Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шынар. Еңбек 2 сынып.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа дайындықты тексеру.

Жұмыс орнын дайындау.

Көрнекіліктерді: фотосуреттер, ойыншықтарды орналастырып, соларға негізделе отырып кіріспе әңгіме өткізу.

II.Жаңа сабақ:

Конструктордан қандай да бір зат жасау үшін көлемді пластмасса, кілт, сомын, бұрында қолданылады. Конструтор бөлшектерін жинақтау өзге де күрделі жұмыстарды жасауға негіз қалайды.

Оқушыларға қауіпсіздік және гигиеналық ережені сақтау қажеттігі, жұмыс барысында денелерін дұрыс ұстап, ыңғайлы отыру керектігі ескертіледі. Таңдауға оңай болу үшін конструктор бөлшектерін шашыратпай, арнайы қорапқа салған жөн екендігі ескертіледі.

Конструктор дегеніміз – бөлшектерді біріктіріп, бір зат жасап шығару. Конструкторр бөлшектерінің жиынтығынан жасалатын бұйымдардың түрлерімен таныстырып, оларды жасау үшін басқа элементтерді қосып түрлендіруге болатындығы айтылады.

Жұмысты бастамас бұрын конструктор бөлшектерімен таныстырып, оларды біріктіру жолдарын көрсетіп, бұрындалы қосылыстар туралы мәлімет беріледі. Бұранда, кілеттерді қалай қолдану керектігі көрсетіледі. Бұйым жасау үшін оқушылар алдымен заттың ұсақ бөлшектерін біріктіріп құрастырып үйренуі керек. Дайын болған ұсақ бөлшектерді негізгі бөлшектерге қоссақ, жұмыс жылдам орындалады әрі уақыт үнемделеді.

Сарамандық жұмыс. Әрбір оқушының конструкторлары мен оған қажетті құрал-саймандарын түгендеп, тексеріп шығу. Содан кейін оқулықта берілген суреттер бойынша жұмыстың жасалу реті мен қауіпсыздык ережелерін оқушылардың өздерінен сұрайды. Оқулықта берілген суретті, ондағы конструктордың түсі мен бөліктері және оған қажет құралдар дайындалады.

Суретке қарап, конструктор бқлшектерінен арба құрастыр.

Конструктор бөлшектерінен арбаны қалай құрастыратынымызды қарастыру. Ол үшін конструктор бөлшектерімен танысайық. Арбаны құрастыру үшін біз бұрандалы қосылысты қолданамыз.Арба құрастыру үшін бөлшектерді таңдаймыз. Екі дана дөңгелек, бір дана үлкен тақта, үш дана бастырма, бір дана ұзын жалғастыру бөлікшесі, бір дана кішкене бастырма және алты бұранда мен бұрандама қажет.

III.Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?

Конструктордың қандай түрлерін білесіңдер?

Конструктор бөлшектерінен қандай заттар құрастыруға болады?

Үй тапсырмасы:

Темір конструктор бөлшектерінен арба құрастыру. (116-117 бет) жұмысты аяқтау.

Бағалау: Оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, бағалау.

Тексерілді:

Мұғалiм: Алдашова. Ш

Күні:11.05.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә» Сабақтың тақырыбы:Экскаватор құрастыру. Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға конструктор жиынтығының көмегімен бұйымдарды құрастыруға үйрету.

Дамытушылық: техникалық бөлшектерді пайдалану ептілігі мен дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: техникалық шығармашылық жұмыстарға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: пластмасса, темір конструктор, кіліт, сомын, бұранда. Конструктордан құрастырылған заттар, конструктор сызбасы. Еңбек нысаны: конструктор бөлшектерін жинақтау.