеновтың Қазақстанның өсімдік потенциалын анықтауға қосқан үлесі
