Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шынар. Еңбек 2 сынып.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

II.Жаңа сабақ:

Мысығым-ау, мысығым ,

Тарғылы жақсы түсінің.

Таңертең де, кеште де,

Бетін жуған пысығым.

Піш-піш десем келе ғой,

Айтқаныма көне ғой.

Шақырғанда «піш-піш» деп,

«Мяу!» - деп дыбыс бере ғой.

Практикалық жұмыс.

Алдымен біз мысықтың басын дайындап алуымыз керек. Ол үшін:

Бір беті қоңыр немесе сұр, бір беті ақ қағаздан ұзындығы 11см-ге тең шаршы дайындайды.

Шаршының ақ бетінің қарама-қарсы бұрыштарын бір-біріне беттестіре бүктеп, бүгу сызықтарын түсіреді.

Астыңғы және үстіңгі бұрыштарының ұшын ортаңғы сызыққа жеткізіп бүктейді. Арғы бетіндегі бұрыштар бергі бетіне ауысады.

Үстіңгі бөліктегі бұрышты артқа, астыңғы бөліктегі бұрышты жоғары қарай қайырады.

Сурет бойынша астыңғы бөлікті көрсетілген нүктеге дейін жоғары көтереді.

Суретте көрсетілгендей екі жағын бүктейді.

Құлағын бүгу сызықтары арқылы көрсетеді.

Астыңғы орта және үстіңгі бұрыштарын суретте көрсетілгендей етіп қайырады.

Жанындағы бұрыштарын ішке қарай бүктейді. Мысықтың көзін, мұрнын жапсырады.

Мысық пішінінің кеудесін дайындау.

  • Ұзындығы 14см-ге тең шаршыны үшбұрыштап бүктейді.

  • Үшбұрышты беттестіре бүктеп, ортаңғы бүгу сызығын алады.

  • Шеткі бұрыштарын ортаңғы сызыққа жеткізіп бүктейді.

  • Астыңғы бұрыштарын бүктеп, бүгу сызығын түсіреді.

  • Төменгі бұрыштарын теріс қаратып бүктейді.

  • Берілген бүгу сызығы бойынша бұрыштарын теріс қарай бүктейді.

  • Сызық бойымен қатпарлап бүктейді.

Мысық пішінінің құйрығын дайындау.

Қабырғаларының ұзындығы 5см-ге тең шаршы дайындап алады.

Оны үшбұрыштап бүктеп, келесі бетіне аударып, артқы бұрышын өзіне қаратып, ақ жолақты көрсетіп бүктейді. Басы мен кеудесін, құйрығын біріктіріп жапсырады.

III.Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстырады. Жұмыс сапасын тексеру.

IV.Үйге тапсырма: 66 бет. «Үй хайуанаттары» композициясын дайындау

Бағалау:

Күні: Пәні: еңбекке баулу сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Шырша ағашы туралы түсінік. Шырша ойыншықтарын жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға шырша ағашы туралы түсінік бере отырып, шырша ойыншықтарын жасап үйрету.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: табиғатты сүюге, табиғат сұлулығын көре білуге тәрбиелей отырып, ұқыпты, таза болуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі түсті қағаз, шырша ойыншықтары, шырша ағашы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ:

Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. Шаңғы.

Көлге жапқан қақпақ

Сіресіп тұр-

Қатты-ақ. Мұз.

Жаңа сабақ.

Шырша республикамыздың салқын аймақтары мен таулы өлкелерінде өседі. Шыршаның жапырақтары ине тәріздес болады. Сондықтан шыршаны «қылқан жапырақты ағаш» деп атайды. Қылқандары бұтақ бойында біркелкі ілгері қарай тізіле орналасады.

Практикалық жұмыс.

Түрлі түсті қағазданрадиусы 4-5см-ге тең дөңгелектер дайындап ал. Бізге мұндай дөңгелектердің төрт-бесеуі керек.

Осы дөңгелектердің ортаңғы сызығы бойынша бүктеп, әр дөңгелектің жарты бетін келесі дөңгелектің жарты бетіне беттестіріп желімде.

Бір-біріне жартылай беттескен бес дөңгелектен бес қырлы ойыншық пайда болады.

Ойтолғау.

Түсті қағаздардан тағы қандай шырша ойыншықтарын жасауға болады?

Шеңберді қандай құралмен сызамыз?

Үйге тапсырма: Шырша ойыншықтарын жасау.

Бағалау:

Күні: Пәні: еңбекке баулу сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Шырша ағашы туралы түсінік. Шырша ойыншықтарын жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға шырша ағашы туралы түсінік бере отырып, шырша ойыншықтарын жасап үйрету.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: табиғатты сүюге, табиғат сұлулығын көре білуге тәрбиелей отырып, ұқыпты, таза болуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі түсті қағаз, шырша ойыншықтары, шырша ағашы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

Ақ шапан үстінен

Алты ай бойы шешпейді.

Қара шапан үстінен

Алты ай бойы түспейді. Ақ қар, қара жер.

Жаңа сабақ.

Шырша республикамыздың салқын аймақтары мен таулы өлкелерінде өседі. Шыршаның жапырақтары ине тәріздес болады. Сондықтан шыршаны «қылқан жапырақты ағаш» деп атайды. Қылқандары бұтақ бойында біркелкі ілгері қарай тізіле орналасады.

Шыршаның бүрі ұзынша, жұмыр болып өседі. Шырша қабығының түсі қара қоңыр болып келеді. Шырша өте баяу өседі, отыз жылда толық өсіп-жетіледі. Ол қолғауға алынған, кесуге рұқсат етілмейді.

Практикалық жұмыс.

Түрлі түсті қағаздан ұзындығы 27см, ені 10см тіктөртбұрыш дайында. Арақашықтығын 1-2см-ден қатпарлап бүкте. Қатпарланған қағазды дәл ортасынан жіппен буып, екі жағындағы шеткі қатпарларды біріктіріп желімде.

Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру.

Түсті қағаздардан тағы қандай шырша ойыншықтарын жасауға болады?

Шеңберді қандай құралмен сызамыз?

Үйге тапсырма: Шырша ойыншықтарын жасау.

Бағалау:

Тексерілді:

Күні: 16.01.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Мата қайдан алынады?

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға киімдерді жөндеу жұмыстарын үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың киімдерді жөндеу жұмысына деген ой-өрісін, сана-сезімін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды шыдамдыққа, ұқыптылыққа, икемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектіліг:і және қажетті материалдар: мата, ине, жіп, түйреуіш, қайшы, үтік.

Сабақтың барысы: