Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шынар. Еңбек 2 сынып.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

Өткенді еске түсіру.

-Аппликация дегеніміз не? -Шырша туралы қандай жұмбақ білесіңдер? - Шырша туралы не білдіңдер?

II.Жаңа сабақ:

1.Түсіндірме жұмыс.

-Шырша қандай ағаш? -Шырша, самырсын, арша және қарағайлар қылқан жапырақтыларға жатады. Қылқан жапырақтылардың діңі түзу, бұтақтары көлденең орналасады. Бұтақтары биіктеген сайын қысқарып, ұшар басы конус тәрізді болады. Қылқан жапырақтылар салқын климатта өседі. Ине сияқты қылқан жапырақтары түспейді, сондықтан жыл бойы жап-жасыл болып тұрады. Шыршаның қылқандары 5-7 жылға дейін түспейді. Шыршаның бүрі ұзынша, жұмыр болып келеді. Шырша қабығының түсі қара қоңыр болып келеді. Шырша өте баяу өседі, 30 жылда толық өсіп жетіледі. Ол қорғауға алынған, кесуге рұқсат етілмейді. Жылына бір ағашта мыңдаған бүршіктер болады. –Жұмыстың орындалу ретін түсіндіру:

Жаңа жылдық шырша ағашы сұлу әрі сәнді болуы үшін неше түрлі ойыншықтар ілеміз. Олай болса, ойыншықтарды өзіміз жасап үйренеміз.

1-түрі.

1.Түрлі-түсті қағаздар радиусы 4-5см-ге тең дөңгелектер дайындау.

2.Осы дөңгелектерді ортаңғы сызығы бойынша бүктеу.

3. Әр дөңгелектің жарты бетін келесі дөңгелектің жарты бетіне беттестіріп желімдеу.

4.Бес дөңгелектен бес қырлы ойыншық шығады.

III.Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру.

Түсті қағаздардан тағы қандай шырша ойыншықтарын жасауға болады?

Шеңберді қандай құралмен сызамыз?

Үйге тапсырма: Шырша ойыншықтарын жасау. Бағалау:

Тексерілді:

Күні: 26.12.14 Пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы:Бетперде жасау..

Сабақтың мақсаты:

1.Білімдік:бетпердені безендіру түрлерімен таныстыру ,өзіндік ізденуіне ықпал ету,әсемдік пен сұлулықты көріп,бағалап білуге үйрету ,түзу,ирек жолақтардан ,таспалардан үилесімді композиция құрастыруды меңгеру.

2.Дамытушылық :ептілігін,шеберлігін,шығармашылық қиялын дамыту.

3.Тәрбиелік:оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ,эстетикалық талғамын дамыта отырып еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі және қажетті материалдар:дайын бетперде ,түрлі түсті қағаз,желім,қайшы,қылқалам,шыны және сумоншақтар.

Еңбек нысанасы :шыны және сумоншақтармен бетпердені безендіру .

Сабақтың барысы: