Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шынар. Еңбек 2 сынып.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

II.Жаңа сабақ:

Ұзындығы 7см, ені 4см тіктөртбұрыш сызамыз. Жалауша жасаймыз.

Жұмыстың орындалу реті: Қатырмақағазға қажетті өлшемнің бірінші ұзындық белгісін салу. Ол 7см. Тіктөртбұрыштың бірінші енін қатырмақағаздың шетінен бастап салу. Ол 4-см. Тіктөртбұрыштың екінші енін белгіле, ол 4см. Тіктөртбұрыштың екінші ұзындығын белгіле, ол 7см. Нәтижесінде ұзындығы 7 см, ал ені 4см тіктөртбұрыш шықты. Оны белгні бойымен қию.

Қауіпсіздік ережесі. Қайшыны ашық қалдырма. Қайшыны аузыңа салма. Жолдасыңа бере кезде басын өзіңе қаратып ұста.

III.Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстырады. Жұмыс сапасын тексереді.

IV.Үйге тапсырма: Қағазбен жұмыс.44,45 бет

Бағалау:

Тексерілді:

Күні: 8.12.14 Пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә» Сабақтың тақырыбы:Симметриялы және асимметриялы бөлшектер.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Симметриялы және симметриялы емес пішіндерімен таныстыру.

Дамытушылық:Икемділік, ептілікті, қимыл - қозғалыс дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қайын ағашынан алынатын табиғи материалдар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

II.Жаңа сабақ:

Егер мына берілген бөлшектерді дәл ортасынан екіге бүктесең, олардың екі жартысының бірдей екенін байқайсың. Мұндай бөлшектерді симметриялы деп атайды.

Ал ортасын бөліп тұрған сызықты симметрия сызығы дейміз.

Енді мына бөлшектерге қара. Оларды екіге бүктесең, жарты бөліктері бір- бірімен сәйкес келмейді. Ондай бөлшектерді симметриялы емес дейді.

Өсімдіктер, жәндіктер, жануарлардың дене бітімдері симметриялы болып келеді. Біз де әртүрлі бұйымдар жасаған кезде симметрия заңдылығын сақтауымыз керек.

Қауіпсіздік ережесі. Қайшыны ашық қалдырма. Қайшыны аузыңа салма. Жолдасыңа бере кезде басын өзіңе қаратып ұста.

III.Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстырады. Жұмыс сапасын тексереді.

IV.Үйге тапсырма: Қағазбен жұмыс.48,49 бет

Бағалау:

Тексерілді:

Күні: 12.12.14 Пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Аппликация. «Бәйтерек»

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: «Бәйтерек» композициясын жасай отырып, симметриялы денелер жайында мағлұмат беру.

Дамытушылық: іскерлік пен дағдылық, бейімділіктеріне қарай шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, желім, қалам, қайшы.