Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шынар. Еңбек 2 сынып.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

II.Жаңа сабақ:

Көшпенді қазақ тұрмысында иттің үлкен мәні бар, ол оның үйі мен мал-жанын қорғаған. Иттің қойшының еңбегінде атқаратын рөлі аса маңызды. Дала қасқыры малға жақындағаннан үріп, қойшыға жеткізіп, малдың дала жыртқышының паузына түспеуінің алдын алады. Малшы қазақтардың айтуынша, олардың қасқырға қарсы үрген дыбысы жай кездері үргеннен басқаша болып келеді.

Практикалық жұмыс.

Балалар, біз бүгінгі сабақта қағаздан бүктелген күшікті жасап көрейік.

Алдымен біз күшіктің басын дайындап алуымыз керек. Ол үшін:

Қабырғаларының ұзындығы 8см болатын шаршы дайындайды;

Шаршыны диагональ сзықтар бойымен бүктеп, бүгу сызығын түсіреді.

Шаршының екі бұрышын ортаңғы нүктеге қарай бүктейді.

Оны екінші бетіне аударады.

Екі жағын ортаңғы сызыққа бүгу сызықтары бойымен бүктейді. Сонда арғы бетіндегі бұрыштары алдыңғы бетіне ауысады.

Дайын болған күшіктің басына көзін, мұрнын жапсырады.

Күшік пішінінің кеудесін дайындау.

  • Қабырғаларының ұзындығы 10см-ге тең шаршы дайындайды. Шаршыны үшбұрыштап бүктейді.

  • Үшбұрышты дәл ортасынан бүктеп, ортаңғы бүгу сызығын алады.

  • Шеткі бұрыштарын ортаңғы сызыққа келтіріп бүктейді.

  • Астыңғы бұрыштарын қайырып, бүгу сызығын алады.

  • Екі жақ бұрышын ішке қарай бүктеп, бүгу сызығын алады.

  • Көрсетілген белгі бойынша ішке бүктейді.

  • Сызық бойымен қатпарлап бүктейді.

  • Күшіктің басын кеудесіне жабыстыр. Міне, күшік дайын.

Жұмыс барысындағы ереже.

Мұғалімнің жетекшілігімен жұмысты баста.

Жұмыс орныңды реттеп, таза ұста.

Бас қа нәрсегек назар аударып, босқа уақытыңды жоғалтпа.

Құралдарды өз орнында сақта.

Жұмысты ұқыпты жаса.

Қажет болса досыңа көмектес.

III.Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстырады. Жұмыс сапасын тексеру.

IV.Үйге тапсырма: 60,62 бет. күшік пішінін жасау.

Оқушылардың жасаған жұмыстарын бағалау.

Тексерілді:

Күні: 12.01.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Оригами. Мысық пішінін жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: қағазды бүктеу арқылы мысық пішінін сомдау, мысқ жөнінде мәліметтер беру.

Дамытушылық: қағазды бүктеу іскерліктері мен дағдысынарттыру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі түсті қағаз, қайшы, фломастер, желі, қылқалам. Мысық пішіні.